«Тілдер мерекесіне» арналған 4- сыныпта «Менің тілім – қазақ тілі» атты ашық сабақ өтті.
Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталды.
Сыныпта кезекшімен сұхбаттастым . «Жақсы отыр!» Үй тапсырмасын тексердім.
Ұйымдастыру кезеңінде сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндетін айттым.
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.
1.Білімділік: оқушылардың мемлекеттік тіл жайында білімдерін арттыру.
2.Дамытушылық: қазақ тілінде таза сөйлеу дағдыларын дамыту
3.Тәрбиелік: тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Үй тапсырмасы талқыланып, тексерілді. Тақырып бойынша жаңа мәлімет берілді.
Келесі тапсырмада оқушылар қазақ тіліне тән дыстарды еске алып, оларды тақтаға жазды, содан соң сол әріптерге сөз айтты.
Отанымыз жайында әңгімелеу. Грамматикалық тапсырмалар орындау: фонетикалық талдау, септеу. Мақал жинау. Семантикалық картамен жұмыс. Сергіту сәті Көңілді күн
Ішінде саны бар сөздер ойыны. Топтық жұмыс. Диалог құру.Сөзжұмбақ құру Сөздің соңғы әріпіне сөз айту.
Оқушылар барлық тапсырмаларды жақсы орындап шықты. Тіл байлықтарын көрсете білді. Оларға қиын тудырған тек қана бағалау. Сол бағытта жұмыс жүргізіледі.