Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар!Бүгінгі тойымызға қош келдіңіздер!Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып,барлық ғылымның атасы,біздің болашағымыздың негізі Әліппені бітіріп отыр.
Балаларымыздың осы қара шаңыраққа аттаған қадамдары құтты болсын дей келе, «Рахмет саған,білім берген - Әліппем» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Олай болса,шын пейілмен құрметтімізді көрсетіп 1 «а» сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
1 оқушы Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға
2 оқушы Құметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін,
Бар қауым таңдана таңдай қағар.
3 оқушы Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім бойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
4 оқушы Қайырлы күн халайық!
Армысыздар аналар!
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз!
5 оқушы Шашу,шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке,бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.
Шашу шашылады.
6 оқушы Келіп едік жартыншыдан қол ұстасып,
Барлық бала ұстазбен достасып,
Сезбей қалдық төрт айдың қалай өтенін
Міне тұрмыз әліппемен қоштасып.
Хор: «Әліппе»
Слайд. Әліппе оқулығы сөйлейді.
Сәлеметсіздер ме, жас достар.
Құрмет көрсеткендерің үшін көп рахмет
Мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге келдім.
Армысыздар, жас достар
Армысыздар, ата-ана
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа
Мерекеңмен құттықтаймын,
Бүлдіршіндер,балғындар.
Балалар,сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар.Сонымен қатар математика оқулығымен де таныстыңдар.
Математика-ғылымдардың атасы,сендер одан санауды,есептеуді үйрендіңдер.
Ал бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын Ана тілі пәнімен танысасыңдар.\
Слайд. Ана тілі шығады.
Балалар,мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.Бүгінгі болып жатқан мерекелерің құтты болсын!
Жеке ән: «Ертегілер»
7 оқушы Әліппем,менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
8 оқушы А—ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын,айырып буынды енді.
Ән: «Әліппе» жеке дауыста.
9 оқушы Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
10 оқушы Мінезі гүл жайнаған,
Білімі бойды қайнаған.
Ұлағатты ұстазым,
Бала қамын ойлаған.
11 оқушы Үйретуден шаршамай,
Бәрін ойға құйғыздың.
Санамызға сен біздің,
Бар асылды сыйғыздың.
Жақтың білім шырағын
Рахмет саған мұғалім.
12 оқушы Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жирентіп
Ақын болған кім бізге?
Хормен: Мұғалім –ол біздің.
Хормен әнін орындайды.
Мұғалім: Бізді осындай күйге жеткізіп,бірге қуанып жүрген әкелеріміз бен әжелерімізге,аналарымызға мың алғыс айтамыз.
13 оқушы: Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн алыста,ал анам
Ылғи менің қасымда.
Қос дауыста ән «Анашым»
14 оқушы Ана.Ол біздің елде ардақты адам
Кіші де,үлкен де оны ардақтаған
Өзінің аяулысы Отанды да
Ана деп біздің халық текке айтпаған.
Мұғалім: Балалар,өздерің айтып тұрғандай Отанды да ана дегендей,Отан ана туралы не білеміз?
Отан үйіміз
Отан табиғатымыз
Отан жеріміз
Отан отбасымыз
Отан мектебіміз
Слайд: Рәміздер.Назарбаев
15 оқушы Елтаңба,ту,Әнұран мемлекеттік рәміздер.Олар еліміздің .
тарихын,дәстүрін,болашағын айқын көрсетеді
16 оқушы Отан-туып өскен жерім.
17 оқушы Отанымызда биыл айтулы мерекелерге толы жыл.Қазақ
хандығына 550 жыл.
Көрініс: Бұқар жырау «Абылай хан атандық»
18 оқушы Қазақтың ұлы ақыны,ағартушысы,бүкіл әлемге дарынымен
танылған Абай Құнанбаев атамыздың 170 жылдығы.
Қыздар тобы: «Желсіз түнде жарық-ай»
19 оқушы: Ұлы отан соғысы жеңісіне 70 жыл.
Өлең: Қ.Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем»
20 оқушы Қазақстан Республикасының Ата заңы мен ассамблеясына 20 жыл
Би : «Папури»
Күннің суреті
Қорытынды: Отандарыңа деген жылы лебіздеріңді білдіріңдерші: