Ма?саты: ??старды? к?ктемгі тіршілігі, таби?атта?ы, адам ?міріндегі ма?ызы, келтіретін пайдасы туралы ??ындыра отырып, оларды ?ор?ай білуге т?рбиелеу. К?ктемде ??стар ?шып келгенде олар?а ?я жасап, жем шашып, ерекше ?ам?орлы? жасау?а ?йрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«??стармен дос болайы?»
Тақырыбы: Құстар –біздің досымыз
Мақсаты: Құстардың көктемгі тіршілігі, табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы, келтіретін пайдасы туралы ұғындыра отырып, оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Көктемде құстар ұшып келгенде оларға ұя жасап, жем шашып, ерекше қамқорлық жасауға үйрету.
Жоспары:
1. Құстар-өмір сәні, ән арқауы.
2. Аңшылық-саятшылық өнері.
3. Табиғат таңғажайыптары.
4. Сен білесің бе?
5. Құстарды қорғау. «Қызыл кітап».
6. Қорытынды.
Көрнекілігі: Оқушылар шығармашылығы ( шығарма, өлең, сурет, әңгіме, буклет, сөзжұмбақ, т.б.); «Құстар-біздің досымыз» фотостенд; табиғат бұрышы; көктемнің алғашқы қонағы ( Құстар бейнесі )
Іжүргізуші: Құрметті ата-ана, ұстаздар, оқушылыр! Табиғаттағы көрікті тіршілік иелері, адамдардың достары-құстар. Алайда, құс табиғатқа тек көрік беріп қана қоймайды. Құстар көркімен де, әсем әуенімен де сымбатты. Адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді. Олардың көпшілігі жәндіктерді, кеміргіштерді, бау-бақша, орман-тоғай, дала зиянкестерін жеп адамзатқа пайда келтіреді.
«Құс болсаң, жібектей бау тағар едім,
Қолға алып, сылап сипап бағар едім» - деген өлең жолдарынан атам қазақ халқы ежелден құс салу өнеріне деген сүйіспеншілігі паш еткен.
ІІжүргізуші:
Құстар-біздің досымыз,
Құс ұясын бұзбайық.
Ей, балалар, балалар,
Аман болсын аналар.
Жұмыртқасын алмаймыз,
Обалына қалмаймыз.
Тақия тұзақ салмайық,
Қарғысына қалмайық.
Әдейі көздеп атпайық,
Көп күнәға батпайық.
Құстарда да ана бар,
Құстарда да бала бар.
Кім сүймейді баласын,
Осыны еске түсіріп,
Балалар, мұны ұғыңдар.
Іжүргізуші:
Уәдеден де шығыңдар,
Құстар-біздің досымыз,
Ұшып жүрсе аспанда.
Сыр түйеді жас жанға.
Ойында әбден піскенде,
Бір ойланып қаласың.
Тырнақтай құстың жауы көп,
Құрулы ажал, ауы көп.
Балалық қып қызбайық,
Құс ұясын бұзбайық.
Хормен:
Құстар-біздің досымыз,
Құс ұясын бұзбайық.
Құстарда да ана бар,
Құстарда да бала бар.
Н.Тілендиевтің «Құстар әні» орындалады.
ІІжүргізуші: Құстар, Құстар
Қазақстан территоиясында құстардың 489-дай түрі мекендейді. Олар далалы, шөлді, орманды, таулы алқаптарды, өзен бойларын, көлдер мен теңіздердің жағалауларын, ауылды жерлерді мекендейді. Ең ғажабы, осы құстардың 150-ден астам түрінің тіршілік әрекеті орман мен ағашты алқаппен тікелей байланысты. Бұл орман құстарының 80% жәндіктермен қоректенеді де жалпы ағаштардың, соның ішінде жеміс ағаштарының зиянкестерін жойып, орман шаруашылығына пайда келтіреді.
Іжүргізуші:
Сәуір міне, келді жайнап,
Көктемнің бұл соңғы айы.
Құс біткеннен төгілген ән,
Бейне көктем жырлары.
Сәлем достар аман ба
Мынау бейбіт заманда.
Ән саламын құс үнімен,
Сәнденемін нұр гүлімен.
Ал, құрметті халайық,
Құстарды қарсы алайық.
Ақ кептер:
Асқар асқаң, бел асқан,
Әлдилеген көк аспан.
Адамдарға еңбегі
Сіңірілген о бастан.
Кептер деген мына құс,
Қиын кезде досымыз.
Әрлі-берлі хат тасып.
Ұшқан талай асығып.
Отырады шатырда-
Жайылады алаңда.
А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әні орындалады.
Торғай:
Менторғаймын, торғаймын,
Көкаспандыторлаймын.
Жердегібарқызықты
Көктетұрыпбарлаймын.
Мен торғаймын, торғаймын,
Жерге бекер қонбаймын.
Шегіртке мен шіркейден,
Ақ бидайды қорғаймын.
Қарлығаш:
Түнгі қара мақпалдай,
Төсіне ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай.
Ойды кезіп, қырды асып,
Қарлығаштар зырлайды.
Тоқылдақ:
Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып,
Тоқ тоқ соғады,
Қараңдар ол әне,
Тоқылдақ болады.
Көкек:
Он екі ай айдың біреуі
Сірә менің атымда.
Өзге ұяға із тастап,
Атымды айтып жар салам,
Білесіңдер бәрің де.
Көктемнің алғаш қонағы
Көкек деген мен болам.
Аққу:
Көлдің көркі-еркесі,
Қанаттары-көрпесі.
Бойын күтіп баптайды,
Ешкім оны атпайды.
Көлдің аппақ кербезі
Аққу деген мен болам.
Тырна:
Жылы жақтан бір хабар
Әкеледі тырналар.
Тырау-тырау
Көктем-мынау тырналар.
Қатар түзеп,
Көкте жүзіп тырналар.
Хормен:
Құстар-біздің досымыз,
Ұшып жүрсе аспанда,
Сыр түйеді жас жанға.
Қайырмасы:
Күзде айналып өткен еді,
Жылы жаққа кеткен еді.
Ассаңдар да талай белді.
Ұшсаңдар да тым биік,-
Біздің елдей қарсы алады.
Қарсы алдыңнан кім күліп,
Қазақтың кең даласындай.
Елі жайсаң, жері майса,
Белінде ырыс ырғалар,
Енді міне, табысыңдар барлығың.
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап, ұқыптап,
Біз оларды қорғаймыз.
ІІжүргізуші: Сонау ерте заманнан халқымыз табиғатпен етене араласқандықтан, аң-құстың қасиетін айыруға жүйрік болған. Ит жүгіртіп, құс салып, із кесу арқылы аң аулау-саятшылық, ал қолға үйретілген қыран құстар мен аң, құс аулау өнері-құс салу өнері деп аталған.
Іжүргізуші: Табиғат таңғажайыптарға толы. Оның тылсым сыры сан ғасырдан бері күрделеніп, шытырман құпияны туындатады. Енді, келесі кезек көріністерге беріледі.
1. « Құмырсқаға шомылған торғай ».
2. Қарлығаштың ұясы.
Сен білесің бе?
ІІ жүргізуші: 1996 жылы Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық көрді, онда құстардың 50 түрі, соңғы жылдары тағы 18 түрі қорғауға алынғандар тізіміне тіркелді.
Іжүргізуші:
Орманға бара жатқандар
Аңшылық дәмін татқандар.
Өтінем түгел бәріңнен,
Көктемде құсты атпаңдар.
Төсіңде аң-құстары еткен мекен,
Табиғаттың ғажабы осында екен.
Тауында аю, арқар, бұғы, барыс,
Жайлаған кең даламды елік, бөкен.
С.Тұрысбековтың « Аққу сазы» әні орындалады.
Сынып жетекшінің қорытынды сөзі:
1.Оқушылар шығармашылығына тоқталу.
2.Сабағымызды қорытындылай келе, табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза, сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парызымыз дегіміз келеді. Құстарды сақтау, қорғау-келещек ұрпаққа міндет. Сондықтан да құстарды қорғайық, қорғай білейік.
ІІжүргізуші:
Сақтайық жұрт, даламыздың сән-көркін,
Самғасын құс, асыр салсын, аң еркін.
Жайнай берсін, нулы көлдер, ормандар,
Бауырларым, игілігің сендердің!-деп ақын жырлағандай, бүгінгі ашық сынып сағатымызды аяқтай келе, қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.