|   Сабақтың тақырыбы   |    Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі.   |  
  |   Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)   |    1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту    1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту  1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту   |  
  |   Сабақтың мақсаттары   |    Барлығы: Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.  Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.  Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.   |  
  |   Жетістік критерийлері   |     Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.    Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.   |  
  |   Құндылықтарды дарыту   |    Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.     |  
  |   Пәнаралық байланыс   |    Өнер, ана тілі сабағы   |  
  |   АКТ қолдану дағдылары   |    Аудиожазба , таныстырылым.   |  
  |   Тілдік құзыреттілік   |    Ұ дыбысы мен әрпі.   |  
  |   Сабақ барысы   |  
  |   Сабақтың жоспарланған кезеңдері   |    Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет   |    Ресурстар   |  
  |   Сабақтың басы  Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру  5 минут   |    Аққу болып ұшамыз  Көлге келiп қонамыз  Көлдiң бетiн құшамыз  Қайта самғап ұшамыз.  – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!   |        Шаттық шебері                   |  
  |   Сабақтың ортасы  8 минут           |    №1 Әр отбасы мүшелеріне тиесілі заттарды сурет арқылы болжа.  №2 Оқылым  Ұр ұн ұт ұш ұста ұршық ұнтақ ұтқыр ұшақ ұсақ құлын құрақ ұран құмыра Нұрлан құлан құлақ Ұлан құмырсқа Ақнұр   |        Таныстырылым, оқулықпен жұмыс   |  
  |   Сергіту сәті  1 минут   |    Әппақ болып таң атты,  Түтiн тiке шығады.  Қарлығаштар қанатын  Самғап биiк ұшады.  Топ-топ, топ басайық,  Жалаудан күн жасайық.  Жаса, жаса алтын күн  Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)   |    Сергіту сәтіне арналған жинақ   |  
  |   Қызықты тапсырма  8 минут    Аяқталуы  16 минут   |        №3 Сызба және сөздермен мәтінді оқы.  Сөйлемді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.           |    Оқулық, дәптерлер.       |  
  |   Сабақтың соңы  2 минут       |    Рефлексия  Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау       |        Смайликтер   |  
  |   Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?     |        Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?         |    Пәнаралық байланыс    Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы  АКТ  Құндылықтармен байланыс (тәрбие)   |  
  |   Қолдау көрсету.  Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.   |        Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)       |    Өнер, ана тілі сабағы  Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.   |