О?ушаларды? ?зіндік ?абілеттерін арттыру. ?р т?рлі тапсырмалар орындату.
Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
О?ушаларды? ?зіндік ?абілеттерін арттыру. ?р т?рлі тапсырмалар орындату.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК
КУРС ЖҰМЫСЫ
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Мектеп оқушысының өзіндік қабілетін жетілдіру
Орындаған: «Бастауыш білім беру мұғалімі»
мамандығының 401 «Ә» тобының
білім алушысы Багимбаева Ж.Т.
Ғылыми жетекшісі: Сарсекова Г.К.
Семей 2016 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І Қабілет, оның психологиялық тетіктері мен құрылымы.................................6
1.1 Қабілет туралы жалпы сипаттама....................................................................6
1.2 Қабілет теориялары.........................................................................................10
1.3 Қабілет түрлері және нышан..........................................................................13
1.4 Қабілет және іс әрекет.....................................................................................16
ІІ Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың өзіндік қабілетін жетілдірудің инновациялық амалдары.......................................................................................19
2.1 Бала бойындағы қабілетті анықтау...............................................................19
2.2 Оқушылардың өзіндік қабілеттерін қалыптастыру жолдары....................23
2.3 Оқушылардың өзіндік қабілеттілігін жетілдірудің инновациялық амалдары мен жолдары.........................................................................................26
ІІІ Эксперименттік жұмыс нәтижесі...................................................................30
Қорытынды............................................................................................................42
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................44
КІРІСПЕ
Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны – қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда. Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “...Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет..”,- деп, атай келе “Қазақстан – 2030” бағдарламасында: “...бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...”,- делінген.
Қабілет дегеніміз не? Ол – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туысына, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.
Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұмсағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз[16;154].
Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», - деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.
Б.Г.Ананьев еңбектерінде қабілет және дарындылық – жеке адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыттылығымен және жеке даралық психикалық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрылымының қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі — таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырады.
Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі — оқушылардың қабілеті мен өз бетінше ойлауын дамыту. Бұл талаптардың орындалуы оқушылардың мектептегі оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгі мен қосымшаны анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмытылысынан көрінеді.
Оқушылар өзіндік қабілетінің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі, өздігінен ой қорытындыларын шығаруы мен дербестігі болып табылады. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс-әрекетінде қабілетін қалыптастыру талабы туындайды.
Курс жұмысының көкейкестілігі: Өзгермелі қоғамдығы технология дамып, ғылымдардың әр саладағы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезінде мектептегі білімді жетілдіруге арналған міндеттерді жүзеге асыру білім саласының барлық сатысы үшін өзекті мәселеге айналып отыр.
Қабілетті де, дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан мектеп оқушылары мұғалім берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен, өз бетінше ойлауымен сабақтастыруға тиіс. Осыған орай, қазіргі кезенде оқушыларының қабілетін қалыптастыруда инновациялық амалдардың түрлері мен қолдану жолдарын жетілдіруді арнайы ұйымдастыру – орта мектептегі оқу үрдісінің негізгі шарты болып саналады. Оны жүзеге асыру оқушыларының қабілетін қалыптастыруда инновациялық амалдардың түрлері мен қолдануда оқушылардың белсенділігі мен ізденімпаздылығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың инновациялық амалдарға негізделген тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіру өзекті сипат береді.
Курс жұмысының объектісі: бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдерінің оқу үрдісіндегі атқаратын іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Курс жұмысының пәні: оқушылардың өзіндік қабілеттіліктерін қалыптастыру үрдісі.
Курс жұмысының мақсаты: оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың өзіндік қабілетін дамыту мен қалыптастыруда инновациялық амалдардың жолдары мен әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Курс жұмысының болжамы: егер оқу-тәрбие үрдісінің әр кезеңдерінде оқушылардың өзіндік қабілетін дамытуға бағытталған әдістер мен тәсілдердің, инновациялық амалдардың ғылыми-теориялық, психологиялық, жан-жақты тұлғалық-бағдарлық негізде талдау жасалып, оқу-тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда мектепте оқытылатын әрбір сабақтарда оқушылардың өзіндік қабілеттілікті артады, олардың білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы, ізденімпаздығы қалыптасады.
Курс жұмысының міндеттері:
1. Оқушылардың өзіндік қабілетін дамытудың жолдары мен әдістері, тәсілдерін қолдана отырып, өзбетінше ойлауын қалыптастырудағы мәні мен оны қазіргі кезеңде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.
2. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың қабілетін дамыту мен қалыптастыруда инновациялық амалдардың қолданудың моделін құру.
3. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың өзіндік қабілетін дамытудың нақты әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Курс жұмысының теориялық және практикалық маңызы: зерттеу жұмысымыздың тақырыбына байланысты қарастырып отырған мәселеміз оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларының қабілетін дамыту мен қалыптастыруда оқушылардың дарындылықтарын ашу және өз беттерінше жұмысқа баулу болып табылады. Өйткені, қазіргі таңда оқушылардың өзіндік қабілетін бастауыш сыныптардан бастап дамыту өзекжарды мәселелердің біріне айналып отыр. Соған орай оқушылардың қабілетінің түптен дамыуына тікелей әсер ететін сабақтарда инновациялық амалдарды қолдану болып табылады. Өйткені, инновациялық амалдарға негізделген сабақтарда оқушылар өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істейді, өзінің ой қиялындағы нәрсесін жасап шығарады, әртүрлі тапсырмаларды орындайды, белгісізден жаңа нәрсені ойлап табады.
Осының бәрі де оқушының өзіндік қабілеттілігі болып табылады. Сондықтан да біз мұғалімдер қауымы оқушыларымыздың қабілеттілігін дамытуда инновациялық амалдарға негізделген әртүрлі әдістер мен тәсілдерді кеңінен қолдана отырып, олардың қабілеттіліктерінің жан-жақты дамуына ықпал жасауымыз қажет.
Курс жұмысының әдістері: аталмыш мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; белгіленген міндеттерді шешу жөне ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; орта мектептердегі оқушылардың оқу үрдісін бақылау; оқушылардың шығармашылық жұмыстарын (бақылау жұмыстары, шығарма, баяндама, т.б.) талдау; оқушылар, сауалнама алу; алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді педагогикалық, психологиялық тұрғыда саралау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
І Қабілет, оның психологиялық тетіктері, құрылымы
1.1 Қабілет туралы жалпы сипаттама
Күнделікті ауыз екі сөзде қабілет деген атауды жиі қолданамыз. Мысалы: мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың белгілі бір пәнге қабілеті күшті екенін айтады.
Мектепте оқуға, түрлі қоғамдық жұмыстарды жүктегенде оқушылардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншілерінің музыкалық, үшіншілерінің суретшілік қабілеттері есепке алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның іс - әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады.
Мұндай ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мысалы: біреу қолына түскен істі бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал, екінші біреу өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалдарда бір адамның іске қабілеті екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр[20;57].
Қабілет - адамның әрқилы іс-әрекеттерге орай көрініс беретін психикалық мүмкіндіктерін анықтаушы тума анатомиялық-физиолгиялық және өмір барысында меңгерген реттеу-түзету сапаларының жиынтығы.
Әрқандай қызмет, іс-әрекет адамның тән-дене, психофизиологиялық және психологиялық мүмкіндіктеріне байланысты талаптар легін алға тартады. Осыдан, қабілет-тұлға қасиеттерінің нақты іс-әрекет талаптарына сәйкестік шама-шарқын көрсетеді.
Қандай да болмасын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келеді. Қабілеттің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында.
Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біреуіне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіншілік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі) т.б. қиысып келеді. Яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады[6;129].
Ә.Тәжібаев болса: «Қабілет деп – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті» - деп айтқан. М.Алдамұратовтың айтуынша: «Қабілет дегеніміз - әдетте, бір нәрсенің сырын ашып көрсету үшін, оған қатыссыз өзге нәрсенің көмегімен ашуға мүмкіншілікті туғызу» - деген болатын[31;203].
Н.Гоноболиннің анықтамасы бойынша: «Қабілет деп – адамның білімді, ептілікті, дағдыны біршама жеңіл меңгеруіне және қандайда бір іс - әрекетпен ойдағыдай айналысуына көмектесетін негізгі психологиялық қасиеттер» - деп тұжырымдама берген[11;86].
Қабілет теориясы бойынша өз ойларымен еңбектерін көптеген ғалымдарымыз бен психологтарымыз А.Выготский, А.Замков, Рубинштейн, В.Крутецский, А.Леонтьев, А.Люблинская, В.Мухина, ал өзіміздің республикамыздағы көрнекті ғалымдар Ж.Әбділдин, Қ.Жарықбаев, Қ.Мұқанов, С.Сабыров еңбектерін айта кетуге болады.
П.Коупленд: «Қалыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы - адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының көрсеткіші».
Адамның жалпы қабілеттерінің дамуы-оның есте сақтау, қабылдау, ойлау, қиялдың танымдық процесстерін дамытуымен байланысты.
Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал нышан – қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық - физиологиялық ерекшелік.
Қабілетті реалды зерттеуші оны туа және жүре пайда болған «қоспалық» деген түсінік жұмыс істейді және ол үшін де, потенциалды мүмкіншіктері бар адам үшін де, соңғысы (жүре пайда болған) жасырын болуы мүмкін.
Қабілеттердегі жеке даралық өзгешеліктердің табиғи алғы шарттарын зерттеудің негізгі мәселесі ретінде ала отырып, тек физиологиялық тәжірибелермен ғана шектеліп қана қоймай, қабілеттер аса күрделі іс-әрекеттің нәтижелілік белгілерімен, соның ішінде әлеуметтік белгілермен түсіндіріледі. Соңғысы, яғни іс-әрекеттің нәтижелілігінің әлеуметтік белгілері оқытудың әдістерінен, мектептегі және жанұядағы жағдайлардан басқа психологиялық емес немесе психологиялық факторлардан, мәселен, мінез-құлық, темперамент бітістері сияқты факторлардан тұрады.
С.Л.Рубинштейннің ойы бойынша қабілеттің дамуы спираль бойынша жүзеге асады: қандайда бір деңгейді көpceтетін қабілеттің жүзеге асу мүмкіншілігі қабілеттің ары қарай едәуір жоғары деңгейде дамуы үшін жаңа мүмкіншіліктерді ашады[30;176].
Қабілет адамның іс - әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біреуіне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіншілік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі) т.б. қиысып келеді. Яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Психолог В.М.Теплов қабілеттің 3 түрін ашып көрсетті.
1. Қабілет – бір адамды екіншісі адамнан айыратын жеке психологиялық ерекшеліктер.
2. Қабілет деп - қандай да бір іс-әрекетті табысты орындау ерекшеліктері.
3. Қабілет деген ұғым – адамда бұрыннан қалыптасқан деген.
Оның пікірінше адам бойындағы қабілетті дамытпай, көрсете білмеу, яғни, өз бойындағы қабілеттен біртіндеп айырылу деген сөз[16;43].
Адам қабілетінің әрбір қилы болып келуі сигнал жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты. Нерв әрекетінің жеке көріністерінде сигнал жүйелерінің бір – бірінен басым келуін И.П.Павлов адамға тән нерв қызметінің 3 түрлі типі болады деп тұжырымдады.
Қабілеттің осы аталған түрлері іс - әрекеттің басты салаларында (ғылым, өнер) орайлас көрініп отырады.
Қабілеттің дамуы мыналардан тұрады:
1. Қоғамның дамуы, оның әлеуметтік сипатына, ғылыми техникалық –
прогреске байланысты.
2. Адамда тиісті икемділік пен дағдының болуына байланысты[25;61].
Психологтар қабілеттің деңгейін 2 түрге бөлді.
Репродуктивті - өнімсіз, бұл айтылған әңгімені, ертегіні қабылдау, меңгеріп шығару деген сөз.
Шығармашылық – жаңа нәрсені өз ойынан шығару, ойлап табуға бағытталады. Осы деңгей бір- бірімен тығыз байланысты.
Репродуктивті элементте шығармашылықтың элементтері ғана жүрсе, ал шығармашылық әрекет өзіне репродуктивті әрекетті қосады, онсыз ол жүзеге асуы мүмкін емес.
Әрбір адамның өзіне тән даралық қабілеттері де болады. Мысалы: адамда ыждағаттылық, баяулық пен әбжілдік, жайдарлық пен ашуланшақтық, сезгіштік пен аңқаулық, өзгелердің сезіміне сыншылдық пен нанғыштыққа байланысты қабілеттілік мынандай бөлшектерден құралады; ойдың ширатылып, бұрынғы әрекеттерге ауысып отыру икемділігі, ойдың ұшқырлығы немесе қажет болған кезінде бұрынғы пікірден қайтқыштығы т.б. Ал, адамның күрделі істерді меңгеруі мен оларды шеше білу қабілеттілігі көптеген ұсақ қабілеттерден құралады[29;63].
Әйгілі психолог С.А.Рубинштейн: «Қабілеттің шығу тегі психологиялық процестерден пайда болады» - дегендей қабілет адамның тума бойындағы психологиялық процестердің әсерінен және адамға ұрпақтан–ұрпаққа берілетін табиғи жеке дара қасиет[30;127].
Шындығына келгенде, қандай да бір іс - әрекеттің дұрыс және нәтижелі орындалуы бұл адамның қабілеттілігіне байланысты. Сондықтан да, барлық психологтарымыз бен ғалымдарымыз осы пікір, тұжырым төңірегінде қаншама істер атқарды[5;65].
Қорытындылай келе, «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атасақ:
Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
Қабілет - барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы (түрі) қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.
Адамның істеген ісі мен әрекетін бағалап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп келіп айтуға болмайды. Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағаштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің және салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математика — ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырушылық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты сапаларына орайлас бөлінеді[11;56].
Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.
Қабілет бейімділіктен басталады. Әркімнің жастай, ержеткен соң белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұруы, оған ынта-ықыласының артуы – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Ол негізінен, бейімділік деп аталады, қай іс те осы бейімділіктен бастау алады.
Адам баласы өзінің бойындағы қабілеттілігінің белгілерін тым ерте байқа-са, не нәрсеге бейім еке-нін мезгілінде сезсе, өмір жолы гүлге толар еді. Өкінішке орай, көп адам өз қабілетінің қандай екенін, не нәрсеге бейім екенін іс жүзінде анықтай алмай, немесе оған мән бермей, соның салдарынан көпке дейін өмірден өз орынын таба алмайды.
Өмір қат-қабат жұмбақ сырларға толы. Бір ғажабы, қаршадайынан-ақ өзінің не нәрсеге алабөтен бейім екендігін біліп өсетін де жандар бар. Оларға отбасында да, мектепте де, қоғамымызда да көрсетілетін қошамет, көмек аз емес. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының журналистика тәрізді кейбір факультетіне, музыка, сурет саласындағы институт, училищелерге жастарды қабылдарда олардың сол мамандыққа бейімділігіне айрықша назар аударылады. Яғни, қабілеттілік бейімділіктен бастау алып, қалыптасады.
Әркімнің ісі өзіне сай келсе ғана әрекет-қимылы үйлесім табады. Адам жанын зерттеуші мамандардың бейнелі баяндауымен айтсақ, «мұндай адамдар құдды жырлап тұрғандай жеп-жеңіл, еркін, шапшаң қимылдайды. Оның қолға алған жұмысының сәті түсе береді. Мұндай жандарды жұмыс үшін жаралған екен, жұмыс істегіш екен дейді» [2;52].
1.2 Қабілет теориялары
Адам қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікірлер таласын тудыруда. Солардың ішінде өз басымдылығын танытқан тарихы Платоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабілеттердің биологиялық негізді екендігі және олардың нәсілдікке тәуелділігін дәріптейтін көзқарас.
Қабілет мәселесі арнайы психологиялық зерттеудің пәні ретінде – 19-ғасырда Ф.Гальтон ұсынған адамдағы өзгешіліктердің эксперименттік және статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады. Әрбір адамның негізінде жеке даралық сипат болады: конституциялы ерекшеліктері, мидың нейродинамикалық қасиеті, ми жартышарлардың функционалды ассиметриялық өзгешіліктері және т.б.
Қабілет мәселесіне терең талдау жасаған Б.М.Теплов болды. Оның концепцисы бойынша нышан – қабілет дамуының қандайда бір алғышартын құратын адамның анатомиялық-физиологиялық және функционалдық ерекшеліктері. Бір адамның бойында бірнеше әртүрлі қабілет болуы мүмкін, бірақ олардың бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі адамдарда әртүрлі қабілет болуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойыша олар өзгешеленеді.
Қабілетті анықтаудың біршама сенімді, дұрыс жолы - бұл іс-әрекет барысындағы оның нәтижелік динамикасын көрсету. Кез - келген іс-әрекеттің орындалу нәтижесі өз алдына қандайда бір жеке қабілетті анықтаумен емес, әрбір адамдағы өзіне тән қабілеттердің үйлесімділігімен анықталады[6;37].
Қабілет - бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға қатысы бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды, ептілік және білімдерге сәйкестенбестен-ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады.
Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал нышан - қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық-физиологиялық ерекшелік. Қабілетті реалды зерттеуші оны туа және жүре пайда болған «қоспалық» деген түсінік жұмыс істейді және ол үшін де, потенциалды мүмкіншіліктері бар адам үшін де, жүре пайда болған қабілет жасырын болуы мүмкін.
Б.М.Тепловтың ғылыми шығармашылығын қарастырған В.Д.Небылицин қабілеттерде және дарындылықта ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға көңіл бөлу керек деді. Егер, қабілетті жеке адамның және индивидтің құрылымдарының бірі ретінде қарастырса, мұндай жағдайда ең болмағанда зерттеудің үш деңгейі қажет болады: психофизиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық деңгейлер[28;135].
С.Л.Рубинштейн қабілеттің құрамының, құрылымының анықтамасын жасайды: қандай да бір іс-әрекетті орындауға адамды жарамды ететін әрбір қабілеттің құрамына, үнемі әрекеттің бірқатар операциялары немесе тәсілдері енеді, кейін солар арқылы іс - әрекет жүзеге асады.
С.Л.Рубинштейн қабілет құрылымын негізгі 2 компонентте көрсетті:
«операциялы» - іс-әрекетті жүзеге асыратын әрекет тәсілдері.
«ядро» - анализ және синтез процестерінің сапасы ретінде операцияны реттеуші психикалық процестер[30;207].
Қабілетіне байланысты нәсілдік идея Франц Галльдың «Френология» (phrenjs – ақыл, logos - білім) деп аталған психологиялық тағылымында дәріптеледі. Френологтар адамның психикалық ерекшеліктерін оның бас сүйегінің сыртқы формасымен ұштастыруға талпынады[19;63].
Мұндағы тұжырым мәні: бас миының қабығы белгілі бір қабілеттерге меен болған (локализация) бірнеше орталықтардан құралады. Осыдан мидың тиісті бөлігінің ауқым-көлемін онда мекен алған қабілеттің даму деңгейі анықталатын көрінеді.
Арнаулы зерттеулердің негізінде әрқайсысы белгілі бір дара қабілетке сай келетін бас сүйегінің 27 учаскесінде анықталып, картаға түсірілген. Осы картадан музыка, поэзия, сурет өнеріне сай «қабілет ісіктерін», менмендік, сараңдық, батырлық «қабілет дөңестерін» т.б. айыруға болады екен. Дегенмен, кейінгі дәуірлерде әдейі медициналық ашық көрумен тексергенде, бас сүйегі ми қабығының формасын тіпті де қайталамайтын болып шықты. Сондықтан, адамның ақыл және адамгершілік қабілеттерін бассүйегінің «дөңістігі» не «сайларымен» анықтау ғылым тұрғысынан ерсі әрі негізсіз.
Солай да болса, Ф.Галль ұсынған мидың мекендік қызметі жөніндегі жорамалы ғылым үшін өте маңызды болған. Бұл идея кейін Фрич және Гитциг еңбектерінде өз дәлелін тауып, дами түсті. Аталған бағытты зерттегендер арасында Ч.Ф.Дарвиннің эволюциялық теориясына негіздеп, қабілеттің тұқым қуалаушылыққа байланысты екендігін тұжырымдаған Ф.Гальтон есімі өз алдына[8;23].
Әлемге әйгілі тұлғалар өмірнамаларын талдай отырып, Гальтон адам табиғатын жетілдіруде аса дарындылардың нәсілдік заңдылықтарын ашу және пайдалану қажет деген қорытындыға келеді. Осы идеяны жалғастыра отырып, ХХ ғ. Котс жоғары қабілеттілігі бірнеше әулетте байқалған 400 адам тізімін түзді. Бұл қатарда аса белгілі болған неміс музыканттарының тобын ұлғайтқан Бах отбасынан шыққандар.
Бах жанұясындағылардың алғашқы ән-күй қабілеті 1550 жылы көрініс берген. Әуел атасы В.Бах – қарапайым наубайшы күй тартып, ән салғанды сүйген. Оның екі баласынан өрбіген Германияны екі ғасыр бойы дүркіреткен музыканттар легі үздіксіз жалғасып барған.
Бах жанұясынан 60 музыкант шыққан, олардың 20-ы аса көрнектілері, ал осы әуелтті әлемдік өшпес даңққа бөленген әйгілі композитор Иоганн Себаятьян Бах. Осындай ғажайып қабілет құбылысын қазақ ән-күй өнерін дамытуда көзге түскен жерлесіміз Төлеген Момбеков шыққан әулет тарихынан да байқауға блады (Р.Бөрдібай) [11;36].
Бұған қарсы айғақтар да бар. Ата тегінде көрнекті тұлғалар болмаған қарапайым адамдардан шыққан данышпандар да жеткілікті. Мысалы: Әйгілі дат жазушысы Ганс Кристиан Андерсен. Оның әкесі қарапайым етікші, ал анасы үй тазалаушы болған екен.
Әйгілі кибернетик Джон Фон Нейманның есептеуінше адамның миы 10-ның 20 дәрежесіне тең ақпараттар бірлігін сақтай алатын көрінеді. Бұл дегеніміз біздің әрқайсысымыз дүниежүзіндегі ең ірілердің бірі деп есептелетін Мәскеудегі орталық кітапханадағы миллиондаған томдарды жазғандардың бәрін есте сақтай алар едік деген сөз.
Полиглоттар: Копенгаген университетінің профессоры Расмус Кристман Раск (1737-1832) 230тілде сөйлей алған және 28 сөздік пен грамматикадан оқулық жазған. Қазақтың ғалымы Әбу Насыр Әл-Фараби 70 тілде сөйлей алған[9;42].
Ульянов Ленин 14 тілде сөйлей алған. Италиялық профессор филиология ғылымдарының докторы Карло Тальявини ғажайып полиглот болған. Тальявини 12 жасында 7 тілде сөйлеген, ал 22 жасында докторлық диплом жазған (ғылыми атаққа) және 15 тілде сөйлеген. Ол жылына 3-4 тілді меңгере алған. Барлығы 120 тілді меңгерген. Тальявини 1963 жылы Нью-Иоркте өткен тіл мамандары конгресінде мінберге шығып сөйлеген қысқаша құттықтау сөзін 50 тілде айтып берген.
Италиялық полиглот Джузеппе Гаспар Меццофонти (1774-1849)30 еуропалық 5 африкалық 17 азиялық тілді білген. Барлығы 100 халықтың тілін білген. Ұлы ағылшын ақыны Шекспир ол туралы лингвистиканың кереметі деп жазған. Ағылшындықтар өз отандастары Джон Бодрингті (1792-1872)аса көрнекті полиглот ретінде санайды.Ол 100тілде сөйлеп 200тілде оқи алған.
Вундеркиндтер: Шакира 1977 жылы 2 ақпанда Колумбияның Барранкилья қаласында туған. Толық аты-жөні Шакира Изабел Мүбарак Рипойл әкесінің аты Виллам Мүбарак. Ұлты жағынан араб. Шакира арабша нұрға бөленген әйел, ал хинди тілінде жарық құдайы деген мағынаны білдіреді. Шакира туғанына 18ай болғанда әріптерді таныған, ал 3жасында оқып жаза алатын болған, 4 жасында мектепке баруға дайын еді, бірақ жасы толмаған. Келесі жылы мамандар одан арнайы емтихан алып оны ерекше дарын иесі (вундеркинд) деп таныды[17;35].
Ал адамзат тарихындағы ең ғажайып бала 1921 жылы Германияда дүниеге келген. Ол Кристиан Гейн екен. Ол 8 айлығында ересек адамдарша сөйлесе білген, 2жасында кітап оқып 3жасында кітап үзінділерін жатқа айтқан. Дарынды адамдар: Юлий Цезарь, Александр Македонский, Парсы патшасы Кир 30 мыңдай жауынгерлерін атап және түстеп білген екен. Әйгілі Фемистол грек астанасында тұратын 20000 адамның аттарын атап,түстерін тани білген. А.Сенека байланыссыз 2000 сөзді бір естігеннен қайтадан,сол ретпен айтып берген[21;36].
Қазіргі күнде бұл идеяны ұстанғандар АҚШ-та өз дарынды балаларын «өсіретін» арнайы орталықтар ұйымдастырып жатыр (Филадельфия институты), Қазақстанда арнайы «Дарын» орталығы іске қосылды.
Қабілет теориясы бойынша өз ойларымен еңбектерін көптеген ғалымдарымыз бен психологтарымыз А.Выготский, А.Замков, Рубинштейн, В.Крутецский, А.Леонтьев, А.Люблинская, В.Мухина, ал өзіміздің республикамыздағы көрнекті ғалымдар Ж.Әбділдин, Қ.Жарықбаев, Қ.Мұқанов, С.Сабыров еңбектерін айта кетуге болады[19;52].
1.3 Қабілет түрлері және нышан
Қандай бір қабілеттің дамуында нышандар белгілі орын алады. Мамандар оны – адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі деп есептейді де, «нышан – қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерек-шелігі», - деп тұжырым жасайды. Ұл мен қыздың бәрі бірдей әке- шешесіне, ата-әжесіне тартып, солардай қабілетті болмағанымен, ата-тегіне тартатын да жақтары болады. Мұны тұқым қуалау дейді. Жалпы, тұқымға тарту-ағзаның белгілері мен қасиеттерін ауыстырып отыратын өзіндік тұқым қуалаушылық өлшемі болып табылатын гендер арқылы өтетін құбылыс[12;54].
Белгілер мен қасиеттер тура атадан балаға өтпегенімен, тұқым қуалаушылық бүкіл үрім-бұтаққа жайылып кетеді. Ал ол байланыссыз ұласу заңына сәйкес ауысып отырады. Әр ағзаның бір емес, әлде неше белгілерінің болатыны мәлім. Оның үстіне ағзаның әр белгісінің кейде ата-анаға тартатыны ақиқат. Бұл бейімділік белгілері бір жағынан ұштасып байланысады да, екінші жағынан ықтимал теориясы заңына сәйкес айырмашылыққа да ие болып, тұқым қуалаушылық белгілері бір-біріне ұласады, әбден араласып кетеді.
Және де тұқым қуалаушылық белгілері әулет өмірінде кейде көрініп, кейде жоғалып, біраздан соң қайтадан пайда болады. Осылайша баланың дене мүшесінің бірі әке-шешесіне, немесе атасына, қабілеттілігі нағашысына әйтпесе аталарының біріне тартып, көрініс береді.
Негізінен, тұқым қуалаушылықтың және ортаның өзара әсері-нен адам кемелденеді, қабілеттілігі дамиды. Яғни, әрбір дені сау адамда аз ба, көп пе, әйтеуір, ата-ананың қасиеттері кездеседі. Солардың ішінде жарқырап тұрып көзге түсетіндері де бар. Тек, есте болатын бір жағдай, қазіргі генетиктердің мәлім-деуінше, ата-анасының біреуінің ақыл-ойы кеміс болса, олардан туған баланың да ақыл-есінің 30-35 пайызға кем болуы әбден ықтимал.
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрлымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді.
Қабілеттер дамудың табиғи негізгі болған мидың құрлымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде[16;54].
Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолу осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанмен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі. Мысалы, ақыл-есі қабілеттері ең алдымен ми қызметтерінен – қарқынды не бәсең қозулардан, жүйке процесстерінің қозғалмалығынан ғана, уақытша байланыстар түзілімінің шапшаң не баяулығынан ж.т.б. – яғни И.П.Павлов генотип (жүйке жүйесінің тума ерекшеліктері) деп атаған.
Мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерекшеліктерінде екі түрде көрінеді (И.П.Павлов):
Жоғары жүйке жүйесіне тәуелді;
Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің арақатынасына байланысты.
Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі қызметінің типі (күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы) үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен (белсенді тип) байланыса отырып, адамның ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді[10;48].
Өздеріне тән бейнелеу мүмкіндіктеріне орай бірінші не екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп әрекетке қатысуынан қабілеттердің 3 типі ажыратылады: көркемөнерлік (көбіне бірінші сигналдық жүйеге негізделген); ой-саналық (көбіне екінші сигналдық жүйеге негізделген); аралас (екі жүйе де бірдей қатысқан).
Осыдан, «суреткерлер»-обьекті тұтас бейнелеуге бейім, «ойшылдар»-талдаумен, элементтерге ажырата тануға шебер, ал «аралас» қабілеттер қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән құбылыс.
Нышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нәзік есту қасиеті - музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу- болашақ суреткер болудың алғы шарты.
Адам қабілеттері тумадан берілмейді.
Алайда, кейінгі өмір барысында дамуына арқау болар белгілі табиғи алғы шарт - нышан оның гендік тұғырында бекіген.
Адамның кейбір өзгешеліктері ана күрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кейбір анализаторлардың ерекшеліктері туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді.
Нышанның соңғы түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен, баланың есту анализаторының жетіле дамуы музыкалық қабілет ушін, анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне себін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шарты бола алмайды. Ол — адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды[12;39].
Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады.
Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің турін дарындыяық дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, берік орнығуы, жүйке процестерінің қозғалғыштығы, динамикалық стереотиптердің шапшаң жасалып, оңай өзгеруі т. б.) байланысты болып келеді.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде болсын мүндай мысалдар өте көп.
Осыдан 200 жылдай бүрын Германияда "ұстазы Кристиан фон Шенах жазып алған любектік торт жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хейнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саяхаты мен өлімі" деген кітап жарық көрді. Аса дарынды бала жөніндегі алрашқы кітап осы болатын.
Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих "суретке салынған заттардың көпшілігін айырып атайтын" болды. Ол үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, математиканың төрт амалымен есеп шығара алады, қөп үзамай сәби француз тілін үйреніп, "географиядан жақсы мағлүмат алады" және мыңнан астам латын мәтелін біледі.
Тарихи-әлеуметтік маңызы бар шығармашылықты беретін қабілеттіліктің ең жоғарғы түрі данышпандық деп аталады.
Қабілеттің кең өрістілігі, іс-әрекеттің қоғам мүддесімен тығыз байланыстылығы — данышпандықтың негізгі белгісі.
Данышпан адам өзі айналысқан әрекет саласында бұрын-соңды болып көрмеген жаңалықтар ашып отырады. Мәселен, жаратылыстану ғылымы саласындағы Н. Коперник, Г. Галилей, Н. Ньютон, Ч. Дарвин, И. П. Павлов, A. Эйнштейн, Н. Винер; әдебиет тарихындағы В. Шекспир, В. Гете, А. С. Пушкин, Л. Н. Толстой; музыкадағы B. Моцарт, Л. Бетховен, П. И. Чайковскийлер осындай адамдар. Ал Аристотель, Әл-Фараби, Леопардо да Винчи, М. В. Ломоносов, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов т. б. әр түрлі ғылым саласынан көрінген энциклопедиялық білімді данышпандар болды. Ақыл-ойы қияға шарықтаған адамның бәрі бірдей данышпан бола бермейді, нағыз данышпандық әр кез халықтың мүддесіне сәйкес келіп, өлеуметтік прогреспен тығыз байланысып жатады[19;63].
Күрделі қабілеттер – оқуда, бақылау, шығармашылық істерінде көрініп, ақыл-ес дамуының жоғары деңгейін танытады.
Қарапайым және күрделі қабілеттердің қажетті деңгейдегі дамуы болмаса, тұлға адами іс-әрекеттердің бірде біріне араласа алмайды.
Іс-әрекет түрлеріне орай арнайы қабілеттер:
сызу,
көркемөнер – әдеби,
нақты-ғылыми (математикалық және т.б.),
тәжірибелік-ұйымдастыру,
тұрмыстың-жасампаздық, т.с.с. болып ажыралады.
Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген ақиқат.
1.4 Қабілет және іс әрекет
Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады.
Осыдан, қабілет - білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге тәуелді. Мысалы, балада керемет математикалық қабілет болуы ықтимал, бірақ ол сол баланың керемет ғұлама математик болуына кепілі емес.
Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл педагог, отбасы мүмкіндіктері т.б) орындалмаса қабілет дамымай жатып, өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып, құрдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте «үштік» бағаға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты.
Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді[22;36].
Қабілет іс-әрекет талаптарына орай бастау алады әрі сол нақты іс- әрекетте қалыптасады.
Қабілеттер:
нақты;
мүмкін болатын болып екіге бөлінеді.
Мүмкін болар қабілеттер нақты іс - әрекеттің қандай да түрінде көріне бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді.Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға қабылетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші ретінде тануға болады.
Себебі қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәтті болмай қалады.
Белсенділік оқу барысында шəкіртке тезірек жəне табысты əлеуметтік тəжірибе топтауға мүмкіндік береді. Оның қарым-қатынас, тілдесу қабілеттерін дамытады, қоршаған болмысқа деген көзқарасын қалыптастырады. Баланың ақыл-парасатты дамуын танымдық белсенділік қамтамасыз етеді. Бұл үшін балаға танымдық мəселелерді шешуімен бірге игерілген білімдерді практикада қолдану қажеттігі де тəн болуы тиіс. Себебі еңбектегі белсенділік тұлғаны өзінің рухани жəне адамгершілік дүниесін тез арада жəне тиімді қалыптастыруға ынталандырады, оны көп жəне нəтижелі еңбектенуге бағыттайды.
Белсенділіктің барша көріністерінің негізінде бір ғана тұрақты дерек көзі- қажеттік орын алған. Адам қажеттіктерінің көп түрлілігі оларды қанағаттандыру үшін қолданылатын іс-əрекеттердің де сан қилылығын туындатады. Өсіп келе жатқан адамға белсенділіктің пайдалы бағыттарын көрсетіп, алдамшы қырларын мейлінше бəсеңсіту – педагогтар үшін тұрақты да жəне өте күрделі де міндет. Күрделілігі – адамның жеделдете кемелденуі дəуірінде іс-əрекет қажеттері мен сеп- түрткілері (мотивтері) өте қозғалмалы жəне ауыспалы келеді.
Іс-əрекет сияқты тұлға белсенділігі де таңдамалы сипатқа ие. Тұлғаның дамуы кез-келген əсерден болмайды, солардың ішінде адамның өз қажетіне сай келген, оның тұлғасына жарасымды болған, шынайы болмысқа деген оның жеке көзқарастарына сəйкес ықпал болса ғана, бала дамуы қарқынды жүреді. Тұлғаның белсенділігі дамудың тек алғы шарты емес, оның нəтижесі де. Қоғамдық белсенді, ынталы, шығармашыл жəне өзі мен төңірегіндегі қатысқан адамдардың бəріне бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптастырушы тəрбие əрдайым өз мақсатына жетіп отырады. Саналы, педагогикалық сынақтан өтіп, ұйымдастырылған оқушы іс-əрекеті белсенділіктің қай түрін де қамтамасыз ете алады.
Қабілет іс-әрекетке қосылмаған күннің өзінде, тұлға бойында оның іске асар мүмкіндігі ретінде сақталады.
Жалпы іс-әрекет типтері: еңбек, оқу және ойын.
Еңбектік іс-әрекет – адам қажеттерін қамсыздандыру мен әрқилы құндылықтар жасау мақсатында табиғат, заттасқан және рухани өмір дүниелерін белсенді өзгеріске келтіру үдерісі.
Еңбектік іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан зерттеу аймағы – бұл адамның еңбектік белсенділігін және оның тұлғалық қасиеттерін реттеуші психикалық процестер, жағдаяттар, қалыптар. Тұлға қасиеттері еңбек әрекетінің ерекшелігін анықтайды және оның барысында өзгеріп барады.
Ойын - адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік әдістері, бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі; бала ойын барысында адамзат жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің ақыл-ес (когнитивті), тұлғалық және адамгершілікті дамуын қамтамасыз етеді. Бала үшін рольдік ойындар өте маңызды. Ойнай жүріп, сәби ересектер роліне еніп, заттарды өз мәніне сәйкестендіре қолданады. Әлеуметтік талаптарды рольдік ойындар арқылы меңгеруден бала тұлғасының әлеуметтенуі жеделдеседі, сеп-түрткілік және қажеттілік аймағы жетіле түседі.
Оқу іс-әрекеті – мақсаты адамның білім, ептілік және дағдыларды игеруге бағытталған ерекше үдеріс түрі. Оқу әрекеттері ұйымдасқан формада арнайы білім мекемелерінде іске асып барады. Сонымен бірге оқу-үйрену әрекеттері ұйымдастырылмаған күйде, басқа әрекет түрлерімен қабаттаса, оның қосымша нәтижесі ретінде атқарылуы мүмкін. Оқу іс-әрекетінің ерекшелігі – ол тікелей тек өкілінің психологиялық дамуының құралы ретінде қызмет етеді.
Қалаған іс-әрекет түрі сияқты оқу іс-әрекеті де құрылымдық деңгейге ие бола тұрып, жекеленген бірліктерден құралады (әрекет, амал (операция), шарт-жағдайлар, қажеттер, сеп-түрткілер, міндеттер). Оқу іс-әрекеті бірліктерінің өзара қатынасқа түсіп, орайласуы оның даралықты сипатын береді[14;6].
Сондықтан да, бала жастан бастап адам қабілетінің көрініс беруі ойын, оқу және еңбек іс әрекеттерінің барысында байқалып отырады да, ұстаздар анықталған іс әрекет барысындағы қабілетті оқу-тәрбие үрдісінде одан әрі қарай дамытып, қалыптастырады.
Аталған іс-әрекет түрлері әлеуметтік-тарихи даму барысында бірін- бірі ауыстырып отырады. Осыдан әр кезеңде тұлғаның жас деңгейі мен даму ерекшеліктеріне байланысты жетекші іс-әрекет түрі алға тартылады.
Жетекші іс-әрекет түрі – бұл адамның қандай да бір даму сатысындағы негізгі психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болып, қалыптасуына ықпал етуші әрекет түрі.
Іс-әрекет типі – жеке – дара және бірлікті іс-әрекеттер.
Бірлікті іс-әрекет – жеке-дара әрекеттен өзгеше, ұжымдасқан субъект тарапынан орындалады, мұндай субъект ортақ мақсат, міндеттер төңірегінде одақтасқан екі не одан көп адамдардан құралады.
Іс-әрекет түрлері дәстүрлі екіге бөлінді – сыртқа және ішкі.
Сыртқы іс-әрекет – орындалу барысында өзінің қозғалыс, әрекет, көңіл-күй, тілдесу –қатынас бірліктерімен көрінетін іс-әрекеттің барша түрлері, типтері және үдерістері.
Іс-әрекет субъект-объектті, субъект-субъектті болып, екі түрде ажыралады.
Іс-әрекеттің субъекті-объектті типінде әрекет нысаны ретінде жансыз зат алынады, ал субъект-субъектті әрекетке бірі екіншісін «өзге» деп таныған екі не одан көп адамдар қатысады.
Іс-әрекет сондай-ақ орындаушы және басқарушы болып, бөлінеді.
Орындаушы іс-әрекетте субъект басқа да субъекттермен байланыс жасауымен шектелмей, еңбек затына тікелей ықпал жасайды, онымен қатынасқа түседі.
Басқару әрекетінде бір субъект өзге субъекттердің қызметін ұйымдастырады және олардың сатылы өзара бағыну деңгейлерін белгілейді.
Қолданбалық тұрғыдан іс-әрекет тікелей және жанама типтерге бөлінеді.
Тікелей іс-әрекетте еңбек субъекті өңдіруге не өңдеуге, т.с.с, түскен затқа тікелей әсер-ықпал жасайды әрі оған байланысты ақпаратты нақты табиғи көзбен қолма-қол алады.
Жанама іс-әрекетте еңбек заты жөніндегі ақиқат адамға белгі, рәміз күйінде жеткізіледі (код, сұлба, формула, буклет, индикаторлық құралдар).
Қорытындылап айтсақ, қабілет – тұлғаның қандай да нақты іс-әрекет, қызметке жарамдылығын танытушы күрделі әрі бірігімді психикалық ерекшеліктер жиынтығы.
Қандай да жетістіктер барысында іске аса отырып, адам қабілеттері тек көрініп қана қалмастан, жаңа белес деңгейінде қалыптасып, одан әрі дамуда болады.
ІІ Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың өзіндік қабілетін жетілдірудің инновациялық амалдары
2.1 Бала бойындағы қабілетті анықтау
Жасыратыны жоқ, философия тарихында қабілеттілік жеке адамға туа біткен ерекше күш, адам жан-дүниесінің тұқым қуалау жолымен беріле-тін ішкі қасиеті ретінде де түсіндірілді.
Р.Декарт «ақыл-ой қабілеті іштен туа бітеді», - деп есептеді. 17-18 ғасырларда ағылшын философы Дж.Локк, сондай-ақ, француз материалистері бұл пікірмен келіс-кен жоқ. Сөйтіп, олар қабілеттілікті адам өмірінің сыртқы жағдайымен байланысты пайда болатын, соған тікелей тәуелді қасиет ретінде қарастырды.
Қазір ойшылдар: «Шындығында қабілеттілік ішкі мүмкіндіктер арқылы ашы-ып, адам баласының әр түрлі іс-әрекеттерге қатысуы, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуі арқылы нақты қалыптасып, дамиды», - дейді.
Ал, В.Обручевтің пайымдауынша: «Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі» [9;42].
Қабілеттілік – адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы — көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік.
Адам бойындағы ерекшеліктер қабілетіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдылығын неғұрлым жоғары деңгейге болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиуі даусыз.
Қабілеттілікті анықтайтын қасиеттер: сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаздық, зеректік, ойлампаздық, көрегендік, зерделілік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т.б.), топшылауға бейімділік және тағы да басқалар. Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді. Саллюстий айтпақшы: «Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс». Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды.
Адам қабілеттілігінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психолог-мамандар былай деген: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - деген сөз оның іс-әрекететінің өлшемі.
Қабілетті балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Қабілетті де, дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Қабілетті балаларды қалай тануға болады?
Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 котегориясын анықтап берді.
Бірініші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.
Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар[16;42].
Ой - өрістік қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға сектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өзқатарластарын басып озады. Олардың ақыл - ойының кемеңгерлігі сонша – оларды байқамау мүмкін емес.
Баланың қабілеттілігі мен дарындылығының байқалмайтын жақтарыда кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой - өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Қабілетті баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған.
Баланың қабілеттілігін байқағанда не істеу керек? Бала қабілеттілігінің өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады.
Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде қабілетті балалардың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала қабілеттілігінің негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен:
- арнайы психометриялық тест;
- баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)
- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;
- педагог тарапынан оқушының іс - әрекеті мен мінез - құлқын эксперттік бағалау;
- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;
- оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау;
- арнай психодиогностикалық тренинг[12;36].
Оқушының жеке қабілетін дамыту оның білім алу барысында нақты міндеттердің қойылып, білім мазмұнында дамытушылық бағыттағы тапсырмалардың жосарлануы мен орындалуы арқылы жүзеге асты. Мұндай тапсырмалар мәселені көре білу, шығармашылық тұрғыда ойлану, шешудің жаңа жолдарын іздестіру, дұрыс шешім таба білу, ол шешімді жүзеге асыра білу, нәтежиені бағалай алу біліктерін қалыптастыруға бағытталады. Осыған байланысты тапсырмалар түрлерін келесіше топтадық:
- мәселені табуға арналған тапсырмалар;
- шешімнің жаңа жолдарын іздеу тапсырмалары;
- қатені табу және түзету тапсырмалары,
- баға беру тапсырмалары.
Осы топтама педагогикалық үрдісті оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай ұйымдастырудың тапсырмалар жүйесін сұрыптауға негіз болды.
Бала бойындағы қабілет нышандары
Қоршаған ортамен белсенді қарым –қатынаста болуы Батылдығы
Қабілетті бала
Оқыту мен тәрбиеге Даму деңгейінде
құлшынысы еңбектенуі мен ізденуі
Қабілет нышандарын дамыту барысында төмендегі міндеттер іске асқан кезде ғана нәтиже беріледі.
1. Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына жол беру.
2. Жеңілден ауырға қарай жеткізу, жоғарғы жетістіктерге апару.
3. Бала бойындағы қабілет нышандарының қай түрі байқалғанына қарай қабілетін тану, ортаға енгізу, жеке еңбектері мен жұмыстарын көтермелеу.
4. Балаға берілетін тапсырма толығымен, жаңадан өтетін тақырыппен байланысты берілуі керек. Бұл әдіс балаларда бағдарлау реакуляциясын, оринтация туғызады.
5. Сабақта өтілген бір тақырыпқа жаңаша, басқаша көзқараспен қарауға үйрету, жеке тапсырма беру.
6. Баланың өз бетімен жұмыс істеуіне ерік беру.
Балалық кезеңдегі бала бойындағы қабілеттің нышандарын анықту және оны дұрыс тәрбиелеу мұғалімдер баланың оқуға ынтасын қалыптастыру арқылы, олардың бойындағы қабілеттерінің дамуына кең жол аша алады.
Шубинский бала бойындағы қабілеттің нышандарын қалыптастыру мен жетілдіру үшін шығармашылық үрдістен өту сатыларын 3 бөлген.
1. Жаңаны өзгеше тың дүниені сезе білу. Шығармашылық. Ой талдауға бейімделу, жан дүниесіндегі ішкі тартысты оята білу қабілеті, танымдық, яғни, қызығушылығы.
2. Евристикалық саты. Бұған интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, қарама-қайшылықтарды түсіну, батылдық, шығармашылыққа деген құштарлық.
3. Дәлме – дәл сын сатысы. Бұнда өздік сынның болуы, бастаған істі аяқтағанға дейін жеткізу.
Бастауыш мектепте қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі-"оқуға құштарлық, ынталылық". Жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субъектісі ретінде дами бастайды, В.ВДавыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Оқушының шығармашылық тұлға болып қалыптасуын В.В.Давыдов өзінің "Дамыта оқыту теориясы" еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте В.В.Давыдов тұлғаны "еркін шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі -оның еркіндікке деген қозғалысы" деп есептейді. Бұл жағдайда оқушының әрекет үстіңде жеке тұлға болып қалыптасуы оның шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті.
Кейбір мұғалімдер бала бойындағы оның қабілеттілігін оның оқу материалын тез ұға алушылығымен ғана байланыстырады. Ол өте қате ой. Бұл жерде аса сезімталдылығы қажет. Өйткені, нерв жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты табиғатынан баяу (флегматиктер мен меланхоликтер) болып келетін балаларда аз емес.
Осындай баяу ойланып жауап беретін балалар қабілетсіздер қатарына қосылатын болса, бұл педагогикалық тұрғыдан өте өрескел қате болып есептелінетені сөзсіз[9;52].
Бала бойындағы қабілетті анықтап, оны тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан болып келеді. Бұларды нақтылы жағдайларға байланысты баланың жас және дара ерекшеліктерін, психологиялық ерекшелігін, тұрған жері, отбасы жағдайына және т.б. ерекшеліктер бойынша дұрыс жүргізе білу әрбір тәрбиеші мен мұғалімнің жеке шығармашылық іс - әрекетіне байланысты. Мысалы: мұғалім жүргізетін жұмыстардың бірі – оқушылардың оқу әрекетін тартымды да, мазмұнды, қызықты да, әсерлі етіп ұйымдастыруы.
Әсіресе, төменгі сынып оқушыларының бейімділіктерін, қызығушылықтарын көре білумен қатар, оларды барынша көтермелеп, белсенділіктерін үнемі арттырып отырған жөн. Мәселен: жақсы үлгеретін оқушыға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса, орташа қабілеті бар балаларды да бақылаудан тыс қалдырмаған дұрыс.
Кей жағдайларда қабілетті оқушылардың табиғи мүмкіншіліктері жеткілікті болғанмен, мұғалімнің көзқарасынан тыс қалып қояды да «орташа» оқушы болып қоя береді. Сондықтан да оқушының келешегіне зор үмітпен қарауымыз керек.
Жас ерекшелік даму барысында, әсіресе соның ішінде - жалпы қабілеттің алғы шарттарының әртүрлі жақтары - әрбір балалық шақта - өзіне тән нақты жақтары болатындығына негіздеме бар. Осының негізінде - бақылау кейбір балаларда жас ерекшелігі ұлғайған сайын, қасиеттері уақытша пайда болады, ал кейбірінде жеке адам құрылымында қалыптасады және беки түсетіндігін көрсетеді[5;64].
Әртүрлі жас топтарындағы оқушылар ерекшеліктерін салыстыру мектептік балалық кезеңдері оқушылардың ақыл-ой мүмкіншіліктерінің деңгейі бойынша ғана өзгешеленбейді: жас ерекшелік кезеңдері - бұл жеке адамның: қалыптасуына әр кезең ерекше үлес қосатын әртүрлі сапалы баспалдақ болып табылады.
Бала есейген сайын, кейінгі дамуды тежейтін балалық бітістерді жеңу, жою көріне бастайды. Жас ерекшеліктік даму барысында меңгерушілік – бұрынғы кезеңдердегі нақты жетістіктерді жоғалтуы мүмкін.
2.2 Оқушылардың өзіндік қабілеттерін қалыптастыру жолдары
Жалпы педагогика-психология ғылымында «қабілеттілік» мәселесіне қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде. Қабілетті бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, қабілеттілік - ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін -адам.
И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын көрсетті. Олар:
1. Ақыл –ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқлатын балалар.
2. Мектептің жекеленген пәндеріне және әр түрлі іс-әрекетіне
қабілетті балалар,
3. Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар.
Қабілетті баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа біткен қасиет деген[4;42].
Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің жалпылама нәтижесі бойынша қабілетті баланың бейнесі анықталды.
1. Интеллектуалды, ақыл-ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігі жоғарлығы, ойы ұшқыр, байқағыш, мәселені шешуде жан-жақты жолды қарастыру, тәуелсіздігі, құрбыларының арасында көсем болуы, есте сақтауының беріктігімен т.с.с қасиеттерімен ерекшеленеді.
2. Бейнелеу өнері бар бала - сурет салуға көп уақыт бөлінуінен, көргенін есте сақтауы, сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.
3. Әнге қабілетті балалар- ән сабақтарына аса қызығушылық, ритмикалық бөліктерді оңай қайталау, таныс әуенді бірінші дыбыстан тану.
4.Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене күші күшті болып келеді.
Кіші бастауыштың бастапқы кезеңінде қабылдау жеткілікті ерекшеленіп дами қоймайды. Сондықтан да бала, жазылуы ұқсас әріптер мен сандарды шатыстырады. Дегенмен, заттар мен суреттерді мақсатқа бағыттай отырып қарастырады, бастауыш мектеп кезеңіндегі сияқты ашық, айқын “көзге бірден түсетін” қасиеттер-негізінен түс, көлем, пішін ерекшеленеді.
Баланың жетістікті көре білуге, алдын ала болжамды тиімді құруға қабілеттілік қажет. Ойша іс -әрекетті жүргізе білу мақсатқа жете білуге тәуелді және тиімді нәтижесінің шығуын жоспарлай білу мен анықталады. Ойша іс - әрекеттерді құра білу қабілеттен негізінен мектеп жасынан бастап қалыптасады. Оқушы өз іс - әрекеттерін дұрыс құра білуге алдын ала болжамды дұрыс ұйымдастыра білуге үйренген жаңадан оқу процесінде ол өзіндік басқару іс - әрекетін жақсы қалыптастыра алады.
Танымдық қабілеттіліктің маңыздылығы оқу үрдісінің шеңберінен алысқа кетеді. Оқыту, ақыл-ой дамуы және тұлғаны тәрбиелеуде-қызығушылық, осы үштікті байланыстырушы звено болып табылады.
Қабілеттілікке білім ретінде жоғары орынды баға бере отырып, интеллекті дамуының қозғаушы күші, әрі оның үлкен әсерін атақты Кеңес психологы А.Н.Леонтьев айтып кеткен [6, 253 б.].
Қабілеттілік бүкіл танымдық процестерге және олардың функцияларына, әсіресе зейінге өте қатты әсер етеді, оның ішінде еріксіз зейінге оң әсерде болады. Қызығушылықпен байланыстағы зейін ұзақ және терең болады. Еске де қызығушылықтың үлкен әсері бар: қызықты нәрсе есте жеңіл, тез әрі нық, берік сақталады, ал қызықсыз жайт есте үлкен еңбекпен қалады және де естен тез, оңай шығады.
Танымдық қабілеттіліктің дамуына, меңгерілетін пәнге деген, ақыл-ой еңбегінің өзіне деген сүйіспеншіліктердің дамуына оқушының өз бетімен ізденуі әрі жаңа білімді ашудан, проблемалы міндеттерді шешуден тұратын оқытудың осындай ұйымдастырылуы көмектеседі.
Қазақстандық ғалым, профессор С.М.Жақыповтың пікірінше - оқу танымдық процестердің пайда болуына әкелетін және оқу-танымдық іс-әрекеттің генезисін анықтайтын біріккен әрекеттердің ұйымдастырылуы объектіге және оның құрылымының белгілі бір қасиетімен түрлі әрекеттер арасындағы байланыстың ашуына әкеледі. Мұндай ұйымдастырылу іс-әрекетке қатысушылар арасында әрекет тәсілдерін алмастыру мен орналастыру жағдайында пайда болады[15,42].
Оқу-танымдық өзіндік қабілеттіктің генезис процестерін зерттеуінің жалпы мақсаттарынан, біріккен әрекеттерді ұйымдастыру талдауы екі бағытта жүргізілді. Бір бағытты Ж.Пиаже сипаттаған интеллектуалды операциялармен қосылу қатынасының бала түсінуін анықтайтын нақты операционалды құрылымның дамуындағы эксперименттік зерттеу құрды. Екінші бағыт ересек пен баланың ұжымдық өзара әрекеттестігін зерттеуіне арнаған, баланың өзінің елгілі қатынастық құрылуымен және балада ғылыми ұғымның қалыптасуымен байланысты.
Педагог оқушыға тек білім мен ептілік беріп қана қоймай, оқушының қабілетін дамытады, қалыптастырады, адамның жеке даралық бейімділігі мен қабілетіне сәйкес кәсіпті таңдау үшін бағыт-бағдарын анықтауға көмектеседі.
Оқу үрдісіндегі оқушының қабілеті – күрделі процесс. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу-танымдық өзіндік қабілет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттілікпен, мақсаттан таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Оқушы қабілеттілігінің ең жоғарғы көрінісі – оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.
Сабақ барысында оқушылардың бойында қызығушылық пайда болса, сонда оқушыларда ақыл-ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды:
зеректілік;
зейінділік;
байқағыштық;
ойлау;
сөйлеу дербестігі.
Оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т.б. сипатталады.
Өзіндік қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәрбие жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, онық қабілеті де ойдағыдай (дамуы үшін) дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бостын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр[22;187].
Оқу-тәрбие процесінде өзіндік қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арақасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге құқы алады.
Бұл мысалдар академиялардың Суриков жөніндегі пікірлері қате болғандығын аңғартады. Бұл мысалы адамның қабілеттілігін білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.
Тәрбиеші, не мұғалім баланың қабілетін, қабілет нышандарын айқындай отырып, одан әрі дамытып отыруда осыны ұмытпаулары тиіс. Бұл үшін балаға жеке қоғамдық тапсырма беріледі, содан кейін оның осы тапсырманы орындауының сапасын тексереді, сондай-ақ баланың ыждағаттылығын қадағалап, оның қабілетінің одан әрі дами түсуіне бағыт көрсетіп отырады[15;47].
Бала қабілетін айқындап дамытуда мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмыстары, еңбек, дене шынықтыру, айтыс, пікір – талас, яғни диспут, ән-күй сабақтары таптырмайтын шаралар болып табылады. Сондай іс – шараларға балаларды қатыстыру барысында әрбір баланың қай іс - әрекетке бейімділігі айдан анық байқалады.
2.3 Оқушылардың өзіндік қабілеттілігін жетілдірудің инновациялық амалдары мен жолдары
Шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек, олардың іскерлік дағдыларын және білімқұмарлық талап-жігерлерін жетілдіруіміз кажет. Себебі адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі бала кез-келген мемлекеттің байлығы[10;118].
Бірақ, бағдарламалар мен әдістемелердін, материалдық базаның кеңдігі ұстазға жаңа парыз жүктеп отыр. Ол - дарындылармен жұмыс. Оны жеке адамды жан-жақты дамытудың ғасырлар тереңінен жинақталған дәстүрді жалғастыру деп түсінген жен. Ұстаз алдында отырған оқушыларды дарынды, орташа деңгейдегі оқушы, үлгерімі нашар оқушы деп үш топка бөлуге болады. Бұл - қабілеттің әр түрлілігінен туындаған мәселе.
Ғылыми зерттеулерге қарағанда, дарынды, талантты балалардың биохимиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді. Олардың миы қабылдаған мәліметтерді қорытуға қабілетті.
Демек, өзіндік қабілет — бала бойында тәрбие мен алған біліміне байланысты қалыптасқан қасиет. Ол отбасы, жолдастары, айналасына байланысты әрқилы калыптасады. Осы орайда балалардың да ынтасы, іскерлігі және ізденгіштігі қоғам негізінде игерілетінін естен шығармаған жөн[5;52].
Оқушылардың жеке өзіндік қабілеттеріне қарай инновациялық амалдарға негізделген тапсырмалардың жүйесін сұрыптап құрастырдық.
Оқушылардың бойындағы өзіндік қабілетті дамытудың ерекшеліктері:
1. Баланың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарының дамуына өзіне қызығушылықтарымен, бейімділіктерін іске қосу.
2. Жеке адамның сенімділіктерін қалыптастыру.
3. Баланың еркін шығармашылықпен ойлауын дамыту.
4. Баланың барлық қабілеттірінің нышандарын дамытуға ат салыса отырып, өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасау керек.
Өзіндік қабілет нышандарын дамыту барысында төмендегі міндеттер іске асқан кезде ғана нәтиже беріледі.
1. Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына жол беру.
2. Жеңілден ауырға қарай жеткізу, жоғарғы жетістіктерге апару.
3. Бала бойындағы қабілет нышандарының қай түрі байқалғанына қарай қабілетін тану, ортаға енгізу, жеке еңбектері мен жұмыстарын көтермелеу.
4. Балаға берілетін тапсырма толығымен, жаңадан өтетін тақырыппен байланысты берілуі керек. Бұл әдіс балаларда бағдарлау реакуляциясын, оринтация туғызады.
5. Сабақта өтілген бір тақырыпқа жаңаша, басқаша көзқараспен қарауға үйрету, жеке тапсырма беру.
6. Баланың өз бетімен жұмыс істеуіне ерік беру.
Бала бойындағы өзіндік қабілет нышандарының көріну барысында, бала қабілетінің көрінуі төмендегі түрде байқалады.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудың бір түрі – көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру. Сынып ішінде кітапхана ұйымдастыру және оқушыларыдң кітапты оқуын қадағалау және оқушыларға көптеген ертегі, әңгіме оқып беріп, сонан соң өздеріне ертегі немесе қысқа мәтіндер оқып келу ұсынылады және оларға хабарлама дайындау тапсырылады. Осылай оқушылардың ана тілі пәніне ықыласы артып танымдық қызығушылықтары қалыптасады[17;42].
Мұғалімнің сабақта оқушылардың қызығушылықтары мен өзіндік қабілеттерін арттыру жолдары:
1. Барлық оқу материалын пысықтап, оны оқу бөліктеріне тұтас тарауға немесе мазмұны бойынша жақын тақырыптарға бөлу.
2. Оқытудың нақтылы нәтижелері тізбегін құру (яғни, әрбір оқушы нені біліп, үйренуі тиіс).
3. Тақырыпты тұтас баяндаудың оңтайлы формасын құрастыру.
4. Тақырыптың негізгі ұғымдарынан тірек сызба-конспект құрастыру.
5. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге тестілер – диагностикалық (тексеру) және бақылау (қорытынды) жұмыстарын әзірлеу.
6. Білім, білік, дағдылары түзетуге арналған тапсырмаларды даярлау.
Оқушылардың қызығушылығы мен өзіндік қабілетін арттыру үшін:
өз бетімен орындалған жұмыстың бақылауы мен тексерілуі;
өз бетімен жұмыс барысында талқылаулар өткізу;
баяндамалар тыңдалып;
реферат, конспекті;
түрліше сарамандық жұмыстар;
түрлі деңгейлік тапсырмалар орындау.
Өзіндік қабілетті арттырудың сыныптан тыс жолдары мынандай:
1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу, оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, лозунгтар әзірлеу, нақыл сөздерді жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационалдық жауынгерлермен).
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабарлама.
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру.
5. Шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, оқырмандар конференциясын өткізіп отыру.
11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлкетану, жас техниктер, т.б.
12. Байқаулар, олимпиада, жарыстарға қатыстырту.
13. «Атамекен» бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.
14. Мейрам күндерін, республикалық деңгейдегі мейрамдарды атап өту.
15. Сынып жиналыстарын өткізу.
16. Сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбілікке қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, нәтижелеріне талдау жасап отыру.
17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.
18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызілікті қаттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
19. Оқушылардың қысқы және жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.
Демек, балаға ерте бастан – ақ сурет салуына бғыт беріп, оның мұндай әрекетіне қамқорлық жасаған жөн. Өйткені, балалық кезден бастап сурет салуға құмар баллаар, суреттті әдемі салатын балалардан келешекте суретшілер шығатыны сөзсіз. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін сурет өнері бұрышында жеке жұмыстарды жүргізгенде, оның тиімді.
1. Диафильм құрастыру, сурет салу арқылы. Яғни, мұғалім басын бастайды, балалар аяқтап, ертегі ретінде сөзін жазып қорытады.
2. Өз бетінше ойдан ертегі шығарту, бүктемелі қағазда бір – бір сөйлемнен балалар ертегіні жазады.
3. Рөлдік ойындар ойнау.
Балалық кезеңде қабілеттерін нышандарын қалыптастыру мен оны тәрбиелеп жетілдіруге арналған ортақ жұмыс түрлері мынандай:
1. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстар. Бұл сыныптан тыс жұмыстар, шаралар, түрлі кездесулерде, ертеңгіліктерде өз өнерін ортаға салуы. Мысалы: интеллектуалды ойындарға, жарыстарға қатысу.
2. Кітапханамен тығыз байланыс жасай отырып, балаларға арналған басылымдарды оқып беру, таныстырту.
3. Қабілеттің нышандарын жетілдіру барысында арналған баланың қабілеттілігіне қарай ой шапшаңдығы, жоғары сөйлеуі, ақындарша сөйлеуі, сөз байлығы, оған тақырыпқа сай жұмбақтар мен қысқа 4 - 8 шумақты өлең құрастырту. Бұнда өлеңдегі ұйқастарды табу, ұйқас варианттарды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру сияқты жұмыстар өте тиімді.
4. Сонымен қатар суретті диафильм және ертегі құрастырып шығарту, сынып алдында еңбегін баяндату.
5. Әрбір өтілген тақырыптарға байланысты сөздіктер шығарту, сөздерді реттеу. Мысалы: барлық аноним сөздер бойынша сөздерді іріктеп, сөздік құрату. Шығарма, мазмұндама жазғанда, жоғары дегейде, көркем, әдеби тілде жазуға машықтандыру.
6. Таблица, перфокарталар шығартып, сабақта қолдануға, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
7. Әрбір жаңа тақырыптарды өткен кезде, қорытынды, бекітуге өз бетінше анықтама жасату.
Осы аталған іс - әрекеттерді жүргізу барысында балалардың бойында еңбектену,іздену, талпыну қабілетін көрсетсе, екінші жағынан өзінің еңбегін, жұмысын ойдағыдай орындап, өзгелерге көрсетуге тырысады.
Оқушылар анықталған мәселелер негізінде өздерінің жобаларының мақсатын қояды. Мақсат мына сұраққа жауап береді: «Қазіргі жағдайда нені өзгерту керек (оқушы ойымен деп келуі керек)?».
Мақсатты анықтап болған соң, оқушы нәтежиеге жетудің бір немесе бірнеше тәсілдерін ұсынады (сұраққа жауап береді «қалай?»). Оқушыларға іс-әрекеттің кейбір тәсілдерін беріп, содан соң оқушылардың өздерінің ойларының да қалыптасуына жағдай жасадық. Егерде оқушылар (мүмкін, мұғалімнің көмегімен) нәтежиеге жетуде өздерінің тәсілдерін ұсынып жатса, онда оларға бір немесе бірнеше тәсілдерді ұсына отырып, оларды ойға қалдырып, әр түрлі жағдайда мақсатқа жететін тәсілдердің ішінен тиімдісін табуға жұмылдырдық.
Көптеген мәселелер әртүлі тәсілдермен шешіледі, сондықтан қажетті адым ретінде ойластырылған жобаның жасау үшін ортаңғы сынып оқушылары мәселені шешудің балама тәсілдерін оқып – біліп, тиімді шешімін таңдады. Баламаны сараптау әртүрлі негізде жүреді: оқушылар тәсілдерді, мысалы аз жұмсалатын қаржы мен мәселеге көп адамдарды қатыстырылатын жағдайда да ұсындық. Жеткіншектер нәтежиеге жету тәсілдеріне көзін жеткізуге, қиындықтарды анықтауға қабілетті болып келеді. Оқушының жеке қабілетін дамытуға байланысты берілетін тапсырмалар жүйесін келесі кескін бойынша беру ұсынылады.
Мұғалімге оқушылармен мәселені шешудің тәсілдерін сауатты талқылау қажет, мысалы белгілі миға тұтқиылдан шабуыл әдіс – тәсілін пайдалануға болады. Мысалы, оқушы алдында мәселе тұр: бөлмеде өсетін өсімдіктер үнемі су құюды қажет етеді, сондықтан жазғы кезеңдерде мектепте кезекшілік болуы керек[24;52].
Оқу әрекетінің негізінде оқушылардың оқуға деген қызығушылығы қалыптасады. Оқуға деген қызығушылық –оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау, тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені, өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларын үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни, оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.
ІІІ Эксперимент жұмысының нәтижесі
Теория әрқашан практикамен ұштасып жатады. Диплом жұмысының тақырыбына байланысты теориялық білімді тәжірибе жүзінде тексеру негізіндегі эксперимент жұмысы Ш.Қ.О. Көкпекті ауданы Құлынжон ауылы «Казнаковка орта мектебінен» өттім. Жұмыстың экспериментін 3 А сыныбында сыныбында жүргіздім.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың өзіндік қабілетін дамытудың түрлері мен маңызын анықтау.
Дамытушылық міндеті – оқушылардың жаңа тұрпаттағы тапсырмаларды орындай отырып, жаңа теориялық материалды, білімді өзектендіре білу, конструктивтік тапсырмаларды орындауда ғылыми және дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Соған байланысты педагогикалық эксперимент жұмысында эксперимент сыныбының оқушыларымен жүйелі түрде ұйымдастырылған жұмыстарды сынып жетекшісімен бірлесе отырып жүргіздік.
Кесте 2. Эксперимент сыныбының тізімі.
№ | Оқушының аты-жөні | Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті |
1 | Айтқожанова Арнагүл | сурет үйірмесіне қатысады, суретші |
2 | Ағланбекова Жарқын | математикаға қызығады, математикалық қабілеті жоғары |
3 | Айтанова Гүлмира | домбыра үйрірмесіне қатысады |
4 | Ардақұлы Айдос | Дебат клубының мүшесі, ораторлық қабілеті жақсы дамыған |
5 | Ақылбеков Айдын | би үйірмесіне қатысады, би билеуге қабілетті |
6 | Берікұлы Әлішер | вокал үйірмесіне қатысады, әншілік қабілеті жақсы дамыған |
7 | Бисекенов Бейбіт | жазба жұмыстарына шығармашылық қабілеті жоғары |
8 | Дүйсенбеков Думан | би үйірмесіне қатысады, би билеуге қабілетті |
9 | Егінбаев Арман | домбыра үйрірмесіне қатысады |
10 | Ерменов Жалғас | математикаға қызығады, математикалық қабілеті жоғары |
11 | Жұманов Қуаныш | би үйірмесіне қатысады, би билеуге қабілетті |
12 | Жұмашев Әділ | би үйірмесіне қатысады, би билеуге қабілетті |
13 | Жұмаділов Дамир | математикаға қызығады, математикалық қабілеті жоғары |
14 | Закариянов Айбек | вокал үйірмесіне қатысады, әншілік қабілеті жақсы дамыған |
15 | Игисинова Әлия | математикаға қызығады, математикалық қабілеті жоғары |
16 | Каменов Жандос | жазба жұмыстарына шығармашылық қабілеті жоғары |
17 | Қалелов Мереке | жазба жұмыстарына шығармашылық қабілеті жоғары |
18 | Қасымова Айдана | домбыра үйрірмесіне қатысады |
19 | Оралова Бұлбұл | Дебат клубының мүшесі, ораторлық қабілеті жақсы дамыған |
20 | Рахимова Айзана | Дебат клубының мүшесі, ораторлық қабілеті жақсы дамыған |
21 | Сүлейменова Жадыра | вокал үйірмесіне қатысады, әншілік қабілеті жақсы дамыған |
22 | Шаймарданов Манас | би үйірмесіне қатысады, би билеуге қабілетті |
Зерттеу эксперимент жұмысымызда оқушылардың қабілеттіліктерін инновациялық амалдар арқылы дамытуда А.Алимов ұсынған интербелсенді оқуды ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға тырыстық.
Бірінші ереже. Сыныпты жұмысқа дайындау.
Сынып бөлмесі, кабинет үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын сан рет өзгертуі ықтимал, сол себепті де парталар мен үстелдер олардың емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет.
Парталарды қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы үйренушілердің бір мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек.
Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда тақта (оған қоса жылжымалы немесе интерактивті тақталар болса тіпті жақсы), қолда бор, қағаз (А-1 және А-4 форматтардағы), маркерлер болғаны дұрыс.
Екінші ереже. Топқа бөлу.
Әр сабақта үйренушілерді шағын топтарға бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Шәкірттерді шағын топтарға 4 адамнан бөлген тиімді. Олардың партаны жағалай бір-біріне бет қаратып отырғаны дұрыс.
Топқа бөлу әдетте кездейсоқ түрде жасалынады. Алайда жыл бойы бір шәкірт басқалармен барлық сабақтарда топ құрамында жұмыс жасап шығуы керек. Мұндағы басты мақсат - үйренушілердің бір-бірімен тиімді қарым-қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау.
Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты қылып өткізген жөн.
Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.
Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша ұстаз өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, үйренушілерден қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтетіндігін жеткізеді.
Сонан соң үйренушілердің өздері де сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіде өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды «Сабақта мен қандай білім ала аламын? Ол үшін мен қандай жұмыс пен әрекеттер атқаруым керек?» деген сұрақтар төңірегінде ой-толғаныс жасауға шақырады.
Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.
Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап, оларды қатаң ұстану арқылы үйренушілерді тәртіпке шақырып, тиімді әрі үнемді түрде жұмыс жасауға үйрету. Ол үшін әрбір шағын топ бұл мәселені 1-2 минут талқылап алғаннан кейін, олардың ұсыныстарын көлемді параққа (флип-чарт, плакат) түрлі-түсті маркерлермен жазып, аудиторияның көрнекті жеріне іліп қоюға болады. Ұстаз тарапынан емей, өздері құрастырып қабылдаған ережелерді үйренушілер мейлінше қадағалауға тырысады.
Ережелер сан-алуан болуы мүмкін, мәселен, жұмыс регламенты, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста силасымды қарым-қатынас құруға бағытталғаны жөн. Мәселен, «Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!», «Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді сынайық!». «Кешікпейік!», «Қысқа да нұсқа сөйлейік!», «Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық!», «Берілген тақырыптан ауытқымайық!», «Біз үшін әрбір пікір құнды!», «Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық!», т.с.с.
Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Үйренушілерді психологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Әдетте сабаққа келгендердің бәрі дерлік оқуға белсене араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздерін ыңғайсыз әрі дискомфортты сезінуі мүмкін. Мұның себептері де баршылық:
- өзіне көтеріңкі жауапкершілік жүктеуі және содан қаймығу, жүрексіну,
- оң нәтиженің шығуына күмәндану,
- жазалаудан немесе күлкі/мазаққа жығылудан қаймығу,
- еріншектік пен шаршағандық (мәселен, бірінші сабақта ұйқысын аша алмау, немесе соңғы сабақта шаршау),
- назарын жинақтай алмау (мәселен, үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе алдыңғы сабақтың әсерінде болу).
Үйренушілердің сабақ барысында барлық шарттылықтардан арылып, ойлау аппаратын белсенділендіріп, жұмысқа толық ниеттеліп, қызу кірісіп кетуін бірінші мезетте ойсергектер арқылы жүзеге асыруға болады. Ойсергектер арқылы аудиториядағы үйренушілер өздерін жеңіл сезінеді, ашылады, әрқайсысы біртұтас ұжымның өкілі ретінде алда күтіп тұрған бірлескен күрделі жұмысты атқаруға дайындалады.
Ойсергектер келесі мазмұнда болуы мүмкін:
Жағымды психологиялық сезім/көңіл қалыптастыратын әрекеттер.
Логикалық ойлауға негізделген тапсырмалар (есептер, мәселелер, жұмбақтар).
Көңіл көтеретін ойын түріндегі іс-әрекеттер.
«Өзіңді таны» тақырыбындағы психологиялық тестер.
Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.
Интербелсенді оқу аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсене қатысқандығы абзал. Үйренушілердің білім игеру жұмысының, оның ішінде әсіресе бірлескен жұмыс әрекеттерінің қызықты әрі тартымды екендігіне көздерін жеткізгені дұрыс. Сол себепті де сабақтың басты тәсілі ретінде топтық жұмыстарды тану керек.
Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.
Суырылып алға шығып сөйлегеннен гөрі, тыңдай білген қиын да шығар. Топтық талқылау кезінде барлық үйренушілердің өз пікірін келтіріп, басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін сыйлап, санасатын жағдай жасап отыру қажет. Барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек.
Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау, пікірлесу, ой қозғау, тапсырманы бірлесе орындау, т.б.) әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау мүмкіндігін беру керек. Ол үшін топ атынан бір үйренуші (сөйлеуші, шешен, спикер, капитан, т.б.) берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын ортаға салады.
Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.
Үйренудің басты мақсаты – тұлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың өркендеуі. Ал жазу (жазба жұмыстары) - ойлаудың шырқау биігі. Жазуда үйренуші сонымен қатар «МЕН» тұрғысынан өзінің ішкі жан дүниесін ашып, оны асқақтата түседі. Сол себепті де әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды.
Ал үйренушінің бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша жұмыстарды орындауынан ғана объективті түрде білуге болады. Жазу жұмыстары оқушы білімін бағалаудың дәлелді нысаны.
Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.
Кері байланыс дегеніміз сабақтың соңында оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілердің пікірлері. Олар «Сабақ қалай өтті: қызық болды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не нәрсеге үйрендіңіз (білдіңіз)?», «Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?», «Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді (қандай ақпарат көздерін оқисыз)?», «Қандай сұрақтарыңыз бар?», «Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?» деген сұрақтарды әдетте ауызша талқылағаннан кейін, оларға жазбаша жауап берумен жалғастырады (мәселен, «Шығу парақтары» тәсілі бойынша).
Үйренушілердің пікірлері мен қойған сұрақтары ұстаз тарапынан ескеріліп, келесі сабақ соларға жауап берумен басталуы керек.
Кері байланыс ұстаз бен шәкірттердің арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға бағытталады.Сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың, келесі сабақты жоспарлаудың тиімді түрі болып табылады.
Сабақта оқушылардың қабілеттерін қалыптастыруда мынадай инновациялық амалдармен жұмыс жүргіздік:
1) өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
2) пікірталастар мен талқылауларға қатысу;
3) өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;
4) жолдасының жауабына пікір айту;
5) сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
6) үлгермеушілерге түсініксіз жерлерін түсіндіру;
7) өз бетімен күрделі тапсырмаларды таңдау;
8) танымдық тапсырма шешімдерін табуда бірнеше нұсқа көрсету;
9) өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;
10) танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы орындау.
Эксперимент жұмысының басында оқушылардың өзіндік қабілеттіліктерін қалыптастырудың негізгі жағдайлары мыналар:
І. Оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы.
ІІ. Оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар:
а) сабақта қолданатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру;
ә) танымдық ойындар ұйымдастыру;
б) пәнаралық байланыстарды тудыру;
в) оқушылардың өз бетінше жеке орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру;
г) білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланыстарды жетілдіру.
ІІІ. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты сыйластық, ізеттілік түрінде орнатып және жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету.
ІУ. Шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін келесі әдіс-тәсілдерді қолдандық:
1) тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
2) арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
3) оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).
4) берілген тапсырмаларды түрлендіру барысындағы жұмыс (тапсырманы өз бетінше басқаша құру, жоспар құру, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.);
5) әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою;
6) қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту;
7) ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру;
8) мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Дебат технологиясы бойынша жас жеткіншектермен жұмыс жүргіздік және оның маңызы мына төмендегідей:
қарама – қарсы ой стратегиясы болғандықтан сөз әдебіне үйрету;
пікірсайыс түрлері, оның мәні;
дебат әдісі арқылы шешендікке алып келу;
белсенді сөйлеуді ойлау сөйлеуімен ұштастыру;
оқушы дербестігін дамыту;
оқушы өзін - өзі қадағалап, тексертуге баулу;
таным қабілетін дамыту;
өздігінен білім алуға қажеттілікті тудыру;
ақыл – ой еңбегіне жалпы мәдениетін арттыру;
білімге құмарлығын, рухани сенімін күшейту;
«Іште пікір өлгеншені» ұтымды пайдалану;
пікір шектелмейтін еркін шығармашылық қалыптастыру;
ғылым дағдыларын жүйелеу.
Дебат шартты түрде 3 кезеңге:
Дебатқа даярлық кезеңі.
Дебат сайысы.
Дебат сайысынан кейін талдау кезеңіне бөлу дәстүрге айналды.
Сыныптан тыс жұмыс ретінде оқушыларға қосымша дәптерге бастадық. Ол дәптерге оқушылардың таным қызығушылықтарын арттыру бойынша шығармашылық жұмыстарын жазғызып отырдық.
Кесте 3. Шығармашалық жұмыс дәптерінің үлгісі.
Күні, айы | Кітаптың аты | Оқыған шығарманың түрі, аты | Авторы | Шығармадағы кейіпкерлер | Қысқаша мазмұны |
|
|
|
|
|
|
Олай болса, зерттеу жұмысы жүргізілген эксперимент сыныбындағы жас жеткіншектермен жоғарыда аталған жұмыс түрлерін жүргізуде, олардың бойында оқу-үрдісіндегі қызығушылықтары одан әрі артып, жеке-дара қабілеттері шыңдала түсті. Ал, бақылау сыныбында эксперимент сыныбына қарағанда мұндай дәрежедегі көрсеткішті көрсетпеді. Оны төменде көрсетіліп берілген диаграммадан көруге болады.
Кесте 4. Эксперимент жұмысының басында 2 сыныптың да оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтап алуды жөн көрдік.
Зерттеу түрі | Эксперимент сыныбы | Бақылау сыныбы |
1. Қызығушылығы | 55% | 56% |
2. Өзіндік қабілеті | 60% | 60% |
Қабілетті оқушыларды анықтауға арналған инновациялық әдістер.
Қабілеттілікті анықтауға арналған инновациялық әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет.
Қабілетті баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі инновациялық әдістер қолданылады:
- арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер;
- баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау;
- балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;
- түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;
- белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.
Бірінші бөлімде, танымдық процестерге байланысты әдістемелерді қолдандым. Олар:
- Джонс креативтілік сұрақнамасы. Мұнда баланың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу қарастырылған;
- Ойлауды анықтауға арналған әдістеме;
- Көру арқылы есте сақтау;
- Есту арқылы есте сақтау;
- « Оперативті ес » әдістемесі;
- Зейінді анықтауға арналған « Қызыл-қара таблицалар » әдістемесі;
- Зейінді анықтауға арналған « Мюнстенберг » әдістемесі;
- Ақпаратты қабылдау әдістемесі;
Екінші бөлімде, бала қабілетін анықтауға байланысты алты тапсырма орындау және қосымша тест, тренингтер.
1 - тапсырма: « Жаттығулар »
2 - тапсырма: « Жағдаяттар»
3 - тапсырма: « Қанатты сөздер»
4 - тапсырма: « Обьект құрлымын өзгерте алу қабілеттілігі»
5 - тапсырма: « Сөздік пайымдық қабіліттерді » зерттеу;
6 - тапсырма: « Бақылау»
« Вербальды қиял » әдістемесі;
Үшінші бөлімде, іріктеліп шыққан баланың ата - анасына, сынып жетекшісіне психологқа арналған әдістемелер қолданылады. Олар:
- Мұғалімдер мен ата-анаға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі;
- Мұғалімдерге арналған «Ой-өрістік портрет» әдістемесі;
- Психологпен мұғалімге арналған «Оқушы сипаттамасы».
Ақпаратты қабылдау. Мұғалім сөздерді тез оқиды, оқушылар бұл сөздерді тез айырып, қажетті қатардың астына жазуы қажет. 2 рет оқиды. 1 минут беріледі. Кестеде 5 қатар бар:
1) Аңдар 2) Құстар
3) Ағаштар 4) Гүлдер 5) Ыдыстар
32 сөз оқылады: Аю, Терек, Раушан, Қарға, Түлкі, Шағала, Кесе, Қасқар, Қасық, Роза, Қарағай, Тарелка, Емен, Зорман, Маймыл, Қайың, Үйрек, Сирен, Қаз, Шырша, Жолбарыс, Ожау, Арыстан, Қарлығаш, Қоян, аққу, Бүркіт, Күркетауық, Тауық, Қалақ, Жираф, Стакан.
Оқушылардың жазып үлгерген сөздерін санайды. Егер жазылған сөздердің саны 32 болса - ақпарат қабылдауы өте жақсы, 31- 29 орташа. 28 төмен болса қабылдай алмайды деген сөз.
Джонс креативтілігі сұрақнамасы. Жалпы сипаттамасы: креативтілік сұрақнамасы (КС) өзін шығармашылықпен көрсетуге байланысты элементтерге көңіл бөледі. КС - бұл сыртқы бақылауға қолайлы кретивтіліктің байқалуын теңестіру үшін арнайы өңделген сегіз пунктілі шығармашылықпен ойлау мен іс-әрекет жасау сипаттамаларының шынайы тізімі. Сұрақнаманы толықтыруға 5 - 10 минут уақыт бөлінеді. Креативтіліктің жалпы бағасы - сегіз пункті бойынша ұпайлар санының жиынтығы болып табылады. (ең төменгі 8 ұпай, ең жоғарғысы 40ұпай) Кестеде ұпай санының кретивтілік деңгейіне сәйкестілігі көрсетілген.
Сұрақнама мәтіні. Шығармашыл тұлға мүмкіндігі:
1. Қоршаған ортаның нәзік, белгісіз, күрделі ерекшеліктерін сезіну
2. Нақты жағдайда көптеген түрлі ойларды ұсыну және айта білу
3. Түрлі сипат пен деңгейдегі ойларды ұсыну
4. Қосымша детальдар, ойлар, баламалар мен шешімдер ұсыну
5. Елестете алу, әзілқойлық, мүмкіндіктерді тұжырымдап,дамыту
6. Мәселені шешуе тосын, жаңа мінез-құлық таныту
7. Басқа келген қарапайым, көпшілікке белгілі ойлардан бас тартып, түрлі ойлар қарастырып, ұтымдысын таңдай білу
8. Туындаған қиындықтарға қарамастан өз шешіміне деген сенімін жоғалтпау, мәселені шешуде септігін тигізер қалыптан тыс ой мен бағыты үшін жауапкершілікті сезіну.
Мүмкін болатын бағалау ұпайлары:
1-ешқашан; 2-сирек; 3-кейде; 4-жиі; 5-үнемі;
Орта буында оқитын балалардың ойлауын бағалау әдісі
Сізге осы әдістемені қолдану барысында 20 мәселені шешу беріледі. Бұл әдістемеде салыстырмалы түре қайсысы үлкен немесе кіші саны анықтау керек. Үлкен « » не кішілік « » белгілерін қойыңыз, 5 минут уақыт беріледі.. Тапсырма:
1.А үлкен Б 6 есе 2. А кіші Б 10 есе
Б кіші В 7 есе Б үлкен В 6 есе
3. А үлкен Б 3 есе 4. А үлкен Б 3 есе
Б кіші В 6 есе Б кіші В 5 есе
5. А кіші Б 3 есе 6. А үлкен Б 9 есе
Б үлкен В 5 есе Б үлкен В 12 есе
7. А үлкен Б 9 есе 8. А кіші Б 3 есе
Б кіші В 4 есе Б үлкен В 7 есе
9. А кіші Б 5 есе 10. А кіші Б 2 есе
Б үлкен В 6 есе Б үлкен В 8 есе
11.А кіші Б 3 есе 12. А үлкен Б 10 есе
Б үлкен Б 2 есе Б үлкен В 3 есе
13. А кіші Б 10 есе 14.А кіші Б 5 есе
Б үлкен В 3есе Б үлкен В 2 есе
15. А үлкен Б4 есе 16. А кіші Б 3 есе
Б кіші В 3 есе Б үлкен В 2 есе
17. А үлкен Б 4 есе 18. А үлкен Б 4 есе
Б кіші В 7 есе Б кіші В 3 есе
19. А кіші Б 5 есе 20. А үлкен Б 7 есе
Б үлкен В 8 есе Б кіші В 3 есе
Әр бір дұрыс жауапқа 0,5 балл
10 балл - өте жақсы 8-9 балл - жоғары
4-7 балл – орташа 2-3 балл - төмен ; 0-1 балл - өте төмен
Оқушылардың шығармашылық қабілетін анықтау диогностикасы.
1 бөлім. Жаттығу.
1. Қалампыр сөзі беріледі. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет (3 минут). Сөз құрауда бір әріпті екі рет қайталауға болмайды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі және оған оқушы өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы - 9 және одан көп сөз. Орташа - 7,8 сөз. Төменгі деңгей - 6 оданда аз.
2. Балаларға төмендегі әріптерден басталатын бес сөзі бар мүмкіндігінше көп сөйлем құрау тапсырылады.
Қ-Б-С-А-Т
Сөйлемдердің мазмұны болуы керек, сөйлемдегі сөздер дұрыс жазылуы тиіс. Басқа сөздер қосуға болмайды. Толтыру 5 минут
Тапсырма нәтижелерін бағалау экраны.
3. Мына жаңылтпаштан біреуін таңдап, жылдам айтып шығу керек. (Ауызша)
1. Қарға, қарға, қарғалар, қар үстінде жорғалар
2. Көк базарда бәрі бар. Барып бәрің бәрін ал
3. Шалғышы шалғы алды. Шаңғышы шаңғы алды.
Жылдам, қатесіз - 2 ұпай. Қателермен - 1 ұпай
2 бөлім. Жағдаяттарда ұсынылған жауаптарды таңдау
Сіз төмендігі жағдаяттарда ұсынылған жауаптардың қайсысын таңдар едіңіз (Жауап символы карточкаға толтырылады)
1. Егер мен балалар қалашығын салсам, онда:
А) еш жерде жоқ қаланы салар едім - 2
В) қаланы ұсынылған типтік жоба бойынша салар едім - 0
С) қаланы кино, журнал, кітаптан көргенімдей етіп салар едім - 1
2. Егер мен достарымды туған күн кешіне шақырсам, онда:
А) сценарий жазып, сыйлықтар дайындаймын - 2
В) оларға уақытын айтып, ата-анама үмітімді артамын - 0
С) қонақтарға тағамдар дайындауға көмектесемін - 1
3. Сабақ үстінде мұғалім қойған сұраққа мен келесідей жауап таңдаймын:
А) қарапайым - 0
В) күрделі - 1
С) мүлдем жаңа - 2
4. Мен бір нәрсеге қатты қызықсам,онда:
А) өлең жазамын - 2
В) қызыққан нысанымды қызықтап отырады - 1
С) қанағаттанушылық сезімде боламын - 0
5. Егер мен сүйікті пәнімнен зерртеу жұмысын жүргізсем,онда:
А) көптеген қсымша әдебиеттерді оқимын - 2
В) жеңілірек материал таңдаймын - 1
С) мұғалім көмек бередідеп үміттенемін - 0
6.Мен үшін қарым - қатынас жасауда ең бастысы:
А) өзгеше жаңа нәрсе туралы мағлұмат алу мүмкіндігі - 2
В) достарыммен өз қиындықтарым туралы бөлісу - 1
С) уақыт өткізу - 0
7. Егер де мен ғалым болсам,онда:
А) шетілге жиі барар едім - 0
В) көптеген пайдалы кітаптар жазар едім - 1
С) адамзат пайдасы үшін жаңалықтар ашар едім - 2
8. Егер сізге орманға барарда үш жол кездессе, онда сіз қайсысын таңдар едіңіз?
А) өзіңізге ыңғайлысын - 0
В) таныстарым айтқан жолды таңдар едім - 1
С) белгісіз жолды таңдаймын - 2
9. Менің қалауым - мектепте:
А) барлығы өз мүмкіндігі аясында ғана оқысы - 1
В) барлығы тату болса - 0
С) жаңа нәрселер туралы неғұрлым көп білсек - 2
10. Үш жаңылтпашты дауыстап, анық айтыңыз:
А) кеше неше кесе сынды
В) торғай тоғайды ұнатады. Торғай торғайды ұнатады
С) Піл күшті. Піл күшті емес тіл күшті
3 бөлім. Анықтауыш, өзгерткіш.
Сіз ғұламалардың қанатты сөздерімен келісесіз бе? Өз жауаптарыңызды карточкаға мынадай символдармен белгілеңіз:
А) толық келісемін - 0
В) келіспеймін - 2
С) қанатты сөзді бағалауға дайын емеспін - 1
11. «Ойды ой ғана жоққа шығара алады»
12. «Адамның ақылы оның жұдырығынан күштірек» (Ф.Рабле)
13. «Қабілеттер бұлщық еттер секілді жаттығудан кейін өседі» (И.Тимирязов)
14. «Тек ақымақтар мен өліктер ғанаөз ойларын өзгертпейді» (Д.оруэлл)
15. «Етікші нан пісіпсе, наубайшы етік тіксе, жаманшылық келгені деп біліңіз» (И.Крылов)
16. «Адамдар тек қорыққанын ғана сыйлайды» (А.Чехов)
17. «Бар шындық айтылмайтыны белгілі болғанда, өзге шебер болған оңай» (Р.Тагор)
18. «Бірнеше адамға бақыт сыйлаған адам, дүниедегі ең бақытты адам» (Д.Дидро)
4 бөлім. Обьект құрлымын өзгерте алу қабілеттілігі
Әр сұрақтың бірінші қатарыгда өзара байланыс немесе қандай да бір арақатынасы бар сөз жұптары бар. Сіз осы сөздер арасында қандай байланыс пен арақатынас бар екендігін анықтап, ұсынылған төрт жауаптан дәл сондай байланыс пен арақатынас бар сөз жұбын таңдауыңыз қажет. Карточкаға жауап нөиерін жазыңыз.
22. Теңіз - бассейн
1. Өзен – трубба 2. Өзен - монша
3. Өзен - көлшік 4.Өзен-су
23. Қайта өрлеу - жеңімпаз
1. Өрлеу – тау 2. Өрлеу - көшбасшы
3. Өрлеу – жігерлендіруші 4. Өрлеу - қахарман
24.Ара - бал
1. Ит – жүн 2. Қабан - тіс
3. Ешкі – сүт 4. Жылқы –тұяқ
Ұсынылған түпкі сөз жұптары белгілі бір арақатынаста тұр. Келесі түпкі сөзге ұсынылып отырған бес сөзден дәл сондай арақатнаста сәйкес келетін сөзді таңдаңыз. (дұрыс таңдау-2 ұпай)
25. Емтихан -емдлу
Институт: а) профессор ә) оқытушы б) оқыту в) мекеме г) студент
26. Күлкі - мұңаю
Қайғы: а) жеңіл ә) клоун б) ренішті в) көңілді г) түңілу
27. Шыбын-өрмек
Балық: а) өрмекші ә) сазан б) ау в) қармақ г) жүзу
5 бөлім. Сөздік пайымдық қабілеттері
Сізге ынталандыру материалы ретінде үш сөз ұсынылды. Сіз осыларға сәйкес келетіндей, яғни ұсынылған әр сөз бен сөз тіркесін құра алатындай төртінші сөді таңдайсыз. Мысалы: ақ, жылдам, ыңғайлы, жауап - сөз ретінде кеме сәйкес келуі мүмкін .Ұсынылған сөздерге сіздің пайымдауыңызша тура келген жауап-сөз неғұрлым ерекше, қайталанбас, айқын болғаны дұрыс. Сіз сөздердің грамматикалық қалпын өзгертіп, жалғаулар қоса аласыз. Жауаптарыңызды карточкаға жазыңыз. Жауаптар саны да ескеріледі.
Кесте 7. Тапсырмалар жинағының таблицасы.
№ | Ынталандырушы материал | Мүмкін болатын жауаптар |
28 | Асау, хрусталь, аялау | Фонтан |
29 | сабыр, ұшақ, ой | Сынықша |
30 | Бос, ми, бақша | Бас |
31 | Алу, күшті, рух | Мереке |
32 | Жүрек, болат, бару | Кездесу |
33 | Кездейсоқ, үй, құпия | Түлкі |
34 | Қызыл, тұмсық, қу | Жалын |
35 | Үміт, сұғу, түтас | Табу |
36 | Жедел,төркін,бақыт | Білім |
37 | әлсіз, қадам, монолит | Бюроктар |
38 | Емен, машина, іші | Жалқаулық |
39 | Теңіз, көп, тұлға | Арман |
40 | Жарық, ақымақ, қанат | Сағат |
41 | Қалта, топырақ, бозбала | Өмір |
42 | Ит, күш, дөңгелек | Қағаз |
43 | Жылан, қызыл, мөр | Ыдыс |
44 | Гүл, жаухар, шаңырақ | Сыйлық |
Барлық нәтижелер ортақ кестеге енгізіледі, яғни тігінен аты-жөні, көлденеңнен жауап - сөз жазылады. Неғұрлым ерекше жауапқа - 2 ұпай, қарапайым жауапқа-1 ұпай қойылады.
Бағалауды былай жүргіздік:
Жауап жоқ - 0
Қарапайым жауап - 1
ерекше жауап - 2
Әрбір заттың неғұрлым көп қолдану аясын атап шығыңыз.
Диогностика нәтижесі төмендегіше бағаланады:
А) Орындалған тапсырмалардың 2-3 бөлігі 2 ұпаймен бағаланған (жоғары шығармашылық деңгейі)
Ә) Орындалатын тапсырмалардың 0,5-тен бөлігі 2 ұпаймен бағаланған (орташа шығармашылық деңгей).
Б) 0,5-тен төмен –төменгі шығармалық деңгей.
Кесте -8. Эксперимент жұмысының қорытындысы.
Оқушылардың қабілетін анықтау диогностикасы. | Эксперимент сыныбы | Бақылау сыныбы |
1 бөлім. Жаттығу. | 79% | 56% |
2 бөлім. Жағдаяттарда ұсынылған жауаптарды таңдау | 75% | 50% |
3 бөлім. Анықтауыш, өзгерткіш. | 77% | 52% |
4 бөлім. Обьект құрлымын өзгерте алу қабілеттілігі | 74% | 51% |
5 бөлім. Сөздік пайымдық қабілеттері | 77% | 82% |
ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмысымызды қорытындылай келгенде атам қазақ айтқандай: «Алуан, алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын», - дегендей әр адамның өзінің қабілетінің салаларына қарай дара айырмашылығы да алуан болып келетінін жоғарыдан білдік. Өйткені, әрбір адамның физиологиялық ерекшелігі де әртүрлі, соған қарай кейбіреулеріне тумысынан ұрпақтан – ұрпаққа берілетін қабілеті болса, кейбіреулерінде жүре пайда болатын жеке дара қабілеті болады.
Біздің байқағанымыздай қабілетті адамның бірі – зеректілігімен, екінші біреуі байқағыштығымен, үшіншісі ақылдылығымен, ал төртіншісі іскерлігімен байқалады. Бұл әр адам бойындағы қабілет нышандарының физиологиялық және биологиялық ерекшелігіне байланысты екенін білдік.
Теориялық тұрғыдан алғанда өзіндік қабілеттің нышандары кейде бір адамның басында тоғыса да болады. Қандай да болмасын әрекетті сапалы етіп орындау үшін өзіндік қабілет нышанының бір ғана түріне сүйенуге болмайды. Бір іс - әрекеттің өзін сапалы етіп орындау үшін кейде бірнеше қабілеттің жиынтығы керек.
Жалпы алғанда, болашақ жас ұрпаққа сапалы да саналы білім беру мен тәрбиелеу барысында, әр баланың жеке дара ерекшелігін ескеріп, әр баланың қабілет нышанын анықтап, оны жетілдіру, олардың бойында қалыптастыру мен ары қарай дамыту жолдарын табу қажет.
Сол үшін барлық істерімізді осы балалалардың бойындағы өзіндік қабілеттің барлық нышандарынан балалық шақтан бастап анықтау, жетілдіру, жас ұрпаққа жан – жақты білім берумен тәрбиелеу және оқыту әрбір ұстаздың басты міндеті.
Осы міндетті іске асыру барысында әр ұстаз осы қабілет, қабілеттің нышандары ұғымдарын, олардың ара айырмасын аша білуі керек, әйгілі ғалымдар мен психологтардың зерттеу жұмыстарымен, әдебиеттермен толығырақ танысып, іс – жүзінде жүзеге асыра білуге талпыну қажет.
Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамнық іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Өзіндік қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызымет саласында және әрекетпен үйрену үстінде көрініп отырады.
Ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Әсет, Мади тәрізді басқа да таланттарадан есімдері осы кезге дейін ел есінде. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілеттінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді.
Адам қабілетіндегі, дарындылығы мен таланты одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл – адамның ақыл-асты мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамнық әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т.б. салалардық өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нәсір, әл -Фараби сияқты ғұламалар, қазақтың Аблай хан, Төле би, Әйтеке би, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.
Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет – адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғалымында соңғы 1-1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасу тәжірибесі зерттеулер арқылы анықтала бастады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Афонина Г. М. Педагогика. Ростов-на –Дону, -2002.-198с.
Алдамұратов Ә. Жалпы психология / Алматы: «Білім». -1996. –196б.
Алдамұратов Ә, Мұқанов М. Психология пәнінен лабораториялық -практикалық сабақтар / Алматы. – 1999. - 2- ші бөлім. – 156.
Алдамұратов Ә. Қызықты психология / Алматы. «Қазақ университеті». – 1992. – 215.
Аминов Н. А. Диагностика педагогических способностей. - М.: Ин-т практ.психологии; Воронеж: НПО"МОДЭК" : [б. и.], 1997. - 80 с.
Бап – Баба Сәбет. Психология / - Алматы. – Дарын. – 2005. – 350б.
Богословский В.В. және басқалары. Жалпы психология. Педагогика институттарының студенттеріне арналған оқу құралы./ В.В. Богословский және басқалары. Алматы.: Мектеп, -1980. – 352 б.
Вачков И. Психологические игры и упражнения./ И. Вачков Школьные технологий, - 2001. - №5. – 229-274 б.
Выгодский Л.С. Психология./ Л.С. Выгодский - Москва.: Апрель.– Пресс. -2000. – 1008 б.
Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. -Алматы, «Қазақ университеті», -2004. – 312с.
Жарықпаев Қ. Психология / Алматы. «Білім». –1995. – 265б.
Жарықпаев Қ. Психология. Педколледждерге арналған. Оқулық / Алматы. - «Білім». – 1993. –295.
Жүсіпова Ж. А. Педагогикалық шеберлік. - Алматы : Экономика, -2011.-195 .
Зайнолдақызы Ш.Ж. Жасөспірімдердің ойлауын, зейінін, қиялын, эмоциясын дамыту //Ұлағат. -2006.-№4.-8-9б.
Зимняя И.А. Педагогическая психология : учебник для вузов. – М. : Логос, 2002. – 384 с
Ищенко В, Сазонова А. Системно-ориентированная технология (Компетентностный подход) //Высшее образование в России-2005.-№4.40-44
Лихачев Б. Педагогика. Москва, -1998.-268с.
Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. -Астана, -1998.-325б.
Қазақстан мектебі. (ғылыми-педагогикалық журнал) №5, 2003 ж.
Қазақстан мектебі. (ғылыми-педагогикалық журнал) №10, 2004 ж.
Қалиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне ендіру. -А., -2002.-230 б.
Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология / Алматы. – 1982.-264б.
Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать. – А., 2009. -242 б.
Немов Р.С. Психология : учеб. для студентов высш. пед. учеб. заведений. В 3 кн. Кн.3. Психодиагностика. – М. : Владос, 2003. – 640 с.
Өрсімбетов К., Сыздықов О., Адамқұлов Н., Велижанина М., Ниязова Н., Ырсымбетов М.. Технология. -Алматы «Мектеп», -2004.-233б.
Пидкасистый П. И. Педагогика.- Москва, -2002.-352б.
Подласый И. П. Педагогика. -Москва, -2001.-350с.
Сатиева Ш.С. Даму психологиясы /Семей. Талант. -2007. -215 б.
Советхан Т. Психология негіздері /Астана. Таймас. – 2008. -359 б.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб. : Питер, -2002. 10–17с.
Тәжібаев Т. Жалпы психология / Алматы. «Қазақ университеті». – 1993.
Темірбеков А, Балаубаев С. Психология / Алматы. «Мектеп». – 1998.-302 б.
Темірбеков А., Балаубаев С. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы / Алматы., - Мектеп. – 1987. – 217.
Шевандрин Н.И. Психодиагностика, коррекция и развитие личности. – М. : ВЛАДОС, -2001. – 512 с
Чернилевский Д.В. Дидактические технологии в высшей школе. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, -2002. – 437с.
object(ArrayObject)#852 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(168) "БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АНА ТІЛІ П?НІН О?ЫТУ БАРЫСЫНДА О?УШЫЛАРДЫ? О?У-ТАНЫМДЫ? ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ. " ["seo_title"] => string(102) "bastauysh-synypta-ana-tili-p-nin-ok-ytu-barysynda-ok-ushylardyn-ok-u-tanymdyk-k-yzyg-ushylyg-yn-damytu" ["file_id"] => string(6) "177018" ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi" ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee" ["date"] => string(10) "1424537162" } }
Пожалуйста, введите ваш Email.
Если вы хотите увидеть все свои работы, то вам необходимо войти или зарегистрироваться
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт