Мектепті? бастауыш сынып сатысында о?ушыларды? ой да?дысын,санасын талап?а сай ?алыптастыру, л?асын ?алыптастыра отырып, ?деби м?ралар?а деген тал?амын т?рбиелеу, рухани д?ниесін ке?ейту, а?ыл-ойы мен ?лтты? сана-сезімін дамыту?а ы?пал ету. Б?л ма?сатты орындау ?шін п?ніні? алдына-о?ушыларды? д?рыс, т?сініп, шапша? ж?не м?нерлеп о?у да?дысын ?алыптастыру ж?не жетілдіру; о?ушылар?а м?тіндегі с?здер мен с?з тіркестерін, с?йлем мен с?йлеу ?лгілерін ?йрете отырып, оларды ана тіліміздегі к?ркем с?з ?лгілеріні? т?рленуіне к??іл аударту; о?ушыларды? ауызша ж?не жазбаша байланыстырып с?йлеуін дамыту (ойын еркін жеткізу, сауатты да т?сінікті жаза білу); о?ушыларды ?зіндік ой-пікірін айта білуге баулу; о?ушыларды адамгершілік пен имандылы??а, ?зін ж?не отбасын, Отанын с?юге, е?бекс?йгіштік пен ?лтжандылы??а, еліні? адал азаматтары болу?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«К??ілді тіл маржаны »
Қостанай аудан әкімдігінің
«Білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный
орта мектебі» КММ
Мектеп басшысы________Алимова А.Е
«Көңілді тіл маржаны»
Үйірмесі
3 «Ә» сынып
Мұғалім: Саржанова А.С.
2015-2016 оқу жылы
«Көңілді тіл маржаны»
Түсінік хат
Мақсаты:
Мектептің бастауыш сынып сатысында оқушылардың ой дағдысын,санасын талапқа сай қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге,айтуға төселдіру, өз ойын қазақ тілінде емін-еркін жеткізуге баулу мен сөйлеу шеберлігін, мәнерлігін арттыруға, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
1.Үздіксіз, тынымсыз еңбектенуге, жұмыс жүргізе отырып,оқушыларға терең де тиянақты білім беру.
2. Оқушылардың қазақ тілінде сөздік қорын,тіл байлығын танымдық белсенділігін ,ой өрісін кеңінен дамыту.
3.Сөйлей білуге және бір-бірін тыңдай, тыңдай білуге үйрету.
Тіл арқылы қуанышыңды, ренішіңді жеткізесің. Естігеніңді жаныңда бекітуге,көре білуге үйренуге, байқағыштыққа, біліміңді тиянақтап отыруға, қиялдауға, іздену арқылы зерттеу жұмысына үйретеді. Тілді дамыту үшін жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ребустар, ертегілер саханалау сияқты т.б. тапсырмалар орындауды қажет етеді.
Оқушылардың білімге деген ықыласын арттыру ақыл-ой қабілетін, дүниетанымын қалыптастыру, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға жеке басын қасиеттерін дамытып, оны қоғам мен заман талабына сай іске асыруға қалыптастыру.
Балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады.
Осы тұлғадан қарағанда, бастауыш сыныптағы үйірменің түбегейлі мақсаты – оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету. Бұл мақсатты орындау үшін пәнінің алдына-оқушылардың дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру; оқушыларға мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, оларды ана тіліміздегі көркем сөз үлгілерінің түрленуіне көңіл аударту; оқушылардың ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту (ойын еркін жеткізу, сауатты да түсінікті жаза білу); оқушыларды өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу; оқушыларды адамгершілік пен имандылыққа, өзін және отбасын, Отанын сүюге, еңбексүйгіштік пен ұлтжандылыққа, елінің адал азаматтары болуға тәрбиелеу.Көңілді тіл маржаны сабағын әдебиеттік оқу, еңбекке баулу,бейнелеу пәндерімен байланыстырып отырамын. Шағын мәтіндер, ертегілер, ертегілерді суреттеу, өз беттерімен тақпақтар шығару, ребустар құрастыруға, суретпен жұмыс жасауға дағдыландырып отырамын. Кітапханаларға барып берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындауға, ізденуге үйретемін. Ойын ойнату арқылы бала тілін дамытамын. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниетімен мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге психологиялық жағдайын жақсартады, көңіл аударғыштығын, байқағыштығын, мейірімділікке, кішіпейілділікке үйренеді. Балалардың өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай жасап өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау, іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуіне бейімдеу. білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларға білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру. Баланың өзін қоршаған ортаға бейімделуі, білім-білік дағдыларының меңгеруі, жеке тұлға ретінде дамуы, үлкендермен құрбыларымен жақсы қарым-қатынаста болуы. Оқушылар жұмысты тиянақты, белсенді орындайтын болса сабақтың танымдық деңгейі артады.
Мазмұны
1.«Тіл және сөйлеу» Сөйлеу мәнерлілігі - 1сағат
2. «Дыбыс және әріптер» Сиқырлы дыбыстар, көңілді әріптер.- 1 сағат
3.« Мәтін » Сөз өнері, мәтінге жоспар құрастыру- 1сағат
4. « Мәтіннің түрлері »Інжу маржан, мәтін құрастыру - 1 сағат
5. « Сөйлем, 2-сыныпта өткенді еске түсіру »Мен ойшыл баламын, жаттығулар орындау. - 1 сағат
6. « Сөз және оның түрлері» Сөз сыры,жаттығулар орындау - 1сағат
7. « Түбір мен қосымша » -3сағат
8. « Тіл дамыту,»Көңілді тіл маржаны, мақалдар.- 1сағат
9. «Туынды сөз» Сөз маржаны –халық мұрасы, шығармашылық жұмыс. - 1сағат
10. «Зат есім»Кім? Не? Кімдер ? Нелер?- 1сағат
11. « Тәуелдік жалғауы » Сөз мергені, жұмбақтар -1 сағат
12. « Негізгі және туынды зат есім»-1 сағат
13.«Жалқы есім мен жалпы есім» 1 сағат
14.«Сан есім» Қанша? Неше? Нешінші?-1 сағат
15.«Сын есім»Қандай? Қай?- 1 сағат
16.«Етістік»Не істеді? Не қылды?- 1 сағат
17.«Түбірлес сөздер»- 1 сағат
18.«Қаратпа сөз»- 1 сағат
19.«Сөйлем» Мен оқимын, мен ойлаймын жаттығулар орындау -1 сағат
20.«Хабарлы сөйлем» Сөз өнері, жаттығулар орындау- 1 сағат
21.«Сұраулы сөйлем»- 1 сағат
22.«Лепті сөйлем»- 1 сағат
23.«Сөйлем. Сөйлем мүшелері»- 1 сағат
24.«Сөйлемнің бірыңғай мүшелері» - 2 сағат
25.«Бастауыш» -1 сағат
26.«Баяндауыш»- 1 сағат
27.«Жалаң, жайылма сөйлем» -1 сағат
28.«Сөз және оның мағынасы» жаттығулар орындау-1 сағат
29.«Тіл дамыту» Көңілді жаңылтпаштар-1 сағат
30.«Сөз мағынасы» жаттығулар орындау.- 1 сағат
31. «Тіл маржаны» шығармашылық жұмыс.-1 сағат
32. «Көңілді тіл маржаны, Қайталау» - 2 сағат
№
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Мерзімі
1.
Тіл және сөйлеу«Сөйлеу мәнерлілігі»
1
2.
Дыбыс және әріптер«Сиқырлы дыбыстар, көңілді әріптер!»
1
3.
Мәтін«Сөз өнері, мәтінге жоспар құру»
1
4.
Мәтін түрлері«Інжу маржан, мәтін құрастыру»
1
5.
Сөйлем,2-сыныпта өткенді қайталау
«Мен ойшыл баламын, жаттығулар орындау»
1
6.
Сөз және оның түрлері«Сөз сыры, жаттығулар орындау»
1
7.
Түбір мен қосымша
1
8.
Тіл дамыту«Көңілді тіл маржаны,мақалдар.»
1
9.
Туынды сөз «Сөз маржаны-халық мұрасы, шығармашылық жұмыс.
1
10.
Зат есім.Кім?не? кімдер? Нелер?
1
11.
Тәуелдік жалғауы«Сөз мергені ,жұмбақтар»
1
12.
Негізгі және туынды зат есім
1
13.
Жалқы есім мен жалпы есім
1
14.
Сан есім. Қанша? Неше? Нешінші?
1
15.
Сын есім.Қандай? Қай?
1
16.
Етістік.Не істеді? Не қылды?
1
17.
Түбірлес сөздер
1
18.
Қаратпа сөз
1
19.
Сөйлем. «Мен оқимын, мен ойлаймын» жаттығулар орындау
1
20.
Хабарлы сөйлем. Сөз өнері, жаттығулар орындау
1
21.
Сұраулы сөйлем
1
22.
Лепті сөйлем
1
23.
Сөйлем. Сөйлем мүшелері
1
24.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
1
25
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
1
26.
Бастауыш
1
27.
Баяндауыш
1
28.
Жалаң, жайылма сөйлем
1
29.
Сөз және оның мағынасы.Жаттығулар орындау
1
30.
Тіл дамыту. Көңілді жаңылтпаштар
1
31.
Сөз мағынасы жаттығулар орындау
1
32.
Тіл маржаны .шығармашылық жұмыс
1
33.
«Көңілді тіл маржаны ». Қайталау.
1
34
«Көңілді тіл маржаны қайталау» Қайталау.
1
«Көңілді тіл маржаны» жоспар
Білуі тиіс:
-көркем шығарманы өмірмен байланыстыра білуге;
-мәтінге жоспар құру;
-мәтін бойынша сұрақтар қоя білуі;
-мазмұндама мен шығарма жазуды;
-қысқаша өлеңді жатқа айту;
Игеруге тиіс:
-оқу сапасы (дұрыс,түсініп, мәнерлеп) жетілдіру;
-ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерін білу;
- оқыған шығармаға сюжет ізімен немесе еркін тақырыпқа әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін жүзеге алуы;
-адамгершілікпен және эстетикалық құндылықтар жүйесі негізін білу;
Пайдаланған әдебиеттер:
Балтабаева Ж.Қ.Солтангазина М.Қ. Лекерова Ф.С. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 3- сыныбына арналған оқулық. Алматы: Алматыкітап баспасы, 2010-2013ж.ж
2.« Тіл дамыту 3 сыныбына арналған » (Ә.С.Әмірова, К.А. Анартаева). 2011ж
Алматы, «Алматыкітап баспасы» 2008ж
3. Муфтибекова З. « Тіл дамыту » Алматыкітап баспасы 2013 ж
4. Мен оқимын,ойлаймын,ойнаймын! Р.Б.Нұртазин.А.Д.Сейсенова. « Арман-ПВ» - 2003Ж
5.Менің Отаным – Қазақстан«Шаңырақ – Медиа» ЖШС дайындаған
Қостанай аудан әкімдігінің
«Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный орта мектебі» КММ
Мектеп басышысы________А.Е. Алимов
«Қызықты есептер патшасы »
Үйірмесі
3 «Ә» сынып
Мұғалім: Саржанова А.С.
2015-2016 оқу жылы
Түсінік хат
Мақсаты: Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда оқушылардың білімдері жан-жақты, терең болуы мұғалімнің ізденімпаздығына, шеберлігіне, шығармшылығына байланысты. Балалардың математикалық қабілеттерін ашу –әр ұстазға үлкен міндет болып артады. Осы орайда бастауыш сыныптарға үйірменің ролі өте қажет. Сондықтан математика пәніне көмекші ретінде үйірме енгізілді. Үйірменің мақсаты оқушылардың математикалық білімдерін тереңдету.
Міндеттері:Мұғалімнің негізгі міндеті оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасай білуге жетелеу, өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдылындыру, логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға мүмкіндік туғызу. Бұл бағдарламада жай есептеулер ғана берілмей, қызықты есептеулер, логикалық және шығармашылық тапсырмалар жиі беріледі. Сонымен қатар балалар үнемі сөзжұмбақтарды, ребустарды құрастырып, шешеді. Бұрын сабақта игерілген тақырыптарды бекітеді және алған білімдерін кеңейтеді. Берілген тапсырмаларды меңгеруге сабақтарда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, балалар осы тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындауы сөзсіз. Үйірме бағдарламасы осы тапсырмаларға бағытталған.«Қызықты есептер патшасы» үйірмесінің мазмұнында негізгі тақырыптық тапсырмалармен қатар балалардың көңілін ашуға, қызықтыруға арналған тапсырмалар жинақталған. Мысалы, «Көңілді сәт» тапсырмалары әртүрлі қызықты қимылды іс әрекет жасауға арналған.«Ауызша есепеу» тапсырмалары тез, жылдам ауызша есептеуге бағытталған . «Ойды сергіту»-мұрынның, көздің, қолдың, құлақтың сергуіне негізделген. Сонымен қатар, жыл мезгілдері, ай, тәулік, сағат сынды ұғымдарды білу көзделеді. Математикаға қатысты емес, бірақ жалпы өмірге қатысты қызықты, қөңілді сұрақтар да қарастырылған. Ұсынылып отырған тапсырмаларды орындату барысында кез келген тапсырмаларды орындауға балаларға міндетті түрде өздеріне орындап көруге, ізденуге мүмкіншілік беру керек. Қиналып орындай алмаған жағдайда жетелеген сұрақтар қою арқылы жауабын табады.
Мазмұны
1. Математика не үшін керек?
Математика не үшін керек екенін балаларға мысал келтіріп дәлелдету.Оның пайдасын айту.Өмірдің қай қырын алсақ та, математикасыз қиын болатынын нақты көрсету арқылы түсіндіру.
2. «Кім тез?»Тез есептеп үйрен
7+5+3 түріндегі өрнекті қалай тез есептеуге болатын көрсету.Топпен жарыса отырып орындату. Ол үшін ауыстырымдылық қасиетті қолдану.
Қызықты есептер «Математикалық эстафета»
Қызықты есептерді шешу үшін оны бірнеше рет түсініп оқу керектігі, көп жағдайда амалдар қолданбайтыны айтылады және бірінші мұғалімнің көмегімен, содан кейін өздері есептерді шешеді.
4. «Кім көп біледі?»Математикалық есептер
Өлеңдерді тыңдап отырып, бірден тез есептейді, есептерді теңдеу құру арқылы шешу қарастырылады.
5.Математикалық ребустар
Ребус шешу тәсілдері көрсетіледі, оны қолдана отырып ребустарды күрделендіре отырып шешеді.
6.Математикалық сөзжұмбақтар
Сөзжұмбақтарды шешу үшін берілген математикалық сұрақтарға жауап беру керек. Сөзжұмбақтарды құрастырғанда математикадан алған білімдеріне байланысты сұрақтар қойылады.
7. «Мен ойшыл баламын!!»Логикалық есептер
Логикалық есептердің көбі амал қолданбай шешілетіні айтылып, шешу жолдары қарастырылады. Есептерді түсініп оқуынын қажеттілігі ұғындырылады.
8. «Мен айтамын,сен тауып ал!»Математикалық жұмбақтар
Математикалық жұмбақтардың шешуі тек математикаға байланысты емес екендігі айтылып, жұмбақтардың мағынасы түсіндіріледі, салыстырылады, жауабын іздеуге машығады.
Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
9 .Ұлттық ойын есептер
Есептер ұлттық ойындар желісі бойынша математикамен
байланыстырылып құрастырылады. Мысалы, «Бәйге», «Ақсүйек», «Теңге ілу ».
10.Математикалық сайыс
Өткен материал бойынша тапсырмалар құрастырылады. Топтарға бөліп сайыс түрінде ұйымдастырылады.
11.Тез ойла
Оннан аттап қосу кестесін қолдана отырып, ауызша есептеуге арналған тапсырмаларды орындату.
12. Ой-базар (Брейн-ринг)
Жарыс түрінде ұйымдастырылып, білімдерін тексеруге арналған
математикадан әртүрлі тапсырмалар беріледі.
13.Деңгейлік тапсырмалар
Үш деңгейде тапсырмалар орындатылады. Тапсырмаларды орындап болған балаларға шығармашылық тапсырмалар беріледі. Мұндай тапсырмалар балаларға ізденуге мүмкіншілік береді,шығармашылық қабілеттері арта түседі.
14.Тез жалғастыр
Бұл жұмысты өзара тексеру немесе бір-бірін үйрету түрінде ұйымдастыруға болады. Балалар кез келген санды атайды, екіншісі оны жалғастырады, кез келген санды кері санауға да болады.
15.Сөз есеп құрастыру
Сөзесептің құрамды бөлігін ескере отырып, сөзесеп қүрастыру жолдары көрсетіледі, балалар берілген суреттер арқылы сөзесеп құрастырады,оны шешу жолдары қарастырылады.
16.Тиісті санды қой
Жүз көлеміндегі сандар арқылы берілген өрнектерде жетіспейтін санды табудың тиімді тәсілдері қарастырылады. Ол үшін берілген сандармен тиісті амалдарды қолдануға болатыны ескеріледі.
Мысалы, 76-=70 шешу үшін 76-70 = 6
17.Уақыт өлшеуіштері
Уақыт ұғымы сағат қана емес екенін ұғындыру, секунд, минут, апта, ай, жыл, тәулік, ғасыр, жыл мезгілдерінің өлшеуіштері туралы мағлұмат беріледі.
18.Әріпті өрнектер
Әріптері бар өрнектерді шешу жолдары көрсетіледі, әріптің орнына берілген сан қойылатыны ұғындырылады.
19.Теңдеу құру
Теңдеулерді шешудің оңай тәсілдері түсіндіріледі, шешу барысында берілген сандардың бір-бірімен байланысы ұғындырылады.
20.Дидактикалық ойындар
Кез келген тапсырмаларды мынадай ойындар арқылы орындатуға болады.
«Сиқырлы сандар », «Киіз үй », «Сиқырлы сандық », «Ұялы телефон ».
21.Қызықты шаршылар мен үшбұрыштар
Шаршы мен үшбұрыштың бос торкөздеріне сандарды таңдап қояды. Үш санның қосындысы кез келген бағытта қосқанда тең болуы тиіс.
22 Геометрияық конструктор
Барлықгеометрияық фигураларды пайдаланып, әртүрлі пішіндер ойлап табады. Текше, конструкторларды қолдануға болады.
23.Ойлан, тап
Оннан аттап қосу кестесін қолдана отырып, ауызша есептеуге арналған тапсырмаларды орындату.
24.Математикалық диктант
Кез келген математикалық тапсырмалардың жауптарын ауызша есептеп, тек жауаптарын ғана жазады.
25.Математика еліне саяхат
Математикалық сыныптан тыс жұмыс түрінде ұйымдастыруға болады.Сыныптар арасында немесе сыныпты үш топқа бөліп сайыс өткізуге болады