2) Математика.(4-сынып) Тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер. Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру. Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру. Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары», тест сұрақтары, фигуралар, сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық. Сабақтың түрі: ойын Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысы Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. « Жаттығу сұрақтары»: 1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40әріп,2 белгі,42 әріп) 2.Математикада неше цифр бар? (10) 3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14) 4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6) 5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан) ІІ. Жаңа сабақ. «Ой ашар» І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады. 1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйық- талған) 2. Көбейтудің заңдарын ата (ауыстырымдылық,терімділік, үлестірімділік) 3. 1км-де неше метр бар? 1000м 4.1дм-де неше мм бар? 100мм 5.1 м-де неше мм бар? 1000мм 6.1тоннада неше кг бар? 1000кг 7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар) Қандай өлшем бірліктері? -км, дм, м, мм-бұлар ұзындық өлшем бірліктері -т, ц, -бұлар салмақ өлшем бірліктері.
Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер? Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым. Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс. Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш. Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт,64кг) Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өл-шем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар. Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер. ІІ. «Түсіндір» («№1 кестемен жұмыс) 1. Не өзгерген? Не тұрақты? (саны өзгерген, бағасы тұрақты, құны да өзгерген) 2. заттың бағасы тұрақты болып, саны артса, онда құны қалай өзгереді? (құны екі есе артады) 3. Ал, заттың бағасы тұрақты, саны кемісе ше, қандай өзгеріс болады екен? (құны екі есе кемиді) Сергіту сәті. Қоян шықты далаға, Жан-жағына қарады. Секірді,жүгірді, Отырды, тұрды. ІІІ. «Ойлан, тап!» (№3 сөз есеп) Дәптермен жұмыс Проблемалық сұрақтар: не белгілі?(оң және сол жақтағы орындықтардың қатары, оң жақтағы сол жақтағыдан 24-і кемдігі) не белгісіз? (оң және сол жақтағы орындықтар саны, барлық орындықтар саны) нені табу керек? Сөз есеп Оң ж.-6 қатар орындық 24 орындық кем Сол ж.-8 қатар орындық ? орындық
Ш: 1) 8-6=2 2) 24:2=12 3) 6•12=72 4) 8•12=96 5) 72+96=168 Жауабы: Оң ж.-72орындық, сол ж.-96 орындық, барлығы-168 орындық. ІV. «Құрастыр!» (№5 кестемен жұмыс) Проблемалық сұрақ: Не белгілі? (бірінші көйлектің құны, саны,екінші көйлектің құны) Не белгісіз? (бірінші көйлектің бағасы, екінші көйлектің саны мен бағасы) Қалай табамыз? (бірінші көйлектің құнын санына бөлеміз, екеуінің бағасы бірдей болғандықтан екінші көйлектің құнын бағасына бөлеміз) 24480:12=2040 48960:2040=24 Сергіту сәті. Жаза,жаза қолымыз, Талып кетті көзіміз. 1,2,3 Бойға жинап күш, Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты ұғып аламыз. V. «Теңдеу құру» Логикалық тапсырма. Х+х+х=20217 Х=бірінші қосылғыш-ең кіші бес таңбалы сан (10000) х=екіншісі –ең үлкен төрт таңбалы сан (9999) х=? (үшіншіні тап) 10000+9999+х=20217 19999+х=20217 х=20217-19999 х=218 10000+9999+218=20217 19999+218=20217 20217=20217 Қандай теңдеу құрастырдық? (күрделі) Салыстыру: Күрделі мен жай теңдеудің ұқсастығы, айырмашылығы неде?
VІ. «Өздік жұмыс» (№9 тапсырма І-ІІнұсқаға ) * І-нұсқа 4310 Х 56 25860 + 21550 241360 (бөлумен тексереміз) *ІІ-нұсқа 4300 Х 56 258 +215 240800 (бөлумен тексереміз) • «7» саны қандай сан? (киелі сан) «7» саны туралы не білеміз? Топтастыру
7 қазына 7 ата
7 күн 7 шелпек
7 күнді ата (бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күні, қасиетті күн, соңғы күн, азына) 7 күнді ата. (дүйсенбі….) 7 атаны ата. (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат) VІІ. МАБ-ға дайындық. Тест сынағы. 1. 7 ыдыста 21кг тосап болды. Сонда бір ыдысқа неше кг тосап құйылған? А)3кг В)10кг с)12кг д)13кг 2. Жәшіктің саны 8, жәшіктің жалпы массасы 96кг болса, бір жәшіктің массасы қанша? А)11кг В)10кг С)12кг д)13кг 3. Заттың саны 18, жалпы массасы 90 тонна болса, бір заттың массасы қанша болған? А) 2т В)5т С)3т Д)4т 4. Бір жәшіктің массасы 12кг, жәшіктің жалпы массасы 48кг болса, онда неше жәшік болған? А)3 В) 1 С) 2 Д) 4 5. Егер бір ыдысқа 3кг тосап сыйса, 9 ыдысқа неше кг тосап сыяды? А)27кг В)25кг С) 24кг Д) 23кг 6. Бір заттың массасы 5 тонна, заттың саны 2 болса, заттың жалпы массасы қанша болады? А) 20т В)10т С)30т Д)40т 7. Бір заттың массасы 5тонна, жалпы массасы 30 тонна болса, заттардың саны қанша болғаны? А)9 В)8 С)6 Д)7 Жауабы:
№ 1 2 3 4 5 6 7 жауабы А С В Д А В С
Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма. №8-202-бет. (өрнек құру) 3) Математика (3-сынып) Тақырыбы:Көбейту және бөлу — өзара кері амалдар. Мақсаты: 1.Көбейту және бөлу- өзара кері амалдар деген түсінікті қалыптастыру. Балалармен көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы байланысқа негізделген теңдеулерді шешуді пысықтау; 2.Теңдеулерді шешу кезінде амалдардың өзара кері әдісін пайдалана білуін бекіту; Байқағыштығын, жадын дамыту: 3.Балалардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуін дамытуға жағдай жасау, зерделі болуға үйрету. Көрнекілігі:интерактивті тақта, тапсырмалар, сызбалар, фигуралар, тест тапсырмалары Сабақ түрі:ойын, жаңа сабақ Сабақ әдісі: түсіндіру, толықтыру, құрастыру, бақылау, салыстыру, талдау, болжау. Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық (барлығы бір-біріне жақсы тілек білдіреді) ІІ. Өткенді қайталау. А)үйге тапсырманы тексеру. №10тапсырма, теңдеуді шешу. 35-бет. х:2=4 9:х=3 16:х=8 х=4•2 х=9:3 х=16:8 х=8 х=3 х=2 8:2=4 9:3=3 16:2=8 4=4 3=3 8=8 Ә) ойын. «Кім шапшаң?» Әртүрлі фигураларды ала отырып, көбейту кестесін пысықтап алу.
(екіге көбейту кестесі) (үшке көбейту кестесі)
(төртке көбейту кестесі) б) жеке тапсырмалар (3оқушы карточкамен жұмыс жасайды) 1-карточка (теңдік тура болатындай сандарды қой) 2• =6 •2=18 :2=2 2•=8 •2=10 12:=6 2•8= •2=14 20:2=
2-карточка (Бос орындарға сандарды қой)
7+ 11 — 3 • 24 : 6
3-карточка (өрнекті мәнімен сәйкестендір)
5•3 5 10:2 9 3•3 15 18:2 6 2•9 9 18:3 18
в) сыныпқа арналған тапсырмалар; (Ұсынылған сандарды пайдаланып, көбейту мен бөлуге байланысты үш теңдік құрау)
2,16,8 3,12,4
Тексеру: 2•8=16 8•2=16 16:2=8 16:8=2 3•4=12 4•3=12 12:4=3 12:3=4 Сергіту сәті: Адымдаймыз, адымдаймыз, Қолды биік көтереміз, Басымызды түзу ұстап, Баяу терең демаламыз. Қарасақ алау жанында, Ұядан түскен балапан. Еппен алып, ұяға Саламыз оны қайтадан.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. А)оқулықпен жұмыс №1 тапсырманы оқып, талдау, түсіндіру. Б.-18 ойыншық Б.қ-2с Б.қ-2сөреге Әр.қ-9ойыншықтан ? ойыншық Ә с-?ойыншықтан Ш: 18:2=9 Ш: 2•9=18 Ж: 9 ойыншық Ж: Б. 18ойыншық
(жұмыс нәтижелерін ұжым болып талқылау) №2тапсырма (сызбаны көріп, түсіндіру) : 2
4)Математика (2-сынып) Тақырыбы: 5 санын қосу және азайту. Мақсаты: 1)Екі амалдан тұратын өрнектермен және басқадай тапсырма- лармен байланысты есептеулерде 5санын кестелік қосу мен азайтуды қолдану; Ондықтан аттайтын жағдайларда 5санын қосу және азайту ерекшеліктері туралы қорытынды жасау; Топта 1,2,3,4,5 сандарын кестелік қосу мен азайту дағдыларын бекіту. 2)Ойындар мен түрлі 5 санына байланысты ізденіс жұмыстары арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. 3)Топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмаларды орындауда, бір-бірімен татулықта, достықта жұмыс істеу білуге, бір-біріне көмектесе білуге баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі және жабдығы: суреттер, тапсырмалар, гүлдер, сызбалар, оқулық, гном (мыртық бала), қағаздар, қарындаштар Сабақ түрі: (жаңа сабақ)аралас Сабақта қолданылатын әдістер:түсіндіру, салыстыру, болжау, іздену, сұрақ-жауап, толықтыру Сабақ барысы.І. ұйымдастыру кезеңі. «психологиялық дайындық» ***Қағаз бен кнопканы салыстыр. Олар неге қажет? (бала пікірін тыңдау) 1.Қағазды бүктеу арқылы біргелікте «гном (мыртық бала)» жасау. Қандай фигурадан жасадық? (шаршы) Шаршының неше бұрышы бар? (төрт бұрышы бар) Қандай фигура шықты?(бесбұрыш) 2.Сан қатары берілген: 5 10 15 20 25 30………… Неге назар аударылған? *Айырмасының мәні 10-ға тең болатын. 15-5 20-10 25-15 30-20 Қандай заңдылыққа сүйеніп айтылды? Сандарды жалғастырыңдар. (35,40,45) Енді сандар жұбын атаңдар (35-25 40-30 45-35) Сергіту сәті. «Он саусақ» *Ауызша есептеулер. 1.Көлден ұшты жеті қаз, 2.Жаңа ғана шалғында, Қайтып қонды екі қаз, Алты бұзау жүр еді. Қонбады оның нешеуі? Әлде шаршап қалды ма, Кәне, кім тез шешеді? (7-2=5) Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайылып, Айт, жүргенін айырып? (6-1=5) Қазіргі есептеулер де 5 саны туралы екен. Ендеше 5 саны жөнінде не білеміз? Қауымдастық құрайық. 5 баға бесбұрыш 5тең 5 алып 5тұлпар 5арыс