Бөлімі: Мәдени мұра сыр шертеді бөлімі. Сабақтың тақырыбы: Мақала жаза аламын. Мәтіндерді салыстырмалы талдау: бір тақырыпта түрлі жанрда берілген мәтіндерді салыстыру. Оқу мақсаты: тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме, сұхбат) жазу. Мәдени мұра сыр шертеді. Мәдени мұра дегеніміз тарихи ескерткіштерді құрметтеу, қадірлеу, қорғау. Ата – бабаларымыздың тұрмыс, салт – дәстүрлерін жас ұрпаққа мұра ретінде қалдыру. - Мәдени мұраларға нелерді жатқызуға болады? Құрметті оқушылар!!! 17 – ші қараша күні сағат 10.00- де Астана қаласына «Бәйтерек» монументін көруге саяхатқа шығамыз. Ақпараттық мақала 17 – ші қараша күні Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин жалпы білім беретін мектептің оқушылары Астана қаласына «Бәйтерек» монументін көруге саяхатқа барды. «Бәйтерек» ежелгі, қасиетті алып ағаш. «Бәйтерек» ежелгі түркі тілінде «бәй» - үлкен, «терек» парсы тілінен аударғанда зәулім ағаш деген ұғымды білдіреді екен. Оның негізінде аңыз әңгімелерде кездесетін «Самұрық» қасиетті құсы алынған. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақырып тұрғандай. Оқушылар «Бәйтерек» монументі жайлы көптеген мәліметтер алып, ауылдарына қуанышты сезімде қайтті. Бір тақырыпта түрлі жанрда берілген мәтіндерді салыстыру. Хабарлама – шағын газет жанрының бір түрі. Хабарламада сан есім мен жалқы есімдердің алатын орны ерекше. Мұндай жанрда ақпараттың қайда, қашан, не болғаны 1-3 сөйлемнен берілуі қажет. Ақпараттық мақала – маңызды мәліметтер, қызық оқиғалар туралы хабарлап қана қоймай, оған өз пікіріңді білдіруі. Мақала жазуда қашан? қайда? не? кіммен?қалай өткені? деген сұрақтар арқылы құрылады. 2- тапсырма 1 - топ Қожа Ахмет Яссауй кесенесі туралы хабарлама жазу. Бағалау критериі: - шағын мәтін құрастыру; - хабарлама жазу Дескриптор: - хабарланып отырған мәселенің айы, күні, болатын уақыты мен орны көрсетеді; - хабарландырушы кесененің атын қояды; - сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. Сергіту сәті:«Көңілді күн» Қожа Ахмет Яссауй кесенесі туралы тірек сөздерді қолданып мақала жазу. Тірек сөздер: Оңтүстік-Қазақстан облысы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV ғасыр Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты, орта ғасырлық сәулет өнері, көрнекті ескерткіші. Бағалау критериі: - мақала құрастыру; - тірек сөздерді орынды қолдану; Дескриптор: - тірек сөздерді орынды қолданады; - мақала қысқа, сауатты, дәлелді деректермен жазылады. - ойын жүйелі, еркін жеткізеді; - сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. «Алтын адам» тақырыбында хабарлама жазу. Бағалау критериі: - шағын мәтін құрастыру; - хабарлама жазу Дескриптор: - хабарланып отырған мәселенің айы, күні, болатын уақыты мен орны көрсетеді; - хабарландырушы монумент атын қояды; - сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. «Алтын адам» тақырыбында тірек сөздерді қолданып мақала жазу. Тірек сөздер: Алматы облысы Есік қаласы, 1970 жылы табылған, сақтар тайпасы, жас көсем, алтын киімді, сақ жауынгер, археолог К.А. Ақышев тапқан. Бағалау критериі: - шағын мәтін құрастыру; - тірек сөздерді орынды қолдану; Дескриптор: - тірек сөздерді орынды қолданады; - мақала қысқа, сауатты, дәлелді деректермен жазылады. - ойын жүйелі, еркін жеткізеді; - сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. |