Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Қазақ халқының тарихын білуді және оны құрметтеуді, елін сүюді, өз елінің патриоты болуды насихаттау. |
Сабақтың басы 3 минут 2 минут 2 минут | Психологиялық ахуал. «Құпия дос» Үй жұмысын тексеру. (Ұлы ғұлама Әл-Фараби туралы мәтін құрастыру). Дескриптор | Зейнеп | Тілеген | Акжол | Кажыбек | Еркебұлан | Мәтін мазмұның ашылуы | | | | | | Сөйлем құрылымының дұрыстығы | | | | | | | | | | | | Жаңа тақырыпқа шығу тапсырмасы. Оқушыларды кір қыстырғышта ілінген мозайка жинау арқылы 2 топқа біріктіреміз. 1-топ. 2-топ. Оқушылар сурет қиындыларын жинап, ол туралы өз ойын айтады, топтарға бірігеді. | Ақ парақ, маркерлер. Суреттер қиындысы, жіп , кір қыстырғыш. |
Сабақтың ортасы 3 минут 1 минут 7 минут 5 минут 6 минут 7 минут | Суретпен жұмыс «Миға шабуыл» әдісі арқылы берілген суретке зер сала отырып, берілген сұрақтарға мұғалім көмегімен жауап береді. Суретте кімдер бейнеленген? Олардың қазақ батырлары екенін неден аңғардың? Суреттегі ақбоз атқа мінген батырды кім деп ойлайсың? Неге? Қазақ батырлары неліктен атқа қонды деп ойлайсың? Қосымша мәлімет: Батыр деп - ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар. Видеролик көрсетіледі. Абылай қазақ халқының ханы болған. Абылай ханның шын аты Әбілмансұр. Абылай 1711 жылы дүниеге келген. Абылай ханның әкесінің аты Уәли. Түркістанда билік жүргізген. Абылай хан жоңғарлармен, қалмақтармен шайқасқан. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақылына жүгінген. «Бірлесіп оқу» әдісімен Бұқар жыраудың «Хан Абылай атандың» өлеңін түсініп оқиды. Автор жайлы мәлімет: Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы, атақты Абылай ханның ақылшысы. Дәптермен жұмыс: Сөздік Бұқар жырау- Абылай ханның тұсында өмір сүрген жырау. Дескриптор: Өлеңді түсініп оқиды; Өлең бойынша сұрақтарға жауап береді; Кейіпкердің іс-әрекеті туралы әңгімелейді; Кейіпкерді сипаттайды; «Орамжапырақ» әдісі: Абылай ханның іс-әрекетіне баға бер Абылай ханның мінез құлқын сипатта Батыр сөзінің мағынасын аш Батыр сөзін сипатта Хан сөзін сипатта «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы бойынша берілген кестемен жұмыс жасайды. Үлгі: Өлең жолдары | Осы жолдар бойынша қандай суреттер салар едің? | Жиналған батырларға Абылай хан не айтты деп ойлайсың? | Өңкей батыр жинал деп, Хан Абылай шақырды. Бір төбеге жиылды, Құм төбедей үйілді. | Алтын тақ үстінде отырған Абылай хан суреті, жанында жиналған батырлар | Елді қорғау біздің парымыз, кешегі ұрыста жасаған ерліктерің үшін разымын т.б. | Дескриптор: 1.Қандай сурет салуын сипаттайды. 2. Абылай хан не айтқаның болжайды. «Коллаж» әдісі (топтық жұмыс) берілген суреттер бойынша мағынасын ашатындай мәтін құрастырып айтады. Дескриптор: Абылай ханның өмір баяның баяндайды. Суреттерді ретімен орналастырады. Мәтін мазмұның ашады. | Теледидар Оқулық 46-47-беттер, түсіндірме сөздік. Абылай хан , Бұқар жырау суреті. Кесте сызылған парақ, маркер. Плакат, маркер, суреттер. |