Просмотр содержимого документа
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білесің бе?»
Ключев орта мектебі
2015- 2016 оқу жылы
Мақсаты:
1. Егеменді Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарының мән – мағынасымен, идеялық мазмұнымен таныстыру.
2.Мемлкетттік нышандарды құрметтеуге үйрету.
3.Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық сезім, Отаншылдық рух дарыту.
Оқушылар Қазақстан туралы өлең шумақтарын оқиды.
Ерғанат: Мереке бүгін, ұлы күн
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын
Теңескен төбем көкпенен.
Толқын: Мереке бүгін, бақ күні,
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы
Түсіндей боп көгімнің.
Дина: Шырқалады шарықтап,
Асқақ үнді – Әнұран.
Көңіл құсы қалықтап
Шаттана бір қол ұрам.
Арай: Бейбіт еңбек сүйерім,
Татулық, бірлік, береке.
Шалқыған шаттық күйлерім
Әр күнім табыс, мереке !
Алуа: Жасасын, жаса, Азат күн,
Жасасын бейбіт ел, су, жер!
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.
Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз ұшін.
Қазақстан қандай мемлекет ?
Құқықты .
Зайырлы.
Көп ұлтты.
Біртұтас.
Әлеуметті.
Тәуелсіз.
Олай болса, бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бұл күнге қаншама қандастарымыз өз өмірлерін қиды. 1991 жылы иісі қазақ тәуелсіздікке қолы жетіп, шаттыққа бөленді.Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасында дүние жүзіне танымал болдық. Осыған орай Алматы қаласының орталық алаңында Тәуелсіздік монументі орнатылды.Оның жоғарғы жағында алтын адам бейнеленген.
Тәуелсіз Қазақстанның қандай төл белгілері бар ?
Гимн,Елтаңба,Ту – мемлекеттік рәміздер. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті. Рәміздерімізді құрметтеу, оның идеялық мазмұнын білуден басталады. Ендеше рәміздеріміздегі суреттердің мазмұнына, мағынасына тоқталайық.
Ту , Елтаңба, Гимн
Мемлекеттік рәміздері Елтаңбаң қандай келісті,
Білесің бе қарағым ? Бақыты сонда жер үсті
Кеір сен мына біздерді, Қос пырақ керген қанатын,
Алмасаң Отн сабағын. Шаңырақ құтты, жеңісті.
Елтану, Отан сабағы Әнұран – жүрек тербеген,
Рәміздерден басталған. Жалындап шығып кеудеден.
Ерен ерлік күтпеймін, Шырқатып шырқай алмасаң,
Рухы төмен жастардан. Озамын деме өзгеден.
Отанын сүйген әр адам Тәуелсіздіктің болмысын
Көтеру парыз көк туын. Ел рәміздері танытқан.
Әлемдік жарыс, даладан, Құрметтей білсең сен оны,
Желбіреуі үшін көк туың.
Алғыс аласың халықтан.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Дәрмен : Мемлекеттік ту көгілдір түсті. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста – ұлттық ою кестеленген. Күн, қыран және ою – өрнек – алтын түсті.
Елизавета : Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.
Ералы: Көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың белгісі.
Мерей: Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс , даму, өсіп – өркендеудің және өмірдің белгісі.
Елнұр: Қанатын жайған қыран құс бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық белгісі. Ұлан – байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстанның еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Досжан: Өрнек – халқымыздың қолөнері. Ерте кезде халық ою – өрнектің бойында адамды зұлымдықтан қорғайтын керемет күш көрген.
Хор:
Лаура: Пейіліңдей кең даласы,
Жері шүйгін, суы бал.
Егемен елміз, қарашы.
Елтаңбасы, туы бар.
Тоқын: Қасиеті, мейірі –
Киелі жер – суында.
Қазағымның пейілі
Өрнектеулі туында.
Лаура: Бейбітшілік ұраны –
Жарқыраған алтын күн.
Ал қанатты қыраны –
Азаттығы халқымның.
оқушы: Қазақстан - Отаным
Туған жерім киелі,
Арттырып даңқын, атағын.
Туына бас иемін.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
оқушы: Елтаңба шаңырақ, қанатты тұлпар, бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Төменгі жағында «Қазақстан » деген жазуы бар.
оқушы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы – Жәнібек Мәлібеков пен Шота – Аман Уәлиханов.
оқушы: Шаңырақ – әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Шаңырақ – Отан отбасынан басталады деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі – бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.
оқушы: Қазақта «Ат – адамның қанаты» деген мақал бар. Тұлпар – дала Пырағы, оның ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, теуелсіздікке бостандыққа жетелейді. Тұлпар – күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы.
оқушы: Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз салынған. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Мемелекетіміздің жұлдызы жарық және биік болсын деген ұғымды білдіреді.
Ән:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Оқушы: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындау тәртібі бар. мемлекеттік Гимн көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар орнынан тұрып айтады, бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.Қазақстан Республикасының Туын салтанатты жаңдайда көтеру және тігу кезінде Мемлекеттік Гимн орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерін туға қарай бұрады.
Лаура: Еліммен бірге тілегім,
Туған жер – алтын тұрағым.
Жатқа да айта білемін,
Елімнің Әнұранын.
Толқын: Құрметтеймін жерімді,
Өзен – көлін, нуын да ,
Қастерлеймін елімді
Әнұранын, туын да.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын пайдалануды реттейтін заңнамалар бар. Осы нышандарды пайдалану тәртібін бұзған және нышандарымызды қорлаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
Отан , туған жер, бірлік, таңбар туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз ?
Отан оттан да ыстық.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Өз елім өлең төсегім.
Туған жерге туың тік.
Ел іші – алтын бесік.
Бірлігі жоқ ел тозар,
Бірлігі күшті ел тозар.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Бекіту мақсатымен сөзжұмбақ( Қазақстан) шешіледі.
Мемлекеттік туымызда қалықтаған құс. (Қыран)
Республикамыздың байырғы халқы( Қазақ)
Елбасы (Назарбаев)
Бас қала (Астана)
Әнұранның әнін жазған композитор (Қалдаяқов)
Туымыз ...... түстес көгілдір.(Аспан)
Ел рәмізі (Ту)
Елтаңба бейнеленген тұлпар (Пырақ)
Әнұранның сөзін жазған автордың бірі (Нәжімеденов)
Қ
А
З
А
Қ
С
Т
А
Н
«Біз тәуелсіздікке аңсп, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Еліміздің сыналатын бір тұсы осы.»