Тапсырмаларын орындау: етістіктерді табу, болымды, болымсыз екендігін айту.
Өлеңде болымсыз етістік бар шумақты көшіріп жазу.
Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс.
Күн ретін жазу. Көркем жазу.
43-жаттығу, берілген етістіктерге тиісті жұрнақ жалғап, болымсыз етістік жасау:
Жіберме, шақырма, алма, жаппа, төкпе, шықпа.
44-жаттығу Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру.
1. Мәтін не жайында? 2. Мәтінге қандай ат қоюға болады? Неліктен?
3. Қояндар қандай болады?
Тапсырмаларды орындау: етістіктерді табу, олар қандай түрге жататынын анықтау, болымсыз етістігі бар сөйлемді көшіріп жазу:
Күтімі жақсы ұй қояндары суықтан қорықпайды. Әрбір қоянның қасында 5-6-дан артық көжек болмайды.
45-жаттығуда Берілген сөздерді оқып, болымыз етістіктер жасайтын жұрнақтарды атау:
-па, -пе, -ма, - ме.
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру. Оқушыларға құрастырған сөйлемдерін айтқызып, өздері құраған сөйлемдерді жазу.
46-жаттығу. Жұмбақты түсініп оқу, шешуін табу үшін тірек сөздерді, суретті пайдалану (Жапалақ). Берілген тапсырманы орындау: жұмбақта кездесетін етістіктерді табу, сұрақ қою, қалай жасалғандығын түсіндіру.
ҮІ.Бекіту. 47-жаттығу. Суретке мұқият қарау.
Сұрақтармен жұмыс: 1.Суретте кім бейнеленген? Ол не істеп отыр?
2. Қай мезгіл деп ойлайсың?
Тапсырмаларды орындау: шағын әңгіме құрастыру.
ҮІІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?
Болымды етістік дегеніміз не? Болымсыз етістік дегеніміз не? Мысал келтір.