-Балалар,біз бүгін ертегілер еліне саяхат жасаймыз. 2-слайд
-Ертеде шал мен кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.3-слайд
-Алдынан қандай аң шығады?Қоян. 4-слайд
-Қояннан құтқару үшін келесі тапсыманы орындайық.
2.Өткен сабақты пысықтау. 5-слайд
I топ.И дыбысын қорғау
II топ.Дыбыстық талдау
III топ.И дыбысының сөздегі орны
IV топ.Сөйлем құрастыру.
Әр топты дөңгелектермен бағалаймын.
-Міне,балалар бауырсақты қояннан құтқардық.Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады.Оған не кезігеді?-Қасқыр. 6-слайд
-Қасқырдан құтқару үшін келесі тапсырманы орындайық.
3.Тест. 7-слайд
1.Қай сөз дұрыс жазылған?
а) кийіз ә) кийыз б) киіз
2. «Кім?» сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) жиек ә) жиен б) бие
-Міне,біз қасқырдан да аман алып қалдық.
Тест жұмысын оқушылар өздері тексеріп бағалайды,мен топтың бағасын қоямын.
-Бауырсақ өзінің әнін , одан әрі домалай береді.Бір кезде неге жолығады?-Аюға.Олай болса аюдан құтқарайық. 8-слайд