Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? | Мұғалімнің аты-жөні:Дюсекина Б.Т. Күні: 18.04.2019 |
СЫНЫП: 3 «Ә» | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу; 3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау. |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Есептік және реттік сан есімді ажырата алады. Жаңа білімді меңгереді. Сауатты, көркем жазады. Оқушылардың көбі мынаны орындай алады: Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады |
Алдыңғы білімдер | Сан есім тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік, рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Математика, әдебиеттік оқу |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Сабақтың басы Ынтымақтас тық атмосферасын қалыптастыру 2 минут 5 минут | Балалар бүгін біздің әдебиеттік оқу сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қазақ халқы қонақтарын ерекше сыйлап, бар жақсысын алдарына тосқан. Олай болса бізде салтымызға сай азамат екенімізді көрсетейік. Достарымның барлығын, Сыйлап, жақсы көремін. Алақаным арқылы Жылуымды беремін. Топтарға бөлу. 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Жаңбыр» 2-топ «Өткінші жаңбыр» 3-топ «Ақ жаңбыр» Өткенді қайталау: Сан есім деген не? Есептік сан есім сұрақтары қандай? Реттік сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? Үй тапсырмасын тексеру: Жаңылтпаштың қатесін түзеп жазу. Құдық – күдіксіз құдық Суы суық тұнық құдық. | Шаттық шеңбері |
Сабақтың ортасы 5минут 5 минут 3 минут | Білу және түсіну: Оқулықпен жұмыс: 47-жаттығу. Автор туралы мәлімет беру Бейсебай Кірісбаев (12 қыркүйек, 1955-2003) - ақын. 1974— 1975 жылдары Ақсу аудандық (Талдықорған облысы) «Өмір нұры» газетінде әдеби қызметкер болды. 1980 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1985—1992 жылдары «Балдырған» журналының бөлім редакторы, 1992 — 2003 жылдары бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. «Тамшы» атты алғашқы жинағы 1979 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген. «Аппақ бақ-бақ» («Жалын», 1984), «Адамша кел» (топтама, «Жалын», 1991), «Кілтипан» («Жалын», 1992), «Ықылық» («Жазушы», 1998), «Жаңылтпаштар» («Балауса», 1998) кітаптарының авторы. Өлеңді мұқият тыңдайды. Әр топтан бір баладан оқу. Жаңбыр Жауа берші, жау, жаңбыр Дала көркін жандандыр Жауа берші, жау, жаңбыр Қаулап өссін алуан гүл. Жауа берші жау жаңбыр Әрбір тамшың – тамған нұр Әрбір тамшың – тамған дән Асып жатсын қамбамнан! Өлеңде не туралы айтылған? Дәптермен жұмыс: Өлең мазмұнын әңгімеге айналдырып жаз. Әр топтан бір баладан жазғандарын оқиды. Басқа топ бас бармақ арқылы бағалайды Жұптық жұмыс. Смайлик арқылы жұпта бір-бірін бағалау 48- жаттығу.Сандарды сөзбен жаз 4,5,6,7,10,20,90,18,23,56,67 | Оқулық, автордың суреті |
3 минут | Сергіту сәті | видео |
Аяқталуы Сабақты бекіту қызықты тапсырма 10 минут | Шығармашылық жұмыс. 1 топ: Нешінші сұрағын қатыстырып, сөйлемдер құрау. Мысалы: Мен үшінші сыныпта оқимын. 2 топ: Сан есім қатыстырып өлең құрастыру 3 топ: Берілген сандарды үш тілде жазу. 8, 3,2,5,7,10 Әр топ бағдаршам арқылы бір- бірінің жұмыстарын бағалайды | қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер; |
5 минут | Қолдану 50-жаттығу. Бос торкөздерге тиісті әріптерді қойып, жасырынған сөзді табады. Сол сөз неше әріптен тұратынын айтып, ой бөліседі. Кемпірқосақ-11 әріп Найзағай- 8 Қолшатыр -8 | |
Бағалау Кері байланыс 2 минут | Оқушыларға стикерлер таратылады. Егер сабақ түсінікті болса, сабақ барысында тапсырмаларды қиналмай орындаса жасыл түсті алмаға , тапсырмаларды орындау барысында қиындықтар туындаса сары түсті, мүлде түсініксіз болса қызыл түсті алмаға жабыстырады | Кері байланыс суреті |
Үйге тапсырма: 89 бет,51 жаттығу |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы Байланыс |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |