kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АНА ТІЛІ П?НІН О?ЫТУ БАРЫСЫНДА О?УШЫЛАРДЫ? О?У-ТАНЫМДЫ? ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ.

Нажмите, чтобы узнать подробности

ХХІ ?асыр?а ая? бас?ан ?аза?стан к?рделі тарихи бетб?рыстар мен ?о?амды? жа?артулар т?сында дамып келеді. 1999 жылы маусымда ?Р-? Білім беру саласында?ы мемлекеттік саясатты? принциптері ай?ындалды. Б?л принциптерде барлы? азаматтарды? те? ???ылы?ы ай?ындал?ан. Халы?ы? барлы?ы бірдей білім алу м?мкіндігі, жеке т?л?аны? білім алуын ынталандыру ж?не дарындылы?ты дамытуды ?арастырады. Елбасымыз Н.?. Назарбаевты? “?аза?стан – 2030” ба?дарламасында “Барлы? ?аза?станды?тарды? ?сіп-?ркендеуі, ?ауіпсіздігі ж?не ?л-ау?атыны? артуы туралы” ?аза?стан хал?ына жолдауында ай?ындал?ан негізгі басым ба?ыттар мен міндеттерді ж?зеге асыру ?шін білім мазм?нын жа?артумен ?атар о?ытуды? ?діс-т?сілдерін ?олдануды? тиімділігін дамыту?а ерекше к??іл б?лген. Т?уелсіз мемлекетімізді? ерте?і ?рпа?ты? рухани байлы?ы, м?дениеті, саналы ?лтты? ойлау ?абілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді елімізді? білім бнру ж?йесінде ?лемдік де?гейге жету ?шін жасаланып жат?ан талпыныстар о?ытуды? ?р т?рлі ?діс-т?сілдерін ?олдана отырып, тере? білімді ізденімпаз, барлы? іс-?ркетінде шы?армашылы? ба?ыт ?станатын, сол т?р?ыда ?з болмысын таныта алатын жеке т?л?а т?рбиелеу ісіне ерекше м?н берілуде. Мектептегі о?у ?рдісі оушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?тарын арттыра отырып, оларды? белсенділігін, шы?армашылы? ?рекетін дамыта білу б?гінгі к?нні? ?зекті м?селесіні? біріне айналып отыр. О?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?ын дамыту болаша?та білімді ?з бетінше жинау алу ?абілеттерін дамытуда жетекші рол ат?арады ж?не о?ушыларды? жалпы белсенділігін арттырады. ?ызы?у балаларды? жа?сы о?уына, о?ы?анын жа?сылап ??ып алуына ы?палы зор. Егер балада ?ызы?у болмаса, ол о?у п?ндеріне, т?рбие ж?мыстарына ешбір ?ызы?паса, о?уды? да, т?рбиені? де жемісі болмас еді. ?ызы?у туралы к?птеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Оларды? е? к?рнектілері И.О.Гербарт, К.Д.Ушинский, У.Мак Дугал, Э. Трондайк т.б. болды. ?р т?рлі жаста?ы о?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?ыны? ?зіндік мазм?ны, ерекшеліктері ж?нінде зерттеу бір?атар ке?естік ?алымдарды? ж?мыстаында ?арастырыл?ан. Оларды айтар болса?: Н. Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, Л.Маневцова, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе. ХІХ ?асырды? екінші жартысы мен ХХ ?асырды? басында ?ызы?ушылы? теориясын дамыту?а ?лес ?ос?ан педагогтар мен халы? а?арту ?айраткерлеріні? тамаша тобы ?алыптасты. Олар – А.??нанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байт?рсыновты? а?артушы? педагогикалы? м?ралары. Ал ?азіргі та?да ?ызы?у теориясын зерттеуді жал?астырушылар Т.Т?жібаев, ?.Б.Жары?баев сия?ты психологтар. Ж.Б.?оянбаев, Р.М.?оянбаев, О.Бай?уатова сия?ты педагогтар о?ушыларды? о?у танымды? ?ызы?ушылы?тары шын м?нісінде оларда саналы о?у моивтеріні? ?алыптасуында екенін д?лелдеді. Балаларды? о?у танымды? ?ыз?ушылы?ын дамыту м?селелерін шешуде Р.Жолдаш?ызы, Т.Ж?рынова сия?ты педагогтар бірнеше ?діс т?сілдер ?сынды. ?азіргі кезде дамыта о?ытуды? Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жаса?ан ж?йесі о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын дамытуда алатын орны ерекше. Дегенмен де, б?л м?селе ?ліде болса, о?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?ын арттыруды? жолдарын зертеуді ?ажет етеді. Сонды?тан да біз диплом ж?мысыны? та?ырыбын “Бастауыш сыныпта ана тілін о?ыту барысында о?ушыларды? о?у-танымды? ?ызы?ушылы?ын дамыту” деп алуымыз?а негіз болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АНА ТІЛІ П?НІН О?ЫТУ БАРЫСЫНДА О?УШЫЛАРДЫ? О?У-ТАНЫМДЫ? ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ. »

Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту.





Мазмұны


Кіріспе.


І тарау. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың теориялық негіздері.


    1. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері.


    2. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі пәні арқылы оқу танымдық қызығушылығын арттыру мүмкіндіктері.



ІІ тарау. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызғушылығын дамытудың әдістемелік негіздері.


    1. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері.


    2. 3-сынып ана тілі пәнін оқыту процесінде оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары.



Қорытынды.





Кіріспе.


ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді.


1999 жылы маусымда ҚР-ң Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері айқындалды. Бұл принциптерде барлық азаматтардың тең құқылығы айқындалған. Халықың барлығы бірдей білім алу мүмкіндігі, жеке тұлғаның білім алуын ынталандыру және дарындылықты дамытуды қарастырады.


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы” Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін дамытуға ерекше көңіл бөлген.


Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім бнру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасаланып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әркетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Мектептегі оқу үрдісі оушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың белсенділігін, шығармашылық әрекетін дамыта білу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр. 

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту болашақта білімді өз бетінше жинау алу қабілеттерін дамытуда жетекші рол атқарады және оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады. 

Қызығу балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына ықпалы зор. Егер балада қызығу болмаса, ол оқу пәндеріне, тәрбие жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмас еді.

 
Қызығу туралы көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың ең көрнектілері И.О.Гербарт, К.Д.Ушинский, У.Мак Дугал, Э. Трондайк т.б. болды.


Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығушылығының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері жөнінде зерттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстаында қарастырылған. Оларды айтар болсақ: Н. Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, Л.Маневцова, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе.


ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қызығушылық теориясын дамытуға үлес қосқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. Олар – А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсыновтың ағартушық педагогикалық мұралары.


Ал қазіргі таңда қызығу теориясын зерттеуді жалғастырушылар Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев сияқты психологтар.


Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев, О.Байқуатова сияқты педагогтар оқушылардың оқу танымдық қызығушылықтары шын мәнісінде оларда саналы оқу моивтерінің қалыптасуында екенін дәлелдеді. Балалардың оқу танымдық қызғушылығын дамыту мәселелерін шешуде Р.Жолдашқызы, Т.Жұрынова сияқты педагогтар бірнеше әдіс тәсілдер ұсынды. 


Қазіргі кезде дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамытуда алатын орны ерекше. Дегенмен де, бұл мәселе әліде болса, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың жолдарын зертеуді қажет етеді. Сондықтан да біз диплом жұмысының тақырыбын “Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту” деп алуымызға негіз болды.

 



Зерттеу жұмысының объектісі: Ана тілі пәнін оқыту барасында оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын арттыру мәселелері. 


Зерттеу пәні: Ана тілі сабағындағы оқу үрдісі. 


Зерттеу жұмысының мақcаты: Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған теориялық ережелерді зерттеу мен іс-тәжірибелер арқылы іске асыру жолдарын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:


  1. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу-танымдық қызығушылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздерін анықтау. 


  2. Бастауыш мектептің 3 сыныбы бойынша ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылық қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін талдап көрсету. 


Зерттеудің әдісі: зерттеудің алға қойған мақсат, міндеттерін шешу мақсатында педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, теориялық әдебиеттерге шолу жасау, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау және талдау әдістері қолданылды.







І тарау.



Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіріле түсуге даңғыл жол ашылды.


Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп жетілуіндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасының, өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс-әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.


Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтардан бүкіл оқу-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. 


Оқу басқа іс-әрекетке қарағанда оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарастарын бірте-бірте қалыптастырады.


Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) дамиды. 

Таным-ойдың білмеуден білуге қарай ұмтылдыратын ой-өрісінің күрделі үрдісі. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. 

Бастауыш мектеп оқушысының қабылдау тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар оларда “білуге құмарлық, әуестік те байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды. 

Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсық болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды.


Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, Оантазияға берілгіш келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік берсее оларды қандай да болсын бір іске оп-оңай-ақ тартуға жеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.


Адамның бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатыр. Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі 3 Факторға сай жүзеге асады. 1) Биологиялық Фактор. 2) Әлеуметтік орта немесе қоршаған орта. 3) Тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсені үңіле қарайтын, көп нәрсе оларды ойлантады.


Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтардың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.

Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс-әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтар зерттеулері бойынша жеті жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын (мектеп, сынып), іс-әрекеттің жаңа түрі (оқу) т.б.

Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, құбылмалы. Бұл оқушылар әлі өз зейінін басқаруды игермеген. Сондықтан да оқу процесінің әр сәтінде олардың сезім мүшелерін тиісті объектіге бағыттап, зейінін үздіксіз тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлу қажет болады. Психологтар зейінді танымдық әрекетті ұйымдастырудың негізгі түрі деп есептейді. 

Зейін дегеніміз – сананы белгілі бір объектіге шоғырландырып, ол объектінің біздің санамызда бейнеленуін қамтамасыз ететін психикалық процесс.

Егер балада зейін қою қабілеті болмаса, оқу, ұғыну жөнінде айтудың қажеті болмас та еді.

Зейіннің танымдық ролі жөнінде К.Д.Ушинский:”…зейін сыртқы танымдық дүниенің санға енетін адам жан дүниесінің бірден-бір есігі, олай болса, ешбір білімдік ұғым бұл есікті аттап өте алмайды, онсыз ешбір ұғым баланың жан дүниесіне жете алмайды”-деген еді.

Ал ß.А.Каменский зейінді заттар ен құбылыстардың адам санасында бейнеленуіне мүмкіндік беретін “ақылдық сәулесі” деп атаған еді. Ол:”өз оқушысының қызығушылығын және зейінділігін ойламаған оқытушы білім бере алмайды. Оқушылар үшін мұғалімнің уысы ғылымның арнасы ағатын қайнар бұлақ тәрізді, оқушылар осы қайнардың ағытылу сәтін дер кезінде сезініп, зейіннің түтіктерін тоса қоюға дағдылануы керек және бұл үшін олардың әр нәрсеге деген қызығушылығы мен зейінін оята алу қажет”,-деді.

Зейін белсенділігіне қарай – ырықсыз, ырықты, үйреншікті деп үш түрге бөлінетіні белгілі. Оқу жұмысын ұйымдастыруда бұлардың әрқайсысының өзіндік орны, мәні, мағынасы бар. 

Ырықсыз зейін дегеніміз- сананың объектіге еріксіз бағытталуы. Мұнда адам осыны көрейін, білейін деп арнайы мақсат қоймайды. Айрықша әсерлі сөз, әдемі зат немесе көрініс, бұрын көріп естімеген жаңалық, хош иіс адам сансын еріксіз баурайды, ырықсыз зейін тудырады.


Бастауыш сынып оқушыларында ырықты зейіннен гөрі ырықсыз зейін басым болады. Сондықтан да сабақ процесінде оқушыны таңдандыратын қызықты, әдемі, көрнекі заттар, шығармаларды пайдаланып, олардың ырықсыз зейініне сүйене отырып, сол зейінді тұрақтандыруға, біртіндеп ырықты зеіннің қалыптасуына көңіл бөлу қажет. Бұл үшін оқу материалының нақтылығы, мазмұндылығы, тартымдылығы, ол сабақтың жандылығы, Эмоциялық сезімге толылығы, қызықты болуы қажет.

Ырық ты зейін дегеніміз – тиісті объектіге саналы түрде көңіл аудару. Мұнда адам тиісті объектіге мақсатты түрде, сол объектіні танып, білу қажеттілігін мойындай отырып, өзін-өзі іштей баыттап, ерік-жігерін ұйымдастыра отырып зейінін қояды.

Мектептегі ақыл-ой, оқу әрекеті әрдайым тартымды, қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс, қажет материалдар болады. Бұл үшін бастауыш сыныпта оқушының даму аясына сай мақсатты, тартымды оқу әрекеті ұйымдастырылады. Оқу әрекеті түрлендіріп, бір түрден екінші түрге ауыстырып отырады. Әрекеттің жаңа түрі оқушының ырықты зейінін оятып, тұрақтандырып отырады. 

Алғашқы оқу жұмысына үйретуде белгілі бір оқып-үйреніп отырған пәнде баланың зейінін ерекше шоғырландыру керек. Ол үшін баладан сабаққа дайындалуда іштей оқуды талап ету, баланы зейінін ұзақ уақыт сақтай білуге, тұрақтандыруға үйрету қажет.

Үйреншікті зейін дегініміз – сананы адамның өзі үшін маңызды, қажетті объектіге шоғырландыруы. Үйреншікті зейін адам өзінің белгілі мақсатқа ұмтылуы, ынталануы, қажеттігін қанағаттандыру негізінде пайда болады және белгілі бір іс-әрекетті қажеттілік ретінде мойындайды. Мұнда еріжігер қажеттігі азаяды.


Зейіннің бұл үш түрі бір-бірімен тығыз сабақтас, тәжірибелік іс-әрекет барысында бірін-бірі байытып, бір түрден екінші түрге ауысып отырады.


Бастауыш мектеп оқушыларының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленетіні белгілі.


Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттың я құбылыстардың адам санасында толық бейнеленуі.

Сабақтардың бала қабылдауын дамытудағы ерекше ролін ескере келіп, әрбір мұғалім мына шарттарды орындар отыруы тиіс:


  1. Көрнекі құралдарды (модульдерді, суреттер, коллекциялар) пайдалануда балардың жасерекшелігін мұқият ескеру жөн.


  2. Оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісіне қалай да түсінгені мақұл. Мәселен, бала әдебиеттегі көркем шығырманы қабылдағанда оның мазмұны мен бірге бастыкейіпкерлердің мінез-құлқына, мазмұндаудың тәртібіне, түсіне білмейінше, оны мағыналы түрде қабылдай алмайды.


  3. Қабылтататын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынғы білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға, әр түрлі объектілердің жеке жақтары мен ұқсастықтарын ажыратуға көзделген басты мақсат пен жеке мәселелерді түсініп, айыра алуына қатты зер салу қажет.


  4. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының түрі, көлемі, ауыр-қиындығы еске алыынып, бұларды қабылдауының сапалы болуы мұғалімнің дұрыс нұсқау бере білуіне де байланысты.


  5. Қабылданатын нәрселердің мән-мазмұнын, түр сипатынөздеріне қайталап айтқызу. Бұлдыр еместігін анықтап, толықтырып отыру.


  6. Оқушылардың байқағыштық қасиеттерін жетілдіріп отыру ауызекі сөзі мен көргендеріне бағыт беру дұрыс қабылдауға әдеттендіру.



Қабылдау процесін дамытып, қалыптастырып отыру басқа да психикалық процестермен, яғни, ойлану, сөйлеу, есте сақтау, сезім-Эмоциясымен тығыз ұЩтастырылып, жалпы, баланың дүниетаным шеңберін кеңейтіп отыруды талап етеді. Қабылдау адамның дүниені танып білу саласындағы тікелей таным процесіне жатады.

Бланың дүниетанымын дамытып, оны үнемі өрістетіп отыру әрбір пән мұғалімі мен тәрбиешілердің, ата-аналардың жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай берулерін қажет етеді. Оқу әрекет балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Ал ес процесінде бұрын қабылдаған заттар, құбылыстар адам санасында бейнеленеді. Тиісті оқуматериалының мазмұнына оқушы мақсатты түрде зейін қойып, санылы ұғынып қабылдағанда еске сақтау саналы да ұзақ болады.


Төменгі сынып оқушылары материалды, көбінесе, сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы әрі жинақтылығы себеп болады. Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мұғалім бір жағынан, материалды өз бетінше айта білуге үйрету қажет. Баланың оқыған нәрсесінің мәнін түсіне алуы - оның материалды өз сөзімен айта білуі болып табылады. Осылайша есте қалдыру үшін және жақсы түсіну үшін оқитын материалды бірнеше мағыналы бөліктерге бөлу, оның жоспарын жасау қажет. Төменгі сынып оқушылары бұл жағына өте шорқақ екенінде, психологиялық зерттеулер көрсетіп ртыр. ´йткені бала мәтінге талдау жасауды білмейді, мәтінді жеке бөліктерге бөлгенмен оның негізгі жерін айыра алмайды. Осы орайда тірек сызбалардың берері мол.


Шығарманың мәніне қарай бөліктерге бөлуге төменгі сынып оқушыларының көпшілігінің қабілеті жетеді. Бірақ мұнда оқылатын мәтіннің сипаты және баланың жас ерекшелігі ескерілуі тиіс. Шығарманың ең негізгі идеясын табу, оған өз бетінше тақырыпша беру, үшінші сынып оқушыларында жақсы дамитындығы байқалады. Оқушыларды жаңа шығарманы өткен шығармамен байланыстыра білуге машықтандыру, оқуматериалдарын неғұрлым ұзақ мерзімге есте қалдыруға бағыт беру – мағыналы есті дамытудың басты әдістерінің бірі


Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу қоршаған ортаға дұрыс кзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.


Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.


Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.


Қабілет – оқушылардың жекелік айырмашылықтары. Қабілеттер әр адамда әр түрлі дәрежеде болады. Бала бойындағы қабілеттердің алғы шарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте байқалып, қалыптасып, дамып отырады. яғни, қабілет туа біткен қасиет емес, олар өмір сүру барысында қалыптасып, дамып отырады. 


Қабілет- әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігіне немесе мақсатқа бағытталған бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуінен байқалады.


Оқыту барысында оқушының оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырып, дамыту ерекше орынадады. Олардың қызығушылығы арқан сайын қабылдау қыбілеттері жетіле түседі. Сондықтан қызығу оқу процесінде өте маңызды орын алады. Осы мәселе жөнінде ерте кездерде көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың тұжырымдарына тоқталар болсақ белгілі психолог У.Мак Дугал (1871-1938) баланың қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. Баланың қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстингтер ретінде ата-анасынан көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Э.Торндайктың (1874-1948) айтуынша, балының қызығулары сыртқы дүниенің, қоғамның әсерінен жүре пайда болады. Бұлар дағдылану мен әрекеттенудің нәтижесі ретінде ғана пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу пайда болмайды дейді. Бірінші теория қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі-механистік бихиоризм (қылықпсихологиясы) принципімен орйластырады.

Неміс педагогы И.О. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Ол баладағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып-білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан мұғалім өзбілімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екендігін айтқан.

Оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап ететін бағытты терең ұстанған орыс халқының ұлы педагогы К.Д.Ушинский оқыту үрдісінде қызығу мен қызықтыру мәселесі төңірегінде көптеген тұжырымдама жасаған. Оның пайымдауынша қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарықты жояды дей отырып ол”Қиын оқуды балаға қызғуылықты ету, міне бастауыш оқудың ең негізгі міндеті” –деген құнды пікірді қалдырды. Оның тұжырымдамасының жетекші идеясы: оқу-оқушының ең негізгі жауапты ісі, еңбегі бола тұра қызық, тартымды болып, бірақ көңіл көтеру ісіне айналмау керек


ХІХ ғ. Екінші жартысы мен ХХ ғ.басында қызығушылық теориясын дамытуға үлес қсқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. Солардың бірі – Ы.Алтынсариннің ағартушылық педагогикалық мұралары.


“Ол ең алдымен, ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның мақсатына, сол ағартушылық -педагогтік істеріне бағындырылған”-деп жазады педагогика тарихын зерттеушілер. Бұған дәлел: өзінің тарихи-мәдениеттік және педагогикалық құндылығы жағынан тамаша ескерткіш болып табылатын “Қырғыз хрестоматиясы” (1879) енгізілген әңгімелері оқиғаларының қызықты болуына Ы.Алтынсарин аса көп көңіл бөлген. µлы ағартушының баладарды мектепке тарту және оқуға қызықтыру жөніндегі пікірлері Н.М. Ильминскийге жазған хаттарында анық көрінеді. Мәселен, 1871ж.31 тамызда жазған хатында “Артта қалған халықты қызықтырып, оларды мектепке тарту үшін мектептерде жақсы білім беретін болсын” десе, 1876 ж3 желтоқсанда жазған хатында”Бірінші кітапша үшін Паульсонның кітап түзу тәртібін ұстамақпын, әрине оны қырғыз балаларына бейімдей отырып, мысыалдарды қосқым келмейді, өйткені сұрапыл өмірде өскен қырғыздарға(қазақтарға” жалпы алғанда елеулірек заттар керек. Мен тәжірибе жүзінде қырғыз балаларының мысалдарды қандай көңілсіз түрмен оқитынын жақсы білемін. Менің пікірімше, қырғыз балалары үшін күлдіргі ертігілер, өсиет берерлік жұмбақ және жаңалықты жете білуге әуеетерлік әңгімелер анағұрлым қонымды келеді” деп атап көрсеткен.


Ы.Алтынсарин қазақ мектептеріне керекті мұғалім, оны даярлау, мұғалім бойынан табылуға тиісті қасиеттер туралы мәселелерге көп көңіл бөлген. Ы.Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыста барлық іс мұғалімнің оқытудың ең жақсы тәсілдерін табуында, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде, сабақты қызықты өткізуінде. Ол әрине, өзінің қарамағындағы еңбек еткен мұғалімдерден осындай қабілетті байқаса, қуанып отырған. Бұған дәлел ретінде 1881ж 4 қазанда Н.Н.Ильинскийге жазған хатынан мысал келтірейік. “Григорьев оқыту жөнінде одан қабілеттірек болып шықты, оны балалар, ол балаларды жақсы көреді, ең бастысы-балаларға берген сабақтарын қызықты және қонымды етіп түсіндіре біледі”.


Ы.Алтынсарин сияқты таза педагогтік қызмет атқармағанымен, үлкенге де кішіге де, малшыға да , жалшыға да тәлім-тәрбиелік, өнегелік өсиеттерімен ұмытылмас ұстаз болғандардың бірі-өз дәуірінің ұлы ақыны Абай.


Абай шығармаларында әрбір педагог үшін керекті тұжырым көп-ақ. Тақырып төңірегінде өзімізге тәлім етер өнегілік ойлары төмендегідей: ”жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, ¿әм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен демелік. Не керек соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, ол не? Бұл не? Ол неге өйтпеді, бұл неге бүйтеді? Деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен деген”.


Абай балада болатын “білсем” құмары туа біткен құмарлық қызығу екенін дәлелдейді. Осы туа болатын танымдық қызығуды жоғалтып алай, әрі қарай дамыту мұғалімге жүктелетін міндет. ´йткені, туа біткен құмарлықты дұрыс тәрбиелей алмасақ, Абай айтқандай, “білуге құмарлықты шектеу, талаптанбау, - имансыздық”.

Орынборда Алтынсарин салдырған “Учительская школаға” түсіп, оқып оны 1895 ж бітірген А.Байтұрсынов – оқу-ағарту саласында ұзақ еңбек етіп, жалпы мектеп ісін жолға қоюға көп күш салған, бала оқытып, ұстаздық құрған, оқушыларға білім берудің бірінші сатысы бастауыш мектепке қатты назар аударып, оның оқу-әдістемелік тұрғыданжетілуіне атсалысқан ағартушы ғалым. Қазақ тілін талдап-тану жұмыстарын жүргізуде өзіндік орны бөлек педагог. Ол қазақ бастауыш мектептерде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз сөйлем жүйелерін де үйрету керек” дегенді өзіне міндет етіп қояды да, сауат аштыру және тілді үйрету әдістемесі жөнінде өзінің бірнеше мақалаларын жариялады. Бұл еңбектерде А.Байтұрсынов біріншіден оқытатын адам бала оқыту ғылымын жақсы білуі, екіншіден, дыбысты жақсы айыру керектігін, үшіншіден, балаларды дыбыспен жаттықтырып, оқыту керектігін айтқан. Бұлардың бәрі – балаларды қиналмай, оңай оқытуғакерек нәрселер. Қиналмай оқыса, оқуға балалар қызықпақшы, балалары тез хат білсе, ата-аналары балаларын оқытуға ықыластанбақшы” деп, ол балаларды оқуға қызықтырудың жолы: жнңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге ұстанымдарын ұстағанда ғана нәтижелі болатынын ескертеді.

Бүгінгі дәуірде ХХғ дейінгі қызығу теориясындамытуға үлес қосқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің жолын қуушылардың бірі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаев болды. Оның тұжырымдамасы боынша:


Қызығу шындықтағы заттар мен құбылыстарды беленділікпен танып, білуге бағытталған адамының біршама тұрақты жеке ерекшілігінің бір көрінісі. Қызығуда бір нәрсе ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенәің бәрі қызығудың объектісі болып табылады.


Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Біраұ осылардың ішінде басты біреуі ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулароқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеріміне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларды оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Педагог, зерттеуші Ж.Б.Қоянбаев: “Егер бала іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін. Мотив баланың объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талпынуы. Демек, мұқтаждық пен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезінуі қажет, ал мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын көтереді”, - деп жазады.

Ол сонымен қатар мотивтердің мынадай түрлерін ажыратып, сипаттама береді.

Оқыту практикасында оқудың әр түрлі мотивтері болады. Олардың бірі тікелей талаптандыру мотивтері – бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі. ´йткені мұғалім оларға қызықты, тартымды сабақ береді, түрлі көрнекі және техникалық құралдарды шеберлікпен қолданады, лингоОон, компьютер кабинеттерінде қызықты сабақтар өткізеді. Ослардың бәрі оқушыларды терең білім алуға қызықтырады, талпындырады. 

Перспективті талаптандыру мотивтері оқушының өзінің көздеген мақсатына ұмтылушылығына, оның оның іс-әрекетінің балашаққа бағышталуына байланысты. Бұған жататын мотивтер:


А) мамандық ты таңдап алуға байланысты шәкірттердің пәнге қызығушылығы.

Ә) келешек мамандыққа байланысы жоқ белгілі іс-әрекеттеріәне қызығушылық (ән, сурет, әдебиет, спорт). Бұл жерде мұғалім оқушыны белгілі бір мақсатқа ынталандыру қажет.

Ойдың талаптандыру мотивтері таным іс-әрекеті процесімен байланысты. Іс-әрекеттің барысында сұраққа немес проблемаға оқушы өз бетімен жауап беруге тілек білдіреді, тырысады, тапсырманы табысты орындағаны үшін қанағат сезіміне бөленеді. Тапсырманың практикалық мәніне түсінеді. 


Түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеу деректеріне сүйеніп (А.К.Марков, В.И.Ильина, Г.И.Щукина т.б.) мотивтерді екі топқа ажыратуға болады:


  1. Танымдық мотивтер:


А) Оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау мотивтері;

Ә) Өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу мотивтері;


  1. Әлеуметтік мотивтер:


А) Кең мағынада әлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу);


Ә) Тар мағынада әлеуметтік мотивтер (үйелмен, ұжым және жолдастарының, құрбы құрдастарының алдындағы бедел);


Б) Ынтымақтастық әлеуметтік мотивтері оқу-тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.


Әлеуметтік мотивтер бұл дүние танымның қалыптасуына, идеялық сезімге негізделген борыш, қажеттілік, жауапкершілік сезімі.


Мотивтер жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, кіші мектеп жасындағы балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтері, жоғарғы жастағы балалар үшін песпективті талаптандыру және әлеуметтік мотивтер үлкен роль атқарады.

Таным процесніде жаңа мотивтер (ықылас, тілек т.б.) туады. Баланың түсінігі мен ұғымы, білімі мен тәжірибесі артады, ойлау операциясы да (талдау, синтез, салыстыру, абстракциялау, жинақтау, классиОикация) жетіле түседі. Оқу мен тәрбие процесніде бала ойлау операциясы арқылы объективтік шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының бай тәжірибесін үйреніп, игеруге талаптанады.

Ойлау әрекері негізінде мектеп жасындағы балалардың дүниеге көзқарасы қалыптаса бсатайды, нақты ойлаудан (кіші мектеп жасындағы балаларға тән) абстрактылы ойлауға (жоғары сынып оқушылары көшеді). Сөйтіп, олардың ой-өрісі кеңиді.

Таным психикалық процестерінің (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік, мінез) қаоыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білуге құмарлық, білімге қызығушылық, тапқырлық, ізденімпаздық сияқты болымды жақтары жетіле түседі.

Оқыту процесінде оқушылардың қабылдаған, ұғынған, меңгерген, білімі мен дағдылары шартты рефлексирдің ұзын тізбегі болып сеептеледі. Оқу процесінде баланың белгілі іс-әрекетке деген бағыты, ниеті, құштарлығы және ол әрекетті орындаудағы мінез-құлқы, белсенділігі, яғни адамның ішкі мотивтері көрінеді және тәрбиеленеді.

Мотив дегеніміз – адамның белгілі бір мақсат-мүддені қажетсіну, мұрат етуі, соған жету үшін өзінің іс-әрекетін, сана – сезімін, мінез-құлқын саналы түрде ұйымдастыруы.

О.Байқуатова түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеу деректеріне сүйене отырып, ішкі мақсат пен сыртқы жағдайлардың арақатынасы мен мәніне қарай мотивтердің әр түрін ажыратты.


Оқу материалының мазмұны оны түсіндіруде мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдері, оқу барасындағы іс-әрекеті бала көңілін еріксіз баурап әкететін жағдайда балада мұғалімге деген сүйіспеншілік сезімі оянады, оқуматериалын ұғыну белсенділігі артады, біртіндеп сол пәнді қызыға тыңдап, жақсы көретін болады. Мұндай мотивті-тікелей сезімді оятатын, ұнамды Эмоцияға негізделген мотивтер дейміз.


Егер белгілі бір іс-әрекетке және пәнге деген ұнамды Эмоциялық сезімі ұзаққа созылып, бала көкейінде тұрақты орын алса, балада мақұсатқа ұмтылушылық пайда болады. Мәселен, белгілі бір мамандықты таңдау, сол мамандыққа қажетті пәндерді терең меңгеруге ұмтылу немесе өзіне қажет деп есептейтін іс-әрекетпен шұғылдану. Мұндай мотивтер – болашақ перспиктивалық бағыттағы сезімді оятатын мотивтер. Ол баланың өз еркімен, мақсатты түрде өзін-өзі белгілі іс-әрекетке жұмылдырумен көрінеді.

Баланың ақыл-ой дамуында ең маңызды мотив-санаткерлік (интеллектік) мотивтер. Бұған жататындар тиісті проблемалардың немес сұрақтардың жауабын өздігінен шешуге талпыну, өз ақыл-ой әрекетінің маңызын түсіну, ол әрекеттердің орындалуынан қанағаттану сезіміне бөлену, тағы да білсем, көрсем деген танымдық қызықғушылықтың тууы. Бұл мотивтер бірін-бірі толықтырып, бір түрден екінші түрге ауысып отырады.

Бастауыш сынып оқушыларында көбінесе тікелей сезімді оятатын, ұнамды эмоцияға негізделген мотивтер басым болады, ал жоғары сыныпта болашақ перспективаға бағытталған және интеллектуалдық, әлеуметтік мотивтер маңызды олрын ала бастайды.

Бұл мотивтербілімге құштерлықты, танымдық қызығушылықты одан әрі дамытып, нығайтуға негіз болады. Белгілі психологтар М.А.Данилов, Ш.И.Галперин оқудың сапалы болуы шын мәнінде оқушыларда сапалы оқу мотивтерінің қалыптасуында екенін эксперимент арқылы дәлелдеген.


Қазақ педагогикалық энциклопедиясы сөздігінде қызығушылыққа мынадай анықтама береді. Қызығушылық - адамның дүниені тануға, білуге мұқтаждығы. қызығушылық адамның өмірдегі нақты шындық көріністітерң жаңа бір Фактіні жете білуіне және сол арқылы іс-әрекетіндегі бағыты мен бағдарын, мақсатын айқындауға мүмкіндік береді. Адамының ықызғушылығын қанағаттандыру, оны одан әрі жаңа бір қызығушылыққа, дүниетанымның жаңа бір биік сатысына жетектейді. Қызығушылықтың даму табиғаты неғұрлым күшейсе солғұрлым адамда ықызыққан іс-әрекетін орындау, іске асыру ниеті пайда болады. Қызығушылық туғызатын объекті болу керек. Бұл осы қасиеттің ерекшелігі. Ол адам қызығушылығындағы белгілі бір мақсатқа жеруіне құрал ретінде қажет. Сондықтан жас ұрпақ тәрбиесінде, оларға білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілді қызығушылық туғызу белгілі дәрежеде маңызды ролге ие болады. Адамдағы қызығушылықтың тұрақтылығы оның қызығушылығының уақыт ұзақтығы мен оған жету жоландағы шапшаңдыққа байланысды. Оған қоса көп қызығудан туған мақсатқа жету жоландағы қиындықты жеңе алуына байланысты.Ада айналасындағы сан алуан заттарға ерекше көңіл бөліп, қызығып отырады. Қызығуда үлкен орын алатын психикалық әрекеттердің бірі –тілек. Адам бір нәрсені тілейді, бір нәрсені қалайды, мұның бәрі мұқтаждықтан пайда болады. Бұл жөнінде Маркс пен Энгельс “Неміс идеологиясында” мұқтаждық тілектің негізінде пайда болады дегенді айтады. Қызығушылық әр уақытта адам зейінінің қызығатын заттарына, бет алып түйдектелуді керек етеді. Адам бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды Эмоциялық сезімдер туғызу керек. Егер адаға заттар таңқаларлықтай әсер етпесе, онда адам ол заттарға еш уақытта қызықпайды. Адам қызығу үшін оның көңілі көтерінкі болу қажет. 

Белгілі психолог Т.Тәжібаевтың зерттеуі бойынша қызығушылыққа былай сипаттама береді: Қызығушылық дегеніміз мұқтаждықты, ізгілікті қанағаттандыруға жұмсалатын, белсенді зейін мен жағымды Эмоциялық сезімдер туғызатын психикалық күй. Қызығу өте күрделі процесс. Баланың қызығуын оның әдеттерімен салыстыруға болмайды.Бір әрекетті бірнеше рет қайталап, әбден жаттығып, өзінде әдет пайда болдырудың нәтижесінде оның еңбегі бір түрлі қонымды, қиыстырулы, тәртіпті болып келеді. Мысалы, бала күнде оқуға сағат 8 ден екшікпей келетін болса, оны жақсы әдет деп айтуға болады. Бірақ оны баланың қызығуы екен, сондықтан ерте тұрып, ерте келеді деп айтуға болмайды. 

Қызығу - адамның саналы әрекеті. Адамның алдына мақсат қойып, өздерінің ерік-жігерін жұмсап, кейбір заттармен үнемі шұғылдандырып отырады. Мәселен, оқушылар оқуға қызығу үшін олар оқулықтың мазмұнын түсінулері қажет. Егер оқуылардың оқуға ешбір түсінігі болмаса, оларды қызығуда болмайды. Адамның негізгі қызығуларын мына төмендегіше бөлуге болады: 


  1. Мақсатты қызығу. Адам кейбір уақытта алдына бір мақсат, міндет қойса, сол мақсатына жетуді қызық көреді. 

2. Әрекеттік қызығу. Мұнда адам алдына бір үлкен міндет қойсай істейтін ісінің нәтижесі қандай болатынына қызықпай тек атқаратын еңбегінің ағымына қызығады. 

  1. Қорытындыға қызығу (нәтижеге). Адам кейбір кезе істейтін еңбегінің нәтижесіне қызығады. Бір нәтижеге жетуді көздеп, әрекет етуі, барлық күшін соған жұмсайды. Адамның қызығуын осылайша үш түрге бөлу – шартты нәрсе.


Қызығу – оқу-тәрбие жұмысында өте керекті шарттар болып табылады. Оның балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, балаларды әдепті етіп тәрбиелеуде, олардың бойынан адамгершілік қасиеттері енгізуде ықпалы зор. Егер баланың алдына тұтқанмүддесі, қызығуы болмаса, ол оқу пәндеріне , тәрбие жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудың да тәрбиенің де жемісі болмас еді.


Қызығу нақтылы қоғамдық жағдаймен байланысты. Балалардың қызығуы өз бетімен пайда болмайды, ортаның әсерінен, үлкендердің қылықтарынан пайда болып отырады. Бала қандай әлеуметтік -қоғамдық жағдайларда тәрбиеленсе, сол қоғамның алға тұтқан мақсаттары, міндеттері нақтылы жағдайда оған әсер етіп, оның қызығуларын белгілеп, керекті қалыпқа салып бағыттайтынболады. Осы айтылғанға орай, оқу-тәрбие жұмысында балаларды айналасындағы тұрмыспен таныстырып, әлеуметтік құрылыстың түрлі табыстарымен хабардар етіп отыру керек. Баланың қызығулары олардың жас өзгешелігімен де байланысты, сол себеппен, оқу-тәрбие жұмысында түрлі жастағы балалардың өздеріне лайықты қызығулардың болтынын ескеріп отыру қажет. Мектеп жасындағы балалардың қызығулары көбінесе ойынмен байлынысты.

Қызығудың пайда болуы мен жақсы дамуында білім өте үлкен орын алады. Адамның білімі өте көп болса, қызығушылығы да көп болады.


Баланың ел-жұрт байлығымен, туған жер – суымен, қоғамдық құрылыстың түрлі салаларымен таныстырып отыру қажет. Егер балалардың Солтүстік мұзды мұхит туралы ешбір білімі болмаса, онда оның қызығуы да болмайды.


Қызығудың дамуында балалар өздеренің күшіне сенетіндей болып, өздерінің атқаратын жұмысына ынталы түрде кірісуі керек. Бала өзінің істейтін жұмысынан бір нәтиже шығарып, басысқа жетіп отырса, онда олардың көңіл-күйі де рухы да көтеріліп қалады. Басқа жұмыстарды да қызығып, ынтыға істейтін болады. Сондықтан бала әр уақытта істейтін жұмысына, оның беретін нәтижесіне сенімді болуы қажет. Ол үшін оларға қолдарынан келетіндей тапсырма беру қажет.


Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығулары ойын әрекетіне байланысты болғандықтан, қызығулары онша тұрақты болмайды. Олар бұгін бір нәрсеге, екінші күні бір нәрсеге қызығуы мүмкін. Бұл жастағы балалар көбінесе өзіне айрықша әсер еткен нәрселерге көңіл бөліп, қызығып отырады. Ал мектеп жасындағы (9-12 жастағы) балалардың қызығулары тұрақтала бастайды. Олар әр нәрсеге әуес болады, көп заттарды білгісі келіп, олардың қайдан пайда болғанын, неге олай екенін түсінгісі келеді. Кластағылар өз қызығуларын іс жүзінде тәжірибемен байланыстырып, оларды жүзеге асара алатынын, не аспайтынын белгіліп, ескеріп отырады. Көбінесе жүзеге асатын заттарға, болмыстаға қызығады. Бұлардың қызығулары тұрақты келеді. Олар неге қызығатынын ерте бастан ескеріп, алдына мақсат қойып, сол мақсатты жүзеге асыру үшін әрекет етеді, олардың белсенділігін арттырып, көңіл-күйін де көтереді. Сонымен психолог Т.Тәжібаев балаларды оқыту тәрбиелеу барысында мынадай жайттарды ескертеді:


  1. Балаларда танымтық қызығушылтары дами түсу үшін оқу сапасын жақсарту қажет. Оқу мазмұнды, идеалды, тартымды болып келгені жөн. 


  2. Балалардың көркем әдебиетті көбірек оқу жағын қарастыру керек. Себебі, осы арқылы оқушылар көпнәрсемен танысады, көпбілім алады, сөйтіп оқуға деген қызығуы артады.


  3. Балалардың өз бетімен, дербес жұмыс істеу жағын қарастырып отыру қажет. Түрлі шараларды қолданып, мұғалім балалардың сабағында артта қалмауын қарастырғаны жөн. Балалардың білім әрқашан жүйелі түрде бағаланып отыруы тиіс. Бағалардың нәтижесін өздеріне айтып, мадақтап отырғаны дұрыс. Мұғалім балалардың оқуын, тәртібін бағалау мәселесіне жауапты қарағаны жөн. Мұғалімнің оқушыға қойған қате бағасы тым қатты әсер етеді. /4; 102; 103; 104/


Қызығулар өзінің мазмұны мен бағыты.а қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, Эстетеикалық, спорттық, танымдық т.б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы; таным қызығуларыоқуға, ғылымға қызығу, кәіптік қызығулар сан салалы кәіптің түрлеріне байланысты бөлініп жатады.

Ада объектіге түрле мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, Оутболдағы қызығуды осыған жатқызуға болады. Жнама қызығу – бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қаежетсіну. Мұндай қызығуды адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның ісі оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ықылас кетіп отырады.


Қызығу балаларда алғашқы кезде онша жарытылмайды. Дегенмен, бөбектерде де қызығу Элементтерінің барын байқауға болады. Қызығудың жақсы көрінетін жері – мектеп. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары көріне бастайды. Мектеп өмірі балаларда көптеген қызығулардың түрлерін туғызады. Біртіндеп оқу қызығуларымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулар қалыптасады. Қызығу көбінде баланың бірнәрсеге бейімділігіне қарай көрінеді.


Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей әркетпен айналысуы қажет. Мұғалім балалардың қызығуларын тәрбиелеуде оларға әлі дн онша мәлім емес, кейбір жанама қызығуоарын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, босқа зергуді білмейтін, еңбекті сүйетін, жан-жақты қабілетті адам болып шығады деп тұжырымдайды қазақ психололгы Жарықбаев.


Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуларын өзіндік мазмұны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылықтар тударады. ´йткені танымдық қызығудың қалыптасуы және дамуы – жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс-әрекетке және жеке өмір тәжірбиесіне байланысты болады. 

Балалар жасына байланысты осы мәселенеі зеттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған. Оларды атар болсақ: Н.Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, Л.Маневцева, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе секлді ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуларын зерттеген. 60 жылдардың басында бастауыш мектеп оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М.Морозова, ×о ×ун Силь, О.Гусейнова (бастауыш оқушыларының қызығуларын зерттеу), А.Дусавидский, (оқушылардың танымдық қызығулары дамуының ерекшеліктері), М.Щеломенцова (бастауыш мектеп жасында танымдық қызығудың дамуында ғылыми-көркем кітаптардың ролі) атты еңбекртері шықты. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуларына жақын мәселелер В.Дорохова, Р.Жданова, Е.Киричук, О.Саулина, Л.Трегубованың жұмыстарында да қарастырылған.


Қызығу өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көріну түрі әуестік, құмарлық түрінде болады.


Балардың қызығуы өз бетімен пайда болмайды. Ол әлеуметтік ортаның, ересектердің әсерінен пайда болады. Блалардың қызығулары олардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғаныдықтан, оқу–тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда әр түрлі жаста балалардың өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескеру қажет.

Адамның бар қасиеті: мінез-құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстінде дамиды. Әрекет үстінде балалар әр түрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып, бір шешімге келеді. Балада белгіглі бір жүйесі қалыптасады.





ІІ тарау.


    1. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері. 


Тәуелсіз елеміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрапақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді. 

Бала – балғын тал, ересек адам- бағбан. Бұл - әр халықты ғасырдан-ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан баланың ана тіліне деген сүйіспеншелеген тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты. 

Тіл – ақиқатты танытудың басты құралы. ОилиосоОиялық және психололгиялық әдебиеттерде тілсіз ойдың тумайтыны нанымды айтылады.


Сайып келгенде, тіл қоғам мүшелерінің бір-бірімен түсынысу және адамның сезімі мен көңіл-күйін білдіру құралы ретінде маңызды қызмет атқарады. Сондықтан кіші мектеп жасынан бастап ана тілін, оның әр алуан өмірлік қызметін ғылыми негізде танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылды.


Тілдің тәрбиелік мәні де күшті . Ана тілін жақсы меңгерген оқушының ғана көркем әдебиетімізді қызыға оқуға, көркем өнер үйірмесіне құмарта қатысуға, адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасап, тіл табынуға деген бейімділігі қалыптасады, яғни баланың мәдени өрісі қоғам талабына сай бола түседі.


Мұғалім балалардың дүниетанымымен әуел бастан дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтуы тиіс. Сондықтан тіл сабығы айнала қоршаған болмысты бақылау негізінде оқытылуы керек. 

Ана тілін оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оларға рухани дүниесін байыту, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себу. Ол үшін бала айналадағы затты, құбылыс пен болмысты танып білуі тиіс. Соған байланысты оның тіл байлығы да артады. Баланың өмірді көргені, танығаны көп болса, оның тілі де байи түседі. Оқушының тіл байлығы ауызша түрде де жазбаша түрде де қатар дамытылуы тиіс. 

Ана тілі жас баланың ақыл-ойының дұрыс дамуына білімді еркін және оңай меңгеруіне көп жеңілдік келтіреді. Сол себепті мектепте ана тілін оқыту ісіне ерекше мән береді. өйткені ана тілін дұрыс меңгермеген оқушы басқа пәндерді де ойдағыдай үйрене алмайды. Білгенін не сөз тауып айтып бере алмай, не ойын қағаз бетіне түсіре алмай, қиналады. Осыдан-ақ ана тілі мектептегі негізгі пәндердің бірі екенін анық байқаймыз. Аса көрнекті педагог К.Д.Ушинский ана тілінің білім берудегі ролі туралы: “Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, геограОияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән. Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектепте оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлінеді. 

Осыған орай педагогикалық іс-тәжірибе барысында ана тілінде оқушылардың дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейде көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аудардық. Тіл адамның қатынас құралы ретінде оның барлық өміріндегі нәрі, азығы іспетті екені белгілі.


Бастауыш сыныптағы ана тілі сабығының түбегейлі мақсаты оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға дген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген мұқтаждығын қалыптастыру.


Осы мақсатты орындауға келгенде ана тілі сабағының алдына мынадай міндеттер жүктеледі:

-оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;


-көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;


-шығарманың түпкі мазмұны – мәнін түсінуін, Эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;


-мәтіндеге сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлеу мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;

-шағырмадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

-ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;


-өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;


-оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.


Бағдарламаның мазмұны осы міндеттерді орындауға бағытталады.


Оқудың алғашқы кезеңінде оқу техникасына көбірек көңіл бөлінеді. Оны бірте-бірте жетілдіре отырып, мәтінмен жұмыс жасау, оқығандарының мән-мағынасын түсіну тәсілдерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.


Оқулыққа енетін материалдар дәстүрлік-тақырыптық ұстанымға негізделеді. Бірақ ұстанымды іске асырудың ерекшеліктері де жоқ емес, яғни материалдарды топтауда ішкі логикалық байланыстарға мән беріледі. Мұның мәнісі мынада: бірінші сыныпта бала жазушылардың өлеңдері, қысқа әңгімелері арқылы өзін және қоршаған әлемді таниды: адамдармен, табиғатпен қарым-қатынас жасай білуді, өзін-өзі ұстауды меңгереді. 1-сыныпта оқушылар жыл мезгілдері, жан-жануарлар тіршілігі, адамдардың өмірі мен еңбегі, отбасы, Отан туралы т.б. қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем шығармалардан оқып біледі.


2-сыныпта оқушылар ауыз әдебиеті үлгілерін (ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, аңыз әңгімелер мен шешендік сөздер) оқу арқылы білімдерін кеңейте түседі. Әдеби ертегелерді оқу барысында “тұтас рухани кеңістік” шығады, сонымен қатар әлемнің ұшы-қиырсыз кең, алуан түрлі және тіртұтас екендігін біледі. Әдеби шығармаларды оқу арқылы олардың бойында отансүйгіштік, еңбекқорлық, адалдақ пен мейірімділік, батырлық пен азаматтық, сезімталодық пен адалдық сияқты ізгі қасиеттер қалыптаса бастайды.

3-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті үлгілері және балалар әдебиетінің әр түрлі жанрларымен таныса отырып, әдебиет әлеміне бастау алады. Мұнда жанрлық және көркем шығармаларды тиімді үйлестіру ұстанымы іске асырылады.

4-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінгің озық үлгілерімен танысады. Қазақ балалар әдебиетінің қадыптасу тарихынан: шығармалардың жазылған кезеңі мен мазмұны арасындағы байланыс, автордың көзқарасы т.б. беріледі.

Бастауыш сыныптардағы оқудың мазмұны екі үлкен бөлімнен тұрады: көркем және ғылыми-танымдық шығармалар.


Бұл бөлімдердің әрқайсысының мазмұнында да. Оқу-әдістемесінде де өзіне тән ерекшеліктері бар.


Көркем шығармалар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгелерін қамтиды.

Ауыз әдебиетінің мынадай үлгелері: балаларға арналған ойын өлеңдері, төрт түлік жырлары, ертегілер мен аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, шешендіе сөздер мен билер сөздері, нақыл сөздер мен мысалдар, барырлар жырларының үлгілері, өтірік өлеңдер мен айтыс өлеңдері кең орын алады.


Жазба әдебиет үлгілірімен ақын-жазушыларымыздың балаларға арналған таңдамалы шығармалары қамтылған.


Олар негізінен үш үлкен тақырып төңірегінде топталған:


  • Туған елім Қазақстан;


  • Табиғат – тіршілік бесігі;


  • Адам болу – ізгі ниет:


Осы тақарыптарды қамтьыған көркем шығармаларды оқу барысында балалар айнала қоршаған табиғатпен, адам еңбегімен, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен таныстырылады, заттар мен құбылыстар жайында жан-жақты түсінік алады, оларға тән ерекше қасиеттерге дұрыс сипаттама беруді үйренеді. Сондай-ақ адам мен табиғат және адамдар арасындағы қарым-қатынастардан, адамның Отан алдындағы парызынан т.б. мағлұмыттар беріледі. Балалар адамның сан қилы сезім әрекеттері мен іс-әрекеттерінің қыр-сырын түсініп, олардың ізгі қасиеттерінен тәлім-тәрбие алады.

Оқуға алынған шығармалар баланың көңіл – күйі мен сезіміне, ой-қиялына әсер етіп, оны шабыттандыруға, жан дүниесін байытуға бағыттайды.


Әрбір сыныпқа берілген материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-өрісінің деңгейін ескере отырып іріктеледі.


Бағдарламаның ғылыми-танымдық бөлімі оқушыларға түрлі ғылым салаларынан қарапайым білім беру мақсатын көздейді. Оқушылар туған жер қаситеті мен табиғат тамашалары, аспан әлемінің құпиясы, өнер туындылары жайында біршама мағлұмат алады.

Бғадарлама бастауыш сыныптардың оқу сабағында оқушыларға әдебиет теориясы Элементтерінен алғашқы қарапайым түсініктер беруді көздейді. Мұнда ең алдымен – жанр түрлерін ажырата білу, кейбір әдеби ұғымдардың мәнін ашу, салыстырулар мен теңеулердің, ырғақ пен ұйқастың орны мен ерекшелігі т.б. қалыптастырылады.

Бастауыш сыныпта ана тілі пәнінің мазмұны негізінде мынадай әдеби жанр түрлерін қамтиды: өлең-жыр, әңгіме, мысыл, жұмбақ, жаңылытпаш, мақал-мәтел, ертегі, аңыз, шешендік сөздер.


Бастауыш сыныпта 3-сынып бойынша ана тілі пәнінен аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат берілген. Оқу материалдары: “Туған елем-Қазақстан”, “Табаиғат тіршілік бесігі”, “Адам болу-ізгі ниет” сияқты тақырып төңірегінде қамтылған.

“Атамұра баспасынан 2003 жылы шыққан 3-сыныпқа арналған ана тілі оқулығында мынадай шартты белгілер бар: ? – сұрақтар, ! – тапсырмалар,  - сөздік,  - шығармашылық сұрақтар мен тапсырмалар,  - күрделі сұрақтар мен тапсырмалар,  - қосымша түсініктер.

Оқулықтың авторлары Т.Әбдікәрімова, С.Рахметова және Б.Қобатаева Ана тілі оқулығындағы елеулі ерекшелік бұрынғыдай оқушыларға түсінік беру мен оқу техникасын меңгертіп қана қоймай, көркем шығарманың ролін күшейтуге, әдебиеттік оқу әрекетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамытып, Эститикалық талғамын тәрбиелеуге, дүниетанымын кеңейтуге мән беру болып отыр.

Осыған орай “Ан тілі” оқулығының құрылымы ірі блоктік-тақырыптық және жанрлық-Эстетикалық бағыттағы ұстанымдарды басшылыққа алады. Бұл ұстанымдар оқушыларға дүниенің біртұтас көркем бейнесін беруге ұмтылған, қарапайым әдеби білім беруді мақсат тұтқан, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды көздеген шығармалар мынадай он тараудан тұрады:

  • Туған елем, туған жерім.

  • Білім өмір шырағы.

  • Маужырап барқыт қоңыр күз.

  • Өткен өмірден.

  • Қыс бейнесі.

  • Жақсы ай мен күндей.

  • Табиғат –менің өз үйім.

  • Масатыдай құлпырған жердің жүзі.

  • Жаздыгүні шілде болғанда.

  • Сарқылмас қазына.


Оқу мазмұны ауыз әдебиетінің озық үлгілері: төрт түлік жырлары, мақал-мәтелдер мен жұмбақ-жаңылтпаштарды, ертегілер мен мысалдарды, аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздерді т.б. қамтиды.


3-сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай алынған көркем шығармалар оқушылардың көңіл-күйі мен сезіміне, ой-қиялына әсер етіп, шығармашылық қабілетін қалыптастыруға жағдай жасайды.


Бастауыш сыныпта оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырып, дамыту мақсатында тәжірибелі ұстаздар С.Құжанова және П.Аралбаева бірнеше тәжірибелер жүргізген. Алған нәтижелері бойынша мектептегі оқу әрекетіне деген жағымды қатынасты тәрбиелеу бастауыш сынып оқушыларының білімге қызығушыларын оятып, дамытуға негіз болады. Ол үшін мына жайларды ескеру қажет:


  1. Оқу әрекеті үстінде жағымды, қолайлы ортаны ұйымдастыру және сабақты көбінесе ойынмен байланыстыру.


  2. Оқу әрекеті барысында әрбір баланың мүмкіндіктеріне сенім тудырып, балаларды мадақтап отыру.


Енді осы тұжырымдарға жеке-жеке сипаттама берейік.


  1. Баланың оқуға жағымды қатынасын қалыптастырудың бір сыры баламен мұғалімнің бірмеуінде. Бала өзін педагогикалық әсердің объектісі ретінде емес, еркін сезінуі қажет. Мұғалім әр сабаққа өзінше мән бере отырып, күнделікті сабақтарды бір-біріне ұқсамайтындай құруы қажет және де балаллардың зейіндерін күшпен бір орталыққа бағындыруға тырыспаған жөн. Бала сабақтың басталып кеткенін сезбеуі керек.


  2. Бала мұғалімнің өзін әрдайым бағалайтынын, онымен санасатынын, оған сенетінін түсінуі қажет. Ең маңыздысы жалпыға және әр балаға әрдайым “Сен қабілеттісің”, “Сенің қолыңнан келеді” деген сияқты үміт сезімдерін тудырып отыруымыз қажет. Ерік күші әлсіз балалармен жеке жұмыс жүргізуді күнделікті күн тәртібінен түсірмеуіміз тиіс. Оларға ақыл кеңесберумен бірге, сенім білдіреміз. Мысалы: “Иә, бұл сенің қолыңнан келеді”, “Мен де солай ойлағанмын”, “Меніңше саған көмектесудің қажеті жоқ, сен өзің-ақ жақсы игересің” т.б. Бала үлкендердің көзіне түсуге құмар келеді. Соның негізінде үлкендердің қойған талаптарын бұлжытпай орындауға тырысады. Сондықтан баланы үнемі мадақтап отырудың маңызы өте зор. Орынды мадақтау ондаған есекруден пайдалы.


Мұндай жұмыстар оқу әрекетінің жемісті болуында белгілі бір мәнге ие.

Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімі Р.Жолдашқызы мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру үшін мынадай қызықты тапсырмаларды орындатуды ұсынады.


1 – тапсырма.


Қате құрылған мәтінді сөйлемдерді орын-орынына қойып, логикалық жүйелікті сақтап, қайта қарастыру.


Мысалы: Тышқан не айтарын білмейді де жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын деп бір қулық ойлып табыды. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты. Өзі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты. Олырдың әрқайсысы адамға тигізетін пайдасын айтып, өздерін жыл басы болуға лайықпын деп дәләелдейді. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. Содан соң тышқан жылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.


Бұл жерде балаларға әдейі сюжеті таныс ертегі беріліп отыр. Мұның себебі, оларға ертегінің қалай басталып, қандай оқиға болатынын, соңы немен аяқталатынын білетіндіктен, сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелі түрде айтып беру жеңіл болады.

2 – тапсырма.


Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айту. Мысалы: Қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақ математика болатын. Мұғалым үйге қиын тапсырма берген еді. Сыныпта Мұраттан басқа ешкім қалған жоқ. Ол Айдостың отырған партасына барып, сөмкесін ақтара бастады…


Оқиғаны әр бала, бірін-бірі қайталамауға тырысып, өз ойымен аяқтаған дұрыс.

3 – тапсыпма.


Өз ойынан ертегі құрастырып айту (Ертегіні қалай бастап, немен аяқтар едің?).


  • ….?


  • Ол биік ағашты таңдайды да, балтасын сермейді. Ағаш қуысынан бір алтын құс шыға келеді.


  • Құс адамша тіл қатады:


  • …?


  • Ертегі құрастырып айту алғашқыда қиындық келтіретіндей болса, тірек сөздер беруге болады. Шал мен кемпір, үш тілік, бәз-баяғы қалпына түсу.


4 – тапсырма.


Негізгі бөлімі жоқ ертегі мәтінін мазмұнына сәйкестендіріп оқиға ойлап жазу.

Бір шалдың ағайынды үш баласы болыпты. Олар ылғи да болмашы нәрсеге керісіп, төбелесіп қала береді екен. Бірде үшеуі ауыл шетіндегі орманға жиде теруге барады. Қайтар кезде басқа жолға түсіп кетеді де, ауылдарынан адасып қалады.

… … …?

… … …?

Осыдан кейін үш ұлы бірін-бірі сыйлап тату-тәтті өмір сүріпті.

5 – тапсырма.


Мазмұнын айту. Мәтіннің негізгі идеясын табу. (екі түрлі вариянт беріледі), (қайсысы тақырып, қайсысы негізді ойды білдіреді?).


  1. Кішкентай құмырсқалар.


  2. Құмырсқа илеуін бұзба!


Мысалы: Құмырсқа - ұйымдасып, жпбыла жұмыс істейтін жәндік. Құмырсқалар кішкентай болғанымен өте ұйымшыл келеді. Орманда жүріп адаасып кетсеңіз, құмырсқаның илеуіне қарап, бағыт-бағдарды анықтап алуға болатын көрінеді. ´йткені құмырсқалар өз илеуін тек солтүстікке қаратып салады екен. Олар өлген шыбын-шіркейді, басқа да зиянды заттарды жеп, қоршаған ортаны тазартып, табиғатқа көп пайда келтіреді. Сондықтан олардың илеуін бұзбаған, баспаған дұрыс. Қайда оларды қорғау сауап болады.

7 – тапсырма.


Берілген мәтіннің түрін анықтап, оны толықтыру.

Мысалы: Хабарландару! Менің өте әдемі, ақылды итім жоғалды. Тапқан адам болса, мына телефонға хабарласыңыз: 91-12-17. (Қалай ойлайсыздар, иесі жоғалған итті осы хабарландыру арқылы таба ала ма? Бұл хабарландыруда тағы нені айту керек еді? Тұқымы, иттің түр-түсі, т.с.с. сипаттау керек). 


Ана тілі сабағында (мысал ертегі) тірек сызбаны пайдалану, оқушыны ойын жүйелі жеткізуге үйретеді. Сызбаны оқытушы әр сабағының мән-мағынасына байланысты, Эстетикалық талғаммен қолдана білсі, материалданған әркет түрін иеңгеру үрдісін жеңілдетеді. Оқушның ой –толғауын суреттей алу, бір идеяны қабылдай отырып, ойын қарсы қоя салыстыру, өз бетінше ізденуге одан яғни тақырыптан жаңа ақпарат алыға тікелей ықпал етеді. Сызба арқылы әрекетету баланың сабаққа деген қызығушылығын тудырып, кейіпкерлерге мінездеме, сипттама бере білуге, тақырыпты талдай білуге ұмтылады.

Тірек –сызбаны тек ертегі, мысалдарда ғана емес өлең, әңгіме, т.б. тақырыптарда пайдалануға болады. Өйткені, әрбір өтілетін материалдарда әдебиет теориясы элементтері; теңеу, Эпитет, оқиға желісін ажырату, кейіпкерлерге өз көзқарасын білдіру, жанр түрлерін ажырату, жоспар құру, өздігінен сұрақтар түзу, аяқталған ойдың шегін табу секілді тапсырматар ұЩан-теңіз. Ал, сызба жұмысы, осы мәселелерді ықшамды түрде шешуге, қорытынды жасауға тікіелей ықпал жасайды. Оқушыны жалықтармайды, қайта қызығушылығын, ынтысын, ойын дамытады.


А.С.Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас ақте, педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады.Көп ретте ұстаздар ойынның негізгі мәні – балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады. Ойын балалар үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді. 

Ал, Ю.К.Бабанский ойынды бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың түрлері мен әдісі түрінде ұсынады. 

Ойынның белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне нұсқан келмейтіндей жымдасып жатуын көздеу керек. Жақсы, дұрыс ұйымдастырылған ойын ғана тиісті, қалағаныңдай нәтиже бере алады. Ойын түрлерін орнымен қолдану оқушының ынтасы мен қызығушылығын, сол пәнге деген сүйіспеншелігін арттырады. Бала ойынның барысын дұрыс меңгерген болса, олар ойынды бар ынтасымен ойнауға, орындауға тырысады.

Бала бойындағы білімге деген қызығушылық қабілетті тәрбиелеп жетілдіру үшін оның танымдық белсенділігін арттырумен тығыз байланысты. Оқу-танымдық белсенділікті арттыру сабақ барысында қолданған көрнекі құралдарға да байланысты. Осы жөнінде К.Д.Ушинский оқушылардың бойында танымдық белсенділікті дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде оқушыларға айқын обарздартудыратын, өзіне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын оқу материалын неғұрлымберік шешуіне көмектесетін көрнекі құралдарды көрсетуге кеңес береді. ´йткені, олар бір жағынан оқушылардың ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушылардың білім деңгейіне май саралап жасалғанда нәтижелі болады. Демек, ол оқу озаттарын тежемейді, әрі үлгерімі төмен оқушылар ескерусіз қалып қоймай, олардың теориялық білімі мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.


Көрнекі құралдарды оқушылардың оқу үрдісіндегі роліне қарай М.Махмудов екі топқа бөледі.



  1. Заттық - бейнелік көрнекі құралдар: оларға картиналар, фотосуреттер, кино үзілістері жатады.


  2. Таңбалы көрнекі құралдар: оларға нұсқалар, сызбалар т.б. жатады.


Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика байланыста болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті әрі қызықты болып өтеді.

Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді.


Ойын балалардың барлық маңызды ақыл-ой әректі, онда балалардың барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.

А.С.Макаренконың айтуынша, ойында балалардың Оизикалық, психикалық қасиеттірінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын балалардың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімлі толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: Ойын-сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді.


Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ойынның өз жоспары, арнайы заттары т.б. көптеген ерекшеліктері болады. Ойын арқылы бала өмірден көп мәліметтер алады, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажетететін, әдейілеп ұйымдастрған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың ойынша бала ойын үстінде қандай болса өскенде еңбекте сондай болады дейді.


Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай: “Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?” – деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы).


Біздің балаға білім, тәрбие жолына пайдаланатын әдістер мәнді болуы шарт. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп ойын ұйымдастыру керек. Балаға таңдалған білім балалардың ақылына лайықталып, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы қажет. Олай болса алдымен ойындарды балаға қай сәттерде, не мақсатпен пайдаланатыны анықталады.

Мысалы: Оқушылардың ойлау қыбілетін дамытуда сөзжұмбақ, ребус, анограмма, ұйқасын тап ойындарының әсері мол. Ұйқасын тап ойыны арқылы балалардың білсем деген ұғымы артып, қызығып, белсенділік танытады.


  1. Өзінше ноян

2. Тұмсығымен шымшып


Қорқақ кім?…(қоян)


Құрат тереді … (шымшық)


3. Бата алма түлкі


Үсті тікен… (кірпі)



Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлерін оқушылардың ойлаубелсенділігін қажет етеді. Әр сабата ойын түрлерін орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды көздейді. Ойын балалар сабата зерігіп, шаршаған кездерде сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген негізгі ұғым, түсініктерді берік меңгерту мақсатында да жүргізіледі. Ойын арқылы ол өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабылеті дамып, өздігінен қорытынды жасай алады.


Джик Со - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұлжағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкерішілігі артады.


Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “Жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлу керек, 2, 3, 4-өз алдына “жұмыс тобын құрайды. 

Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екенідігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар 3, 4-нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тлбынад” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждақаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. 


Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта таьысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнда ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.


Джик Со – стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды еске сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ мұалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну оларға дұрыс көзқарасқа үйренеді.

Екі түрі түсініктеме күнделігі.


Оқушылардан дәптердің бетін немесе таратылып берген парақты ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына Сол жағына  мәтіндегі қатты әсер сол әсер еткен үзінділер жайлы еткен тұстар, үзінділер пікір жазады (нені еске түсіреді,
жазады себеп салдары қандай, қандай  тар т.б.) 


Әр оқушы мәтінмен ьанысып, күнделікті толтырып біткен соң. Жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.

Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы, Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Автор оқырманды қалай қызықтырады? Кейіпкерелердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? Т.б. түрінде жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Венн диограммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диограмма салып оқушылар қызыға толтырады. ßғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.




Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға дамыту жобасында жұмыс жасап жүрген мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін және оқудың қызықты оушылар ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

Мектеп өмірінің мұғалімдердің осы жобамен жұмысқа днйінгі және кейінгі кезеңін салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықласының, қызығушылғының артқандығын, басқаны түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Дамыта оқыту технологияларының бірі “Ақыл-ой Одиссеясы”. “Ақыл-ой Одиссеясы” бағдарламасының негізгі мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлауға үйрету. Осы шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы, олардың қызығушылығын арттыруға болады.

Мысалы, дамытушылық мақсаты “жасырын” тұрған, бір қарағанда өте қызықты көрінетін дидактикалық ойындар жоғары Эмоционалдық жағдайда өтеді. Солардың бірі – “Ол не?” ойыны. Ойынның шарты төмендегідей:

Оқушылар өзеріне ұнайтын бір заттарын, ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпеуі керек. Сабақта сол әкелген затына ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап әңгіме не туралы екенін анықтаулары керек.


Мысалы, менің затым дөңгелек, ол секіреді, бір түсті, әр түстісі де болады. Үлкені және кішкентайы болады. Резеңкеден жасалады. Балалар өзін өте жақсы көреді. 

Мұнда ең негізгісі – баланы дұрыс демей отырып, сипаттама бере білуге үйрету. Бұл сияқты ойындар оқушыларды еркін қиялдауға және психологиялық селсоқтықты жоюға ықпал етеді.


Тағы да бір оқушылардың ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін, бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың “пайдалы” жағын көруге тырысу және айтып беру. Мысалы: “төбелес” деген сөздің жаман және жақсы жақтарын анықтауды тапсыру.

Жақсы жақтары: 



  • өзімді қорғадым,


  • әлсіз досымды қорғадым,


  • өзімнің күшті екенімді дәлелдедім,


  • шындық үшін төбелестім т.б.


Жаман жақтары:



  • бетім көгерді,


  • ата-анам ұрысты,


  • жыладым,


  • досыммен араздастым т.б.


Бұл тапсырма бірте-бірте күрделеніп отырады. Мысалы: “Жаман-жақсы” ойыны. Балаға жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы немесе жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады.

Мысалы: “Қарындаш”.


Жауаптар: -оның қызыл болғаны жақсы, ал жіңішке болғаны жаман, (неге екеніні дәлелдеу керек).



  • қолда ұстауға ыңғайлы, ал қалтаға салып жүруге болмайды.


  • ұзын болғаны жақсы, үшкір болғаны жаман.


  • ағаштан болғаны жақсы, тез ұштайсыз, ал бірақ абайсызда сынып қалатыны жаман.


  • қызыл болғаны жақсы гүлді бояйсың, ал шөпті бояуға болмайтыны жаман т.с.с. 


Бұл тапсырмалар арқылы балалар объективті дүниені тану, диалектикалық заңдылықтарды ұғыну, оның қарама-қайшылықтарын түсіну сияқты қасиеттері қалыптасып, логикалық ойлай білуге үйренеді.

“Ақыл-ой Одиссеясы” технологиясы Элементтерін сабақ барысында қолдану нәтижесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, сабаққа қызығушылығы артады.


“Иә”, “Жоқ” әдісі


Бүкіл сыныптың тақырыптағы дұрыс, бұрысын дәлелдеп айту.

Абай ақын – иә.

әнші – жоқ.

Философ – иә.

Дәптерге кез келген тақырып алып, әр қайсысы екі сөйлемнен жазып, яғни бір-бірлерінің ойын жалғастыру.

Дос – бір-бірлерінің түсінушілігі, бір-бірлеріне көмегін тигізу, қол ұшын беру, әрдайым қасында болу.

Топтастыру әдісі.

Өсімдіктер сарғайып қурайды.

Құстар қайтады КҮЗ Күн қысқарып, түн ұзарады


Күн суытады



Қазіргі кезде бастауыш сыныптарда сабақ түрлері мен әдістері көбейді. Ол сабақтарға сайыс сабағы, саяхат сабағы, ойын сабағы, т.б. Мұндай сабақтар оқушылардың есінде ұзақ сақталады, сонымен бірге көптеген мәлімет алады, ой-өрісі кеңейеді, ойлау қабілеті дамиды, сабақта белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.


Мысалы, сайыс сабағын өткенді қайталап пысықтағанда, саяхат сабығын танымдық қасиетті дамытуға, ойын сабағын жаңа тақырыпты түсіндіргенде немесе үй тапсырмасын сұрағанда жүргізуге болады.


Қазір әдіскер мұғалімдер сабақты тартымды, қызықты өткізу үшін сабақ тақырыбына сай көрнекі құралдар, дидиактикалық ойындар, сергіту жаттығулары мен музыкалық үзілістерді қолданып жүр. Бір сарынды сабақтар баланы жалықтырып, сабаққа ынтасын төмендетіп жібереді. 

Мысалы, тіл дамыту сабақтарында ойналатын ойындар ңКім көп біледі?, ңСуретке қарап әңгіме құра, ңСөз ойла тез ойла т.б. ойындар ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорды молайтып, тіл дамытуға арналған. 

Кім тапқыр? Ойынын ана тілінен өткен сабақтарды қайталау мақсатында қолдануға болады. ´тілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты мәтіннің атын табу және жалғастырып айту.

3 – сыныптың ана тілі пәнінен ңҚыс таруындағы Абайдың ңҚыс атты өлеңін өту барысында оқушыларды қыстың өзіне тән ерекше белгілерімен, қысқы табиғаттың тамаша көріністерімен таныстырып, қыста ауа райының қалай өзгеретіні, оған адам мен хайуанаттардың қалай бейімделетіні, адамдардың қысқы еңбегі мен хайуанаттардың тіршілік ерекшеліктері туралы мағлұмат беру маңызды. Сонымен бірге оқушылардың өздеріне қатысты мәселелер төңірегінде (қысқы ойындары, олардың Жаңа жыл мерекесін өткізуі, қоғамдық пайдалы еңбектері және т.б.) әңгіме жүргізу олардың көңілдерін көтеріп, сабаққа психологиялық дайындық жүргізілу қажет.


Бұл өлеңді өту кезінде оқушыларды әсерлендіріп, қызығушылық қабілеттерін арттыру мақсатында мынадай әдісті қолдану тиімді.


Сөзбен сурет салу. Сөзбен сурет салу үшін бірінші шумақ бойынша мынадай сұрақтарды қамтитын жоспар жасалады:



  1. Шалдың киімі қандай? (аппақ). 


  2. Денесі, түрі қандай? (денесі ұзын, ақ сақалды).


  3. Мінезі қандай? (мінезі қатал, ештеңені көрмейтін, соқыр адам сияқты).


  4. Үсті қандай? (үстін ақ қырау, мұз басқан, сондықтан жүргенде сықырлайды).


Осы айтқандарыңды көз алдырыңа келтеріңдер. Қыстың қатал көрінісі немесе сұсты Аяз ата елестейді. Егер сендер суретші болсаңдар осы көріністі қалай салар едіңдер деп, оқушыларға ауызша ңсөзбен сурет салғызадың.

Шығармашылық жұмыс.

Жазық, орман даланы, ауыл көрінісін көз алдырыңа елестетіңдерң деп әр қатарға жеке тапсырма беріледі:


1-қатарға жазық даланы, 2-қатарға орманды даланы, 3-қатарға ауыл көрінісін әңгімелеп беруі тиіс. Мұғалім: ңЖер аппақ, теп-тегіс, ағаштар көрпе жамылғандай, бүкіл орман тыныштықтаң дей келіп, осы айтқандарын көз алдарына 1-2 минут балалардың көздерін жұмғызып, елестетуді ұсынады. Осыдан кейін біртіндеп көздерін ашқызып, ңәне қоян көрінді, аю қозғалды, түлкі жүгірді, құстардың даусы естілді, орман жәндіктерініңі тіршілігі басталдың деп, балалаларға түрлі елестер беру арқылы оларға Эмоционалдық әсер бере оқыту оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншелегін, сабаққа деген ынтасын арттырады.


Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда сабақ барысында мәтін мазмұнынна сәйкес проблемалық сұрақ қойып отыру тиімді. Мысалы: орыс жазушысы В.Сухомлинскийдің Ақ шаш әңгімесін өту кезінде әңгіме кейіпкері Мишадан оқушыларға хат келеді. Хатта былай делінеді: 

ңСәлеметсіңдер ме балалар? Сабақтарың қалай? Маған сендердің көмектерің қажет болып тұр. Маған көмектесіңдерші! Мен мамамның шашын ағартпас үшін, оның жүрегін ауыртпас үшін не істеуім керек?ң деп аяқтайды хатын Миша. Хатты бір оқушы алып оқиды. Қалғандары Мишаның сұрағына жауап беріп, өз пікірлерін білдіреді және бұл тапсырманы үйде жазып келуге тапсыруға болады.


Балалардың қиялын, ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту үшін әрі ынты-ықыласын арттыру үшін Қиялдау ойынын ойнатуға болады. Мысалы, Тұманбай Молдағалиевтың, Мұзафар Әлімбаевтардың мамандыққа байланысты өлеңдерін оқыту барысында 



  • Егер сен дәрігер болсаң не істер едің?


  • Егер сен мұғалім, инженер, жазушы, ғарышкер болсаң не істер едің? - деген тірізді сұрақтарға оқушылардан жауап ала отырып, әр мамандық иесінің орнына өздерін қойып, олардың ерекшеліктерін жете меңгерту көзделеді. 


Сонымен қатар ұлттық-дидактикалық ойындардың да оқыту мен тәрбиеде алатын орны ерекше. Керуен ойыны: 


Мақсаты: Баалалардың ойлау шапшаңдығын қалыптастыру, зеректігін, байқағыштығын арттыру.


Мазмұны: Тізбектелген түйенің қатарын ңкеруенң деп түсінеміз. Әр түйеде тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылады. ңСоңғы түйенің жүгі ауырң деген мақалды пайдалана отырып, соңғы бала күрделірек тапсырманы орындап шығады.

Балалардың ішкі жан дүниесінің рухани баюын қамтамасыз ету, яғни жаман, жиіркенішті нәрседен өзін тежей білу – табандылық, төзімділік, өз ішкі сезімін қажетсіз нәрседен шектей білу, баланың өз түйсігінің жақсы жақтарын дамытып, жақсылыққа ынталандыру арқылы рухани мәдениетті азаматты тәрбиелеу үшін мынадай оқыту әдістерін ұсынар едім:


Ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері, ертегілер, жырлар, аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, ұлттық салт-дәстүрлер, рәсімдер, үлгі-өнегелер халықтың құнды мұрасы – тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.


Бастауыш сыныртарда ертегі, аңыз, әңгіме оқытудың және сабақ тақырыбына байланысты мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланы қызықтырады, баланы оқи отырып, тыңдай білуге үйретеді. Қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады. Мысалы, 3-сыныпта ана тілін оқыту барысында мақал-мәтелдермен мынадай жұмыс түрлерін жасауға болады.


  1. Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтелдер айтқызу, оны өз сөзімен, ойымен дәлелдету.


  2. Көрініске, табиғатқа, суретке қарап тұрып мақал айту + салу керек.


  3. Мақал-мәтелдер айтысы.


  4. Мақал-мәтелдерге сай оқиға ойластыру.


Мысалы: Мал - баққанға бітедің.


Асанға атасы базардан бұзау сатып алып берді. Бұзауы сүйкімді, әрі момақан. Асан бұзауына шөп орып, су беруге ерінбейтін. Ербол оған қатты қызықты. Бірақ ол ойынды, сотқарлықты жақсы көретін.Бір күні көршісі Ерболға да ата-анасы бұзау сатып алды. Ербол бірнеше күн бұзауына қарап жүрді, бірақ шөп орып беруге ерініп, ойынға қызығып кетіп қалатын. Суды да уақтылы бермейтін. Бір күні бұзауы ауырып өліп қалады. ңМал –баққанға ғана бітедің-деген осы емес пе?


Оқушыладың ана тілі пәніне қызығушылығын арттырудың бір түрі – көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру. Оқушы ана тілі пәніне көңіл бөлмей, ол бойынша үйге берілген тапсырманы да орындамайтын болса, мұндай жағдайда, оқушыларға көптеген ертігі, немесе әңгіме оқып беріп, сонан соң өздеріне ертегі немесе қысқа мәтіндер оқып келу ұсынылады және олардың ішінен біреуі туралы хабарлама дайындау тапсырылады. Ослай оқушылардың ана тілі пәніне ықыласы бірте-бірте арта береді. 


Балалардың кітапқа деген құмарлығын арттыру үшін ңКітап әлеміне саяхатң атты көрме ұйымдастыруға болады. Мұғалім суретті кітаптарды көрсетіп, әңгімелерді мәнерлеп оқиды. Балалар әңігімеден алған әсерлері бойынша сурет салады. Осындай суреттерден көрме ұйымдастыруға болады. 

Оқушылардың нана тіліне деген ынтасын арттырып, оны дамыту көптеген әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде ғана іске асады. Соның ішінде сабақтың қызық өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс – дидактикалық ойындар. 

Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны балаларды оқыту әдістерінің бірі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.


Дидактикалық ойын оқыту процесінде мынадай екі мақсатта қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі - ойын ойнау мақсатында.

Мұғалім өзі де ойынға қатысады, баланы үйретеді. Бала ойнай отырып, үйренеді. 

Бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.


Дидактикалық ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға баулиды. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер берері сөзсіз.


Тақырапқа сай жүргізілген ойын түрлері ойын Элементтері оқушының ойлау белсенділігін арттырады. Сондықтан мұғалім әр сабақта дидактикалық ойын түрлерін орнымен қолданса, оқушының ынтасын арттыра отырып, пәнге деген қызығушылығын, білімі мен ынтасын, сол пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. 

Өтілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа өлең, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерді қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. 

Ана тілі сабақтарынад мынадай ойын түрлерін жүргізуге болады: Кім көп біледі? ойын тәртібі бойынша мұғалім және оқушының алдында санағыш жатады. Берілген тапсырмаға сәйкес дұрыс жауап берген бала таяқшаларды қорапқа салып отырады. 


 А н а т і л і (3-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Қанағат қарын тойғызар. (Ел аузынан)

Сабақтың мақсаты: 


а) білімділік: Оқушыларға мәтін мазмүнын таныстыру және оның негізгі идеясын ұғындыру. Олардың сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

ә) дамытушылық: 1. Оқушылардың кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы қарапайым мінездеме беру дағдыларын жетілдіру.


  1. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.


б) тәрбиелік: Оқушыларды ақылды, қайратты, қанағатшыл және еңбекқор болуға тәрбиелеу.

 Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, тірек сөздер жазылған қағаз.


Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, пікірлесу.


Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.


Оқушылармен сәлемдесу, олардың назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.


  • Балалар, біз бүгін ңҚанағат қарын тойғызарң атты жаңа тақырыппен танысамыз.


  • Ертеде бір оқымысты болыпты. Ол барлық халықтың, жан-жануарлар, жәндік, өсімдіктің тілін біледі екен.


Бір күні ғұлама бақ ішінде келе жатып, құмырсқаның илеуіне тап болады. Әлгі адам бір құмырсқаны ұстап алады да:


  • Сенің басың неге үлкен?


  • Ақылым көп.


  • Құйрығың неге үлкен?


  • Қайратым көп.


  • Ал белің неге жіңішке?


  • Қанағатым көп, - дейді құмырсқа.


  • Егер саған бір бидайдың дәнін берсем, қаншаға жеткізер едің? – дейді.


  • Бір жылға жеткізер едім, - депті құмырсқа.


Оқымысты құмырсқаны сауытқа салап, қасына бидайдың бір дәнін қояды.

Бір жыл өткен соң сауытты алыпқараса, құмырсқа бидайдың жартысын ғана жепті.


  • Бір дән маған бір жылға жетедің, - деп едің, жыл өтті, ал сен жартысын ғана жепсің. Оның қалай? – деп сұрайды оқымысты.


  • Иә. Ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің халім әлдде қайда жақсы болған болар еді. Бірақ сен бір жылдан кейін мені босатуды ұмытып кетсең, мен бостан-босқа ашташ өлген болар едім. Сол себепті, бір жыл бойы жарты дәнді қанағат қылдым, - дейді.


  • Егер босатуды ұмытып кетсем, қалған жарты дәнді қанша уақытқа жеткізген болар едің?


  • Төрт-бес жылға жеткізген болар едім, - депті құмырсқа.


ІV. Сергіту сәті.

V. 1. Мәтінді мәнерлеп оқыту

  1. Ролге бөліп оқыту.

  2. Автор.

  3. Құмырсқа.

  4. Оқымысты.


VІ. Жаңа сабақты бекіту.

А) Қызығушылықты ояту.

Әр топқа тапсырмалар беру.

1 – топ. “Құмырсқа туралы мәтін жаз. 

Бір күні келе жатып, бір топ құмырсқаның дән, құрт т.б. тасып келе жатқанын көрдім. Олар тасыған заттарын илеуінің ішіне кіргізіп, тысқа қайта шықты.


2 – топ. “Құмырсқа туралы білгенін еске түсіру” 

Құмырсқа – еңбекқор. Өзі кішкене болғанымен өзінен ауыр затты көтереді.


3 – топ. Ассоцициялау.

топырақ аяғы қара

басы құмырсқа құйрығы

илеу белі мұрты 


Мәтін туралы тапсырма беру.

1 – топ. Тірек сөздермен әңгіме құрау. 

Оқымысты, құмырсқа, илеу, ақыл, бидай.

2 – топ. Сөйлемді ретімен құрастыр.

Оқымысты құмырсқаны сауытқа салып, қасына бидайдың бір дәнін қояды. Ертеде бір оқымысты болыпты. ±ұлама бақ ішінде келе жатып, құмырсқаның илеуіне тап болады.

3 – топ. Суретпен жұмыс.

Суреттерді ретімен қойып әңгіме құрау.

Қызықты оқиға.

Кеннеттен құмырсқаға айналып кеттім деп ойла да, қызықты бір оқиға жаз.

Мен ойламаған жерден құмырсқа болып кеттім. Алдымен ін қазып алар едім. Содан соң тыным таппай дән жинап қысқа дайындалар едім.

VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

Дискуссиялық жұмыс.


  • Оқымысты құмырсқаны сауытқа салып бір жыл бойы қамап қоюы дұрыс па?


  • Иә.


  • Дұрыс, себебі ғұлама құмырсқаның қанағатын зерттеу арқылы оның ақылды, қайратты, үнемшіл, қанағтшыл екенін білді.


  • Дұрыс емес, себебі құмырсқа – еңбекқор. Талай жұмысынан қалды. Оны бір жыл бойы қамап қою обал.


 VІІІ. Оқушылар білімін бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма беру.

Құмырсқаның “Қанағат қарын тойғызар” әңгімесін мәнерлеп оқып, түсінігін айту және суретін салып келу.


Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр (литван ертегісі).

Сабақтың мақсаты: а) білімділік:

Оқушыларға ертегі мазмұнын меңгерту.

ә) дамытушылық:

Оқушылаға бағыт-бағдар бере лтырып, өздіктерінен жұмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қортынды шығаруға машықтандыру және оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.

б) тәрбиелік: 

Оқушыларды еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.

Сабақтың көркемділігі: ребус, қима қағаздар, суреттер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың жоспары: 


  1. Психологиялық дайындық.


  2. Үйтапсырмасын тексеру.


  3. Ой ашар. Жаңа сабақ.


  4. Ой қозғау:


  • мәтінді оқу.


  • өзіндік жұмыс.


  • сөздікпен жұмыс.


  • топпен жұмыс.


  1. Ой толғаныс.


  • сабақты қорыту.


  1. Ойын ойнату.


  2. Үй тапсырмасы.


  3. Бағалау.



Сабақтың барысы.

І. Психологиялық дайындық.


Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын даярлату. Оқушылардың зейінін сабаққа аударып, жігерлендіру үшін мына өлең жолдарын айтқызудан бастадым.

Кел балалар ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай сұрақ болса да 

Шешпей оны қоймайық.


  • Балалар қазір қандай мезгіл?


  • Күз мезгілі.


  • Күзде қандай жеміс-жидектер піседі? Оларға нелер жатады?


  • Ал дәнді дақылдай қай кезде піседі? Оларға нелер жатады?


  • Олай болса біз өз топтарымызды осы дәнді дақылдармен тайық.


“Бидай”, “жүгері”, “тары”, “күріш”, “арпа”.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


“Шегіртпе мен құмырсқа” мысалы. Әр топтан бір-бір оқушы оқиды.


  • Шегіртке жазды қалай өткізді?


  • Ол құмырсқаға неге келді?


  • Құмырсқа шегірткеге не деді?


  • Мысалды сахналау.


ІІІ. Ой ашар. Жаңа сабақ.

“Ребус” шешу. Жауабы “Егінші мен қасқыр”


  • Біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы “Егінші мен қасқыр” екен. Бұл литван ертегісі. Балалар, ертегі дегеніміз не, кім айтады?


  • Ертегі дегеніміз шындық өмірге сүйене отырып, адамдардың ой-қиялынан туған оқиға.


  • Балалар, литван халқын біліміз бе?


  • Литван халқы, қазақ, өзбек сияқты бұл да бір ұлт. Оларда Европада өмір сүреді. Кейбір ертегілер ауыздан ауызға беріліп, неше жыл бойы өмір сүреді. Сондықтан оның авторы ұмытылып кетеді. Сөйтіп оны халық ертегісі деп атап кетеді. Солардың бірі бүгінгі литван ертегісі.


- Ертегіні оқып беремін.

- Түсіндіремін.

- Тізбектей дауыстап оқытамын.

- Сұрақтар қоямын.

- Адам қандай кәсіппен айналысады?

- Ол қасқырмен не жайында әңгімелеседі?


  • Егіншінің кәсібі қасқырға неліктен ұнамады?


 Ролге бөліп оқыту.

Сөздік жұмыс.

Диірмен – бидайды ұнтақтайтын құрал.

Кәсіп – айналысатын іс.

Сергіту сәті.

Егін шығып жайқалды

Желмен бірге шайқалды.

Уақыт бізді күтпейді

Орып алам егінді.

Топпен жұмыс.


  • Тапсырмалар беру.


“Бидай” тобы – егіншіге мінездеме беру.

Егінші – еңбекқор.

мейірімді.

“Жүгері” тобы - қасқырға мініздеме беру.

Қасқыр – жалқау

шыдамсыз.

“Тары” тобы - қима қағаздармен мақал құрастыру, мағынасын ашу.

“Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей”.

“Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті”.

“Күріш” тобы – нанның қалай дайын болтыны жайлы шағын әңгіме жазу.

“Арпа” тобы – нан туралы, еңбек туралы, күз туралы өлең шығару, жұмбақ, мақал-мәтел айту.

IV. Сабақты қорыту. 


“Бидай өсіру” ойыны.


  • Балалар, қараңдаршы егіншінің бидайы қандай жайқалып өсіп тұр. Біз де еңбек етіп осындай бидай өсіре аламыз ба?


  • Қане онда “бидай өсіру” ойынын ойнайық. Қай топтың бидайы жақсы өседі екен. Ол үшін біз әр бидайдың артындағы сұрақтарға жауап беруіміз қажет.


  1. Егінші мен қасқыр не жайлы сөйлесті?


  2. Қасқыр неліктен егіншілікпен айналысқысы келмеді?


  3. Нан қалай дайындалады екен?


  4. Еңбек туралы мақал айт.


  5. Мақадың мағынасын түсіндір.


  6. Жұмбақты шеш.


  7. Бидайдандайындалған тағамдарды ата.


V. Үйге тапсырма беру.


Ертегіні түсініп оқу.

    1. Бағалау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: АКТАМБЕРДИНОВА ЛЕЙЛА МУХАМЕТКАЛИЕВНА

Дата: 21.02.2015

Номер свидетельства: 177018


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства