kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Хабарлы сойлем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Предлогаю  план  своего  открытого  урока.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Хабарлы сойлем»





Адилханова Жамила Садуакасовна

Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ-сі

Бастауыш сынып мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Оқушыларға хабарлы сөйлем туралы түсінік беру,оның тыныс белгісі жайындағы білімдерін қалыптастыру

2.Дамытушылық:Ойын арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру,тілін дамыту,ой-өрістерін, ойын ашық айта білуге жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;

3.Тәрбиелік:оқушыларды жақсы мінез-құлыққа,берілген тапсырмалар арқылы тілін ,елін сүюге тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: слайдтар,суреттер т.б

Пайдаланылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру,ізденіс,талдау

Сабақтың типі:аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру Топқа бөліну ( шана,шаңғы,аққала,коньки)

Психологиялық дайындық:

Қуан,шаттан!

Қуан,шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қуан,шаттан!

Қуан,шаттан!

Қуанатын келді күн!

2.Үй тапсырмасын тексеру.өткенді қайталау,бекіту;

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл (сұрақтарға жауап беру): КЛАСТЕР құру

1.Сөйлем нені білдіреді?

2.Сөйлем неден құралады?

3.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

4.Сөйлемнің бірінші сөзі неден басталып жазылады?

5.Сөйлемнің соңына не қойылады?

-Өте жақсы балалар. Ал енді мынадай сұрақтарға жауап беріңізші.

1.Біздің Отанымыз қалай аталады?

2.Қазақстанда қанша ұлттың өкілдері тұрады?

3.Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі?

4.Қазақстан қандай мемлекет?

5.Биыл тәуелсіздікке неше жыл толады?

6.Тәуелсіздік күні қашан тойланады?

-Өте жақсы балалар.Сұрақтарыма мүдірмей жауап бердіңдер.Балалар бізге тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.Тәуелсіздік біздің ең басты құндылығымыз.1986 жылы16 желтоқсанда Алматы қаласында бір топ қазақ жастары тәуелсіздік үшін көтеріліске шықты. ( Желтоқсан оқиғасы туралы видеоны көрсету)

-Ал енді осы көтеріліске қатысқан қандай ағалар мен апалардың болғанын білгілерің келе ме? Олай болса біз бүгінгі сабағымызда бірнеше тапсырмалар мен жаттығуларды орындай отырып сол желтоқсан жұлдыздары туралы білетін боламыз.

-Ендеше балалар біздің сөйлем туралы түсінігіміз қалыптасты.Енді біз сол сөйлемнің қандай түрлері бар екенін білуіміз қажет.





























Қазақ тілінде сөйлем айтылу мақсатына қарай 3-ке бөлінеді:

Олар :

1)Хабарлы сөйлем

2)Сұраулы сөйлем;

3) Лепті сөйлем ;

Біз бүгін хабарлы сөйлеммен танысамыз.

Жаңа сабақ

Күн жадын жазу

____________________________

Хабарлы сөйлем

Көркем жазу

Ыы Ыы

Ырыс алды-ынтымақ



Хабарлау,суреттеу,баяндау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

Хабарлы сөйлем іс-әрекеттің болғанын,белгілі-бір шақта жүзеге асқанын білдіреді.Хабарлы сөйлем бір нәрсе жайында хабарлап қана қоймайды,айтушының іс-әрекетке деген көзқарасын,ой-пікірлерін білдіреді.

-Енді балалар хабарлы сөйлем қалай айтылады?Соны білгілерің келе ме?

Хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп,сөйлемнің соңына қарай бәсеңдейді.Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады.

Мысалы: Сабақ басталды.Қалың қар жауды.

Ендеше оқулыққа назар аударындар.Оқулықпен жұмыс

169-жаттығу

-Мәтін не деп аталады?

-Итбалық

-Мәтінмен толықтай танысыңдар.

-Мәтін не туралы?

1)Әр топтан бір –бір балаға оқыту

2)Әр сөйлемге талдау жасау

-Балалар бұл мәтіннің қай түрі?

-Әңгімелеу мәтіні

-Мәтін бірнеше жай сөйлемнен құралған.Бұлар қандай сөйлемдер?

-Хабарлы сөйлемдер

-Сөйлемнің соңына не қойылған?.

-Нүкте

-Балалар сендер итбалықты көргілерің келе ме?

Ендеше мына көрініске назар аударындар.

(Итбалық туралы видеоны көрсету)

-Итбалықтар солтүстік мұзды мұхиттарда тіршілік етеді. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.Қазақстанның Каспий теңізінде Каспий итбалығы кездеседі.







Сөздік жұмысы -Итбалықты орысша тюлень,ал ағылшынша seal (сеел )

-Енді балалар желтоқсан қаһармандарының бірегейі кім екен? Ол Қайрат Рысқұлбеков.



Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков-1986 жылы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.Осы көтеріліске белсене қатысқан. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында малшы әулетінде дүниеге келген.Мектепте сабақты жақсы үлгеріп,қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан.Қаһармандықпен қаза болған.Оған тәуелсіздік алғаннан кейін Халық Қаһарманы деген атақ берілген.

-Жақсы балалар сабағымызды әрі жалғастырамыз.

170-жаттығу

Мәтінмен жұмыс Дәптермен жұмыс

1)Мәтінге ат қою

2)Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу

Бұлбұл –кішкентай құс.Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды.Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.

-Бұлбұл туралы қандай жұмбақ білесіңдер?

Үні ғажап дүлдүл,

Бақта сайрар (бұлбұл)









Сөздік жұмысы Бұлбұл –соловей,ағылшынша атауы nightingale

-Балалар сендер бұлбұлдың қалай сайрайтыны білгілерің келе ме?

Ендеше мұқият болыңдар.

(Бұлбұл туралы видеоны көрсету)Біздің қазақ халқы нағыз күміс көмей әншілерін бұлбұлға теңеген.

Мысалы Күләш Байсейітова,Роза Бағланова ,Бибігүл Төлегенова апалар нағыз бұлбұл әншілер

(Әндерін тыңдату ,суреттерін көрсету)





-Ал енді балалар келесі Желтоқсан қаһарманы -Ләззат Асанова

Ләззат Алтынайқызы Асанова 1970 жылы Алматы облысы Панфилов Ауданы Ақжазық ауылында туған.Желтоқсан көтерілісінің құрбаны.Алматыдағы қазақ жастарының әміршілдік жүйеге қарсы шыққан азаттық көтерілісіне белсене қатысқан.Қазақтар құлдықта өмір сүрмейді!Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат боламыз! деген ұранмен шыққан.Ол жазалаушылар қолынан қаза болған.

Ал енді балалар қазір сендерге топтық тапсырмалар беріледі.

1-топ:Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып сөйлем құрайды:

1. Көкем .....орды.

2.Айша ......су құйды.

3.Күн бұлттанып,.....................жауды.

4.Еңбектің.......тәтті.

2-топ: Сурет бойынша сөйлем құрайды.





1.Асқар (құдықтан) су алды:

2.(Қасқыр )орманда жүреді.

3.Балалар (қарақат )жинады.

3-топ: Әр қатардағы сөздерге қосымша қосып сөйлем құрайды.

1.Айбек жарыс.... қатыс...

2.Айнұр кітапхана.......бар.......

3.Асқар шана....... сырғана.....

4.Әсел дүкен....бар......

4-топ:Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрайды.

1.Ұя,жасады,балалар,құстарға;

2.Ойды,әжем ,ою;

3.Барды,хайуанаттар,балалар,бағына;

-Желтоқсан жұлдыздарының бірі- Сәбира Мұхамеджанова.



Сәбира Есімбекқызы Мұхамеджанова-1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп ауылында өмірге келген.Мектепті үздік бітірген.Осы оқиға қатысқан жастардың арасында ұлтшылдардың басын қосып қоғамға қарсы шығуды мақсат еткен деп Сәбира Мұхамеджанова ұсталады.Ол небары он алты жаста болатын.Ол мұндай жаланы көтере алмай жатақхананың бесінші қабатынан секіріп өз-өзін мерт қылады.

Сергіту минуты / «Жетекшіміз Нұр Отан» әнін орындау/

-Жақсы балалар оқулыққа назар аударайық.

171-жаттығу

Сөздерді оқып,әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек,ерлердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек топтастырамыз.

Венн диаграммасы бойынша орындалады.





Ерлер Әйелдер

Жейде

Ішік

Күпі

Құлақшын

Шекпен



Сәукеле

Орамал

Жаулық

Камзол

шәлі





Қазақтың ұлттық киімдері























Суреттерін көрсете отырып жеке мағлұмат беру:

Сәукеле-әйелдердің бас киімі.Оны ұзатылған қыздар және оны жанына еріп жүретін құрбылар киген.Оның төбесі конус сияқты болады.алтын,күміс тастармен әшекейленеді.оған ұзын құлақбау тағады.

Жейде-ерлер киімі.Түрлі маталардан тігіледі.

Күпі-Матамен тысталып,қойдың жабағы жүнін салып тігетін ұлттық сырт киім.ол жеңіл,әрі жылы болғандықтан ерлер де,әйелдер де киетін болған.Тіпті балалар да киген.

Құлақшын-аң терілерінен тігіледі.Астарына жүн мақта салып,сырып тігіледі.Сыртын терімен тыстап,қалыпқа кигізіп,керіп қояды.

Ішік-сырты матамен тысталып,түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім.түлкі ішік,қасқыр ішік,сеңсең ішік т.б түрлері болады.

Қамзол-қазақ халқының арасында кең тараған ұлттық киім.Ол тек қазақтар емес түркі елдерінің арасында кең таралған.Әйелдер киімінің ішінде қамзолдың орны ерекше.Ол әрі жылулық,әрі сәндік міндетін атқарады.Күміс тиындармен әшекейленеді.

Шекпен- жүннен тоқылатын сырт киім.ол тек қана түйе жүнінен тоқылады.шекпеннің ең әдемі түрін шидем шекпен деп атайды.оны тек тайлақтың жүнінен тоқиды.Шекпен су өткізбейді.аса мықты,ұзақ киіледі.

Енді балалар желтоқсан жұлдыздарың бірі –Ербол Сыпатаев екен.

Ербол 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысып,әділет жолында мерт болғанСол алаңда қазақ қыздарын құтқару мақсатында алған соққыдан қайтыс болған қазақ жігіті.Талдықорған облысының тумасы.

-Балалар енді сендерге мынадай тапсырма беріледі.

1-топ:Осы жаттығудағы орамал сөзін қатыстырып сөйлем құрайды және сол сөзге дыбыстық талдау жасайды;

2-топ:Құлақшын

3-топ:Қамзол

4-топ:Жейде сөзіне

173-жаттығу

Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелдеу

Картадан Қырғызстанды көрсету

Алматы –біздің бұрынғы астанамыз.Ол көрікті де әсем қала.

(Алматы туралы видеоны көрсету)

-Балалар биыл Алматы қаласына 1000 жыл толады екен.Әрине балалар біз Қазақстанымызбен мақтанамыз.Еліміз күн санап дамып келеді.Міне осындай бақытты да бейбіт елде туып,алаңсыз білім алып жатырмыз.Біз тәуелісз Қазақстанның ертеңгі болашағымыз.Тәуелсіздік жолында қанын төккен,қыршын кеткен ағалар мен апаларымызды мәңгі есте сақтаймыз.Ерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады!Тәуелсіздігіміз баянды болсын!Бүгінгі ұрпақ Мәңгілік елдің өз Отанын сүйген нағыз азаматы болып,оны көркейте түсуге еңбегімізбен,білімімізбен үлес қоса беретін боламыз!

Үйге тапсырма

174-жаттығу

Ереже жаттау

Топтық бағалау Мұғалімнің бағалауы

«Білім ағашына» бүгінгі сабақ туралы ойларын білдіру


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Хабарлы сойлем

Автор: Адилханова Жамила Садуакасовна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390099

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Конспект внеклассного урока на тему "?лт болаша?ы - білімдіні? ?олында" "
    ["seo_title"] => string(75) "konspiekt-vnieklassnogho-uroka-na-tiemu-u-lt-bolashag-y-bilimdinin-k-olynda"
    ["file_id"] => string(6) "196971"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428155975"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства