шығармаларының жанрлық сызбасы, жазушы туралы пікірлер)
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Сакен Сейфуллин қазақ әдеиетіне жаңа түр, күрсекерлік идея, жанды бейне, көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург.Ол 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған.
Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық көзқарасының қалыптасуы Ақмоладағы приходская школада, қалалық үш кластық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқуымен тығыз байланысты.
1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің "Өткен күндер" атты өлеңдер жинағы Қазанда басылып шығады.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық тағдырында ерекше орын алады. Ел ішінде бала оқытып жүрген жас ақын патша қылағаннан кейін Ақмолаға келеді. Ол 1918 жылы маусым айында ақтар Ақмолада Кеңес үкіметін құлатқанға дейін жас үкіметті орнықтыруға көп еңбек етеді, әлеумет қайраткері, саяси күрескер болып шынығады. "Бақыт жолында" драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының көшімен сахнаға қойылады. 1918 жылы 4 маусымда ақтар Ақмоладағы билікті өз қолына алғанда, бір топ күрескер жолдастарымен бірге Сәкен де атаман Анненковтың азап вагонында тауқымёт шегеді. Колчак түрмесінде отырған 9 ай тозақтан Сәкен қашып құтылады. Бұл революциялық коресстің шежіресі - "Tap жол, тайғақ кешу" романында (1927 )баяндалған.
Кеңес үкіметі тұсында Сәкен ірі мемлекет қайраткері дәрежесіне көтеріледі. Ол Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер-су комиссиясының председателі, 1922 жылы Қазақстан Комиссарлар Советінің председателі болып сайланады. 1922-1925 жылдары "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы болып Сәкен қазақ баспасөзінің негізін қалады.
1925-1937 жылдары Жазушылар одағында басшы болып, жоғарғы оқу орнында ұстаздық етті.
Оның қаламынан туған "Асау тұлпар", "Домбыра", "Көкшетау", "Қызыл ат", "Альбатрос" т.б. сияқты поэма кітаптары, "Жер қазғандар" "Айша", "Жемістер" т.б. прозалық шығармалары, "Қазақ әдебиеті", "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" т.б. зерттеу еңбектері ұлттық әдебиетімізді биікке көтерген шығармалар.
Сәкен сазгер ретінде қазақ музыка мәдениетінің дамуына да үлес қосты.
Сталиндік жолсыз жаза ақынды 1938 жылы, ақпан айында мерт қылды.
1.Түсінік беремін.
2. Тізбектетіп оқытамын.
3. Жоспар құрғызамын.
4. Салыстырмалы мінездеме жасатамын.
«Бандыны қуған Хамит» әңгімесіндеС.Сейфуллин Кеңес үкіметінің дұшпандары ақ бандыларға қарсы күрес оқиғаларын әңгімелейді.Олардың елді тонап, ауыл адамдарын өлтіріп жүргенқастандық әрекеттерін айтады.Осыған байланысты Хамитттің басынан кешкен оқиғаларын сөз етеді.
Жоспар
1.Хамит қызмет қылып жүрген оязда бандылардың шыға бастауы.
4.Нұсқаушы Сейсембаевқа банды Кудряның жасаған өктемдігі немесе қорқытуы.
5. Хамиттің жансыз жүріп, ізге түсу.
6.Өзі бір қазақ сияқты орыс екен!
7. Банды мен Хамиттің арпалысы.
8.Қажымұқанның балуандармен күресін Хамиттің еске алуы.
Венн диаграмасы бойынша олардың іс-әрекеттеріндегі, мінез-құлықтарындағы, түр-тұлғаларындағы ерекшеліктерін ескере отырып екеуіне салыстырмалы мінездеме жасатамын.
Хамит
Кудря
Аңқау,
Айлакер,
Бекіту:
1.Хамит пен Кудряның арпалысын шығармадан таптырып оқытамын.Бандының Хамитттен тек күші жағынан ғана басым екенін, ал іс жүзінде оның Хамиттен әлсіз екенін мәтіннен басқа да үзінділер ала отырып дәлелдетемін.
2.Хамиттің бандыдан айырылып қалу өкінішіне оқушылардың қалай қарайтындарын тыңдап отырып сабақты бекітемін.
Үйге тапсырма : Әңгімені компазициялық құрылымына қарай талдап келу.