(Т) Топпен жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар тапсырма барысында теңдеулерді шешеді. Теңдеудің түбірін табу ушін, оқушылар екі таңбалы сандарды ондықтан аттап «баған» түрінде азайтудың жазбаша тәсілін қолданады. (Ж) «Мерекеге арналған гүлдер» тапсырмасын жұптық жұмыс ретінде ұсыну. Оқушылар екі таңбалы сандарды баған түрінде ондықтан аттап қосу мен азайтудың алгоритмін бір-біріне айта отырып, мысалдарды жұппен орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылардың бір жұбына өрнектің жауабын айтуды, ал қалған оқушылардан жауаптың дұрыстығын бағалайды. Оқушылардан мысалдарды шешкенде не байқағанын сұрау. (Т) Топтық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларға есепті топпен оқуды ұсыну, содан кейін топтың әрбір мүшесінің есепті қалай шығарғанын тыңдау. Топ ортақ бір пікірге келіп, өрнекті параққа жазады. Тапсырманы орындаған соң, әр топтан бір оқушыдан шақырып, тақтада есептің шығарылуын көрсетуді ұсыну. Қалған оқушыларға жауаптың дұрыстығын белгі беретін кеспеқағазбен бағалауды сұрау. Арман есептер шығарды. Онда 32 бала, 6 бәліш, 18 қыз деген жауап шықты.Тексеріп көр. Барлық есептердің жауаптары дұрыс па? а)Дене шынықтыру сабағына 17 ұл және 15 қыз қатысты. Сабаққа барлығы неше бала қатысты? ә) 20 бала мектеп асханасында бәліш сатып алды. Оның 14-і орамжапырақ қосылған бәліш, қалғаны картоп қосылған бәліш сатып алды. Балалар қанша картоп қосылған бәліш сатып алды? б) Мектеп концертіне 22 ұл және олардан 5-уі кем қыз қатысты. Концертке қанша қыз қатысты? (Ұ) Көзге арналған жаттығу (4-слайд) (Ө) «Математикалық лабиринт» тапсырмасын орындауды ұсыну. Оқушылар екі таңбалы сандарды баған түрінде ондықтан аттап қосу мен азайтудың алгоритмін қолдана отырып, мысалдарды өздігінен орындайды (5-слайд) |