kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сөйлем.Сөйлем түрлері" қазақ тілінен сабақ әзірлемесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка урока по казахскому языку.Для учащихся первых курсов колледжа.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сөйлем.Сөйлем түрлері" қазақ тілінен сабақ әзірлемесі.»

Ибраева Сауле Насыповна

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжі»МКҚК

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы



Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада сөйлемнің түрлерін, сөйлемнің мүшелерін ажырата білуге жаттықтыру.

Дамытушылық: Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;

Тәрбиелілік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге; адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: қайталау сабағы.

Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Көрнекіліктер: слайд, үлестірмелі карточкалар, мәтіндер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау арқылы бүгінгі сабақты бастау;

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Адамның ойы мен пікірі сан қилы болады. Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады екен.

Бүгінгі сабағымыз сөйлемнің түрлері мен сөйлем мүшелерін қайталау сабағы.

І. Қызығушылықты ояту. «Мозайка құру» арқылы оқушыларды екі топқа бөлу (Астана, шаштараз суреттерін жинау).

2. “Ой қозғау” 5м

І топ.

1.Жалғаудың неше түрі бар?

2.Көптік жалғау нешеу?

3.Тұрлаулы сөйлем мүшелері?

4.Қазақ тілінде неше септік бар?

5.Зат есім атау септігінде тұрғанда қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

2 топ.

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

2.Сөйлем мүшесі нешеу?

3.Тұрлаусыз сөйлем мүшелерін ата?

4.Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде қай сөйлем мүшесінің қызметін

атқарады?

5.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері?

І- тапсырма. 5м

Сызбаны сөйлет.

Сөйлем











ІІ тапсырма. 5м

І топ ІІ топ

Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем

Лепті сөйлем Бұйрықты сөйлем

(Анықтамалары, мағыналық түрлерін нақты мысалдармен айту.)

«Ой жалғау» сатысы.10м (жазбаша)

ІІІ тапсырма Талдау – табыс кілті. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау


І топқа талдауға сөйлемдер.

Құрмаш бұл сөзге көнбеді. Екеуі қайтадан қарадырға бет қойды. Бүгін бұлар Қарашоқыдағы Күнкенің аулына да жетпек.


ІІ топқа талдауға сөйлемдер.
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме. Арық атқа қамшы ауыр. Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.

ІҮ-тапсырма «Мені тап» ойыны. Берілген мақал – мәтелдерден анықтауышты, пысықтауышты көрсету.10м

1. Жаман жолдас жауға қалдырар. 1. Қорыққан бұрын жұдырықтар

2. Гүл- жердің көркі, қыз- елдің көркі. 2. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.

3. Болат қайнауда шынығады, батыр майданда 3. Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.

шынығады

Ү тапсырма. Ой толғау сатысы 15м

Шығармашылық – білімді адам жететін шың.

Суретпен жұмыс. сөйлемдер құрастыру. 1 сурет


YI тапсырма Ойлан да тап, дәптерге жазу.10м

Отан- оттан да, ыстық.


ҮІI тапсырма.Мәтінмен жұмыс 15м

І-топ

Қателіктің арты өкініш.

 

Ғабит ауруханадан ұзақ уақыт емделіп, бүгін шыққан болатын.Ол айналаның осындай әсем екендігін жаңа байқағандай. Әсем табиғат, сәулетті үйлер, өз шаруасымен жан-жаққа бара жатқан адамдарды жаңа көргендей таңдана қарады. Ол есірткінің әлегінен өмірден қаншалықты оқшау қалғанын, тіпті отбасынан, достарынан тым қашықтап кеткенін жаңа ғана түсініп, енді бәрі басқаша болатынына нық сеніммен, өз-өзіне уәде берді.

Ол адамның болашағы өз қолында екенін, өмірде кездесетін қиындықты шешуге болтынын және кез келген жағдайда кінәні адам өзінен іздеу қажет екенін алғаш рет түсініп, өзінің өткен өмірін ой елегінен өткізді.

ІІ-топ

Сұлулық.

Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады...

Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.



ҮІІІ Тест жұмысы10м


1) Баламалы тест (ия-жоқ)


(Сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру)

1. Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма? (жоқ)

2. Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді. (иә)

3. Анықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (жоқ)

4. Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)

5. лепті сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады. (иә)

6. баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесіме. (иә)

7.Пысықтауыш қайда, қашан не мақсатпен сұрағына жауап бере ме. (иә)

8. Лепті сөйлем қызметіне қарай негізгі, жетек, анықтауыш болып бөлінеді. (жоқ)

9. Биылғы күз салқын. Бұл – құрмалас сөйлем. (жоқ)

10. Сөйлем айтылу мақсатына қарай төртке бөлінеді. (иә)


Қорытынды.Рефлексия. 5м «Қазақ тілі сабағы бүгін мен үшін...» ( әр оқушы өз ойын бірер сөйлеммен қорытып айтады.).

Бағалау парағы.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Сөйлем.Сөйлем түрлері" қазақ тілінен сабақ әзірлемесі.

Автор: Ибраева Сауле Насыповна

Дата: 06.11.2017

Номер свидетельства: 437234


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства