Сабақ тақырыбы: Етістік
Сабақ мақсаты: 1. Етістік туралы алған білімдерін қайталау, пысықтап
бекіту. Дара, күрделі етістіктерді ажырата білуге,
сөйлемнен етістікті таба білуге, оларды қатыстырып
сөйлем құрауға үйрету.
2. Оқушылардың ақыл - ойын, ауызша және жазбаша
тілдерін дамыту, сөздік қорын , байланыстырып сөйлеуін,
шығармашылық қабілеттерін арттыру, топпен жұмыс
істеуге баулу.
3.Ұқыптылыққа, жинақылыққа ,сауатты әрі көркем
жазуға, әдемі сөйлеуге, табиғатты сүюге және қамқор
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, топтастыру, кубизм, шығармашылық, ізденімпаздық, ой толғау.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, сөздер, бөлім аттары, цифрлар, кесте, конверт.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру
a) Бір шумақ өлең арқылы қызығушылығын ояту.
Қазақ тілім – бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Тіліммен бірге самалмын,
Тіліме кім тағар мін.
ә) Сабақтың мақсатын хабарлау, топтастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Әр топ жазған сөйлемдерін окиды. Сөйлемнен етістіктерді тапқызу. Сұрақтар беру. Кубизм стратегиясы.
-Етістік дегеніміз не?
-Сын есім дегеніміз не?
-Етістіктің қандай түрлері болады?
-Дара етістік дегеніміз қандай етістік?
-Сан есім дегеніміз не?
-Күрделі етістік деген не?
-Зат есім дегеніміз не?
Жауаптарына қарай бағалау. Әр топтың ұпай сандарын салу.
ІІІ.Негізгі бөлім.
1.Дара, күрделі етістіктерді салыстыру.
Қарамен жазылған күрделі етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.
1 топ.
Келді – келе жатыр, келе кет, келе бастады.
2 топ.
Жазды – жаза алады, жазып жатыр, жазып жүр екен.
3 топ.
Тоқыды – тоқи алады, тоқып жатыр, тоқи бастады.
2. Берілген сөздерді дара, күрделі етістік екенін ажырату. Келесі түріне айналдырып жазу.
Ол үшін конверттерді таңдайды. Қызыл, көк, сары түсті конверттер берілген. Сөзді оқып. Етістіктің қай түрі екенін ажырату, тақтаға жазу.
Өсті – өсіп тұр
Оқыды – оқып отыр
Жауды – жауып тұр
Әр топтан бір оқушыдан шығып орындайды. Бөлім соңында тапсырма орындаған оқушылар бағаланып, топ ұпайлары шығарылады.
3.Деңгейлік тапсырмалар орындау
1-топ. Ұйқасын тауып, өлең құрастыру. Етістіктерді табу
Анамды -----------,
Ақылын ----------.
Мен әдепті -----------,
Әрдайым -----------.
2-топ. Сурет бойынша әңгіме жазу. Ат қою. Бірінші сөйлемнен етістік табу.
3-топ. Ұшып келеді, жүзіп жүр, айтып тұр, келе жатыр күрделі етістіктеріне сөйлем құрап жазу.
Тапсырманы орындап болған оқушыларды тыңдап, бағалау. Топ ұпайларын шығару.
4.Берілген тапсырмаларды орындау.
Кубик тастау арқылы тапсырма таңдау.
1-тапсырма. Мақалдың жалғасын тауып айту, етістіктерді табу:
Жақсы туса – ел ырысы, . . . (жаңбыр жауса – жер ырысы).
Ақыл тозбайтын тон, . . . (білім таусылмайтын кен).
Диқаншы жерін мақтайды, . . . (балықшы көлін мақтайды).
Жаманға жан жуымас, . . . (жалқауға мал жуымас).
Өнерлі өрге . . . (жүзеді).
Найзасыз ер болмайды, . . . (таңбасыз ел болмайды)
2 – тапсырма. Бала сөзіне етістік табу
ашты
оянды ойнады
Бала
келді күлді
жазды отырды
оқып отыр
3-тапсырма. Берілген күрделі етістіктерді дара етістікке айналдыру.
ойнап отыр – ойнады
жүгіріп келеді – жүгірді
қалықтап барады – қалықтады
сағынып жүр – сағынды
ұйықтап жатыр – ұйықтады
боздап тұр – боздады
күтіп отыр – күтті
4-тапсырма. Берілген етістікке қарсы мағынада етістік айту.
жүрді – тоқтады
ұшты – қонды
ашылды – жабылды
келді – кетті
отырды – тұрды
күлді – жылады
қуанды – мұнайды
Әр топтың берген жауаптарына қарай топ ұпайларын шығару.
ІҮ.Бекіту
1-топ. Венн диаграммасы. Салыстыру.
Зат есім Етістік
2- топ. Топтастыру стратегиясы. Етістікті топтастыру.
сөз табы не істеді? не қылды? қайтті?
Етістік
дара қимылды білдіреді
күрделі баяндауыш
3-топ. Сұрақ – жауап:
- Етістік дегеніміз не?
-Қандай сұрақтарға жауап береді?
-Қандай түрлерін білеміз?
-Дара деп қандай етістікті айтамыз?
-Күрделі қандай етістік?
Қорыту
Топ ұпайларын шығару.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Сабақты аяқтау.