kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ халқының ұлттық ойындары

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Сайыскерлер
  • Аш қасқыр
  • Дүмпілдек
  • Кім жылдам?
  • Үш орындық
  • Шүлдік (ойын)
  • Домалақ ағаш
  • Арынды арқан
  • Қарт-құрт
  • Тұтқын алу
  • Бөрік жасырмақ
  • Қамалды қорғау
  • Жасырынбақ
  • Ошақ (ойын)
  • Шалма тастау
  • Жапалақтар мен қарлығаштар (ойын)
  • Асық ойындары
  • Бес тас
  • Атбақыл
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ халқының ұлттық ойындары»

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын – халық мұрасы

Сабақтың мақсаты: - Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,

оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағұлмат беру

Дамытушылық - Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде

көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік - Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Ұлттық ойын түрлері салынған сурет, ұлттық ойынға байланысты буклет,музыкалық аспап

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

1. Оқушылардың сабаққа назарын аудару

Кіріспе сөз: Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді. Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді. Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпатарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын іс – әрекет қызметін атқарған. Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.

Ал, балалар кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі.

Балалар: көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ

Мұғалім: Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет етеді деп ойлайсыңдар?

Балалар: өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты

Мұғалім: Олай болса балалар келесі кезекте ойын түрлеріне байланысты жаттаған өлең жолдарына кезек берейік.

Әзір титтей бойымыз

Әзір балаң ойымыз

Тек қуамыз ойын біз

Ұзарады бойымыз

Толысады ойымыз

Өйткені біз күн санап

Өсіп келе жатырмыз

10 – ға толған батырмыз

Кел, қанекей, келіңдер

Тамашаны көріңдер

Бізде қызық ойын бар

Барлығың ден қойыңдар



Атты баптап

Түсеміз біз көкпарға

Күш болмаса өзіңде

Қаларсың аунап көк шаңға

Бір қыз оқушы ойын шартын түсіндіреді. Ер балалар көкпар ойынын ойнайды.



Бәйге міне басталды

Қосылдым менде шетінен

Озып шықсам егерде

Әжем сүйер бетімнен

Бір қыз оқушы ойын шартын түсіндіреді. Қалған оқушылар бәйге ойнына қатысады.



Ала алмасаң теңгені

Мазақ қылар көпшілік

Ілу үшін теңгені

Керек екен ептілік

Бір қыз оқушы ойын шартын түсіндіреді. Екі топ теңге алу ойынын көрсетеді.



Кімнің көзі қырағы

Жамбы атуға шығады

Кім тигізсе жамбыға

Сол елінің ұланы

Бір оқушы ойын шартын түсіндіреді. Екі топ жамбы атудан жарысқа түседі.



Палуан болу оңай ма

Қажет оған көп айла

Сол үшін біз аянбай

Көп күрестік көгалда

Бір оқушы ойын шартын түсіндіреді. Ойыншылар күреске шығады.



Біздер шымыр, жүйрік те

Ойынменен шынықтық

Еп қана емес бірлікте

Керек екен соны ұқтық

Жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп жәрдемдеседі.

Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос кездің бәрінде айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады. Оның шешуін табуда бала ізденеді, сұрайды, ойланады. Осының бәрі сауатын ашады. Бұл ойынды үлкендер де балаларда айтады. Бұл ойын кішігірім сабақ, дәріс.

Кәне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік.

Жылға дер ем ақпайды

Жылан дер ем шақпайды (Арқан)

Алты аяқты, төрт көзді

Екі ауызды, бір сөзді

Ынтымақты ел кезді ( Ат мінген адам)

Көліксіз өмір сүрмейді

Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ер тоқым)

Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Қазақ халқының ұлттық ойындары

Автор: Муханбетова Кабира Хисметовна

Дата: 06.11.2018

Номер свидетельства: 483912

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""?аза? хал?ыны? ?лтты? ойындары "презентация "
    ["seo_title"] => string(50) "k-azak-khalk-ynyn-u-lttyk-oiyndary-priezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "174516"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424150828"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "?аза? хал?ыны? мерекелері мен ?лтты? ойындары та?ырыбына ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(78) "k-azak-khalk-ynyn-mieriekielieri-mien-u-lttyk-oiyndary-tak-yrybyna-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "118310"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1413105779"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Қазақ халқының ұлттық ойындары"
    ["seo_title"] => string(33) "kazak_khalkynyn_ulttyk_oiyndary_1"
    ["file_id"] => string(6) "535704"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1579003017"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Саба? жоспары: ?аза?сты? ?лтты? ойындары"
    ["seo_title"] => string(43) "sabak-zhospary-k-azak-styn-u-lttyk-oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "286469"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454342517"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Саба? жоспары: ?аза?ты? ?лтты? ойындары"
    ["seo_title"] => string(42) "sabak-zhospary-k-azak-tyn-u-lttyk-oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "286470"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454342569"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства