Пән:Сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым Күні: Сынып: 1 «А» | Мектеп: «Қ.Байсықов атындағы ОЖББМ» КММ Мұғалімнің аты-жөні:Бияшева Гулжан Ибраемовна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:- |
Сабақтың тақырыбы | Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну 1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді. Көптеген оқушы: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Бағалау критерийлері | Білім алушы: Әріптерді таниды және ажыратады. Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды отбасы мүшелерін сыйлауға, құрмет көрсетуге тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек,жаратылыстану сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым |
Бастапқы білім | Оқушылар Мм дыбысы мен әрпін таниды сол сияқты тұтас сөздерді, жиі кездесетін сөздерді, үш буынды сөздерді буынға бөліп оқи біледі. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут | Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Әдеппен бас иіп, Сәлем бердік біз! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Оқушыларды 4 түрлі түсті пышақтар бойынша топқа бөлу. | Ширату Көк,қызыл,сары, жасыл түсті ойыншық пышақтар |
Сабақтың ортасы 10 минут | -Әр сабақта, балалар, дыбыстармен жұмыс жасаймыз ғой. Қане, кім айтады дыбыс дегеніміз не? Дыбысты біз естиміз, айтамыз, ал әріпті біз жазамыз, көреміз. Қазір біз дауыссыз дыбыстарды өтіп жатырмыз. Балалар тақтаның алдында нені көріп тұрсыңдар? Ойыншықтар. Қандай ойыншықтар бар екен? Қоян, қасқыр, қолғап, мысық, балық, қошқар, қар. Енді осы сөздерді мен қайталаймын, сендер мұқият тыңдап, қандай дыбыс барлық сөзде кездеседі екен, соған назар аударып бүгінгі кезек қай дыбыстікі екен? Қ дыбысыныкі. Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, тілдің түбірі жұмсақ таңдайға тіреледі. Дем жоғары көтерілген тіл мен таңдай арасынан атылып шығады. Қ дыбысы тілімізде өте жиі қолданылады. Оқулықпен жұмыс. «Қ» дыбысы және әрпімен таныстыру. «Қ»-ның дауыссыз екені, оның сөз басында, ортасында, соңында келу үлгілерін көрсету. Таңбасын үйрету. Қарақат сөзіне дыбыстық талдау жасату. Оқулықта берілген сюжетті суретті басшылыққа алып әңгіме құрату. №1 Оқылым. Сөздерді буындап, тұтастай оқытып, бір дыбыстың өзгеруінен жаңа сөздің пайда болу құбылысын байқату. Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалауды жүзеге асыру. | оқулықпен жұмыс Мазмұнды сурет |
Сергіту сәті 3 минут | «Қос қарлығаш» | Бейне жазба |
Қызықты тапсырма 5 минут 10 минут | Шығармашылық жұмыс: Арома шай ішіп болды., кім айтады? Қайнар, сен ішкен шай не татиды? Қарақат па, Құлпынай ма, лимон ба, бүлдірген ба? Ал балалар шаршағанымызды, шөлімізді бастық, арома (иіс сезу) қимылына қарап дамиды, сондықтан келесі жасар жаттығуымыз ұсақ қол маторикасына арналған жаттығу еңбек терапиясы (трудотерапиясын) жасаймыз, яғни күз мезгілі келіп, егін бітік шығып, табиғат - ана бізге молшылық сыйлап, байытты. Енді жасап, өзімізді қуанышқа бөлейік. Стол үстіндегі картон қағазға желім жағып, оған түрлі түсті қағаздан желімдеп келген қонақтарға сыйлық жасап беріп, оларды өнерімізбен таң қалдырайық, балалар! Кім айтады, жасаған жұмыстарыңды сыйламас бұрын түсіндіріңдер, неден жасалғанын айтыңдар? Дұрыс, Қайнар сен не жасадың, неден жасадың? Қалампыр, сен не жасадың?. Міне, балалар, Табиғат - ананың бізге берген сыйынан неше алуан нәрсе жасап, кәдеге асыруға болады. Оқулықпен жұмыс №2 Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін тап. Әкесінің заттары: балға, ара, шеге, қалақ. Шешесінің заттары: қасық, табақ, қазан, шанышқы. Қыздың заттары: қуыршақ, ойыншық тышқан, ойыншық тауық. Отбасы мүшелеріне қатысты заттарды оқушылардың дұрыс табуына және бұл заттарды үш топқа бөліп көрсетуіне мүмкіндік жасау. Жұмыс құралдары: | балға, ара, шеге, қалақ. | Ыдыстар: | қасық, табақ, қазан, шанышқы. | Ойыншықтар: | қуыршақ, ойыншық тышқан, ойыншық тауық. | Жұмыс дәптерлеріндегі тапсырманы орындату Оқушылардың Ққ әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолдану. | Картон қағаз,желім, түрлі тұқымдар. Оқулық Сызба кестесі Дәптер. |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау. | Бас бармақтар |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. | Оқушыларға сергіту сәтін өткізу және енбек жаттығуларын жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін ескерту. |
Сабақ бойынша рефлексия -Бүгінгі сабақ ұнады ма? -Топпен жұмыс жасаған ұнады ма? -Сабақ қызықты өтті ме? -Кім белсенді болды? | Сабақ туралы берілген сұрақтарға жауап беру. | |
| |
Жалпы баға | Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |