Пәні Қазақ тілі 4- сынып Тақырыбы: Қалада.Ауылда. Мақсаты:Оқушылардың фонетикалық, лексикалық және де әр түрлі тапсырмалар арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту .Жаңа сөздерді игере отырып, тіл байлықтарын, сөйлеу әрекеттерін дамыту. Міндеттері: а)Білімділік: төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтуға үйрету; көмекші сөздер туралы түсінік беру, түсіндіру арқылы білімдерін толықтыру. ә) Дамытушылық: Сөздермен ой- өрісін, тіл байлықтарын, сөйлеу әрекетін дамыту. б) Тәрбиелік: Оқушыларды қаланың,ауылдың гүлденуіне үлес қосуы жайында, адам өміріне әсерін түсіндіру. Күтілетін нәтиже: Тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру,сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдану, тақырыпқа байланысты сөздік қорын молайту. Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрация, талдау, топтық жұмыс Кіріктірілген модульдер: АКТ, сын тұрғысынан ойлау, бағалау, қалай оқу керектігін үйрету, диалог. Сабақта қолданылған құрал –жабдықтар: интерактивтік тақтадан слайдтар, суреттер, А-3 парағы, маркер, смайлик Қазақстан Республикасының картасы, сөздік, тақта. Сабақта қолданылатын әдісі- тәсілдер: сұрақ –жауап,әңгімелеу түсіндіру,жинақтау,топтастыру,ой қорыту. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру:Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.4-мин -Кезекшімен сұхбат. Үй жұмысын тексеру. «Бақытты сәт»әдісін сұрақ-жауаптар арқылы қолдану. -Топқа бөлу үшін кәмпиттер қолдану.5-6 мин Тақырып бойынша жан-жақты бағыт беру , керекті құрал-жабдықтарын дайындап,әр оқушы өзіне тиісті орынға жайғасу Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Бір-біріне тілек тілейді «Карамельдер » алғандар (1 топ) «Шоколадтар» алғандар (2 топ) «Мармеладтар» алғандар (3 топ) II.Жаңа сабақ.5мин Тақырыпты көрсетілген слайд арқылы ашу. Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі. Өлең оқу.Қала.Ауыл Астана ақ қала, Ақ мәрмәр пәк қала. Шарықтап, қарыштап, Шалқи бер, шаттана. Біздің ауыл көктемде Көл жағалай қонады. Айдын шалқар көк көлге Аққу-қаздар толады. 1. Сөздік жұмысын жүргізу 3-мин Сөздік жұмысын бір оқушы мәнерлеп оқиды, тағы бір оқушы оқиды, ғимарат-здание, әуежай – аэропорт,спорт кешені-спортивный комплекс, қонақ үй- гостиница. Мал-скотина,сауыншы-доярка,егінші – пахарь,малшы-пастух. Сабақ барысында сызба жұмысын орындату арқылы постерді қорғату. Диалогтік әдісті қолданамыз I-тапсырма:5 мин Ітоп берілген суреттерден кластер жасау.Ауыл. ІІтоп берілген суреттерден керегін тауып жапсыру,сөздерден сөйлем құрастыру.Қала. ІІІтоп Венн диаграммасын толтыру. Орындыққа стикер жапсыру. -Сергіту сәті: 3-мин II-тапсырма:5 мин 2. Грамматиканы еске түсіреміз Берілген сөйлемді аяқтау.Жұппен жұмыс. Ітоп –Менің әпкем қалада тұрады.Онда .... ...... ...... . ІІтоп- Менің ата мен әжем ...... . Онда .... ..... ..... . ІІІтоп -Маған ...... тұрған ұнайды.Өйткені ..... ..... ..... . ІІІ-тапсырма:5мин Ітоп –Ілік септігінің жалғауын тап Біз қаланың сыртына шығамыз. Театрдың алдында Абай Құнанбаевтың ескерткіші бар. Сен мені үйдің жанында күтесің. ІІтоп- Берілген сөздердің түбірі мен жалғауын ажыратыңдар. Берілген сөздерге сөйлем құрастыр. Досым,үйім,туым,әкем,қолғабым. ІІІтоп -Көсемшенің жұрнақтарын тап,оларды ажыратыңдар. Көріп,оқулық,айтып,сызғыш,отырып,соғады, төлдейді, жазып,үреді. .Жеке жұмыс жүргізу Берілген сөздерге көптік жалғау жалға . Қала......,саябақ...., үй...., ел...., мемлекет.... . III. Үйге тапсырма: 1.Диалог оқып келу 2. 6- тапсырманы жазу сөздерді жаттау. Диалогты мазмұндауға дайындалады. Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады. 6-тапсырма бойынша сұрақтарын қояды. IV.Бағалау. бағалау парақшасын жинап алу, ортақ бағаны қою Әр топтың бағалаушысы бағалау парағын сабақ барысында толтырып , тапсырады V.Сабақты қорытындылау Оқушылар бағдаршам арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлері мен сабақтың қалай өткенін көрсетеді. Көңіл-күйлерін білдіреді.
|