kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілінен саба? ?зірлемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба?ты? ?зірлемесінде т?рлі тапсырмалар жина?ы ?амтыл?ан. Шы?армашылы?ты дамыту барысында, тіл байлы?ын арттыру?а арнал?ан де?гейлік тапсырмалар ?олданыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен саба? ?зірлемесі»

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша. Түбір мен қосымшаның жазылуы 
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға түбір мен қосымша туралы мағлұмат беру. Сөздердің түбірі мен қосымшасы болатынын байқату. Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы алған білімдерін одан әрі жалғастыру, жинақтап, пысықтау. 
Дамытушылығы: Сөздің түбірі мен қосымшасын дұрыс ажырата білуге, сөздің мағынасын түсінуге төселдіру, сауатты жазу мен ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру. 
Тәрбиелілігі: Өз елін мақтан тұтуға, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Әдептілік пен адамгершілікке, ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, ойын, қима қағаздар. 
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап, ізденіс, топтық, жеке жұмыстар. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Қажетті оқу құралдары: Компьютер (слайдтар), оқулық, дәптер, суреттер, нақыл сөздер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер. 
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану. 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық дайындық:
- Балалар, шеңбер жасап тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бір-бірімізге жылы-жылы сөздер мен тілектер айтамыз. Мысалы: -Маран, саған денсаулық тілеймін. –Айару, сен бүгінгі сабақтарда жетістіктерге жете бер. т.с.с.
-Бiз кiмбiз балалар? (Оқушылармыз)
Қандай уәде беремiз?
«5» болсын алар бағамыз,
Бiлiмнен бақыт табамыз,
Өнер бiлiм көп оқып,
Өсе берсiн санамыз.
Үй тапсырмасын тексеру. 130 бет, 55-жаттығу. Өткен сабақты пысықтап, тиянақтау.














Жаңа сабақ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Сөздің түбірі мен қосымшасын таба алу;

Түбір сөз және қосымшалы сөзді қатыстырып сөйлем құрай алу;

Жұрнақ пен жалғауды бір-бірінен айыра алу;

Жұрнақ пен жалғау жалғанған сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

Сабақты бастамас бұрын ән тыңдайық. «Ертегілер әлемі»-
Айгерім Қалаубаева. 

ЕРТЕГІ.

Орманның ішінде бір кішкене үйшік бар.Онда түбір өмір сүреді. Оның достары басқаша түрленбейді екен.Түбір олар өзгерсе қалай болады екен деп ойлайды.
Түбір бір күні орман ішінде келе жатса алдынан біреуді көреді.Қасында достары бар екен. Аттары өзгеше екен. Оларды көріп таң қалады. Ол арасынан біреуін ерекше көзге іледі. Ол өте мықты екен.
Түбір қасына келіп:
- Сенің атың кім? - деп сұрайды.
- Менің атым Қосымша, - дейді. Ол атына таң қалады.
Қосымша:
- Ал сенің атың кім? - дейді.
- Менің атым Түбір, - деп айтады. Бір-бірінің атын біліп алғаннан кейін, Түбір одан:
- Сенің қандай қасиетің бар? - дейді.
- Мен кез келген сөзді өзгерте аламын, қасыңа қосымша екі әріп қосып, - дейді.
Түбір:

- Мені түрлендірші, - дейді .
- Мысалы: түбірді, - деп айтады. Түбір естіп қуанып таң қалады.
Түбір:
- Онда менің достарымды түрлендірші, - дейді.
Ол мақұлдап достарын түрлендіреді.
Достары қуанады.
Түбір:
- Қосымша екеуміз дос болып, бір үйде тұрайық, - дейді.
Қуана-қуана келіседі. Барлығы бір үйде тұрады. Екеуі айырылмас дос болады.
Олар Қазақ тіліне жұмысқа тұрады. Көптеген қызмет атқарып, баянды өмір кешеді.

Ой қозғау. Ережені қайталау.

Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін түбір(түбір сөз) дейміз. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.

«Ойымды жалғастыр».

Түбір- мағынаны білдіреді. 
Түбір- сөз бола алады. 
Түбір- одан әрі бөлінбейді. 
Түбір- қосымшалар жалғанады. 
Қосымша- бір өзі тұрып мағынаны білдірмейді. 
Қосымша- түбірге жалғанады. 
Қосымша- сөз бола алмайды. 
Қосымша- сөз мағынасын өзгертеді. 
Қосымша- сөз бен сөзді байланыстырады. 
Тыныштық сәті: . «Игерейік білімді»
1- тапсырма: Суреттегі нәрселердің атына жалғау жалғап жазу, сөз құрамына талдау. 
Қорытынды:Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса,оған жалғанатын қосымша да жуан болады.Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. 
2-тапсырма: Қай гүлге қай көбелек қонғанда жаңа сөз жасалатынын анықтау, туынды сөздердің кейбірін қатыстырып, 2-3 сөйлем құрап айту. 
Қорытынды:Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. 
3-тапсырма: Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап жаз.Түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгерді? 
Қорытынды:Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, онда түбірдің соңындағы к,қ,п дыбыстары г,ғ,б дыбыстарына өзгереді. 
Дәптермен жұмыс. 
Мұғалім: Дәптерімізді ашайық, 
Оны көлбеу қояйық. 
Қолға қалам алайық, 
Әдемі етіп жазайық. 
Күннің ретін, тақырыпты жазу 
Көркем жазу сәті. 132 бет, 59-жаттығу. Күй, жыр сөздеріне қосымшалардың тиістілерін қосып жазу.

Ойлан тап. «Мақалдың ұйқасын табу».

Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

Мұғалім: Өздерің айтыңдаршы, «әдеп» деген сөзді кім қалай түсінеді? 
1-оқушы: Ол үлкенді сыйлау, үлкендерге амандасу, оларға көмектесу. 
2-оқушы Кішіге қамқорлық көрсету. 
3-оқушы: Ата-анасын сыйлау, оларды тыңдау. 
4-оқушы: Үлкендердің жолын кеспеу, сөзін бөлмеу. 
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Адамның бойында осындай жақсы қасиеттері көп болған сайын, ол адам өте әдепті, ар-ұяты басым, тәрбиелі әрі мәдениетті болады екен. 
Ал енді осы ӘДЕПТІ деген сөздің түбірі мен қосымшасын табыңдар. 
(Оқушылар орындайды: түбірі – әдеп, жұрнақ – ті сұрақ қою арқылы дәлелденеді). 
Сабақты өмірмен байланыстыру. –Балалар, терезеден сыртқа қараңдаршы, қазір қай мезгіл? Оқушылар «Күз» туралы бір-бір сөйлемнен әңгімелейді. Бұл жерде жұмбақтар шешіледі, мақал-мәтелдер айтылады.

Оқулықпен жұмыс. 132 беттегі 60-жаттығуды орындаймыз. Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жазу. Слайдтан «Құстардың» суреттерін көрсету. Жұмбақтар жасыру.

Шығармашылық жұмыс. Тақтаға сөздер мен қосымшалар ілінеді. Мысалы: Кітап, терезе, ойыншық, күй, би, жұмыс. Тиісті қосымшаларды жалғап жазу. Кітап+тар, терезе+лер, ойыншық+тар, күй+ші, би+ші, жұмыс+шы. Бұл жаттығудан мынадай қорытынды шығады:

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша да жуан болады.
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша да жіңішке болады

4 жол өлең шығару. Үлгі төмендегідей. Қосымша жалғанған сөздерді табу.

Сыныппен жұмыс.

Дән


Бір түйір дән кесек топырақтың астына түсіп қалды. Кесек оны өлтірмек болды. Жаныштай бастады. Дән оған сасқан жоқ. Қыс өтті. Көктем келді. Күн жылынды. Дәннен сабақ өсе бастады. Ол бір күні әдемі көк жапырақ болып шыға келді. (37)


Тапсырма:

1. Түбір сөздерді теріп жаз.

2. Дән, кесек, күн, көк сөздеріне қосымша қосып жаз.


Тақтамен жұмыс. 3 қатарға 3 оқушыны шығару. 133-бет, 61-жаттығу.

Жұппен жұмыс. 2 топқа бөліп, төмендегідей тапсырманы орындау.

Түбір сөздер. Қосымшалар.


Қала, жұмыс, сый, біл, өнер, -ді, -шы, -лық, -ты,

түсін, ұш, күрек, ойын. –ті, -шық, -гіш, -ім.

«Кім жүйрік» ойыны. Сөздердің байланысы мен негізгі сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.


Сабақты бекіту. Сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар беріледі.
1) Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.
2) Сөз құpaмына не жатады?
3) Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр.
1) Түбiр сөз дегенiмiз не?

2) Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар қандай болады?

3) Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар қандай болады?



Сабақты қорытындылау.
Түбір – біздің ата – анамыз, жеке отбасын құрады, одан әрі бөлінбейді, одан кейін оларда қосымшалар пайда болады. 
Қосымша - олар ұл-қыздары 
- ұл –түбірдің жалғасы, бір өзі тұрып мағынаны білдірмейді, ол да отбасын құрып, шаңырақ иесі атанады, өмірдің мағынасын өзгертеді. 
- қыз- ол да түбірдің жалғасы бір өзі тұрып мағынаны білдірмейді, ол да отбасын құрып, отанасы атанады, өмірдің мағынасын өзгертеді 
екі жақтың алтын көпіріне айналады,екі жақты байланыстырып тұрады. 
-Яғни, отбасы мүшелері ақиқатпен өмір сүріп,бір-біріне сүйіспеншілікпен қарағанда, ішкі тыныштық орнап, дұрыс әрекет жасайды.Ал бұл 4 құндылық бар жерде ешкімге қиянат жасамай өмір сүруге болады. 

Ой толғаныс. (Жұппен жұмыс). Сабақтың соңында «Семантикалық кестені» толтырамыз.



Үйге тапсырма беру. 133 бет, 62-жаттығу. (Тапсырманы түсіндіру)

Бағалау. Сабақтағы оқушылардың білімдерін бағалау.










«Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Алтынсарин орта мектебі»










«Бастауыш сынып мұғалімінің үздік әдістемелік жинағы» сырттай байқауы



1 номинация.

«Сабақтың ең үздік оқу-әдістемелік әзірлемесі»



Ахметбекова Самал Ниязбекқызы







Қазақ тілі. 3 сынып.

Тақырыбы: «Түбір мен қосымша. Түбір мен қосымшаның жазылуы»





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?аза? тілінен саба? ?зірлемесі

Автор: Ахметбекова Самал Ниязбековна

Дата: 31.05.2016

Номер свидетельства: 331781

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) ""?аза?ты? музыкалы? аспаптары" та?ырыбында музыка п?нінен саба? ?зірлемесі "
    ["seo_title"] => string(79) "k-azak-tyn-muzykalyk-aspaptary-tak-yrybynda-muzyka-p-ninien-sabak-zirliemiesi-1"
    ["file_id"] => string(6) "150309"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420464545"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "":?аза?ты? музыкалы? аспаптары" та?ырыбында музыка п?нінен саба? ?зірлемесі "
    ["seo_title"] => string(77) "k-azak-tyn-muzykalyk-aspaptary-tak-yrybynda-muzyka-p-ninien-sabak-zirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "150206"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420451102"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "«Те?деу ??ру ар?ылы есептер шы?ару» математикадан  3-сынып?а арнал?ан ашы? саба? ?зірлемесі "
    ["seo_title"] => string(104) "tien-dieu-k-u-ru-ark-yly-iesieptier-shyg-aru-matiematikadan-3-synypk-a-arnalg-an-ashyk-sabak-zirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "176070"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424359218"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) ""Сөйлем.Сөйлем түрлері" қазақ тілінен сабақ әзірлемесі."
    ["seo_title"] => string(58) "soiliem_soiliem_turlieri_k_azak_tilinien_sabak_zirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "437234"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509989870"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "«?аза? тілі мен ?дебиет саба?тарында ойын технологиясын тиімді пайдалану» "
    ["seo_title"] => string(79) "k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-tarynda-oiyn-tiekhnologhiiasyn-tiimdi-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "176066"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424358972"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства