«Ер е?бекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. ?йткені ?рбір тіршілік иесі ?зіне тиесілі ж?мысты жауапкершілікпен, с?йіспеншілікпен жасаса, жа?сы н?тижеге ?ол жеткізеді. Ма?танша?ты?тан, ??ыпсызды?тан, жал?аулы?тан арылмайынша, ж?мысы? ал?а баспайды. Сонды?тан ?зі?е тапсыр?ан істі м??ият, тындырымды етіп орындау керек. Е?бек ер атандырады.
«Ой ашар»
- Е?бек туралы ?андай ма?ал - м?тел білесі?дер?
Ма?ал м?телдерді? жал?асын табу.
(О?ушы жауаптары)
III Жа?а саба?
Та?ырыбын, ма?сатын хабарлау
Е?бекпен тап?ан тиын
Ертегілер туралы ??гімелеу.
- Ертегі дегеніміз балалар, ауызша жеткен халы? шы?армаларыны? т?рі.
- Ертегіні? ?андай т?рлерін білесі?дер?
- жануарлар туралы ертегілер, ?иял-?ажайып ертегілер, шыншыл ертегілері болып б?лінеді.
?зге тілді? б?рін біл.
?з тілі?ді ??рметте-дегендей ?р елді? ?з ертегілері бар. Б?гінгі жа?а саба?ымызда грузин ертегісін ?теміз.
Грузин еліні? астанасы – Тбилиси ?аласы. Ресми тілі — грузин тілі. ?лтты? а?шасы — лари деп аталады екен.
О?улы?пен ж?мыс:
О?ушылар?а тізбектей о?ыту М?тінмен ж?мыс
- Ертегі кім туралы?
- ?арт ?йеліне не деді?
- Жаны ашы?ан анасы ?андай ?рекет жасады?
- Б?л істі? арты немен ая?талды?
- Анасы баласына ?андай ке?ес берді?
- Ал, баласы анасыны? тілін алды ма?
- ?кесі баласына не деді?
Д?птермен ж?мыс.
?ткен саба?та о?ытыл?ан м?тін мен ертегіні салыстыру
Ер е?бекте сыналады. (??гіме) Жекен Ж?маханов - ма?танша?ты?
??састы?ы: Е?бек туралы
Е?бекпен тап?ан тиын (Ертегі) Халы?, жал?аулы? Сергіту с?ті Топты? ж?мыс
1-топ.Ертегіге жоспар ??ру
2-топ.Ертегіні ?рі ?арай жал?астырып к?рі?дер
3-топ.Ертегіні сахналау.
4-топ.Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу
Ертегіні интербелсенді тактадан к?рсету.
Ой тол?аныс.
1-топ.?ызыл ?алпа?.Ертегі туралы не ойлайсы?дар??з ойлары?ды,к?з?арастары?ды білдірі?дер.
2-топ.А? ?алпа?. Ертегі мазм?нын ?азіргі ?мірмен байланыстыру?а бола ма??арияны? баласындай балалар бар ма?
3-топ.Сары ?алпа?.Ертегідегі баланы? орнында ?зі? болса? не істер еді??
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока казакской литературы»
1–деңгей
1.Филогенез, онтогенез, антропогенез, микрогенез ұғымдарына түсінік
Филогенез (гр. рһуіоп — түр, туыс және гр. genesis — шығу тегі) — организмдер топтарының тарихи тұрғыдан қалыптасуы; организмнің тарихи дамуы немесе органикалық дүниенің, әр түрлі тип, класс, отряд, туыс және түрлердің эволюциясы. Жеке-дара даму — онтогенез бен тарихи даму — филогенез тірі табиғаттың біртұтас дамуының ажырамас қырлары болып саналады және бір-біріне өзара әсер етеді. Филогения — организмнің тарихи дамуы. Филогенез терминін 1866 ж. неміс биологі Э. Геккель (1834 — 1919) ұсынады. Филогенез процесін және оның заңдылықтарын филогенетика зерттейді. Филогенездік зерттеулердің мақсаты — жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің эволюциялық өзгерістері негізінде олардың тегін және организмдер арасындағы туыстық байланыстарды анықтау. Ағылшын эволюцияшысы В. Гарстанг филогенезді ұрпақтан-ұрпаққа өтетін олтогенез деген пікір айтты. Бұл пікірді орыс биологі И. И. Шмальгаузен (1884-1963) дамытып, филогенезді онтогенездің белгілі қатары деп атады.
Онтогонез[1](грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккельүсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.
Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология,эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:
ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;
эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;
ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.
2. Балалар психологиясының пәні, мақсат міндеттері
Балалар психологиясы баланың психологиялық даму факторлары мен заңдылықтарын. Іс-әрекетінің дамуын. психикалық үдерістер мен сапаларының ерекшеліктерін және жеке басының психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттейді. Сонымен қатар психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық үдерістер мен сапаларды, қабылдаудың түйсік, ес, зейін, қиял, ойлау, сөйлеу және мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімнің, жас ерекшелігіне байланысты дамудың бастапқы формаларының пайда болуы өзгеруі және жетілуі туралы жан-жақты қарастырады.
Балалар психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және анатомиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеп, карастырады.
3. Балалар психолоиясының негізгі категориялары
4. Нәрестелік жастың кезеңдеріне психологиялық сипаттама беріңіз
5.Балалар психологиясының негізгі және қосымша әдістері
Бақылау әдісі
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлітехникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру(реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық экспериментарнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялықтетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.
Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.
Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.
Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.
Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.
Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;
Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.
Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.
Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі ерекше. Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.
6. Мектепке дейінгі балалық шақа сипаттама беріңіз
Мектепке дейінгі балалық шаққа тән қызмет түрлері Мектепке дейінгі бүлдіршіннің басқы қызмет түрі болып ойын табылады. Өзінің бос уақытының негізгі бөлігін балалар ойынмен өткізеді. Мектепке дейінгі мерзім ересек мектепке дейінгі және кіші мектепке дейінгі жас болып бөлінеді, яғни 3тен 7жасқа дейін. Осы уақыт аралығында балалар дамиды. Бастапқыда олар заттық-басқарушылық түрге ие, 7жасқа қарай сюжетті-рөлдік және символикалық болады. Ересек мектепке дейінгі жас-бұл балалардың барлық ойынды меңгерген уақыты. Сондай-ақ бұл уақытта еңбек және оқу сияқты қызмет түрлері туындайды. Мектепке дейінгі мерзім кезеңдері: 1) Кіші мектепке дейінгі жас (3-4жас). Бұл жастағы балалар көбіне жалғыз ойнайды, олардың ойындары шынайы және негізгі психикалық функцияның (ес, ойлау, қабылдау және т.б.) дамуына және іске асуына септігін тигізеді. Балалар ересектердің қызметі байқалатын сюжетті-рөлдік ойындарды сирек ойнайды; Ортаңғы мектепке дейінгі жас (4-5жас). Ойын кезінде балалар үлкен топтарға бірігеді. Енді олар үлкендердің мінезін келтірмейді, олардың өзара қарым-қатынастарын көрсетуге тырысады, сөйтіп рөлдік ойындар пайда болады. Балалар рөлдерді бөледі, ережелер құрады және олардың сақталуын қадағалайды. 2) Ойынға тақырыптар түрлі болуы мүмкін және балалардың өздерінде бар өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Осы мезгілде көшбасшылық сапа қалыптасады. Қызметтің жекеше түрі көріне бастайды (ойынның символикалық формасы сияқты). Сурет салу кезінде ойлау және елестету процесі белсенділендіреді. Бастапқыда бала не көрді, соның суретін салады, кейін есінде қалғанын, білетінін немесе ойдан құрап салады; 3) Ересек мектепке дейінгі жас (5-6). Бұл жастағы балаларға қарапайым еңбек қабілеттерінің және мүмкіндіктерінің меңгеруі және қалыптасуы тән, балалар заттың құрылысын түсіне бастайды, тәжірибелік ойлау дами бастайды. Ойын барысында балалар тұрмыстық заттарды меңгереді. Олардың психикалық процестері іске асады, қолдың қозғалуы дамиды. Шығармашылық қызмет түрлі болады, бірақ сурет салу негізгісі болып табылады. Сондай-ақ музыкамен айналысу мәдени-шығармашылық қызметтері де маңызды.
7. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың психологиялық дамуындағы қарым-қатынастың рөлі
Мектеп жасындағы кезеңдегі қарым-қатынастың балалардың жеке түлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне жэне қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш кеңістікте Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович жэне т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор жэне жағдай болды. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дүрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен жэне басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы жэне өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-қатынасының мэнділігі эркімге - психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға аян, жэне ол эртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым- қатынасында шешілмеген мэселелер жеткілікті. «Адам өміріндегі ең тамаша нэрсе - оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» - деп ірі ғалымдардың бірі А.Линкольн айтқандай, шынымен де, адамның адамшылдығын көрсететін, өміріне жол сілтейтін, кез- келген жағдайда оған тіреу бола алатын қазына - қарым-қатынас болып табылады. Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Түлғааралық қарым-қатынас барысында, адамдар ақпарат алмасып қана қоймай, олар іс-әрекеттерін жоспарлайды, бір-бірімен әрекет, қимыл алмасады, өзара әрекеттің түрі мен нормаларын анықтайды.
8. Темперамент және оның типтері
Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.
Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.
Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.
9. Баланың пренатальды дамуының ерекшеліктері
Әйелдегі жүктілік кезеңі 40 аптаны бала біткен куннен бастап бала туылған уақытқа құрайды. 3 стадияға бөлінеді:
Ұрық стадиясы бала біткен күнннен 10 күнге дейінгі даму.Бала біткеннен кейін алғашқы кезең болып табылады.Бұл стадия жатырға ұрықталған жұмытрқа клеткасының орналасуымен аяқталуынан тұрады.Одан кейін клеткалар бөліне бастайды да тірі организмге қызмет атқарады.
Эмбрион стадиясы: 10күннен 7 аптаға дейінгі даму Бұл стадия ағымында эмбрион форманы табады. Саусақ қол аяқтар бармақ қалыптасу жүреді.
Іштегі нәресте: 8 апта 38-40 апта. Бұл стадияда жүйесі қалыптасады, іштегі нәрете күннен күнге адамға ұқсай бастайды 12 аптада баланы тану оңай болады 16 аптада бала 15-16см жетеді. 23 аптада балада ұйқы цикл қалыптасады. Қалыпты жүктілік болғанда іштегі нәрестелік 40 аптада аяқталады.Кез келген биологиялық процесс баланың дүниеге келуі туу процесі сәйкестендіріледі Мерзімінен бұрын туу жүктіліктің 266 күнінен аяқталады.3,5 кг
Босануға дейінгі антентальды.
Баланың кезінде интренатальды.
Босанудан кейінгі неонтальды.
10. Сәбилік кезеңдегі баланың сөйлеу-тілінің дамуы
Мектепке дейінгі балалар тілінің даму ерекшеліктері.
Бала тілі ересек адамдардың сөйлеуі әсерінен қалыптасады және үлкен дәрежеде бала өмірінің алғашқы күнінен бастап сөйлеу тәжірибесінің жеткілікті болуына, қоршағандардың қалыпты сөйлеуіне және тәрбиелеу мен оқытуға тәуелді.
Сөйлеу туа пайда болған қабілет болып табылмайды, ол онтогенез үрдісінде баланың физикалық және ақыл-ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады. Баламен ана тілін меңгеруі қатал заңдылықтармен өтеді және барлық балаларға жалпы бірқатар белгілермен сипатталады. Сөйлеу тілі патологиясын түсіну үшін қалыпты балаларда сөйлеу тілі дамуының барлық реттік жолын нақты елестету керек, осы үрдістің заңдылықтарын және шарттарын білу қажет, осыдан оның жақсы дамуы тәуелді.
Бұдан басқа, осы үрдісте бұл немесе басқа ауытқушылықтарды уақытында байқау үшін бала тілі дамуының әр кезеңін нақты елестету керек. Мысалы, 1 жыл 4 айдағы бала әлі сөйлемейді. Бұл қалыпты жағдай ма, жоқ па екенін шешу үшін педагог қалыпты дамыған кезде бірінші сөздер қай уақытта пайда болу керек екенін білу қажет.
Балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдылықтарын білу сөйлеу тілі бұзылыстарын дұрыс тексеру үшін қажет. Осылайша, кейбір мамандар 3 жастағы балаларды дыбыстарды айту кезіндегі ауытқушылықтарды жою үшін логопедке жібереді. Ол дұрыс па? Жоқ. Өйткені сөйлеу тілінің қалыпты дамуында да осы жастағы балаларға кейбір дыбыстарды дұрыс емес айтуы тиісті болады. Физиологиялық тіл мүкістігі деп аталатын бұл көрініс толығымен заңға сыйымды және артикуляциялық аппараттың әлі толығымен қалыптаспауымен шартталады.
Онтогенез үрдісінде балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдарын білу сөйлеу патологиясын алдын-алу бойынша барлық түзете-тәрбиелеу жұмысты дұрыс құру үшін қажет. Мысалы, сөйлемейтін балаларды (алалиясы бар балалар) оқыту кезінде осыны білу жөн: ең алдымен әр бір балада сөйлеуді түсінуі дамиды, содан кейін ғана ол белсенді сөйлеуді меңгереді. Осыдан, егер мұндай жағдайда белсенді сөйлеуді дамыта бастасақ, онда бұл жұмыс күткен нәтижені бермейді.
Зерттеушілер балалардың сөйлеу тілі даму кезеңдерінің әр түрлі санын бөледі, оларды әр қилы атайды, олардың әр алуан жас шекараларын көрсетеді. Мысалы, А.Н.Гвоздев баланың сөйлеу тілінде әр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің сан алуан түрлерінің пайда болу реттілігін бақылайды және осының негізінде бірқатар кезеңдерді бөледі.
Г.Л.Розенгард-Пупко бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: дайындық (2 жасқа дейін) және сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.
А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуында 4 кезеңді белгіледі:
І кезең – дайындық – 1 жасқа дейін;
ІІ кезең – тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі – 3 жасқа дейін;
ІІІ кезең – мектепке дейінгі кезең – 7 жасқа дейін;
ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін.
Осы кезеңдердің сипатталуына тоқталайық.
Осымен,І кезең – дайындық (туғаннан бастап 1 жасқа дейін) кезеңі.
Бұл кезең неге осылай аталады? Өйткені осы уақытта сөйлеу тілін меңгеруге дайындығы болады.
Балада туғаннан бастапдауыс реакциялары пайда болады: айқай және жылау. Олар адам сөйлеуіндегі дыбыстардан өте алыс екені рас. Бірақ айқай да, жылау да сөйлеу аппаратының үш бөліміндегі жіңішке және түрлі қозғалыстардың дамуына көмектеседі.
2 жұмадан кейін балаланың сөйлеп тұрған адамның дауысына назар аудара бастауын байқауға болады. Ол жылауын қояды, оған қарап сөйлегенде тыңдап жатады. Бірінші айдың аяғында баланы әуенді әнмен (бесік жырымен) тыныштандыруға болады. Әрі қарай ол сөйлеп тұрған адамның жағына қарай қарауға немесе сол адамды көзбен бақылай бастайды. Жақында сәби интонацияға назар аудара бастайды: нәзік дауысқа мәз болады, ал қатты дауысқа жылайды.
2 айға қарай гуілдеу және 3 айдың басына қарай былдырлау пайда болады. Былдырлау – бұл белгілі бір артикуляциясы бар дыбыстардың бірігуі.
Бала 5 айдан бастап дыбыстарды естиді, қоршаған адамдардағы еріннің артикуляциялық қозғалыстарын көріп, еліктеуге тырысады. Белгілі бір қимылдардың көп рет қайталануы қозғалыс дағдысының бекітілуіне әкеледі.
6 айдан бастап бала жеке буындарды еліктеу арқылы айтады (ма-ма-ма, па-па-па және т.б.).
Әрі қарай бала еліктеу арқылы сөйлеу тілінің барлық элементтерін ақырындап иеленеді: фонемдерді ғана емес, үнді, қарқынды, ырғақты, әуенді интонацияны.
Екінші жарты жылдықта бала белгілі бір дыбыс тіркестерін қабылдап, оларды затпен немесе әрекетпен байланыстырады. Бірақ осы уақытта ол әлі де әсер етудің барлық кешеніне назар аударады: жағдайға, интонацияға, сөзге. Осының барлығы уақытша байланыстың пайда болуына көмектеседі (сөздерді есте сақтау және оларға реакция).
7-9 айдағы бала әр түрлі дыбыстардың бірлесулерін ересектердің артынан қайталай бастайды.
10-11 айда сөздердің өзіне реакция пайда болады (жағдайға немесе сөйлеушінің интонациясына тәуелді емес).
Осы уақытта аса үлкен мағынаны баланың тілі қалыптасып жатқан орта иеленеді (қоршағандардың дұрыс сөйлеуі, ересектерге еліктеу және т.б.).
1 жасқа қарай алғашқы сөздер пайда болады.
ІІ кезең – мектепке дейінгінің алдыңғы (1 жылдан 3 жасқа дейін) кезеңі.
Балада алғашқы сөздердің пайда болуынан дайындық кезеңі аяқталады да, белсенді сөйлеу тілінің қалыптасу кезеңі басталады. Осы уақытта балада қоршағандардың артикуляциясына ерекше зейіні пайда болады. Ол сөйлеушінің артынан өте көп және ынтамен қайталайды, өзі де сөздерді айтады. Осы кезде бала дыбыстарды шатастырады, оларды орындарымен алмастырады, бұрмалайды, түсіріп тастайды.
Баланың алғашқы сөздері жалпылама-мағыналық сипатын иеленеді. Бір сөзбен немесе дыбыстық тіркеспен ол затты да, өтінішті де, сезімді де белгілеуі мүмкін. Баланы тек белгілі бір жағдайда ғана түсінуге болады. Сондықтан осындай сөйлеу тілі жағдайлық деп аталады. Жағдайлық сөйлеу тілін ым-ишарамен, мимикамен жетелейді.
1,5 жастан бастап сөз жалпылама сипатына иеленеді. Ересекпен сөз арқылы түсіндіруін ұғу, білімдерді меңгеру, жаңа сөздерді есте сақтау мүмкіндігі пайда болады.
Енді біз дыбыстардың пайда болу заңдылықтарына үңілейік. Ең алдымен балаларда жабысыңқы-жарылғыш (еріндік (п, п', б, б'), тілалды (т, т', д, д')) және жабысыңқы-өткізгіш (еріндік (м, м'), тілалды (н, н', л, л')) дыбыстар пайда болады. Еріндік дыбыстардың алдымен пайда болу себебі 1-ден 2 жасқа дейін балаларда еріндер ең белсенді және қозғалмалы болып келеді. 2 жасында [п], [п'], [б], [б'], [т], [т'], [д], [д'], 2,5 жасында [м], [м'], [н], [н'], [ң] дыбыстары шықса, ал [л], [л'] дыбыстары 3,5 жасқа қарай ғана пайда болады. Осы артикуляцияныңбіріншітүрі болып саналады.
Артикуляцияныңекіншітүрі балада саңылаудың (артикуляция мүшелерінің белсенділігі) пайда болуына негізделеді. Саңылаулы (фрикативті) [ф], [ф'], [в], [в'] (еріндік-тістік) дыбыстары 1 жыл 8 айдан 1 жыл 10 айға дейінгі аралықта пайда болады. Ал [с], [с'], [з], [з'] (тілалды) дыбыстары 2 жыл 2 айда шығады. 2,5 жасқа қарай [j] (тілортасы), 2 жыл 6 және 2 жыл 7 айларында [х], [х'], [һ] (тіларты), 2 жастың аяғына қарай [к], [к'], [г], [г'], [қ], [ғ] дыбыстары пайда болады. 3 жасқа қарай балаларда барлық дерлік дыбыстары қалыптасады. Бірақ олар басқа дыбыстармен алмасуы мүмкін.
Артикуляцияныңүшіншітүрі – аффрикаттар. Ол 2-жастың аяғына қарай пайда болып, жабысыңқы мен саңылаудың тез ауысуынан шығады. Бірінші аффрикат [ц] ([т] мен [с] дыбыстарының қосындысы) 2 жыл 4 және 2 жыл 6 айларында, 4 айдан кейін екінші аффрикат [ч] ([т] және [щ] дыбыстарының қосындысы), яғни 2 жыл 8 және 2 жыл 10 айларында пайда болады.
Жұмсақ дыбыстарды айту қосымша тіл арқасындағы ортаңғы бөлігінің таңдайға көтерілуін талап етеді. Артикуляцияның бұндай түрі палладализация (Palladio-таңдай) деп аталады. 2 жасында баланың тілі физиология жағынан қарағанда ауыз қуысының түбінде жатады. Ал 3 жасқа қарай тіл көтеріле бастайды. Сондықтан да алдымен қатты, кейін жұмсақ дыбыстар пайда болады. 2,5 жаста тіл астына түседі, яғни тіл арқасының ортаңғы бөлігі автоматты түрде көтеріліп, басқарылуы мүмкін. Сондықтан бала дыбыстардың қатты да, жұмсақ та түрлерін айта алады. 2 жыл 8 және 2 жыл 10 айларында балада жұмсақ және қатты дыбыстардың дифференциациясы қалыптасады.
Артикуляцияның ең ауыр және соңғы, төртінші түрі келесі кезеңде көрсетіледі..
2 және 3 жаста балада сөздік қордың жиналуы байқалады.
Әр түрлі зерттеушілер балалардың сөздік қоры туралы әр алуан сандық мағлұматтарды көрсетіп кеткенін белгілеген жөн.
Осы кезеңде балалардағы сөдік қордың қарқынды дамуы туралы кең таралған мағлұматтарды келтірейік: 1 жыл 6 айға қарай – 10-15 сөз; 1 жылдың аяғына қарай – 300 сөз (6 ай ішінде 300-ге жуық сөз); 3 жасқа қарай 1000-ға жуық сөз (яғни бір жыл ішінде 700-ге жуық сөз).
Сөздің мағынасы нақтылана бастайды.
3 жасқа қарай балада сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы қалыптаса бастайды.
Ең алдымен бала өз тілегін, өтінішін бір сөзбен айтады. Кейін арасында байланысы жоқ қарапайым сөз тіркестерін қолданады. Одан әрі сөздер арасындағы байланыс элементтері және сөйлемдегі сөздердің бағынуы біртіндеп пайда болады.
2 жасқа қарай балалар зат есімнің жекеше және көпше түрлерінің, етістіктер шақтарының формаларын қолдану дағдыларын меңгере бастайды, кейбір септік жалғауларын қолданады.
Осы кезде ересектердің сөйлеуін түсінуі дыбыстау мүмкіншілігінен біршама асып түседі.
ІІІ кезең – мектепке дейінгі (3-тен 7 жасқа дейін) кезең.
Осы кезеңде артикуляция түрлерін қарастырайық, яғни дыбыстардың пайда болу кезектілігін байқайық.
Бірінші, екінші және үшінші артикуляция түрлерін алдыңғы кезеңнен көрсек, енді төртінші кезеңге көшейік. Артикуляцияның төртінші түрі – діріл (вибрация). Ол тіл арқасындағы ортаңғы бөлігінің және тіл ұшы бұлшықеттерінің қалыптасуында ғана ([р], [р'] дыбыстарын дұрыс айту), яғни 4 жаста пайда болады (қалыпты дамыған балада 2 ай ерте немесе кеш дамиды).
Мектепке дейінгі кезеңде балалардың көбінде дұрыс емес дыбыстауы әлі де белгіленеді. Ысқырық, ызың, үнді дыбыстарды айту кезінде, сирек жұмсарту, қатаңды ұяңға айналдыру, йотация кемістіктерін байқауға болады.
4-тен 5 жасқа дейін бала барлық дыбыстарды меңгеру және олармен дұрыс қолдану қажет. Егер де бала дыбыстарды бұрмаласа, онда оған арнайы көмек керек, яғни арнайы түзету. Дыбыстардың бұрмалануы әр жаста дизонтогенездің белгісі болып келеді.
3 және 7 жас аралығында балада өзінің дыбысталуын есту арқылы бақылау дағдысы, кейбір мүмкін болған жағдайда оны түзету білігі аса дамиды, басқаша айтқанда, фонематикалық қабылдауы қалыптасады.
Бұл кезеңде сөздік қордың тез ұлғаюы жалғасады. Балаланың белсенді сөздік қоры 4-6 жасқа қарай 3000-4000 сөзге жетеді. Сөздің мағынасы одан әрі нақтыланады және біршама байытылады. Бірақ балалар жиі сөздерді қате түсінеді немесе қолданады. Осымен қатар мұндай көрініс «тілді сезуді» куәландырады. Бұл балада сөйлеу арқылы қарым-қатынасы тәжірибесінің өсуін білдіреді және оның негізінде тілді сезінуі, жаңа сөздерді шығару қабілеті қалыптасады.
К.Д.Ушинский тілді сезінуге ерекше мағына берді. Оның сөзінен баланың сөздегі екпін орнын, грамматикалық айналымды, сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілін еске түсіретінін көруге болады.
Сөздік қордың дамуымен қатар сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы да дамиды. Мектепке дейінгі кезеңде балалар байланыстырып сөйлеуді меңгереді. 3 жастан кейін баланың сөйлеуіндегі мағынасының біршама күрделенуі болады, оның көлемі ұлғаяды. Бұл сөйлем құрылымының күрделенуіне әкеледі. А.Н.Гвоздевтің анықтауы бойынша 3 жасқа қарай балада барлық негізгі грамматикалық категориялар қалыптасқан болады.
4 жастағы балалар сөйлеуінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. Осы жаста дыбыстаудың аса таралған формасы – жай, жайылма сөйлем (Мен қуыршаққа әдемі көйлек кигіздім. Мен жігітпін).
5 жастағы балалар салалас және сабақтас сөйлемдердің құрылымымен салыстырмалы оңай қолданады.
Осы жастан бастап балалардың сөйлеуі қысқа әңгімені еске түсіреді. Әңгімелесу кезінде олардың сұраққа жауабы сөйлемдердің көп және одан да көп сандарын өзіне қосады.
Балалар 5 жасында қосымша сұрақсыз 40-50 сөйлемдердің ертегінің (әңгіменің) мазмұнын құрастырады. Ол сөйлеу тілінің ең қиын түрінің бірі монологиялық сөйлеу тілін меңгерудегі табыстар туралы куәландырады.
Бұл кезеңде фонематикалық қабылдауы біршама жақсарады: алдымен бала дауыссыз және дауысты дыбыстарды, кейін жұмсақ және қатты дауыссыз дыбыстарды, соңында үнді, ызың және ысқырық дыбыстарды ажырата бастайды.
4 жасқа қарай қалыпты дамыған бала барлық дыбыстарды ажырату керек, яғни фонематикалық қабылдауы қалыптасқан болуы қажет.
Осы уақытқа қарай дұрыс дыбысталудың қалыптасуы да аяқталады және бала өте таза сөйлеуді.
Мектепке дейінгі кезеңнің аралығында контекстік сөйлеу (жалпыланған, көрнекілік тіректен айырылған) біртіндеп қалыптасады. Контекстік сөйлеу ең алдымен баламен ертегі, әңгіме айтқан кезде, кейін оның жеке тәжірибесінде болған қандай да бір жағдайды, оның өзіндік уайымын, әсерін бейнелеу кезде пайда болады.
ІV кезең – мектептік (7-ден 17 жасқа дейін) кезең.
Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, осы кезеңде балалардағы сөйлеу тілі дамуының негізгі ерекшелігі – бұл оның саналы меңгерілуі. Балалар дыбыстық анализді меңгереді, дыбыстаудың грамматикалық ережелер құрылысын игереді.
Осы кезде басты роль сөйлеу тілінің жаңа түріне, яғни жазбаша сөйлеу тіліне жатады.
Сонымен, мектептік жаста баланың сөйлеу тілінің мақсатталған қайта құрылуы болады – қабылдаудан және дыбыстарды айырудан тілдің барлық құралдарын саналы қолдануға дейін.
Әрине, жоғарыда көрсетілген кезеңдер қатаң және нақты шекараны иеленбейді. Олардың әр қайсысы келесі кезеңге қалыпты түрде өтеді. Балалардың сөйлеу тілінің даму үрдісі уақытында және дұрыс өту үшін белгілі бір жағдайлар қажет. Сонымен, бала:
Психикалық және соматикалық жағынан сау болу керек;
Қалыпты ақыл-ой қабілеттерін иемдену қажет;
Естуі және көруі қалыпты болу керек;
Жеткілікті психикалық белсенділікке ие болу керек;
Сөйлеу арқылы қарым-қатынасты қажетсіну керек;
Толыққанды сөйлеу ортасын иелену қажет.
Баланың сөйлеу тілінің қалыпты (уақытында және дұрыс) дамуы оған үнемі жаңа ұғымдарды меңгеруге, білім қоры мен қоршаған орта туралы елесті кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, сөйлеу тілі, оның дамуы ойлаудың дамуымен өте тығыз байланысты.
11. Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың танымдық дамуы
Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы
Баланың кез-келген іс-әрекетті зейін арқылы іске асады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.
Зейін деп адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз.
Баланың зейіні өте ерте байқала бастайды, өмірінің алғашқы айларында-ақ аңғарылады.Алғашқы кезде еріксіз зейін байқалады. Жас ерекшелігіне байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін дами бастайды. Оның дамуы сезімдерінің қажеттіліктердің және қызығуларының дамуымен байланысты.
Еріксіз зейін адам іс-әрекетінің барлық түрлерінде ерекше орын алады. Баланың көп автоматталған зейіні іс-әрекет кезінде бөлінеді. Бала жұмысты егер таң қалдыратын жағдай пайда болса аяғына дейін орындау керектігін түсініп, қызығып орындайды. 4-7 жаста бала шулы ойынға қызығады, тіпті сабаққа дейін жалғастырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің дамуы оның жаңа іс-әрекетінің түрлерін өзгертеді.4-5 жастағы бала өзін үлкендердің әсерімен басқарады. Тәрбиешімектеп жасына дейінгі балаға үнемі: «ықыласты бол» «назар аударып тыңда», «назар аударып көр» деп атайды.Бала үлкендердің қойған талабын орындау үшін өзінің зейінін басқару қажет.
В.С Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалды. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда зейіннің естің қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.
Мектеп жасына дейінгі бала түйсігінің дамуы
Бала жарық дүниеге келгеннен бастап, үлкендер сияқты қоршаған дүниені танып біледі деуге болмайды. Балаларда сезім органдары бірте-бірте дамиды олардың түйсінулерге қабілеттілігі тәжірибеге және тәрбиеге байланысты жетілдіріледі. Кішкене сәбидің нені түйсінетіндігі туралы біз тек қана олардың белгілі тітіркендіргіштерге жауап реакцияларын айта аламыз. Сәби көздері алғашқы күннен жарықтың өзгеруін бағдарлай бастайды. Түстерді ажырату баланың бір айлығында байқалады.Бала дүниеге келген алғашқы күндері естимейді. Психологтардың арнайы зерттеулері көрсеткендей 7ден 10жасқа дейінгі шәкірттерде түстердің белгілеріне сезгіштігі 45% артады, ал 10-нан 12 жасқа дейінгілерде 60% дейін арта түседі.
Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау іс-әрекеттерінің дамуы. Сенсорлық эталондарды меңгеру заттардың қасеттеріне баланың бағдарлануы дамудың тек бір ғана жағы. Біріншімен тығызбайланысты екінші жағы-қабылдау іс-әрекетін жетілдіру.
Кеңістік пен уақытты бағдарлауды дамыту
Кеңістікте бағдарлау. Бала сәбилік шақта-ақ заттардың кеңістікте орналасуын көру іскерлігін меңгереді. Алайда ол заттар арасындағы кеңістік бағыттары мен кеңістік қатынастарын заттардың өзінен бөлмейді. Заттар мен олардың қасиеттері туралы ұғымның пайда болуы, кеңістік туралы ұғымнан бұрын пайда болады және олардың негізі болып табылады.
Уақытты бағдарлау. Кеңістікті бағдарлауға қарағанда, уақытты бағдарлау балаға едәуір қиындыққа түседі.Бала белгілі уақыт ішінде тамақ ішкісі келеді ұйықтағысы келеді бірақ озі уақытты көпке дейін бағдарлай алмайды.
Мектеп жасына дейінгі баланың суретті қабылдауы.
Мектепке дейінгі шақта суретті қабылдау үш бағытта өтеді:
Біріншіден, болмыстың бейнесі ретіндегі суретке деген көзқарас өзгереді, екіншіден, суреттің болмыспен арақатынасы дұрыс белгілей білуі, яғни суретте не бейнеленсе соны көре білуі дами бастайды, ақырында, суретті талдай білуі, яғни оның мазмұнын түсінуі жетіле бастайды. Мектеп жасына дейінгі естиярлар сурет пен болмыстың байланысын бірқатар дәрежеде игеріп алады. Атап айтқанда таныс зттардың перспективалық бейнелерінің салыстырмалы шамасын дұрыс анықтауды көп қатарлы үйдің бір қатарлы үйден үлкен екендігін айтып бере алады.
12. Даму ұғымына сипаттама беріңізДаму онтогенезде генетикалық бағдарламаланған өзгерістерді болжау қажеттілігінен жетілу жағдайында жүзеге асады. Жетілу қажет алғышарттарды құрып, дамуды шектейді. Жетілу – дамуды шектейтін əрі мүмкіндіктерін қалыптастырушы объективті үдеріс болып табылады. Даму сапалы өңдеулердің негізі болып табылатын сандық өзгерістерге негізделеді. Дамудың негізгі сипаттамаларын ерекше атап көрсету үшін оның философиядағы түсінігін қарастыралық.Дамуды алға жылжу бар да, кері қайту жоқ. Алайда, біз ойша өткен шаққа орала аламыз, оны өңдеуге мүмкіндігіміз бар, психоанализ бен психотерапия дəл осы əдіс-тəсілдерге сүйенеді. Мұрагерлік сапалы, қайтарымсыз өңдеудің сақтаумен жəне тұрақтылықпен үйлесімін білдіреді. Мəселен, «эго-ұқсастық» ұғымы орын алған барлық өзгерістерге қарамастан «Мен» ұғымының мұрагерлігі мен сəйкестігінің сақталуын білдіреді. Эго-ұқсастықтың құрылымы тұлғаның тұрақты негізін құрайды. Даму əрдайым қайсыбір тұрақтылықты болжайды.
13. Зерттеуде проективті әдістерді қолданудың шарттарытоптық психотерпия әдістерінің бірі. Проективті суреттің негізгі міндеті тұлға проблемасы туралы қосымша ақпарат алу. Проективті сурет адамның айтып жеткізе алмайтын мәселелері мен бастан кешірулерін айқындау және ұғынуға мүмкіндік береді. Сабақ келесі түрде ұйымдастырылады: әр студент қағаз, түрлі түсті борлар (краска, түрлі түсті қарындаштар қолдануға болады) және берілген тақырыпқа сурет салады. Проективті әдісті қолдануда салынған суреттің сапасы үлкен мәнге ие емес. Сурет салуға ұсынылатын тақырыптар жеке сондай-ақ жалпы топтық, түрлі мәселелерге қатысты болуы мүмкін. Проективті суретті талдау барысында мазмұнына емес оның көрсету тәсіліне, түсіне, пішініне, шығармаға, көлеміне, пациенттің түрлі суреттердегі қайталанатын арнайы ерекшеліктеріне көңіл аударады. Бірігіп сурет салуда пікірталас топтық жұмыстағы әрбір адамның қатысуын, оның жалпы әрекетке қосқан үлесі және топ мүшелерімен өзара қарым-қатынас проццесіндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктері туралы талқылау болады.
14. Мектеп жасына дейінгі еңбек әрекетінің психологиялық ерекшелігіБаланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек. Ұлы педагог, А. С. Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай болады. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті қимыл қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі. Мысалы: Жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі бәрі адамгершілікке, үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі.
15. Тұлға құрылымының дамуы
Адамдардың әртүрлі жағдайларда және түрлі уақытта өзгермейтін сипаттамаларын көрсететін құрылымды тұжырымдамалар- кез келген тұлға теорияларының негізгі белгісі болып табылады. Осындай тұрақты сипаттамалар адам психикасының негізгі құрастырушы блоктарының рөліе атқарады. Осы мағынада олар жаратылыстану ғылымдарындағы атомдар мен жасушалар сияқты ұғымдарға іспеттес. Дегенмен құрылымды тұжырымдамалар негізінен болжалды түрде болады, оларды мидың нейрондары сияқты микроскоппен көру мүмкін емес. Бітіс адамның әртекті жағдайларында өзін белгілі бір түрде ұстауға бейімділігі мен тұрақты сапасы ретінде қарастырылады. Тұлға бітістерінің танымал үлгілері түрде таралғандары: албырттық, шыншылдық, сезімталдық пен жасқаншақтық. Тұлғаның мінез бітістерін зерттеу саласындағы үш жетекші беделді ғалымдар Гордон Олпорт, Рэймонд Кеттел және Ганс Айзенк тұлғаның құрылымын схема түрінде мініз-құлықтың негізіндегі болжалды қасиеттер терминдерімен ұсынғанды жөн көрді.
16. Баланың бір, үш, жеті жастағы жас дағдарысы болады. Бұл бала өмірінің неғұрлым қиын сәттерінің бірі.Өзінің менің бөлініп шығу дағдарысы,әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау.Бала бағыты өзгереді.Егер де жаңа қаынастар дұрыс қалыптаспаса ,оның ұсынысы қолдау таппаса ,дербестілік шектеледі, балада үлкендермен қарым-қатынасынада көрінетін дағдарыстық құбылыстар пайда болады. Л.С.Выготский және ізінен Э.Келлер 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттейді.
1.Негативизм-бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы болуы да мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқалармен қалыпты қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві-барлығын керісінше жасау.
2. Қыңырлық (упрямство)-бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмтылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтық көрініс беруі мүмкүн. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.
3.Наразылық-бүлікші-кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай кездесуі мүмкін, олао үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.
4. Деспотизм(шексіз билеушілік)- отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала
Баланың жеті жастағы дағдарысы. Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезендері сияқты, психикалық дамуыңда дағдарысқа немесе құрт өзгерістерге ұшырап отыратындығы ғылыми әдебиеттерде баяндаған.Мұндай өзгеріс баланын жеті жаотағы дағдарысы деп те аталады. Осы кезевде баланың акьш-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге үшырап, тәрбиесі жөнінен де бұрынғы уакытқа қарағанда неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те атау киын. Өйткені ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді.Соңғы уақытта бұл жасқа арналған бірқатар зерттеулер жарық көрді. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда жеті жастағы бала енді бұрынғы нағыз балалық ерекшеліктерінен айырылады. Алайда оның қимыл-қозғалыстары мен ішкі жан дүнесі сол балдырғандығын көрсетеді. Бұл кезенде бала алдына мақсат қойып, оны өздігінен аңғара білуі, тілегіне жетіп, оны жүзеге асыруы толық жетілмеген.Мектеп жасына дейінгі баланын дағдарысқа ұшырау жағдайы оның аңғырттығы мен бірбеткейлігінін. құрт өзгеретіндігін қарапайым бақылау арқылы көзге түседі. Бірақ оның мінез-құлқы мен өзінің маңындары адамдармен қарым-қатынастарынан анық байқала қоймайды.Жеті жастағы баланың бойы тез өсіп, едәуір өзгерістер болады. Бұл кезенде баланың тісі түсіп, оның орынына жаңа тістер шырады. Жеті жастағы баланың кезеңі үш жастағы кезеннен әлдеқайда күрделі сипатта болады.Жеті жастағы баланың басынан өтетін дағдарыстың негізінен екі түрлі ерекшелігін қарастырып көрейік. Бала айтқанға көнбей қырсығады. Жүріс-тұрысы өзгереді. Мінезінде ойланбай істейтін жасанды қылықтар пайда болады, ұшқалақ, қылжақбас күлдіргі қылықтары пайда болып, ол өзін сайқымазақ ретінде көрсетеді, Мұндай қылықтар баланың жеті жасқа дейінгі кезеңің болғанымен, оның төңірегінде оған жете мен бермейді.
Мұнда қылжақтау әрекетінің пайда болуы нендей себептерге байланысты? Бала мұндай келеңсіз қылжақбас бейнелерді әсіресс өзінің сыртқы тұрпатына, өзгелердің жүріс-тұрысына қарап еліктеп істейді. Мысалы, біреудің дауысы дірілдеп шығатын болса, соның сөйлеу ырғағьша қарап, бала өз дауысын да дірілдетіп шығаратын болады. Сондықтан баланың орынсыз сөз айтып, қалжыңдаса, оған ешкім де таңданбайды. Өйткені мұңдай мінез көріністері жеті жасар бала-ларға тән ерекшелік екендігі оның дамуындағы заңды құбылыса тән мінез және онын ұяндықтан ажырал, өзіндік ерекшеліктерік сыртқа шығару белгілері болып саналады.
Жеті жастары баланын дағдарысынын ең басты көрініс оның жеке басының ішкі және сыртқы дүниесіндегі елеул; өзгерістерге ұшырау себептерімен байланысты.
Баланың мінезіндегі дағдарысқа ұшырау себептерін оның бойындағы ішкі және сыртқы сапалы өзгерістердің пайда бол- луымен ұштастыру қажет. Өйткені баланың бойында жаңадан өзіндік мінез көріністері пайда болып, мұндай ерекшеліктер бы-лайғы адамдарға күлкілі болып көрінеді. Осы орайда бала мінезіндегі өзгерістердің зандылық екендігін атақты актер Ч.Чап-лин орындаған рольден айқын көруге болады. Ол ересек адам-дардың ролін ойнағанда өзін ерекше балалың аңғыртгықпен, балалық мінезбен көрсетеді. Оның күлдіргі әрекетгерінін сыры да, басты шарты да осында.
Бала бойындағы аңғалдық мінездік жоғалуы онын есі кіріп, ақыл-ойнның сапалык деңгейге көтеріле бастауы деген сөз. Мұндай мінез баланың бойына сыналай еніп, оның аңғырт және өзіндік іс-әрекетінде елеулі өзгерістер тудырады. Сонымен жеті жастағы дағдарыстың өзіндік сипатымен қатар, баланың әр алуан әрекеттерінің ықпалынан ақылы кіріп, сыртқы болмыстың мән-жайын түсіне білуге бағдарлап отырады.
Қазіргі заманғы жеке адамның психологиясы мен психопатологиясындағы күрделі мәселелердің бірі – әрбір нәреенің мән-жайына түсіне білу деп санар едік. Бұл мәселенін мазмұньш ашып көрсету үшін нәрселердің сыртқы әсерін қабылдаумен ұштастыра отырып қарастырған түснікті болатын сияқты. Адамның сыртқы әсерлерді қабылдауындағы елеулі ерекшелік – оның түсінікті болуы, затты тікелей қабылдауы.
Қабылдайтын әсерлер комплексті түрде ішкі әсерлермен бір мезгілде ұштасып жатады. Мысалы, мен бірден сағатты көремін. Адамның сыртқы әсерді қабылдауын миы зақымданған ауру қабылдауымен салыстыру керек. Оңдай ауру адамға сағатты көрсетсеңіз, оны танығанымен не үшін қажет екенін білмейді. Ол сағатга көргенімен оның қандай зат екенін айыра алмайды. ігер сіз сағатты сырқттың көзінше бұрап немесе оның жүретінене көз жеткізу үшін құлағыңызға тақап тыңдасаңыз, немесе уақытты білу үшін оған қарасаңыз ауру адам бұл сағат болу керек дейді. Ол көрген затты сағат деп пайымдайды, Ал біз үшін сағаттың уақыт өлшеуші құрал екендігі санамызда мықты ұялайды, Сонымен, қабылдау көрнекі ойлаудан ажыратылмайтын қасиет сияқты. Көрнекі ойлау процесі затты түсінумен қатар. сүреді. Егер мен мына зат сағат десем, содан кейін бұған ешқандай ұксамай мұнарадағы әлде бір сағатты көріп, оны да ағат деп атасам, онда мен бұл затты белгілі бір заттар тобына қататын нәрсе деп ұғынамын. Қысқасын айтқанда, әрбір нәрсенің бейнесін қабылдауда жинақтау сипаты болады. Сонымен бірге, кабылдау процесінің біздін танымымыз бойынша, оның үнемі мағыналық сипатга болып отыратындығына көзіміз жетеді. Осы орайда қабылдаудың өзіндік талғамалы болатындығын да атау керек. Мысалы, мен сағатты оның жанында жатқан заттар құрылымында ғана емес, сол сағаттың өзін жеке зат ретінде қабылдап білемін.
Адамның мағыналық қабылдауын шахмат ойынымен салыстырып қарауға болады. Бала шахмат тақтасындағы түрлі фигуралардың түр -түсіне қарап, онымен ойнай білмесе де, әрбір астың түсіне қарап таңдай бастайды, бірақ олардың жүріс ретін, құрылымын анықтай алмайды. Ал шахмат ойнауды үйренген бала өзгеше әрехет жасайды. Бала үшін қара ат пен ақ пешка бір-бірімен байланыспайтын сияқты болады, ал заттың жүрісін білетін екінші бала аттың қолайсыз жүрісі оның пешкасына қауіп төндіретінін түсінеді. Ол үшін ат пен пешка – біртұтас ұғым. Жақсы ойынша ойын білмейтін балаға қарағанда шахмат тақтасындағы фигураларға олардың орналасу жағдайына қарай тайымдауының өзгеше құрылымда екендігін түсіне білуі. Қабылдаудың жеке бөлшектерінің біртұтас көрнекі тұлға ретінде әсерленуі. Шахмат тақтасындағы тастардың орналасу жағдайына орай олардың ерекшеліктерін түрліше қабылдауы.
Біз қоршаған әлемді шахматшының шахмат тақтасы тұтас түріндегі әсеріндей қабылдаймыз. Біз заттардың көршілес немесе бөлек-бөлек тұрған жағдайын ғана емес, сонымен бірге барлық түйсіктер байланысты түрде белгілі қатынаста деп қабылдаймыз.
Дыбысты тілде тек атаулар ғана емес, сонымен бірге заттарды мағынасы да бар. Сәби заттардын мағынасынан көрі өзі ме басқалардың әрекеттерін, ішкі көңіл-күйін де («Менін ұйқы келді», «Тамақ ішкім келді», «Мен тоқып тұрмын») сөз аркылы өте ерте білдіре бастайды. Тілдің қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланьш, көңіл-күйін де сөздермен атауға, оларды өзар байланыстыра алуды үйренеді. Сөздермен байланыс жасау қара пайым құрама ғана емес; ол әрқашан да жиынтық түсінікті біл діреді. Кез келген сөз затгың бірлігін білдіре бермейді. Егер қазір суық болып тұр десек, ал бір күннен кейін, тағы да солай десе суықты жекелей сезінудің өзі жинақтау әрекеті болып шығады Сөйтіп ішкі көңіл-күйін білдіретін процесс жалпылық мағынаға ие болады.
Сәби бөлме ішіндегі заттарды: орындықтарды, столды жеке-жеке қабылдай алмайды, оңың ересектерден айырмашылығы сол заттардың бәрін тұтас түрінде қабылдайды. А ересектер көз алдындағы заттардың бәрін даралап көреді жән солай қабылдайды. Жас сәби өзіне дағдылы өмір әсерін қалай қабылдайды? Ол қуанады, ренжиді, бірақ өз қуанышының мәнін ұғына алмайды. Қарны ашып тұрса да, оған түсіне алмайды Аштықты сезінуді және «мен ашпын» дегенді түсіну арасында үлкен айырмашылық бар. Жас сәби өз басындағы күйін аңғарып біле алмайды.
Жеті жасар баланың өз көңіл-күйін біліп, «мен қуаңдым» «мен ренжідім», «мен ашулымын», «мен көңілдімін», «менің ызам келіп тұр» деген жайттардың мәнісін түсіне бастайды, яғни ол өзінің күй-жайын бағдарлай алады. Ал ұш жастағы сәбидің басқа адамдарға қатынасын аңғаруы сияқты, жеті жастағы бала өзінің әсерлену сезімін ұғына алады. Соның нәтижесінде жет жасар баланың бойындағы дағдарысын сипаттайтын кейбір ерекшеліктер кіріне бастайды.
17. Психикалық дамудың қозғаушы күштері туралы жалпы сипаттама беріңіз психиканың мән-жайы мен деңгейін, бағытын дамытуға ықпал етіп отыратын сыртқы және ішкі факторлар мен жағдайлардың жиынтығы. Мұндай жағдай адамның жеке басының дамып жетілуінде қажеттіліктерін қанағаттандыруы мен нақты болмыстар арасындағы қайшылықтарды реттеу болып табылады. Психикалық дамудың заңдары — адамның бір жастан екінші жас шағына өтудегі психологиясы мен қылығында болатын өзгерістерді, яғни ондай өзгерістердің себептерін сипаттайтын заңдылықтар. Психикалық дамудың функционалдық теориясы — психикалық функциялардың дамуы өмірде практикалық жиі және қарқынды қолданғанға тікелей тәуелді екеніне сендіретін теория
18. Жас ерекшеліктегі дағдарыс ұғымына сипаттама беріңіз-дағдарыстың себебі: адамдардың рухани адамгершілігінің төмендеуі,қарым-қатыныстың дұрыс болмауынан туады.Қандай жас ерекшеліктегі адам болмасын,бойымыздағы асыл құндылықтарды жоғалтпай ақиқатты жасырмай айтып дұрыс әрекет жасасақ ішкі жан тыныштығымыз орнайды. Дағдарыс- бұл бір жас кезеңінен екіншісіне өту сатысы, осы сатыда қысқа уақыт аралығында түрлі психикалық қозғалыстар жүреді, даму секіріс түрінде болады, осының салдарынан мінез-құлықтың теріс қырлары мен тәрбиедегі қиындықтар байқалады.Жас ерекшелік психологиясының бөлімдері:а) сәбилік кезең (дүниеге келгеннен 1 жасқа дейін);ә) ерте балалық шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);б) мектепке дейінгі жас (3 жастан 7 жасқа дейін).2. Кіші мектеп жасы (7-10 жас).3. Жеткіншек жас (10-11 – 14-15 жас);4. Жас өспірім шақ: а) ерте жас өспірім шақ (15-18 ж.);
ә) кеш жастық шақ (18-21 ж.).5. Кемел жас психологиясы: а) 21-35 жас ә) 35-60 жас.6. Кәрілік жас психологиясы (геронтопсихология): а) егде жас (60-75 ж.);ә) кәрілік шақ (75-90 ж.); б) ұзақ өмір сүретіндер (90-нан жоғары).
19. Қарым – қатынастың онтогенезде дамуы
Қарапайым органикалық эмоцияларды бала туылғаннан бастап басынан кешіреді. Ең бірінші – жағымсыз эмоциялар байқалады. Олар: жылау, шыңғыру, т.б. ішкі және сыртқы ағзаның жағымсыз әсер етуіне жауап ретінде, мысалы, температураның төмендеуі, қарын ашу, суланған жаялықтар, т.б. Нәжістің бұзылуы, кешігіп берілген тамақ, балаға қатал дауыспен сөйлеу, осының барлығы эмоциялық реакция тудырады. Эмоциялық қозу кең түрде иррадиацияланады, эмоциялар басым, бірақ тез сөнеді.
Өмірінің бірінші айында анасына үлкен қуаныш әкелетін нәрсе ол – баланың күлуі. Алайда бұл күлкіні, жымиюды адамдардың күлкісі деуге болмайды. Өйткені, баланың көзі жабық немесе адамның бетіне емес, басқа жаққа қарауы мүмкін, бірнеше секундтан кейін мұндай күлімсіреу қабақтың шытылуымен немесе есінеумен алмасуы мүмкін. Психолог-ғалымдар мұндай күлімсіреуді «физиологиялық» немесе «асқазандық» деп атаған.
Өмірінің үшінші аптасында немесе бірінші айда балада ересек адамға бағытталған күлкісі пайда болады. Бірте-бірте бала анасының күлгеніне жауап ретінде күлімсірейді.
Қорыта айтқанда, баланың бірінші айдың соңында пайда болған күлкісі қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнату құралы болып табылады. Мұндай күлімсіреу жаңадан туған бала мен нәрестелік кезеңнің шекарасы болып табылады
Нәрестенің ересек адамдармен қарым-қатынас жасауының пайда болу туралы пікірлер бар. Кейбір авторлар ол қасиетті туа біте пайда болады десе, енді біреулері уақыт өте келе жүзеге асады деген тұжырымды жақтап, дәлелдеуге тырысады. Осындай байланыстың нәтижесінде балада физикалық үдіріс пайда болады.
Үлкен адамдармен қарым-қатынасқа түсуді жас нәресте шын мәнінде керек ете ме? Бір - екі апталық нәресте баладан шын мәніндегі қарым-өатынас жасаудың белгілерін көру мүмкін емес. Осы құбылысты байқай келе, баланың қоршаған ортаға деген қызығушылығы жоқ екенін көруге болады, Бала анасын көргенде қуанбайды және оны іздемеуі де мүмкін. Жас нәресте өзін қоршаған адамдардың сөзіне ешқандай реакция қайтармайды және адамдардың да назарын өзіне аударуға тырыспайды.
Адамдармен байланысқа түспеуінен, мынандай теория шығаруға болады, жас нәресте өмірінің алғашқы апталарында ересектермен қарым-қатынасқа бармайды, ол тек уақыт ете пайда болатын құбылыс.
М.И.Лисина мынандай болжам айтады. Жас нәрестенің қарым-қатынасқа түсуі органикалық қажеттіліктерден туады (тамақ, жылу және т.б.). Өз бетімен бұл қажеттілікті жасай алмағандықтан, бала үлкендермен қарым-қатынасқа түседі. Бала жылау арқылы, қимылы және мимикасымен үлкен адамдардың назарын өзіне аударуға тырысады. Бірақ жас нәресте өз өмірінің алғашқы күндері мұндай әрекеттерін ешкімге бағыттамайды. Жас бала үлкен адамның арасындағы қарым-қатынас физикалық қарау ретінде жүзеге асады (тамақтандыру, орау, шомылдыру және т.б.). Байланыс толық қанды жүрмейді. Балада қарым-қатынас жасау деген ұғым бірте-бірте дами бастайды.
Баланың байланысқа түсуінде өзге адамдардың пайда болуы қызығушылықты оятады. Басқа адамдар ол үшін қалыпты қоршаған орта емес, жаңа информация объектісі болып табылады.
Жас нәрестенің өмірінде байланыс жасаудың ең белсенді субъектісі ретінде анасын алуға болады. Ана баланың ерекше қарым-қатынасқа түсіп, оның іс-әрекетін үнемі бақылауда алып және өзара байланыс сигналдарын жасауға тырысады. Бұл іс-әрекет мынандай формада жүреді; ана баладан шықққан түрлі дыбыстарға назар аударып тыңдап, оған жауап қайтарады. Ал бала көп жағдайда өзі тарапынан жауап қайтармайды. Ана бала іс-әрекетін аса байқағыштықпен аңғарса, екеу арасындағы байланыс ерте пайда болады.
Нәрестенің қимылына, ымына, күлкісіне ана тез арада жауап қайтаруға тырысады және баланың көзқарасын өзінде ұзақ ұстап тұруға тырысады. Алғашқы үш аптада қарым-қатынасөа түсу қиынға соғады. Бірақ анадан шыққан сигналдар яғна дауыс, қимыл-әрекет, мимика – белсенді түрде жүріп, баладан 25-50 см-ге дейінгі алшақтықта жүзеге асуы қажет. Ана әрқашанда баланы назарын өзінде ұстауға тырысады. Анаға бала өмірінің бірінші айында сыймаытын қуанышы - оның күлімсірегені. Жас нәрестенің беті үнемі белсенді қозғалыста болады. Бірақ бұл баланың күлімдегені әлі белсенді болмайды. Ол кезде баланың көзі жабық болады немесе бір жерге бағытталып қарап тұрады. Бұл кезде нәресте тек күлімсірейді, бірақ онда ешқандай қуаныш сезімі болмайды. Психологтар бұл құбылысты "Физиологиялық" немесе "асқазандық" деп атайды. Көп жағдайда аналар нәрестенің осылай күлгенін аса жылы қабылдайды.
Бала өмірінің үшінші аптасының соңына қарай баланың күлімдегені нақты адамға бағытталып, көз қарасы мен айшықталады. Алғашында бұл өте қысқа түрде жүреді, бірақ уақыт өте келе бала анасының түрін көрген мезетте күлімсірей бастайды.
20. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың темпераментінің типтік ерекшеліктері
2.Көріп қабылдаудың ерекшеліктері.Үш жастағы бала затқа көз жүгіртіп қарайды да, фигураның өзіне ұнаған көзге түскен ерекше белгілеріне көңіл аударады. Осындай жағдайда заттың жеке бөліктерін қабылдайды да оның тұтастай зат екенін ұмытып кетеді. 2) Қозғалмайтын заттың фонына қозғалып тұрған затты қабылдайды. 3) Бала фигураны көріп қабылдап қоймай, оның кейбір ерекшеліктерін қолымен сипау арқылы қабылдайды. Алғашқыда тек саусақтарының ұшымен сипап қабылдаса, бірте-бірте тұтастай алақанымен сипап қабылдайды. Сонда сәбилерде көріп қабылдаудан кейін сипап сезу арқылы жүзеге асады.
Үш жасқа келгенде баланың тұтастай қабылдауының мынандай ерекшеліктеріболады: 1. Заттың түсі онща анық емес, жалпы нұсқа пішіні болса да, тұтастық мағына беріп, тұтастай зат ретінде қабылдай береді. Яғни қарапайым заттың бейнесі дұрыс бейнелесе, бала дұрыс қабылдайды. Оны баланың «сыңарыңды тап» деген ойынды ойнауынан байқауға болады. Бірақ та өзіне таныс емес заттарды ерекше белгісі, формасы, түсіне байланысты талдап ажыраттырмаса, бала қателеседі. Бірақ әлі де болса, жеке бөліктерінің ерекшеліктерін ескермей жалпылама қабылдайды.
3.Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері.
Сәбилік кезеңнен бастап, кеңістікті бағдарлауға көңіл қою дағдыларын жақсы меңгереді. Бірақ олар әлі де болса, заттар мен кеңістіктердің ара-қатынасын бөліп қабылдай алмайды. Негізінде заттың қасиеті туралы түсініктен ерте қалыптасады. Кеңістікті дұрыс қабылдату үшін заттың формасын, көлемін дұрыс қабылдай білуінің маңызы зор. Сәбилік кезеңнің өзінде заттар мен белсенді әрекет ету нәтижесінде екі жастың өзінде заттың алыс-жақындығын, кеңістікте орналасуын, кенестезиялық және көру, вибрациялық түйсіктер арқылы ажыратып қабылдайды. Ал қимыл қозғалысы толық дамымаған бала арақашықтықты ажыратуы қиынға түседі.
4.Сәбидің ойлауының ерекшеліктері. Сәбилік кезеңнің өзінде баланың заттар мен әрекеттер етуінен ойлауының дамығандығын көруге болады. Мысалы, шашылып жатқан ойыншықты біріктіріп, олар мен өздігінен шеше алмайды да үлкендердің өздеріне үлгі көрсетіп, басшылық жасауын талап етеді. Соның нәтижесінде әрекетті дербес орындауға тырысады. Алғашқы кездің өзінде баланың тәжірибе жүзінде ойланып, әрекет етуі кенеттен болмайды. Екі жастаңы бала үстелден тысқары отырғанда үстел үстінде өзін қызықтыратын бір ойншық тұрса, оған зейіні ауып, алғысы келеді. Бірақ, қолын созып көріп жетпеген соң, жанында жатқан таяқшаны алып ойыншықты қозғайды. Ақырында таяқшамен қозғалған ойншықтың қозғалысына зер салып, әрекетті бір неше рет қайталайды да, соның нәтижесінде өзінше білгілі бір қорытындыға келеді. Балының сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен орындалатын ойлауын көрнекі іс-әрекеттік ойлау деп аталады. Бала көрнекі әсерлік ойлауды айнала қоршаған ортадағы әр түрлі заттар мен құбылыстардың байланыстарын зерттеу үшін қолданады.
Сәбилік кезеңде бала мәселені қарапайым тар көлемде көрнекі бейнелік ойлау жолымен шешеді. Неғұрлым күрделі мәселені шеше алмайды немесе көрнекі бейнелік жастарда ғана шешеді.
Қандай болмасын көрнекі бейнелік әсер етудің қорытындысынан шығатын мәселені іштей шешуді баланың көрнекі бейнелік ойлауы дейміз. Мысалы: таяқшамен әрекет етуді үйренгеннен кейін өзінің диванның астына домалап кеткен ойыншығын алуға болатынын түсінеді. Баланың ойлауының дамуына тілінің шығуы негіз болады.
5.Сәбидің зейінінің ерекшелігі. Сәбилік кезеңде баланың зейінінің шоғырлануы әлсіз және жаңа уақытқа өтеді, өйткені жоғарғы жүйке жүйесінің қозуы тұрақсыз әрі қысқа мерзімде болады. Зейіннің үнемі тұрақсыздығынан бір объектіден екінші объектіге ауысып отыруының себебі осы. Мысалы: олар ойнап отырған ойыншығын 12 минуттың ішінде 8 рет ауыстырады. Сонда баланың әрбір ойыншықпен әрекет етуі 2 минуттан аспайды. Себебі: бала өзінің зейініне басшылық жасап меңгере алмайды. Бұлардың зейіні көбінесе ырықсыз болады да, зейінінің ашық түсті затқа, қатты дыбысқа ерекше түске аудара береді.
Сәбилік кезеңде олардың зейініннің көлемі тар болады. Мысалы, үстел үстінде бірнеше ойыншық тұрса соның екі-үшеуін ғна қабылдап есте сақтап қалады. Сондай – ақ осы кезде бала екі бірдей әрекетке зейінін бір мезгілде шоғырландыра алмайды. Баланың жасы өскен сайын ойын әрекетімен шұғылдану нәтижесінде зейін тұрақтала түсетінін көруе болады. Осы кезде бала әдемі ойыншықпен ойнап отырса да, одан да ашық түсті дыбысты жақсы қазақтыратын ойыншықты көрсетсең, қолындағысын тастай салып, жаңа ойыншыққа ұмтылады. Бұл да зейіннің тұрақсыздығына байланысты. Сәбилер бір мезгілде екі бірдей әрекетке зейінін бір мезгілде бөле алмайды және ұзақ уақыт зейінін шоғырландыруы да қиын.
Баланың жасы өскен сайын есте сақтауының көлемі арта түседі. Үш жасата балада еріксіз есте сақтау күшті дамиды. Мысалы, тақпақты, өлеңді тез жаттап алғанымен оның мән мағынасына түсінбейді. 6.Эмоцияның ерекшеліктері. Баланың эмоциялық даму аймағын психикалық функциялардың дамуынан бөліп қарауға болмайды.
Сәбилік кезеңдегі қабылдаудың аффективті басымдылығы байқалады. Бала өзі қабылдағанына ана эмоциялық тұрғыда жауап қайтарады. Ол дәрігерді көргенде қатты уайымда болады, бірақ біраз уақыт өткеннен кейін тынышталып, жаңа нәрселерге қызыға бастайды. Бала келешекте оны қиындық күтіп тұр деп ренжи алмайды немесе бес күннен кейін ол сыйлық аламын деп қуана алмайды. Бала тілегі тез, ауыспалы, тұрақты емес, ол оларды қадағалап неме ұстай алмайды: оларды тек қана үлкендердің жазалауы мен мақтауы шектей алады. Бар тілектері бірдей күшке ие: сәбилік кезеңде салыстыру уәжі болмайды. Махаббаттан, эмоциялық жылылықтан бөлек бала өзінің өзінің барлық іс – әрекетінде үлкендердің қатысуын қалайды.
Сәбилік кезеңде басқа балармен қарым – қатынасқа түсу пайда бола бастайды. Бірақ мұндай қарым – қатынастың мұндай түрі тұрақты емес. Сәбилік кезеңде бала басқаның тілегеін есепке алмайды, ол өз тілегінің қалауы бойынша жүреді. Өзімшіл басқа баланы түсінбейді және басқалардың көңіл – күйіне ортақтаса алмайды. Баланың эмоциялық механизімі кешірек, мектепке дейінгі кезеңнің алдында ғана қалыптасады.
21. Психологиялық жас туралы ілімге сипаттама беріңіз
Жас — адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшем. Жас адамның физиологиялық, морфологиялық және психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады. Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:
1) туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең; 2) 1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең; 3) 3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең.
Мектеп жасының өзі 3-ке бөлінеді: 7 мен 9-дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар); 10 мен 14-тің арасындағы ортаңғы сынып оқушылары (жасөспірімдер); 15 пен 18-дің аралығындағы жоғары сынып оқушылары (бозбалалар).
Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері жастық шақ (18 — 21 жас), кемелдену (22 — 60 жастың арасы), егделік (61 — 74 жас), кәрілік (75 — 90 жас) деп бөлінеді. Бұл кезеңдерді психология ғылымының жас ерекшелік психологиясы деп аталатын арнаулы саласы зерттейді. Мысалы, баланың туған уақытынан бастап бастауыш білім алғанға дейінгі психикалық даму жолын жас ерекшеліктері психологиясының балалар психологиясы бөлімі зерттейді. Жас кезеңдерінің қалған түрлерінің ерекшеліктерін жас ерекшеліктері психологиясының жасөспірімдік, жастық, егделік, кәрілік деп аталатын бөлімдері қарастырады. Кәрі адамдардың жас ерекшеліктерімен арнайы түрдегеронтология ғылымы айналысады. Сонымен бірге, жас — қоғамдағы маңызды демографиялық көрсеткіштердің бірі саналады. Халықтың құрамы мен демография қуатын есептеуде жас ерекшеліктері ескеріледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты халық санында болатын өзгерістердің динамикасын демографиялық статистикағылымы қарастырады. Жас Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жас — адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшем. Жас адамның физиологиялық, морфологиялық және психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады. Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:
1) туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең; 2) 1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең; 3) 3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең.
Мектеп жасының өзі 3-ке бөлінеді: 7 мен 9-дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар); 10 мен 14-тің арасындағы ортаңғы сынып оқушылары (жасөспірімдер); 15 пен 18-дің аралығындағы жоғары сынып оқушылары (бозбалалар).
Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері жастық шақ (18 — 21 жас), кемелдену (22 — 60 жастың арасы), егделік (61 — 74 жас), кәрілік (75 — 90 жас) деп бөлінеді. Бұл кезеңдерді психология ғылымының жас ерекшелік психологиясы деп аталатын арнаулы саласы зерттейді. Мысалы, баланың туған уақытынан бастап бастауыш білім алғанға дейінгі психикалық даму жолын жас ерекшеліктері психологиясының балалар психологиясы бөлімі зерттейді. Жас кезеңдерінің қалған түрлерінің ерекшеліктерін жас ерекшеліктері психологиясының жасөспірімдік, жастық, егделік, кәрілік деп аталатын бөлімдері қарастырады. Кәрі адамдардың жас ерекшеліктерімен арнайы түрде геронтология ғылымы айналысады. Сонымен бірге, жас — қоғамдағы маңызды демографиялық көрсеткіштердің бірі саналады. Халықтың құрамы мен демография қуатын есептеуде жас ерекшеліктері ескеріледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты халық санында болатын өзгерістердің динамикасын демографиялық статистика ғылымы қарастырады.
22. Б.Г.Ананьев бойынша зерттеу әдістерінің топтастырылуы
23. Жаңа туылған баланың шартсыз рефлекстері
1.Шартсыз рефлекстер туа пайда болған, тұқым қуалайды және тұрақты болады.Кез келген шартсыз рефлекс, егер орталық жүйке жүйесі тиісті даму дәрежесіне жетсе, белгілі тітіркендіргішті бірінші рет және бір-ақ рет қолданғанның өзінде-ақ пайда болады. мысалы,жаңа туған баланың аузына тамақ түссе, шартсыз рефлекторлық жолмен сілекей ағады. . Шартсыз тітіркендіргіш әсерінен туатын қозу ошағы күштірек болады, сондықтан ол біраз доминанттық роль атқарады. Ол өзін көру ауданында туған қозу ошағын тартады және соңғысының күші теріс индукция заңына сай ілсірейді. Ми қыртысындағы осы екі қозу ошақтарының осындай бір-біріне әсері, (функциональдық өзара әрекеттесу) орталықтарды тітіркендіру тоқталса да, өінің ізін қалдырады. Ал егер олар өз әсерлерін белгілі тәртіппен бір уақытта ұзақ қайталап отырса, осындай өзара функциональдық әрекеттесуден алдыңғы қалған із күшейе береді де (жиынтықталу жүреді), ақырында ол екі ошақтың арасанда бұрын болмаған шартты байланыс орнайды. Бұл байланыстың сыртқы көрінісі шартты рефлекстің жасалуында. Демек бірнеше уақыттан соң шам жағудың өзіне сілекей бөлінеді. Себебі, шартты тітіркендіргішке айналған шамның әсерінен туған қозу тамақ орталығына беріледі, одан эфференттік жолдармен мидың төменгі бөлімдеріндегі тиісті орталықтар арқылы сілекей бездеріне барады. Әрине, бұл отырған механизм өте қарапайым, схемалық. Негізінде әрбір рефлекс көптеген жүйке клеткаларының бір-біріне әсері арқылы орындалады және оның орындалуына бүкіл ағза қатысады деп білу керек. Шартты рефлекстердің механизмін И.П. Павловша түсіндіруден байқалатыны – олардың негізінде уақытша (шартты, тұйықтайтын) байланыс «горизонталь» құрылымды болып келеді және ми қыртысындағы сигналдық (шартты) тітіркендіргіш орталығы мен шартсыз рефлекстің өкілдігіндегі клеткалар арасында тұйықталады. Жалпы алғанда, уақытша байланыстар шынында да қыртыс деңгейінде түзіледі. Бірақ егер ми қыртысын тігінен кесіп, жоғарыда айтылғандай түрде уақытша байланыс жасау мүмкіндігі жоғалса, бұдан шартты рефлекстер жасалмай қалмайды екен. Өйткені уақытша байланыстар қыртыстың астыңғы жағында орналасқан бөлімдер арқылы өтетін жолдар көмегімен де түзіле алады. Шартты рефлекстер жасалуының көптеген ерекшеліктері шартты байланыстар құрылымдық локализацияның көп вариантты бола алатындығы арқылы түсіндіріледі. Мәселен, ми қыртысы деңгейінде де және қыртыс пен қыртысасты бөлімдері арасында да көптеген тура және кері уақытша байланыстар орнай алады деп есептеуге негіз бар (Э.А. Асратян, А.Б. Коган, Л.Т. Воронин т.б.). Шартты рефлекстер жасалу процесінде ОЖЖ-нің жоғары бөлімдеріндегі нейрондар арасында уақытша байланыс тұйықталу механизмі осы күнге дейін толық анықталмаған. Морфологиялық тұрғыдан түсіндірушілердің есептеуінше шартты рефлекс жасалу кезінде жүйке клеткаларының өсінділері өседі де клеткалар арасында жаңа бйланыстар орнайды. Біраз зерттеушілер мұндай өсу пирамидтік клеткалар дендриттеріндегі бүршіктер (шипиктер) санының көбеюі есебінен жүреді деп есептейді. Функциональдық тұрғыдағылар ойынша шартты рефлекс жасалу барысында бұрын пайдаланылмаған, бірақ та ылғи да бар жаңа синапстар өткізгіштігі жоғарылайды. Мұның мәнісі – белгілі бір нейрондар тізбегі арқылы қозу импульстері қайталап өте берсе (нейрондар титаникалық түрде тітіркендірілсе) олардың бұрын іске қосылмаған синапстарындағы медиатор мөлшері көбейіп оның кванттары келесі нейронда қозу тудыратын болады. Басқаша айтқанда, посттетаникалық потенциация жүреді де «потенциалды» синапс «актуальды» сиапсқа айналады; осыдан бұрын байланыс жоқ жерде енді байланыс орнайды. Келесі бір болжам бойынша, шартты рефлекторлық әректті ұйымдастыруда глийлық ұлпа клеткалары қатысуы мүмкін. Осыған орай, тұрақты уақытша байланыс түзілу барысында бұл клеткалар аксондарының пресинапстық «жалаңаш» терминальдары миелинделіп, қозуды тез өткізе алатын қабілетке ие болады деп жобалайды.ё Көптеген зерттеушілер шартты байланыстар табиғатын клеткадағы белок синтезінің өзгерістерінен іздестіреді. Шартты рефлекстер жасалу барысындағы көптеген нейрондардың бірге қозу күйіне келуінен сигналдық тітіркендірулер кодталатын РНҚ құрылымында өзгерістер жүру тиіс. Осындай өзгерістер, мәселен, белгілі бір дағдыға үйретілген құрттармен басқа құрттарды қоркетіргенде соңғыларда жаңа дағдыға үйренуді жеңілдетеді деп есептейді. «Химиялық есті көшіру» тәжірибесі басқа да жануарларда жүргізілген. Бұл үшін тиісті дағдыға үйретілген жануарлар миының сығындысын басқа жануарларға апарып еңдірген. Рибонуклеин қышқылын (РНҚ – ны) бұзатын рибонуклеаза ферментімен әсер еткенде, «Химиялық есті көшіру» тәжірибесі нәтижесіз аяқталып отырған. Кейбіреулердің есептеуінше, естің ізі дезоксирибонуклеин қышқылында (ДНҚ да) ұзағырақ сақталады. Осымен қатар РНҚ мен ДНҚ қасиеттерінің өзгерістері белок синтезінің сандық және сапалық өзгерістерін тудыратынын да ескеру қажет. Мида нейрондар арасындағы уақытша байланыстарды орнататын арнайы спецификалық ақуызды заттар бар деп есептейді. Тағы да бір гепотезалар бойынша уақытша байланыстар түзілу механизмінде басты рөлді белок-фермент жүйесі және оның ингибиторлары атқарады. Бұлардың күйлері өзгермелі болуы тиіс. Шартты рефлекторлық байланыстар тұйықталуының конвергенттік механизмі туралы бойынша нейрндардың үлкен екі тобы бар: мультивалентті (модальдығы әр түрлі тітіркендірулерді қабылдайды; мысалы, дыбыс пен жарыққа, теріден шығатын және қозғалыстан туатын, көзден келетін т.с.с. тітіркендірулерге жауап береді) және поливалентті (жалпы бір жүйке шеңберіндегі, мысалы, бір анализатордан, айталық теріден келетін әр түрлі тітіркендірулерге жауап береді). Микроэлектрондық зерттеулерге қарағанда жоғары қарай бағытталған әр түрлі ми қыртысындағы көптеген нейрондарда әмбебап конвергенцияланады. Конвергенцияның екі типті болуы мүмкін: 1. Спецификалық емес – мұнда шешуші нәрсе стимулдың қасиеті емес, оның энериялық құрамы болып табылады. Мәселен, ретикульді формация мидың жоғарғы бөлімдерінің қозғыштығының жалпы деңгейін реттей отыра, оларда уақытша байланыстардың жасалуына қатысады. 2. Әр тітіркендіру өзінің спецификасын сақтайтын конвергенция. Әр түрлі анализатордан шығатын қозуларды қабылдап, жинайтын нейрондардың болатындығы тітіркендірулердің бірігуі және уақытша байланыстардың орнауы ми қыртысындағы әр түрлі учаскелердің транскортикальды байланыстар арқылы бірігуінен емес шығар деген ойға жетелейді. Ендеше уақытша байланыстардың мәнісін тітіркендірулер интеграциясының бір нейрон деңгейінде жүруінің нәтижесі деп те түсіндіруге болады. Бұдан жеке нейронды өзіне импульстерді конвергенциялай алатын күрделі жүйе деп қарау керек. Өздерінде уақытша байланыстар түзе алатын мультивалентті нейрондар ми қыртысының әр түрлі және бір-бірінен алыс-жақын жерлерінде «шашырап» орналаса береді. Мұндай бір нейрон әрі шартты, әрі шартсыз әр түрлі модальды қозуларды интеграциялай алады деп есептелінеді. Әр түрлі биологиялық модальдығы бар тітіркендірулер бір нейронды түрлі нейрохимиялық механизмдер арқылы активтендіреді. Мәселен, жоғары қарай бағыттарған қоректік активация холэнергиялық синапстық механизм арқылы іске асса, ауырту – адренергиялық механизммен орындалады. Сондай-ақ бұл ерекшеліктің молекулалық деңгейге де тән болуы мүмкін. Нейрондар арасында ылғи да өзара әрекеттесу болып отыратындығын ескерсек, шартты рефлекстің уақытша байланысының механизмін жауап беру қасиетіндегі ортақ таңдамалыққа негізделген нейрондар белсеңділіктерінің белгілі бір өрнегінің (жүйесінің) қалыптасуы болар деп те қарауға болады. Өрнектің пайда болуын анықтайтын факторлар: жиіліктің белгілі бір диапазонында белсеңділіктің синхрондығы мен синфазалығы (қозулар тізбегін түзуші нейрондардың едәуір санының бірыңғай лабильдікке көшуі) – ми құрылымында қозу өтуді жеңілдететін жағдайлар тудырады. Афференттік сигналдар әсерінен қалыптасатын қозу ошақтарының арасындағы өзара әрекеттесу динамикалық сипатта болады. Және оны тиісті дәрежеде тежелу процесі шектеп отырады. Сөйтіп, соңғы кездері уақытша байланысты нейрондар арақатынасының кеңістік – уақыттық ұйымдасуы (нейро-селективтік әрекет деген атқа ие болған) деп түсінуі қалыптасып дамытылуда.Бұған нейрохимиялық зерттеулер көмектесуде. Мәселен, функциональдық ансамбльдерге біріккен нейрондар химизмінің өзгерістерінің өзіндік ерекшеліктері анықталған. Сондай-ақ нейроглиалдық комплексткрдің ДНҚ арқылы көрінетін таңдамалы активациясы жүреді деген де тұжырым бар.
24. Ерте балалық шақтағы психикалық даму ерекшеліктері
Ерте жастық шақ кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моралдық қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Ерте жастық шақ кезіндегі шақта олардың қалыптасуы жалғасады. Ерте жастық шақ кезең қиын, әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты. Бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады: мұның өзі біршама қысқы мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, ерте жастық шақ кезіндегі өзінде әртүрлі елеулі субъективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады. Ерте жастық шақ ересектердің ықпалына көне қоймайды. Онда тіл алмаудың қарсылықпен наразылық әртүрлі формада шығады (қиқарлық, дөрекілік, тентектік, бүкпелік, тұйықтық) ерте жастық шақ кезіндегі кезеңдегі даму сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Ерте жастық шақ кезіндегі дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолында түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Ерте жастық шақ кезіндегі шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да жаңа тепе-теңдік жаңадан қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу ерте жастық шақ кезіндегі ішкі жағдайларына, әсерленуіне, көңіл-күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтығының, ашуланғыштығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селқостануының енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, ерте жастық шақ кезіндегі өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересектікке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа толысу, басқа жынысқа ден қоюдың дамуына жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен-өзі болу ерте жастық шақ кезіндегі жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы оның өмірінде алатын орны ерте жастық шақ кезіндегі өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен бейне фильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Сондай-ақ, махаббат пен жыныстық даму мәселелері туралы жолдастарымен жиі әңгімелесу, адамдар қарым-қатынасының интимдік жағына көбірек көңіл бөлудің эротикалық ауытқулар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Ерте жастық шақ кезіндегі терде алғашқы романтикалық сезімдерінің оянуы қалыпты психологиялық құбылыс болып табылады Мақсаты – кеш жастық шақтың тұлғалық даму ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеудің міндеттері: - Тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу жасау. - Ерте жастық шақтың психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау; - Ерте жастық шақ кезеңдегі қарым-қатынасының психологиялық табиғатын ашу; - Ерте жастық шақ кезіндегі қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін көрсету; - Ерте жастық шақ кезінде жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктеріне талдау жасау; - Ақыл ойдың дамуы мен дүниетанымның, тұлғаралық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері мен кеш жастық шақтың ұлттық ерекшеліктерін айқындау
25. Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы-сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады.осы кезде баланың денесі де,психикасы да ерекше қарқынмен дамиды.
26. Мектепке дейінгі жас шамасындағы балының сюжеттік-рөлдік ойыны
Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір өзегі. Атақты педагог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Мектепке дейінгі балалық шақ 3-тен 6-7-ге дейінгі жас — баланың дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс-тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста танылады.Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен әңгімелесуде, мамандар сабақтарының барысында емес, сюжетті-рөлді ойында туындайды. Осындай ойында балалар ересектердің рөлдерін ойнап, өздері арнайы құрастырған ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің іс-әрекеттерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орындайды Еркін сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын — кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды — ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс. Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты, барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақтарды «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл «ересектердің» мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған толғандыратын оқиғаларға енеді; өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан «бастан кешіп» жатады. Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді. Қазіргі заманның психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сюжетті ойын — адамның кез келген іс-әрекеті сияқты — балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген.Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде — спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде — әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін. Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс.Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрену керек. Ересек адамның ойын процесінде балалардың ұсыныстарын қабылдап, баланың ойластырған ойын әрекетін жалғастыра алу, жаңа кейіпкерді (сондай-ақ, ойын рөлін) енгізе алу, құрастырғанды аяқтау, бала ұсынған оқиғаны өрістету шеберлігінен балалар үшін ересекпен бірлескен іс-әрекеттің тартымды және қалыптастыратын әсердің табысты болуы байланысты.Тәрбиеші ойын сюжет-оқиғалардың элементтеріне, кейіпкерлеріне (рөлдерге), олардың әрекеттеріне сүйеніп, еркін пайдалану тиіс, әр жастағы балалармен сюжеттерді өрістете алу тиіс. Балалармен бірлесіп ойнағанда да, өзіндік іс-әрекетері үшін жағдай жасаған кезде де, ересек тарапынан мәжбүрлеу, тақырыптарды, ойын рөлдерін, ойын түрін (өздік немесе бірлескен) міндеттеу мүлде жарамайды. Балалардың бойында балабақшада «өз еркінше емес, бұйрық бойынша ойнау керек» деген сезім тудырмау тиіс. Жалпы, педагогикалық процесте ойынға қатысты бір бірімен тығыз байланысы бар екі құрамдас бөлікті ажырату қажет: ойын процесінде жаңа біліктері қалыптасатын балалар мен тәрбиешінің біріккен ойыны, және балалардың өздік ойыны, оған тәрбиеші тікелей қатыспайды, тек ойын белсенді болу үшін және балалар меңгерген ойын біліктер арсеналындағы ойын дағдыларын қолдану үшін жағдай туғызады. Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді.Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес-алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, колхоз әмірі, көпір салу, космос кораблін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды. Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мәселен, үш-төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, төрт-бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді. Балалар ойынының кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардын ойналу сипаты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән. Мәселен, челюскиншілер болып ойнауда балалар дамуының түрлі сатыларын байқауға болады. Сәбилер үшін бұл ойынның ең түйінді жері— мұзжарғышпен жүзу. Жас сатысы жоғары болғанда бірінші орынға полярлық эпопеяға қатысушылардың сыртқы әлеуметтік қарым-қатынастары мен әлеуметтік сатысы (кімнің жолы үлкен), капитанның, машинистің, радистің тағы басқаларының мінез-құлық ережелері шығады. Ақырында, моральдық, асқақ сезім түріндегі ішкі әлеуметтік қарым-қатынастардың бәрі өзекті мәселеге айналады. Ұқсас ойындарды балалар кез келген жаста ойнай береді, бірақ түрліше ойнайды. Сонымен, сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен қатар рольді ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс-әрекетінен бала нені негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны. сол болып табылады. Әр түрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді. Айталық, кішкентайлар ересектердің қандай да бір істерін еске түсіре отырып, тек белгілі бір заттармен белгілі бір қимылды әлденеше рет қайталайды. Заттар арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны болып табылады .Мысалы, сәбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандай да бір қимылды бірнеше рет қайталай отырып, нан тіледі, ботқа пісіреді, ыдыс-аяқ жуады. Әйтсе де балалар тілінген нанды үстел басындағы қуыршақтардың алдына қоймайды, пісірілген ботқаны тәрелкеге салмайды, таза тұрған ыдыстар жуылады. Мұнда ойын мазмұны тек қана заттар арқылы жүргізілетін қимылдармен көрсетіледі. Мектепке дейінгі кіші жастағы бала, рольді ойындағы сияқты ойын сюжетін жоспарламайды, ол қолына іліккен затқа байланысты өздігінен пайда болады. Мысалы, баланың қолында түтік болса, ол дәрігер, ал термометр болса, онда ол медсестра болады. Балалар арасындағы негізгі талас іс-әрекет жасайтын заттарды иемденуден пайда болады. Сондықтан да бір машинаны бір мезгілде екі шофер жүргізіп келе жатады, ауруды бірнеше дәрігер қарайды, түскі тамақты бірнеше ана пісіреді. Міне, сондықтан да рольдер бір заттан екінші затқа ауысуға байланысты жиі ауысып отырады. Сонымен бірге мектепке дейінгі кіші жастағы балалар арасында ойынның мазмүны ретінде көбіне адамдар арасындағм қарым-қатынас көрінеді. Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық функңиясы мен олардың арасындағы қарым-қатынас ережелерін түсінуге де араласады. «Ойын балаларға өткенді тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Ойында кішкентай адамның мінезі, оның өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады. Өздері де соны байқамастан, балалар, ойнап жүріп күрделі өмірлік проблемаларды шешуге дайындалады». Ойын арқылы өзім жұмыс жасайтын І – сәбилер тобында әлеуметтік және құндылық – мәнді құзыреттіліктерін қалыптастыруды көздедік. Осы жұмыс арқылы біз бала бойында әлеуметте және балалар қауымдастығында, жанұяда, өмірде қажет болар қабілеттерді қалыптастырып дамытуды ұстанамыз. Мысалы: І – сәбилер тобында өткізілген «Автобус» сюжетті-рөлді ойыны осы шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіруге арналды. Бала кішкентайынан бастап белгілі бір мамандыққа бейімделіп ойнайды. . Кәсіптік ойындардың мәнін терең түсінген тәрбиеші баланы осы кәсіпке қызықтыра білу үшін мадақтау, сендіру, түсіндіру әдістерін қолданды. Көздеген мақсат - міндеттеріміз: достарға деген мейірімді қарым–қатынасқа үйрету;- - адалдық қасиеттерін дамыту; балалардың ойын тапсырмалары мен ережелерін- орындауға бағытталған дербестігін тәрбиелеу; үлкендерге, құрдастарына- деген құрмет сезімін және олардың ойын үстіндегі қимылдары мен мінез-құлықтарына қызығушылық сезімін тәрбиелеу. Ойынды ұйымдастыру алдында біраз жұмыстар жүргізілді: көліктер туралы білімдерін бекіту жұмыстары;- мамандықтар- туралы әңгіме өткізу; техникалық оқу құралдары арқылы автобуспен- таныстыру; өз- еріктерімен рөлдерді таңдауды үйрету. Мектепке дейінгі жас – тұлғаны қалыптастыруға ең қолайлы кезең, сондықтан, аталған қабілеттер кейін өздігінен дамиды деп қателеспеген жөн. Бірге ойнау – қатынастардың басты мазмұны. Ойнап, түрлі ойын рөлдерін орындау барысында балалар жағдайларды жан-жақтан көріп, басқалардың әрекеттері мен мүдделерін ескеріп, ереже сақтауды үйренеді. Кері жағдайда мағыналы қатынас та, бірлескен әрекеттер де болмайды. Қазіргі заман талабында мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе күнделікті бірлесе атқаратын ойын әрекеті барысында тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни олардың талап-тілегімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалық шақ – адамның ең бақытты және уайымсыз кезеңі ғана емес, сонымен қатар бұл - тұлғаның қарқынды қалыптасу кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған нәрселердің орнын үлкен адам кейіннен толықтыра алмайды. Баланы оқуға мұқтаждау барысында біз одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет.
27. Баланы мектепке психологиялық дайындаудың диагностикасы
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.
Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.
Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.
Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.
Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады [3].
Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:
1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі
28. Баланы мектепке психологиялық даярлау мәселелері
Психологиялық сөздікте "мектепке психологиялық даярлық" ұғымын былай анықтайды: баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапалар кешені. Ол мектеп пен оқуға жағымды қатынастан (мотивтік даярлық); мінез-құлықтың ырықтылығының барынша жоғары деңгейінен (еріктік даярлық); білім, іскерлік, дағдының белгілі бір қоры мен таным үрдістерінің даму деңгейінен (ақыл-ой даярлығы), сондай-ақ үлкендермен және кұрдастарымен өзара қарым-қатынас орнатуды, сынып ұжымы өміріне араласып кетуді, бірлескен әрекетті орындауды қамтамасыз ететін адамгершілік сапалардың қалыптасуынан тұрады. Баланың мектепке даярлығы оқып-үйренуді құрайтын біртұтас сапалар жиынтығынан тұрады деген тұжырымды қуаттайтын психологтар А.В.Запорожец, А.Н.Леоньтев, В.С.Мухина, Л.А.Венгер мектепке даярлық ұғымына баланың оқу тапсырмасын түсінуін; орындау тәсілдерін меңгеруін; өзін-өзі бағалай және бақылай алуын; мұғалімді тыңдап, материалды еске сақтау қабілеттерін жатқызады
Х.Т.Шериазданованың «Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтары мен психологтарын кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері» зерттеуінде: "Оқытудың теориялық негіздерін жасаған Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Л.Н.Леонтьев, Н.А.Менчинская, Д.Б.Эльконин зерттеулеріне сүйене отырып, оның, балалардың танымдық әрекетіне, сондай-ақ эмоциялық, еріктік, мотивтік салаларына ықпалын көрсетіп, біз, басты өлшемі «мектептегі оқуға даярлық болып табылатын, өтпелі кезеңге көңіл бөлдік». Баланың мектепке танымдық даярлығын аса маңызды үш тұрғыда: зейіннің даму деңгейі; естің дамудеңгейі және ойлаудың қарапайымнан жоғары формаға дейінгі даму деңгейі қарастырылды. Олардың әрқайсысының көріну жолдары қарым-қатынастың түрлі стильдері арқылы сипатталынды. Мәселен, зейін қасиеттері мен түрлері: көлемі, тұрақтылығы, алаңдағыштығы, шашыраңқылығы, шоғырлануы және ырықтылығы өктемдік, тәуелсіздік, ымырашылдық стильдерінде қалай көрінетіндігі; есте сақтау мен қайта жаңғыртудың көрнекі-бейнелік, қозғалыс, логикалық ойлау түрлерінің жоғарыда аталған қарым-қатынастың 3 түрлі стилінде көріну жолдары зерттелді. Х.Шериазданованың мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуындағы қарым-қатынас рөлі тұжырымдамасы ресейлік ғалымдар Е.О.Смирнова, М.И.Лисина, Е.Е.Кравцовалар зерттеулерімен үндес; сондай-ақ баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығымен байланысты қарастырылды: «Мектепте жақсы оқуы үшін балада қарым-қатынастың формалары қалыптасқан болуы керек. Ол оқушыдағы жетекші әрекет-оқу ісінің міндеттерін игеруге керек».
«Танымдық іс-әрекет - мектепке бейімделудің басты факторы» деп аталатын М.Асылханованың зерттеуі балаларды мектепке даярлаудың психологиялық мәселелеріне бағыты жағынан жақын. Автор мектепке бейімдеудегі психикалық факторларға сипаттама бере отырып, басты фактор ретінде танымдық іс-әрекетке тоқталды. Әйтсе де, мектепке даярлау мен бейімдеу екі бөлек мазмұндағы тақырыптар. Даярлық ісі мектепке дейін жүргізілсе, бейімдеу ісі мектепке келгеннен соң жүзеге асырылатын шара. "Мектепке бейімделу - әлеуметтік тәжірибелерді меңгеру үрдісінің тарихи белгіленуі; оқушылардың әлеуметтенуінің бір құрылымы ретінде анықталды". Сыналушының бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту барысы емес, жаңа әлеуметтік орта - мектептегі психикалық күйі сипатталды. М.А.Асылханова зерттеуінде мектепке бейімделудің басты факторы ретінде танымдық іс-әрекет қарастырылған, ал мектепке психологиялық даярлық диагностикасы мазмұнында танымдық даярлық негізгі өлшем ретінде сипатталады.
Мектепке психологиялық даярлық мәселесінің кезеңденуі осы мәселенің мазмұнын толығырақ қарастыруға негіз болады. Мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру – мектепке дейінгі өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар оқу-тәрбие үрдісін осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен қатаң сәйкестікте жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұғырды қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді. Екі кезеңнің арасындағы дағдарыстың бала психикасына әсері із-түзсіз жойылып кетпейді.
Қазіргі Қазақстанның индустриалды-инновациялық жағдайында үдемелі ақпараттық даму – білім мазмұнының қолданбалылығын барынша арттыруды міндеттейді. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Ерте балалық шақтан бастап адами капиталға қаржы жұмсау қоғам мен экономикаға айтарлықтай табыс әкелетіні бүгінгі таңда дәлелдеуді қажет етпейтін фактор. Адами капиталды қаржыландырудың өзгермелі әлемге жылдам бейімделе алатын, техника тіліне жетік, өнімді жұмыс күшін жасау үшін аса қажеттігі және бүгінгі таңда білім беруге жұмсалатын қаржыны әлеуметтік қажеттіліктерге арналған шығын ретінде қабылдамай, экономикалық инвестиция ретінде түсіну керектігі «ҚР білім берудің 2011-2020жж арналған Мемлекеттік бағдарламасында» айқын көрсетілді. Онда білім берудің экономикалық тиімділікпен қатар, әлеуметтік табысқа да қол жеткізетіні: азаматтық қатынасы берік, қоғамдық санасы жоғары әлеуметтік капиталдың қалыптасуына ықпал ететіні анықталды. Заманауи өзгерістер ағымы балалар психологиясының да қарқынды дамуына оң ықпал етуде. Жаңа дәуір балалары адамзат тарихындағы бай тәжірибені бойына сіңіре отырып, өзі өмір сүріп отырған заман ерекшеліктерімен бірге даму үстінде. Бұл құбылыс барлық адамтану саласының, әсіресе педагогика, психология ғылымдарының мамандарына жаңа міндеттер жүктейді. Балаларымызды бабалар мұрасынан тыс қалмауға, әлеуметтік ортаның тыныс-тіршілігін ұлттық болмыспен қабылдауға бейімдей отырып, олардың санасын «ұлттық құндылықтарды меңгерген жаңа дәуір балалары» моделіне бағыттай білу қажет. Модель мазмұны жауапкершілігі жоғары, жаңаша ойлайтын, зерек те елгезек, кеңістік заңдылықтарымен қоса, бабалар аманатынан хабардар, салт-дәстүр мен ауыз әдебиетінің озық үлгілерін меңгерген ұлтжанды, ана тілінің нәрімен барынша сусындаған, еркін, дені сау балаларды сипаттайды. Туған халқының ұлттық болмысы туралы білімдер баланың жан-дүниесін, рухын қазақиландырады. Болашақ ұрпақтың ұлтан емес, сұлтан болып қалыптасуы ұлттың ұлылығын ұлықтайтын асқақ, нұрлы, нәрлі білімдерді мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің нәзік те, өршіл сезімдермен қалыптастыра білу, баланы иландырып, танымдық тұрғыда жетелей білу іскерлігінде. Сала мамандары мен әдіскерлердің міндеті психология, педагогика мен инновациялық білімдерді интеграциялау арқылы тиімді заманауи-ұлттық мектепалды даярлық тетігін жасау.
29. Бастауыш мектеп оқушыларының эмоциялары және олардың жетілуі
Қазіргі психология ғылымында белсенді түрде талданып жүрген мәселелердің бірі - эмоциялық интеллект мәселесі. Алғаш рет «эмоциялық интеллект» терминін 1990 жылы Дж. Майер мен П. Саловей [1] қолданған еді. Осы авторлардың берген анықтамаларының бірінде былай делінеді: «эмоциялық интеллект – эмоциялар мен эмоциялық білімдерді түсінуге қабілеттілік; сондай-ақ, тұлғаның эмоциялық және интеллектуалдық өсуіне ықпал ететін эмоцияларды басқару қабілеті» [1, c.48].
Бастауыш мектеп жасында эмоциялық интеллектінің дамуы ерекше маңызға ие болады, өйткені, дәл осы кезеңдерде балалардың белсенді эмоциялық қалыптасуы, олардың өзіндік сана-сезімінің, рефлексия мен децентрацияның (серіктесінің орнына өзін қоя білу, оның қажеттіліктері мен сезімдерін ескере білу) жетілуі жүреді. Эмоциялық интеллектіні кеңейту бойынша барлық психикалық процестерінің жоғары сензитивтілігімен және икемділігімен ерекшеленетін, сондай-ақ, өзінің ішкі жан-дүниесіне терең қызығушылықпен қарайтын жеткіншектермен жұмыс жүргізу мақсатқа сай болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерді талдау бастауыш мектеп жасындағы эмоциялық көріністерді осы аталған жас кезеңінде эмоциялық интеллектінің қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін негізгі сипаттама ретінде қарастыру қажеттілігін көрсетіп отыр.
Бастауыш мектеп жасында эмоциялық дамудың бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар, олар өз кезегінде ары қарай эмоциялық интеллектінің қалыптасу спецификасын анықтайтын болады. Аталмыш жас кезеңінде қоршаған ортаға деген барлық қатынас «жақсы» және «жаман» позицияларына негізделетін эмоциялық бағыттылықтан көрінеді. Осы мәнмәтінде Ж. Пиаженің көзқарасы баланың әлемді «мейірімділік» пен «зұлымдық» ұғымдарын түсінуінен көрінетін екі полярлық эмоциялар тұрғысынан қабылдауы туралы түсінікке негізделеді [2]. Бұл ұғымдарды бала эмоциялық өрісте көреді, және оның көрсете алатын, ең бастысы өз бетімен түсіндіре алатын эмоцияларының бәрі осы құрылымдар туралы түсінікке негізделеді.
К. Э. Ричард [3] және басқа да зерттеушілер эмоциялық құбылыстарға көп көңіл бөледі, бірақ эмоцияны «балаларға ықпал ететін» ерекше фрагмент ретінде түсіндіру эмоцияның баланың әлеммен, адамдармен және өз-өзімен өзара қатынастар құруына қатысын талдау үшін мүмкіндіктерді шектеп тастады. Бала дамуының әлеуметтік жағдайын талдау көбінесе эмоциялық өрістің қатыстылық сипатын талдаусыз жүреді. Бұл жерде эмоциялар кемеліне жетпеген балалар психикасының экзотикалық және иррационалды көрінісі ретінде қарастырылады. Г. М. Бреслав [4] бойынша, эмоциялық құбылыстарды талдау тұлғаның балалық шақта қалыптасу сипатын толықтырып қана қоймайды, сондай-ақ, оның негізгі сәті болады.
Эмоциялық интеллектінің қалыптасуына ықпал ететін факторлар ретінде біз балада мазасыздану, үрей және т.с.с. сезімдер туғыза алатын мүмкін боларлық барлық өмірлік жағдайларды, сонымен қатар, жағымды эмоциялар туғызатын жағдайларды атай аламыз. Олардың атқаратын рөлі мынада: олар баланың өз эмоциялары мен өзгелердің эмоцияларын түсінулеріне негіз туғызады, осының негізінде бала өзінінің айналасындағы болып жатқан жағдайлар туралы қорытынды жасайды және сәйкесінше эмоциялық реакцияға дайындалады. Факторлардың биологиялық және әлеуметтік негізделіп берілгені белгілі. Биологиялық негізделген факторлар деп баланың жынысының, жасының ерекшеліктерін; ал, әлеуметтік факторлар деп баланы қоршаған әлеуметтік ортаның ықпалын; бала-ата-ана қатынастарын, құрдастарымен қатынастарын, сондай-ақ, баланың мектепке қатынасын түсінуге болады.
Баланың эмоциялық интеллектісінің қалыптасуының негізгі факторларының бірі оның отбасының ішіндегі қатынастар болып табылады. Баланың бала - ата-ана қатынастар жүйесінде даму мәселелерімен Р. М. Грановская [5], И. М. Никольская [5], Р. В. Овчарова [6] және т.б. айналысты. Олар отбасы дегеніміз – бұл, баланың дамуын анықтайтын және оның басым түсетін эмоциялық күйлерінің қалыптасуының негізі болатын алғашқы әлеуметтік орта деп анықтады. Отбасы баланың алғашқы жағымды және жағымсыз эмоцияларының көзі болып табылады. Осының бәрі соңында эмоциялық интеллектінің қалыптасу негізін құрайды.
Эмоциялық интеллектінің қалыптасуының ең маңызды шарттарының бірі баланың құрдастарымен қатынастары болып табылады. Өзі үшін жаңа мектеп өміріне ене отырып, бала сыныптастарымен белсенді түрде өзара әрекеттестікке түсе бастайды, жаңа достар табады, үлкен ұжымның өміріне араласа бастайды. Осы кезде балада бейімделудің нашар болуынан немесе шектен тыс жасқаншақ болудың салдарынан айналасындағылармен өзара қатынастарында қиындықтар пайда болуы мүмкін. Бұл кезде балаға құрдастары тарапынан қатынастар барабар емес. Нәтижесінде бастауыш мектеп оқушысында белгілі бір түрде мектеп пен сыныптың өмірімен байланысты эмоциялық шеттеу қалыптасуы мүмкін.
Қарама-қайшы және әдеттен тыс жағдайларда қатал, нақты берілген мінез-құлық нұсқаулар жұмыс істемейді, бұл адамда абыржу, сасқалақтау, ұнжырғасы түсу күйлерін туғызады, ағзаның адаптивті қызметтерін төмендетеді. Басымдық танытатын эмоциялық-психикалық күй бірте-бірте адамның әдетіне еніп, «уақытша психикалық күй арқылы тұлғаның тұрақты ерекшеліктеріне өту» принципі бойынша қалыптаса отырып, мінез бітісіне айналады. Т. Б. Пискареваның [7] айтуы бойынша, бастауыш мектеп жасындағы балалар өздеріне таныс өмірлік жағдайларда пайда болатын өз эмоциялық күйлерін оңай түсінеді. Осы эмоциялық күйлерін сөзбен жеткізуге қиналады, бірақ оларды мысалы, өз суреттерінде көрсете алады.
Бастауыш мектеп оқушысының эмоциялық интеллектісінің қалыптасуында оның осы жас кезеңіндегі физикалық күйі үлкен рөл атқарады. В. С. Мухина [8] физиологиялық трансформациялар баланың психикалық өмірінде үлкен өзгерістер туғызады деп көрсетеді. Психикалық даму орталығына ырықтылықтың (жоспарлау, әрекеттер бағдарламасын орындау және қадағалау) қалыптасуы шығады. Танымдық процестердің (қабылдау, ес, зейін) жетілуі, жоғары психикалық функциялардың (сөйлеу, жазу, оқу, есептеу) қалыптасуы жүреді, бұл бастауыш мектеп жасындағы балаға мектеп жасына дейінгі кезеңдегімен салыстырғанда біршама күрделі ойлау операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. Оқытудың жағымды жағдайлары мен ақыл-ой дамуының жеткілікті деңгейінде осының негізінде теориялық ойлау мен сананың дамуына алғышарттар пайда болады. Дәл осы жаста бала алғаш рет өзі мен айналасындағылардың арасындағы қатынастарды ұғына бастайды, мінез-құлықтың қоғамдық мотивтерін, адамгершілік бағалауларды, конфликтілі жағдайлардың маңыздылығын түсіне бастайды, яғни, бірте-бірте тұлғаның қалыптасуының саналы фазасына аяқ басады.
И. В. Дубровина [9] бойынша, жеті жасқа қарай бас миы үлкен жарты шарларының маңдай бөлімдері морфологиялық түрде жетіледі, бұл мектеп жасына дейінгілерге қарағанда мақсатқа бағытталған ырықты мінез-құлықтың дамуы үшін қажетті қозу мен тежелу процестерінің көбірек үйлесімді болуына негіз болады. Ірі бұлшықеттердің дамуы ұсақ бұлшықеттердің дамуының алдын орайды, осыған орай балалар ұсақ және дәлдікті талап ететін (мысалы, жазу кезінде) қозғалыстарға қарағанда күшті және көсілмелі, арбаң-тарбаң қозғалыстарды жақсы орындайды. Сонымен қатар, физикалық төзімділік, жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауы салыстырмалы сипатқа ие болады, жалпы алғанда, балаларға жоғары шаршағыштық пен нервтік психикалық жараланғыштық тән болып қалады. Бұл аталмыш жастағы балаларға тән ерекшелік басқа жастағы балалармен салыстырғанда оның жоғары эмоционалдығын анықтайды. Бұл жаста балада эмоциялық ашық боялған әлемнің алғашқы моделі қалыптасады, бұл өз кезегінде аталмыш жас кезеңіне тән болмысты танудың эмоциялық-бейнелік тәсіліне негізделеді. Аталмыш модель қарастырылып отырған жас кезеңіне тән эмоциялық интеллектінің «примитивті» моделінің қалыптасуына негіз бола алады.
Балада адамдардың қоғамдық қызметтеріне, олардың мінез-құлық нормалары мен іс-әрекет мағынасына бағдар пайда болады, бұл оның қоғамда маңызы бар сыртқы әлемнің объектілерін тануға деген қажеттілікті күшейтеді, енді қайтадан жаңа деңгейде алғашқы орынға қоғамдағы «Мен» позициясы шығады. Жаңа өмірлік бағдарлар жалпыға ортақ құнды мағынаға ие болатын өзіндік сана-сезімнің спецификалық ұғымдарынан көрініс табады. Оларға әдетте жанқиярлық, риясыздық, әділеттілік, адалдық, ерлік және т.б. сияқты ұғымдар жатады. Нәтижесінде бала үшін өзін қоршаған адамдардың эмоциялары, оларға барабар эмоциялық реакциямен жауап қайтаруға қабілеттілік ерекше маңызға ие болады.
30. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері
Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекетойынболып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың езінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір» сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді рана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үл-ендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын ойыының пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қа-тынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттердіорындауды талап ететінін және бір-сыпыра праволарберетінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексері қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға авосы бар екенші бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің езі рольде көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жуйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іо әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мүндай шынайы әзара карым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонмен бірге баланың өзіндік санасын да жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған коллектив пікіріне қарап бағдар алу баланың әлеуметтік сезімдерін: топқа ілесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады.
Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынасоны балалар» ойындарында. байқалатын түрлі жағдайларда өзін үстай білуге үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына,«балалардың осы тобыныц талаптарына және өзінің жеке-дара қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты таңдау балалардың жалпы құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына бай-ланысты. Бұйырып билеп-төстеуді ұнататын, сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың ойында алатын орны оның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.
Мектепке дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Қалайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын кебінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады.
Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу («идентификация») күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен шұғылданушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды. Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсібір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді.
Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы, мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі қүлап түседі, қиялдағы тепловозды жүргізеді әрі өзі .Тепловоз ретіңде дүрілдеп, жылдамдық ала бастайды.
Сонымен, ойын бұл кезеңде өзінің мәнісі жағынан символикалық болады. Символикалық ойын, баланың символдарды қолдануы — оның психикасының дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану,бір объектіні екінші объектінің көмегі арқылы ауыстыра білу қабілеті кейінірек әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамасыз ететін жетістік болып табылады.Символикалық функцияның дамуы арқасында баланың жіктеп қабылдауы қалыптасады, ақыл-ойының мазмұндық жағы және басқа да адамға тән қабілеттері елеулі өзгереді. Бір заттарды екінші заттардың орынбасарлары ретінде кең қолдану «балалар ойынында бір затты әр түрде қолдануға болады деп дәлелдеуге негіз бермейді. Бала орынбасар-заттардың қасиеттеріне қарап бағдар алады. Мәселен, дүкен ойнына материалдар іріктегенде балдырған балмұздақ орнына ақ кірпіш, шүжық орнына қызыл цилиндр, алма орнына пласмассадан жасалған жасыл дөңгелектер қолданылса қанағаттануы мүмкін. Ойыншық мылтық, қажет болған жағдайда адамға, жәшік — үйге айнала салады. Барлық, осы жәве осыған ұқсас ауысулар формасы, түсі немесе функциялық ерекшеліктер ұқсастығынан барып шығады. Мынадай жайтты да атап өткен маңызды: бала затқа өзі ат койған соң енді онымен бастапқы касиеттеріне сай іс-әрекет жасамай, оның жаңа атына сай әрекетжасай бастайды. Егер таяқ мылтыққа айқалса, ол одан атады, атқа айналса, оған мініп шабады; пароходқа айналса, ол жүзіп отырып жағаға келуі тиіс.
Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан зейінін жақсы жинақтайды. және көбірек есте сақтайды.Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына ететін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмүныма зейін жииақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны құрдастары ойыннан қуып жібереді. Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген қажеттілік балаларды мақсатты түрде зейін жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді
2- деңгей
1.Л.С.Выготскийдің баланың психикалық дамуы туралы мәдени – тарихи тұғыр теориясы
Выготский Лев Семенович (1896-1934) Көрнекғі психолог ғалым Л.С.Выготский 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі облысы Орша қаласында (бұрынғы Могилев губерниясы) туған. Ата-анасы білімді, шетел тілдерін жақсы меңгерген адамдар болған. Отбасы мен әулетінің тағылымы мен өнегесіне жастайынан қаныққан Выготский өзінін қысқа өмірінде зеректігі мен ынталығына орай ғалым мен өнердің сан-саласынан әр тарапты терең білім алып, өз дәуірінің озық ғалымы және ардақты азаматы болып жетілді.
Л.С.Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да психология ғылымына ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан-салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын көзімен қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологаясының дамуына орасан зор үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының дарындылығы психология саласында материалистік көзқарастарна тіректелген жаңа теориялық тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.
Адамның жан дүниесінің сыр-сипатын терең зертт’еген Л.С.Выготский адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және «бала психикасының жақын арадағы даму аймағы» дел аталатын тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи теория туралы Выготский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінсз-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіл отыратым тарихи фактор ретінде қарастырьшады. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі, кәмелетке толып, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты.
Л.С.Выготскийдің психология ғылымында. ерскше орын алатын теориясы — бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні — баланы тәрбиелел оқыту, оған білім беріл, дүниетанымын қалыптастыру үнемі онын табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделсп танитын міндеттерге машықтанулары керек.
Егср баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніп, сана-сезімі жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларга (интерноризация) айналуымен белгіленеді. Осы жайт Выготскийдің адамның мәдени-тармхи дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайды.
Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі баланың айналасындары адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжі-рибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тербие өнегесінен жанамалай үйренуі. Осылайша бала өзінін. дер-бестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеу-меттік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары қызмст, яғни, болмыстың бала санасындағы бейнелеуі деп аталады.
Бала басынан кешірген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдап білуін қалылтастырады. Дамудың осы жолы Выготскийдің айтуынша материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық қызмет арқылы мәдени факторға (оның бейнесіне) айналады. Сондай-ақ жаттаудың сөздік-мағыналық еске айналуы, нәрселердің бейнесін көз алдына келтіріп елестету — сол зат жайындағы ойлау әрекетіне алып келеді, немесе бұлар творчестволық қиялға айналады, қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады. Жоғарыда айтқанымыздай іші процестердің бәрі сыртқы әсерлер нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процесстерге (интериоризгцияға) айналады. Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір баланың мәдени дамуыңдағы кез келген қызметтің сыртқы көрінісінін сахнаға шығуы екі түрлі бағытта анық байқалады екен. Оның бірі — әлеуметтік сипатта болса,
екіншісі — психолоптялық сипатта көрініп отырады. Даму про-цесіндегі мұндай психикалық заңдылық алдымен адамдардың өз-ара қарым-қатынасы арқылы өріс алса, кейіннен оның нәтижелері адамның ішкі көңіл-күйінен жақсы байқалады. «Жоғары психикалық қызметтің даму тарихы» дейтін еңбегінде (1931) Выготскмй осы пікірін одан әрі жалғастыра түсіп, баланың жоғары психикалық қызметі әлеуметтік ортада ересектермен қарым-қатынас жасау арқылы туындан отырады осы жардайда ғана оның сана-сезімі өсіп жетіледі. Выготскийдің бұл тұжырымы баланың «жақын арадағы даму аймағы» жайындағы қағидасын негідеуге тірек болды.
Выготскийдің психология саласындары зерттеулерінде «пси-хологиялық жүйелер» деген маңызды бір ұғым кездеседі. Бұл ұғымның мәні түрлі психикалық қызмеітердің арақатынасын біл-діретін тұтас құрылымдар. Ол ойлау мен ес процестерінін, өзара ұштасып, олардың арасында әр қилы байланыстар жасалып оты-ратындығын анықтап, осындай жүйелердің құрылымында басты рольді атқаратын бастапқы белгі (таңба) делінсе, ал одан кейімгі психикалық кызметті «жасаушалар», яғни адам исихикасының ұ лпаларын жасайды. Бұл жалт адам психикасының хайуанаттар психикасынан ерекше күрделі сипатта болатындырын көрсетеді.
Л.С.Выготский тарихи даму кезендерінде адам психикасының өзгеріске түсіп отыратындығын, әсіресе оның ойлауы мен сөйлеуінің өрістеу сатыларын жан-жақты іздестіреді. Осы тұжы-рымның мәні 1934 жылы жариялнған «Ойлау мен сөйлеу» деген енбегінде жан-жақты қамтылған.
Выготский идеялары тек исихология ғылымын ғана емес, адам тануға қатысты басқа да ғылым салалаларының (дефектология, тіл білімі, психиатрия, өнертану, этнография, семантика, т.б.) дамуына ыпал жасады. Лев Семеиович Выготский қаламынан 190-нан астам ғылыми енбек кейінгілерге мұра болып қалды. Ұсынылып отырған осы жинақта Л.С.Выготскийдің еңбектерінің жекелеген жақтары ғана қамтылып отыр.
Л.С.Выготскийдін исихология ғылымы саласынан жазған енбектерін Қазакстан оқырмандарына 30 жылдары алғаш таныс-тырып түсініктер берген Т.Т.Тажібаев. Ал Виготскийдің психо-логиялык идеяларынын бірсыпыра жәйттерін арнайы зсрттеп қазақ оқырмандарына жеткізген М.М.Мұқанов. Ол ғылымның этнопсихологиялық ой-пікірлсрін өзінің докторлық диссертациясы мен ғылыми жинақтарда жариялаи талдау жасады.
2. Ж.Пиаженің интеллекті дамуының операционалды теориясы
Жан Пиаженың интеллектуалдық даму теориясы. Пиаже мамандығы бойынша зоолог және адамның мінез-құлқын зерттеген кезінде тағы басқа тірі ағзалардың мінез-құлқын кірістіруге тырысты. Оның негізгі мәселесі - жануарлардың өмір тіршілігіне бейімделу болды. Ал адамның интеллекті бейімделуді қамтамасыз етудің құралы ретінде қарастырды.
Пиаже жеке өзгешеліктер мен «интеллектіні тестілеумен» айналысқан жоқ. Ол адамның қалыпты дамуын ашып түсіндіргісі келді. Пиаже айналысқан екі аймақ - биологиялық және эпистемологиялық - адамның интеллектуалдық дамуының зерттеуінде шиеленісті.
Біз Пиаженің дамуын жеке тұлғаның өмірінде немесе тарихи эволюцияда қалай болып жатқаны ретінде қабылдауымыз керек. Бірақ бір тұлғаның өмірінде интеллектуалдық дамуын түсіну үшін, біріншіден, оның тұтас биологиялық бейімделу жайында айту керек.
1. Биологиялық бейімделудің ерекшеліктері.
2. Адам инетеллектісі: дамуы.
3. Адамның интеллектісі: теориялық түсініктер.
Пиаженің айтуынша, тірі ағзаның маңызды белгісі - өз-өзінен реттелу жүйесі болып табылады. Тірі емес ағзалармен салыстырғанда, қауіп төндірген уақытта олар өз құрылымын бұрынғы қалпына келтіруге немесе қорғай алуға жағдайы бар. Физиологиядан екі мысалды алатын болсақ: егер саусағымыздың терісін жарақаттап алсақ, оның терісін қалпына келтірудің жағдайымыз бар; сыртқы ортаның температурасы кенет ауысса, жеткілікті түрде біздің денеміздің жылылығын сақтай аламыз.
Егер бұл процесті жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ болса, тірі ағза өледі. Барлық тірі ағзалар ақырында өлетін болғандықтан, түгелімен бейімделуге қол жетпейді: әрқашанда жаңа қауіп-қатерлер туындайды. Бірақ адам ортаның өзгерістеріне икемді түрде жауап қайтаратын қабілетке ие.
3.Жас кезеңдеріне бөлу жөніндегі шетелдік тұжырымдамалыр
Д.Б.Эльконин адам өмірін мынандай кезеңдерге бөледі:
-Балалық шақ 0-18 жас аралығы нәрестелік және бал-бөбектік шақ- 1 жасқа дейін.
Бөбектік жас- 1-3 жас
Мектеп жасына дейінгі кезең 3 жастан 6 жасқа дейін
Төменгі сыны жасындағы балалар 7 жаста 10-11 жас
Жасөспірім 12-15 жас
Балалық жас 17-18 жас
Жастық 18-23 жас
Алғашқы жастық 18-20
Ортаңғы жастық 20-23
Кемелдену жасы 25-60
Қарттық кәрілік жас 70 тен жоғары
Гиппакрат бойынша
1кезең 0-7
2кезең 7-14
3кезең14-21
4кезең 21-28
5кезең 28-35
6кезең 35-42
7кезең 42-49
8кезең 49-56
9кезең 56-63
10кезең 63-70
Дж.Берннің жас кезеңге бөлуі
Жастық шақ 12-17
Ерте ересектік 17-25
Ересектік 25-50
Кеш ересектік 50-75
Қарттық 75тен аса
Э.Эриксон бойынша
Ерте нәрестелік 0-1
Кеш нәрестелік 1-3
Ерте балалық шақ 5-11
Жыныстық жетілу жасөспірімдік 11-20 жас
Ерте ересектік 40-45
Орта ересектік 40-45-60 жас
Кеш ересектік 60 жастан ары
4. Дамудың биогенетикалық және социогенетикалық бағыттары
Биогенетикалық заң[1] — табиғаттағы әрбір тірі организмнің жеке дамуы (онтогенез) кезінде сол түр эволюциясының (филогенезінің) аса маңызды кезеңдерін қысқаша және жылдам қайталап өту заңдылығы. Мұндай заңдылықты 1864 ж. неміс эмбриологы Ф. Мюллер (1821 — 1897) және 1866 ж. неміс ғалымы Э. Геккель (1834 — 1919) өз зерттеулерінде дәлелдеп берген.
Биогенетикалық заң онтогенездік пен филогенездік дамудың арасында болатын өзара тығыз байланыстылыққа негізделген.
19 ғасырда Санкт-Петербургтық академик К.Бэр бір типке жататын көптеген жануарлар ұрығының дамуында бір-біріне ұқсас белгілердің болатындығын анықтаған.
1910 ж. орыс ғалымы А.Н. Северцов (1866 —1936) биогенетикалық заңды тағы да нақтылай түсіп, онтогенез кезінде филогенездікдамудың барлық сатысы түгелдей қайталанбайды, тек олардың ұрықтарының даму сатысы ғана тез арада қайталанады деген қорытынды жасады. Мұны ғылымда А.Н. Северцовтың филэмбриогенез теориясы деп атайды. Мысалы, желілілер (хордалылар) типіне жататын балықтардың, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің (осы класқа жататын адамның да) ұрықтарының алғашқы даму сатысында біріне-бірі ұқсас белгілері (дене тұрқының ұзынша болуы, хорданың, жүйке түтігінің, желбезек саңылауларының пайда болуы, т.б.) қалыптасады. Бұл олардың арғы ата-тектерінің туыстық жақын екендігіне дәлел бола алады.
Э. Геккель барлық көп клеткалы жануарлардың арғы ата-тектері қазіргі гидраға ұқсас жануарлар болған деген қорытынды жасаған, өйткені олардың бәрінің даму кезеңінде гаструла сатысы болатындығы анықталған. Онтогенездік даму кезінде тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер пайда болады да, филогенездік дамуға негіз болады.
Биогенетикалық заңның қағидаларының дұрыс екендігін орыс ғалымдары А.О. Ковалевский (1840 — 1901), И.И.Шмальгаузен (1884 — 1963) зерттеулері дәлелдей түсті. Оның негізгі қағидаларын палеонтологиялық, салыстырмалы анатомиялық, эмбриологиялық, соңғы кездегі биохимиялық, генетикалық, т.б. зерттеулер де дәлелдеді. Биогенетикалық заң қағидалары организмдердің өзара туыстық жақындығын анықтауға және эволюциялық процестердің даму бағыттарын дұрыс түсіндіруге негіз болды.[2]
5. Балалар психологиясының даму тарихы
Балалар психологиясының баланың даму факторларының психикалық процестермен ерекшеленетін және сол псизикалық ерекшеліктерін зерттеді.
Балалар психологиясы пренотальды кезеңнен бастап мектепке дейінгі кезеңнің психикалық дамуын қарастырады. ХІХ ғ аяғында дербес пән ретінде дүниеге келді. Бала псих негізін қалаған Прейер Ол бала псих зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауда бағалауға өтуді жүзеге асырды. Прейер Жан атты кітабы бала псих жүйесін зерттеуді қарастырады:
6. Э.Эриксонның тұлға дамуының эпигенетикалық теориясы
Э.Эриксон 1904-1994 ж өмір сүрген.Өз теориясында фрейдтің тұлға моделіне ид,эго ,супер эго сүйене отырып тұлға құрылымы мындағы мене және қоғам араснда өзара қатынас жқніндегі психо анамика тұж шығарады. Тұлға дамуында Менеге айрықша көңіл бөлді.Менің қалыптасуына қоғам әсер етеді деді. Эриксон адам өмірін тарихи дәуіріне байл зерттейтін псих-ң жаңа әдісін зерттеуін тапты.Ол зерттеу әдісі психо тарихи әдіс д.а.Сол әдістің көмегімен мартин,лютердің,бернардтың,және тағы басқа ғалымдардың өмірін зерттеу әдісі.Психо тарихи әдіс кросс мәдени зерттеу әдісі кросс мәдени әдісті қолданып Эриксон үнді тайпаларымен Ақштағы тәрбин берудің ерекшеліктерін зерттей келе әр мәдениеттің өз тәрбие беру тәсілдері бар деп есептеді.Эриксон мен дамуының қалыптасуына қоршаған ортаның тікелей байланысын анықтады.Эриксонның ойынша тұлғаның дамуы соматикалың, психологиялың әлеуметтік психиканың жыныстың жлдардың бірлігімен және өзара әрекеттестігімен анықталады.Меннің қалыптасуы тқлға дамуының негізгі мазмұнын құоайды.Тұлғаның даму үрдісін эриксон ұқсастықтың түрленуімен қалыптасуының тұрғысында қарастырады.
7. Х.Т.Шерьязданованың мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының дамуындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері туралы теориясы
Мектеп жасына дейінгі балалар әдетте ойнағанды сурет салғанды ұнатады.Ересектермен және құрдастарымен қуана қуана араласады.Олар білім құмар бастамшыл келеді.Мектеп жасына дейінгі зерттеуде сәйкес балалардың ересектермен қарым қатынасы үш кезеңге дамып жүзеге асырылады.
2-3 шамасында негізінен ойыншықты беру немесе тартып алу ашу немесе іске қосу құрастыру немесе бөлшектеу әрекеттері арқылы ойыншықтарымен қатынастарын негізінде сипатталады. Осы тектес қарым-қатынас едәуір жоғары мазмұнымен жүзеге асатын өз тұлғасын сыйластықпен қабылдау, өзара түсіне отыру.
4-5 жастағы танымдық ақпарат баламен ересектің неге не үшін деген камуникатифті өзара әрекеттерімен негіз болады.
6-7 жаста балалардың айналасындағы адамдарға, өзіе және құрдастарының тұлғасына қызығушылығы оянады. Балалар тұлғасының қатынастардың 3 түрі
Өз-өзіне
Басқа адамдарға
Заттық әлемге қатынасы ажыратылады.
8. Д.Б.Эльконин бойынша психикалық даму теориясы Эльконин іс-әрекет теориясы шеңберінде атқарылған жұмыстарға сүйене отырып баланың дамуын түсіндірудегі Выготскийдің логикасын жалғастырды.Олар балалықты мәдени-тарихи құбылыс ретінде түсінеді.Адамда даму барысында инстикнтер жоғалады да мінез-құлықтық меңгерілген формалары пайда болады.Эльконин дамудың әр түрлі кезеңдерінде жетекші іс-әрекеттің заттық мазмұндық жағы өзгеретіндігіне назар аударды. Эльконин бойынша ақыл-ой дамуы тұлғадық дамумен бірлікте қарастырылуы тиіс.
9. Отандық кеңестік психологиядағы жас кезеңдерін жіктеу тұжырымдамалары
М.М.Мұқанов бойынша
І.Туылғаннан 1 жасқа дейінгі кезең нәресте жас кезең 1. Бесік жасына 0-7 айға 2. Еңбек ету жасына 7-12 айдан.
Бөбектік жас 1-3
Сәби жас 3-7
Нәресте 8-11
Бозбала 12-15
Үлкендер жасы 15тен бастап
ІІ.Жасты ғылыми тұрғыда тиісті кезеңге бөлу
Туғаннан 1 жасқа дейін-нәрестелік жас
Мек дейін 3-7 жас
Бастау мек жасы 7-11
Орта сын 11-16жас
Аға сын 16-18
10. Х.Вернердің ортогенетикалық теориясы
Вернер ортогенетикалық принципті қарастырды. Ортогенез тірі табиғаттың даму теориясы. Психологиядағы ортогенетикалық ұстаным психикалық өмірді және оның дамуын жалпы көлемде қамтуға тырысты. Өмір бар жерде өсу мен даму тоқтаусыз жүреді деген Вехнердің тұж Вернер тұж қарсы шықты. Вернер тұлға психикасы және адамзат нәсілінің жануар мен баланың психологиясы, сананыңерекше жағдайларындағы психопотологиясымен ерекшклік жағдайларындағы ортақ генетикалық негізі бар екенін анықтады. Вернердің тұж дамудың төмен заңдарындағы адам өмірінде тұтастай қамқорында болады. Вернер Бұл тарапта спираль принципін ұсынды. Бұл принципи бойынша әрбір жаңа психикалық процестер барлық жағынан диференцияланған екінші жағынан интеграцияланған күйге түседі.
11. З.Фрейдтің баланың психикалық дамуы жайлы теориясы
Психонализ алғашында емдеу әдісі рет пайда болды бірақ көп кешікпей жанның психологиялық жүйнге негіз болған психологиялық фактілерди анықтау ретінде қолданылады. Негізін қалаған Зигмунд Фрейд Фрейдтің түсінігінде тұлға итермеуші және тежелеуші күштердің өзара әрекеттесуі. Адамның психологиялық дамуының барлық сатылары оның пікірінше тыныстық дамумен 5 стадияға бөледі.
1.Оральды кезең, туылғаннан 1 жасқа дейінгі даму кезеңі. 1-3 жас 2 фазадан тұрады өмірдің бірінші және екінші жарты жылдығын орын алатын ерте және кеш фаза. Ерте фазаға сору ему кеш фазаға тістеу жатады.
2.анальды кезең 1-3 жас 2 фазадан тұрады либидо-бала зейіннің объектісі болып табылады.Баланың м ені қалыптасады.
3.Фалистік кезең 3-5 жас баланың дамуы. Бұл кезеңде ұлдар эгид қыздар ұлдар электролиді
4. латентті кезең 5-12 жас жыныстық қызығушылықтың төмендеуі байқалады, сабаққа деген ынтасы достарымен қарым-қатынасы жоғарлайды.
5. генетальды кезең 12-18 жас қайта жыныстық жетілу жоғарылайды, барэрогенді аймақтар біріге бастайды.
12. К.Бюлердің баланың психикалық дамуының үш сатылы даму теориясы
Австрияның псих 1897-1973 баланың 3 сат теориясының негізін қалаған К.Б ол маймылдардан мәдениетті ересек адамға дейінгі даму жолын ортақ биологиялық баспалдақпен шығу ретінде түсіндірілді. Баланың пікірінше пассифті әлсіз жан қозғыштық болған үрдістерінің барлығы адамға тән деп қарастырады:
1.инстинк төменгі саты мінез-құлық тәсілдерінің тұқым қуалау берілетін үрдіс. Ол тек пайдалануға дайын және қажетті стимулды ғана сырттан күтеді. Жаңа туылған нәрестенің дайын инстинктері: ему, жұту, шайнау, сору,механизмдері болып табылады және жануарларғада осы қасиеттер тән.
2. Дағды мен дрисура сатысы түрлі өмірлік жағдайаттарға бейімделуге мүмкіндік береді. Ол мадақтау мен жазалауға, сәттілік пен сәтсіздіктерге негізделген. Бюллердің пікірінше жануарлар оынның табиғи жалғасы бала осы сатыдан т.б. Жануарлар мен балалар арасындағы даму интинг дрисура механизмдері бірдей қалыптасады.
3. Интеллект жанына табу құрастыру арқылы бейімделу проблемалық жайытта санасу мен интеллектуалдық тапсырмаларды шешуге негізделген дамудың жоғары сатысы. Бюллер үшін ортаның мәселе бойынша ойынның, ойлаудың даму психикалық дамудан шығармашылық рөл ретінде қалыптасады. Психикалық дамудың бірінші сатысынан екінші сатысына өту ол эмоциялардың дамуынан болады: рахат алу, қанағаттану.
13. Жандану кешені және оның компоненттері Дүниеге келген кеде көру және есту анализаторлары толыққанды. Түйсігі арқылы есту, 3-4 –ші айда көру шоғырланады. "Жандану кешені" балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл баланың қалапты психикалық дамуының алғашқы белгісі
14. А.Гезеллдің бала дамуын зерттеудегі нормативтік тұрғы теорясы
Гезель бала дамуының қарапайым әрекетін өсу деп түсіндірді. Балалық шақтың ұзаққа созылуы адам дамуының ерекшелігі деп білді. Гезель бойынша әлеуметтік даму дегеніміз – баланың органикалық дамуының байланыстыру болып табылыды. Дамудың темпераменттік тұқым қуалаушылыққа байланысты. Ол интеллектінің дамуы жүйке жүйесінің дамуын Гезеллдің бала психалогиясына қосқан үлесі зор. Ол баланың туылғанынан бастап баланың жастық шаққа дейінгі және қартаю кезеңіне дейінгі жас ерекшеліктердегі психикалық дамуын нормамен түрлі потологияларды жүйелі салыстыра отырып моральдық қозғалыстардағы өзгерістердегі сөйлеуді бейімделушілік реакциялармен балалардың әлеуметтік байланыстарын жүргізілген диагностикалық практикалық жүйесін құрды. Психологияға Гезельлангютивтік әдісті баланың туылғаннан бастап психикалық дамуын ұзақ уақыт аралығында зерртеу әдісін енгізді.Ол монозиготалық егіздерді зерттп алғаш рет егіздік әдісін қолданды.
15. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың өзіндік санасының даму ерекшелігі Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде маңызды орын алатын іс - әрекет бұл үй жұмысына, еңбегіне баланың қатысуы. 4 – 5 жастан бастап, бала үйде ылғи да істейтін жұмыс жүктелуі тиіс және бұны норма деп қарастыру керек. Бұл баланың жеке даралық дамуына зор ықпал етеді. Үй жұмысы барысында балада мұқияттылық, жауапкершілік, еңбекқорлық және т.б. пайдалы сапалары тәрбиеленеді. Бұл тек қана ата – анасына көмектесу үшін ғана қажет емес, сонымен қатар болашақта еңбекке икемділікті үйрену үшін де қажет.Мектепке дейінгі кезеңдегі ойын рөлінің өзгеруі жас кезеңіне қарағанда, негізінен балада көптеген пайдалы жеке даралық сапалардың дамуы мен қалыптасу құралының қызметін атқаратынымен байланысты. Мектепке дейінгі баланың ойынында тәрбиелік функциясы баланың әртүрлі қажеттілігін қанағаттандыру құралымен, оның мотивациялық ауқымының даму қызметін атқарады. Ойында баланың жаңадан қызығушылықтары мен іс - әрекеттің жаңа мотивтері пайда болып, бекиді. Мектепке дейінгі баланың ойынына: «Символикалық ойын» бір заттың орнына ұқсас екінші бір затты қойып, оның бастапқы атымен емес, соңғы атымен атаушы ойын түрі және рольдік-сюжеттік ойындар.Мектепке дейінгі ойын және еңбек іс - әрекет арасындағы ауысулар едәуір келісім шартты болып келеді, өйткені балада бір іс - әрекет түрі байқаусыз жайлап екінші түріне немесе керісінше ауысып отырады. Егер тәрбиелеуші баланың қарым – қатынасында және еңбегінде қандай да бір жеке даралық сапаның жеткіліксіздігін аңғарса, онда ең алдымен баланың ойынын ұйымдастыруда сәйкес сапалардың пайда болуы мен қалыптасуына көңіл бөлу керек. Егер баланың оқуында, қарым – қатынасында және еңбегінде кейбір жеке даралық сапалар байқалса, онда осы сапаларды басқара отырып едәуір күрделі жағдайында жаңа сапаларды құрудың дамуын жоғарылататын ойындарды ұйымдастыруға болады.16. Мектепке дейінгі баланың жеке басының дамуы туралы қазіргі көзқарастар
17. Мектепке психологиялық дайындықтың теориялық негіздеріМектепте оқуға психологиялық дайындық- оқыту үрдісі барысында құрбылармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасап, оқу бағдарламасын меңгеру үшін психологиялық қажетті деңгей.Мектепке психологиялық дайындық проблемаларының теориясы Л.С.Выгодскийдің еңбектеріне негізделген Л.И.Божович: «Мектепте нәтижелі оқуға ықпалын тигізетін- баланың психикалық даму параметрлері: оқудың танымдық және әлеуметтік мотивтері- баланың мотивациялық даму деңгейі; ырықты тәртіптің және интеллектуалды сфераның дамуы ». Мектеп балалық шақ пен ересек өмірлерін біріктіретін буын.Егер балаға мектепке дейінгі мекемелерге бару міндетті болмаса, мектепке бару -міндет, сонымен қатар бала құрбылармен, ересектермен қарым-қатынаста болады. Мектепке психологиялық дайындықты зерттеген психологтар, педагогтар бала тәртібінің ырықтылығына ерекше мән берген. Д.Б.Элькониннің есептеуінше, ырықты тәртіп ұжымдық- ролдік ойында туындайды, себебі бала осының арқасында дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді.Д.Б.Эльконин мектепке дайындық проблемасын қарастырған кезде, оқу іс-әрекетінің қажетті негізгі шартын белгілеген:Балалардың өз әрекеттерін саналы түрде ережелерге бағындыру; Берілген талаптар жүйесіне бағдарлана алу; Айтушыны дұрыс тыңдай алу және ауызша формадағы тапсырмалардыорындай алу;Үлгіні көру арқылы қабылдап, тапсырманы өзі орындай алу. Сонымен қатар мектепке психологиялық дайындықта- сөйлеу дамуына көңіл бөлінеді. Сөйлеу интеллектімен тығыз байланысты және баланың жалпы дамуын, оның логикалық ойлау деңгейін
18. Бала қиялының дамуына әдеби шығармалардың (ертегі мен әңгімелердің) тигізетін Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, ӛндеп, бейнелеуде кӛрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар Қиял - ғажайып ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан - алуан ерлік оқиғалар баяндалады.Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын - қыстау оқиғаларда ақыл, айла - тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады.Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б. Ата - бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм - қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.
19. Психологиядағы жас кезеңдерін жіктеу мәселесі
Психология ғылымында жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу мәселесімен жас ерекшелігі психологиясы ғылымы тереңірек шұғылданады.
Психикалық дамудың жас кезеңдері.
Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуы бірқалыпты болмайды. Мұнда жас кезеңдердің біршама баяу бірте-бірте өзгеретіндігін бұрынғы психологиялық белгінің жойылып, жаңа психологиялық белгінің пайда болуына байланысты кейде баланы неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетін өзгерістер кезеңі басталды.
20. В.Штерннің бала дамуындағы екі фактордың конвергенция теориясы
Бала дамуындағы екі конвергенция теориясы Штерннің бала дамуының факторы конвргенция теорисы. Бұл теорияның негізін қалаған Штерн неміс психологы. Бұл ғалым Берналанизм теориясының авторы. Берсано-тұлға. Өз зерттеулерінде баланың рухани дамуымен тұтас тұлғалық қалыптасу мәселелерін қарастырады. Штеррнің пікірінше тұлға белгілі бір тереңдігі ба қатынастардан тұратын өзін өзі анықтайтын саналы және мақсатқа бағытталған әрекет ететін тұтастық.
21. А.Валлонның психика дамуы туралы теориясы
Балалар психологиясындағы мәдени тарихи бағыт субъект орта жүйесіндегі қатынасты баланың дамуы жүретін әлеуметтік контексті тұрғысынан анықтауға мүмкіндік берді. Бұл бағыт теориясының қатарына Анри Балонның психа дамуы теориясында жатқызуға болады.
А.Баллон бойынша дамуының негізгі шарты адамдардың қарым-қатынастары мен әрекеттері сонымен қатар заттың дүниедегі бала дамуының маңызды механизмі еліктеу деп шешті.
22. Мектепке психологиялық дайындық және оның компоненттері
Баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы балалар психологиясы ғылымы мен білім беру жүйесі саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Жалпыға ортақ білім беру ағарту саласындағы негізгі буын мектептер арқылы орындалады. Ал осы Мектеп есігін ашу неше жастан басталуы керек оған қандай даярлықтармен келу керек?- деген мәселелер балалар психологиясы ғылымында әлі талас тудырып келе жатқан тұрлауы табылмаған мәселе болып отыр. Осы тақырыпты зерттеумен айналысқан жүздеген ғалымдар еңбегі теңдессіз мәліметтер бергенімен зерттеу нәтижелерін білім беру жүйесіне ендіру осы уақытқа дейін эксперименттік сипат алып отыр.
Бұл бағытта ұлы пед Ушинский Крупская т.б Ресей ғалымдарынан Выготский Усова Леонтев Эльконин Божович еңбектерін атап өтуге болады. Мектепке даярлық деңгейін анықтауда басшылыққа алынатыны көбінесе оқу және жазу іскерліктерінің шамасы. Ал баланың жаңа ортаға түсуіне байл көңіл күйінің сипаты сынып сабақтық жүйеге төзімін білдіретін еріктік қасиеттері, жазба білімдерді қабылдап игеруге таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді.
23. Л.С.Выготский бойынша, жас дағдарыстарының бөліну кезеңдері
Выготскийдің тұжырымдамаларында ортаның орында баланың пс-х даму мақсатын сипаттайтын әлеуметтендіру түсінігі алады. Мәдени тарихи адамда қоғамдық қарым қатынастардың ансамблі ретінде қарастыратын филасофиялық теорияға сүйенеді. Автор баланың психикалық дамуында оқыту мен тәрбиенің рөлі зор екендігін атап көрсетеді.
Выготский бала психологиясының дамуын кезеңдерге бөледі. Даму үрдісінің ішкі өзгерістері құрылымының біздің атауымызға жас кезеңдері негізі болып, яғни әрбір жаста сапалы өзгерістер болып тұруы тиіс.
Дағдарыс кезеңдеріне кіріспе. Дамудың эмбрионалдық кезеңге шығаруы.Жастық шақ кезеңін шығару 17-18 себебі ересек өмірде дамудың басқа заңдылықтары. Жыныстық жетілу жасын дағдарыста емес тұрақтылардың қатарына өндіру.
24. Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы
Балдырған психикасының дамуын зерттеген кезде бала психологиясы кейбір басқада ғылымдардың мәліметтерін пайдаланады және өз кезегінде, олар үшін маңызды мәні бар материал беріп тұрады.Балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын даму психикасы туралы білімге сүйенеді. Мысалы, балалар психологиясын зерттеудің, оның іс әрекеті, психикалық үдерістері мен жағдайлары, жеке басының қасиеттері сияқты жағдайларды бөліп көрсету, олардың бұрын жалпы психологияда бөліп көрсетіліп, сипатталғандығынан ғана мүмкін болады.Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық дамуын, псих дамудың әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компонеттерді зерді.Яғни, балалардың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, Жоғары нерв жүйесінің құрылымы мен жетілуін, ішкі секреция бездерінің қызметін оның өзгерісін анатомиялық-физиологиялық негізіне сүйене отырып зерттейді.
25. Балалар психологиясындағы зерттеу әдістері және зерттеу жүргізу стратегиялары
Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері- бақылау және эксперимент. Негізгі әдістерге жалпы психология сияқты 2 әдіс- бақылау және эксперимент жатады.
БАҚЫЛАУ ӘДІСІ. Бақылау кезінде зерттеуші баланың мінез құлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып қадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алмайды. Бақылаудын табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғанына байл. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез құлқының қайжағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады.
ЭКСПЕРИМЕНТ ӘДІСІ-балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты. Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және жанама әдістер арқылы зерттеледі.Дегенмен әрбір зерттеу әдісінің тиімді және тиімсіз жақтарын ескеріп, соңынан қосалқы әдістерді қолдану керек.
26. Қазіргі балалар психологиясының теориялық және практикалық міндеттері
Қазіргі балалар психологиясын зерттеудің педагог үшін теориялықта. Практикалықта манызы зор. Өйткені баланың жас кезінде байл айырмашылық дағдарыстарын зерттеп білу педагогқа програмалық материалдын көлемін анықтауға септігін тигізеді. Психологияны жете игеру тәрбиешілерді көптеген қателіктерден сақтануға және балалармен дұрыс байланыс қарым-қатынас орнатуға көмектеседі және педагогтарға тек баланы түсініп қана қоймай, қолдап, жақсы қасиеттерін дамытуға, баланың жан дүниесін сезе білуге көмектеседі. Оқу-тәрбие жұмысы, ғылым саласында болып жатқан реформалық жаңалықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу осы ғылымның негізгі міндеті. Мысалы,баланы мектепке 6 жастан бастап оқыту, басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін кеңінен игерту немесе мүмкіндігіне қарай бастауыштан бастап шет тілдерін игерту. Ауылдық жердегі мектептің оқу тәрбие үдерісінің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне байл жинақтаған бай тәжірибесі, психологиялық идеялар ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауды талап етеді. Осының бәрін балалар психологиясынсыз шешу мүмкін емес.
27. Баланың психикалық дамуы және оған ықпал етуші факторларБаланың психикалық дамуы жас ішінде бала қимылқозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардыд арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бул қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың касиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау кимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары интериоризацияланады — көріп қабылдауға ауысады.
28. Мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың құрдастарымен қарым-қатынастары мектепке дейінгі жеке басы дамуына құрдастармен қарым-қатынас жасаудан тиетін ықпалдың маңызы өте зор.Бала өзге балалармен қарым қатынас жасағаннан кейін қарым-қатынас дағдылаын игереді.Қарым-қатынас жасай отырып олар бірігіп жұмыс жасауды қайырымдылықты адамгершілікті ұйренеді.
29. Психикалық даму, оның қозғаушы күштері жайлы психологиялық зерттеулер Психикалық даму факторлары - бұл индивидтің өмірлік іс-әрекетін қажетті түрде анықтайтын обьективті бар нәрселер. Психикалық даму шарттары- бұл индивидке белгілі -бір әсер ететіндер, яғни психикалық дамудың ерекшеліктері, сипаттамалары және деңгейі тәуелді сыртқы және ішкі жағдайлар
30. Психикалық дамудың факторлары, формасы мен заңдылықтарыбаланың психикалық және қылықтық дамуын анықтайтын факторлар жүйесі. Даму факторы тәрбиелеу, оқыту, тәрбиешілер мен оқытушылардың педагогикалық дайындықтарын, оқыту құралдары мен әдістерін және баланың психологиялық дамуына әсер ететін басқа да жағдайларды қарастырады. Даму шарты — адамның дамуына ықпал ететін факторлар (оның айналасындағы бала кезінен қоршаған адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынастар, материалдық және рухтық, мәдени заттар мен құбылыстар және т.с.с.). Дамудың эволюциялық теориясы — баланың психикалық және қылықтық дамуындағы үрдістердің барлығы генотиппен анықталады және ұрықта болмаған нәрсенің ешқайсысы даму кезінде көрініс бермейді деп түсіндіретін теория. Сензитивтік кезең — адамдағы психологиялық қасиеттер мен қылық түрлерін дамытуға ыңғайлы жағдай тудыратын адам өмірінің кезеңі.[1]