Содан кейін осы мәтіннің әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлеммен жазу тапсырылады. Әр топтың жазғанын тыңдай келе, ішінен біреуі таңдап алынып, тақтаға жазылады. Міне, осылайша мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Күнделікті сабақ әзірлемесі Қазақ тілінен 3 сынып»
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты: мәтін туралы алған білімін әрі қарай ілдіру; мәтіннің сөйлемнен айырмашылығын анықтай білу; мәтін құрастыру, оған тақырып таңдай білу дағдыларын арттыру.
Мұндай сызба барлық оқушыға таратылады. Берілген тапсырма осы жолдарға жазылады.
1.Оқиға кейіпкерінің атауын беретін (адам, аң, өсімдік, жансыз зат, т.б.) 1 сөз.
2.Кейіпкердің сырт бейнесін, мінезін, түрін анықтайтын
3. Оқиғаның болған орнын анықтайтын 3 сөз
4.Оқиғаның өтуін түсіндіретін 4 сөзден тұратын сөйлем 5. Оқиғаның шығу себебі (5 сөз) 6. Әрі қарай не болды? (6 сөз)
7. Оқиға қалай аяқталды? (7 сөз)
Мағынаны тану кезеңі
Оқулықта берілген жаттығулар орындалғаннан кейін «Кубизм» стратегиясын қолдануға болады Ол үшін оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Неше топ болса текшенін сонша жағына тапсырмалар жазылады. Текшені топтың ортасына тастағанда, әр топ отырған жаққа қай жағындағы тапсырма түссе, топ сол тапсырма бойынша дайындалады.
1-тапсырма. Мәтіннің сөйлемнен айырмашылығын айт.
2-тапсырма. Мәтіннің тақырыбын қалай таңдау керек?
3-тапсырма. Мәтіннің басталуы деген не?
4-тапсырма. Мәтіннің аяңталуы деген не?
5-тапсырма. Мәтінді қалай құру керек?
Бұл тапсырмаларды мұғалім қалауынша өзгерте алады.
Ойтолғаныс
Топтың санына қарай тақырыптар жазылады. Әр топ тақырып таңдап алады. Топтың таңдаған тақырыбына қарай әр оқушы бір сөйлемнен жалғастырып жазып, 4-5 сөйлемнен тұратын логикалық байланысқан мәтін құрастырады. Бұл стратегия «Бір айналым сөйлесу» деп аталады.
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты: мәтін құрастыру, негізгі идеясын; ондағы негізгі ойды анықтау арқылы мәтінге жоспар құру; құрылған жоспар бойынша мәтін құрастыруды үйрету.
«Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы бойынша жұмыс істеу үшін шағындау мәтін таңдап алынады. Мәтін бір бет қағазға жазылып, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып, араластырып жайылып қойылады. Мазмұны жағынан әртүрлі мәтін беруге болады.
Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай ретін тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтінінің мазмұнын айтқызуға болады.
Мағынаны тану кезеңі
Содан кейін осы мәтіннің әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлеммен жазу тапсырылады. Әр топтың жазғанын тыңдай келе, ішінен біреуі таңдап алынып, тақтаға жазылады. Міне, осылайша мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
1-жаттығу арқылы әңгімелеу мәтінін қалай құрастыруға болатынын еске түсіру керек. Оқушылар «Жайлаудағы бір күнім» тақырыбында әңгімелеу мәтінін құрастырады.
«Сұлтан Бейбарыс» мәтіні бойынша жасалатын жұмысты «Авторға сұрақ қою» стратегиясы арқылы жүргізуге болады. Мәтін 3, 4 бөлімге бөлінеді. Әр бөлімді оқып болғаннан кейін, бір топ сол бөлімнің авторы болады да (қай топ автор болатыны оқып болғаннан кейін айтылады), қалған топтағы оқушылар сол бөлім бойынша авторға өздерінің сұрақтарын қояды. «Автор» болған топ мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді, қиын сөздерге түсінік береді. Оқиғаның әрі қарай қалай жалғасатынын болжайды. Сол бөлімге тақырып қояды. Ал екінші бөлімге басқа топ автор болады. Жұмыс осылай жалғасады. Авторлардың әр бөлімге қойған тақырыбы тақтаға жазылып отырады. Бөлімге қойылған тақырыптар негізінде мәтіннің жоспары құрылады. Мұғалім өзі таңдап әкелген мәтіндермен әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жұмыс істеуіне болады.
Оқушылар мәтіннің жоспары туралы толық түсінік алғаннан кейін, 3-жаттығуда берілген жоспар бойынша мәтін құрылады.
Ойтолғаныс
«Әңгімені бірлесе жазу» стратегиясы былай жүзеге асырылады. Әртүрлі тақырып жазылған бірнеше карточка болады, әр топ бір-бір тақырыпты таңдап алады.
Алдымен топ мүшелері тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын топтастыру арқылы жазады. Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін, 1-оқушы мәтіннің басталуын (кіріспе бөлім) жазады, 2-оқушы болған оқиғаны жазады, яғни негізгі мәселеге тоқталады, 3-оқушы мәтінді аяқтайды (қорытынды бөлім), 4-оқушы оқиғаға өз көзқарасын білдіреді.