kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ызы?ты математика ?лемі!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?ызы?ты математика ?лемі
Саба?ты? ма?саты: ?тілген материалдарды талдау.тал?ылау,?орытынды жасау біліктілігін тере?дету 
Білімділік: О?ушыларды? ?тілген материалдарды игеруге арнал?ан ?ткенді ?айталау,ж?йелеу,жетілдіру. 
Дамытушылы?: 
Танымды? ?абілеттерін арттыру,логикалы? ойлауын,есін,зейінін,?зіндік шы?армашылы? белсенділігін дамыту 
Т?рбиелік: Белсенділікке, ?йымшылды??а, 
ізденімпаздылы??а, шапша?ды??а ?йрету, адамгершілік ?асиеттерін ?алыптастыру. 
Саба?ты? ?дісі: С?ра?-жауап 
Саба?ты? т?рі: Сайыс саба? 
Саба?ты? барысы: 
І. ?йымдастыру кезе?і: 
1. О?ушылар?а психологиялы? даярлы? жасау 
Б?гінгі к?н сайыста 
Сен ешкімнен ?алыспа. 
Білімі?ді к?рсет те, 
Озып шы??ын б?йгеде, деп «?ызы?ты математика ?лемі» ?ош келді?іздер. 
Мінеки залда тынышты?, 
Естілмейді дыбыс т?к, 
М?ны бізде ?оштаймыз, 
Кешіккенді тоспаймыз. 
?ылымдарды? ?ылымы 
Математика жайында 
Сайысты біз бастау?а, 
?діл ?азы сайлаймыз. 
. ?діл?азы ал?асымен таныстырайын. 
1 ______________________________________________ 
2. ______________________________________________ 
3. ______________________________________________ 
Сайыс барысы: 
Сайыс б?лімнен т?рады: 
1. Таныстыру 
2. ?ш?ыр ой 
3. Ойнайы? та,ойлайы? 
4. Б?йге 
5. Кім жылдам? 
6. Ойлан, тап! 
Таныстыру 
Топтарды ?арсы алайы? 
1. Топ «?шб?рыш» 
2. Топ «Т?ртб?рыш» 
3. Топ «Шаршы» 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ызы?ты математика ?лемі! »

№ 5 орта мектеп











Тақырыбы:


Қызықты математика әлемі

(сыныптан тыс іс-шара)


















Өткізген: Отаралиева Б.Е

4 «В» класс







2014-2015 оқу жылы




Сабақтың тақырыбы: Қызықты математика әлемі

Сабақтың мақсаты: Өтілген материалдарды талдау.талқылау,қорытынды жасау біліктілігін тереңдету 
Білімділік: Оқушылардың өтілген материалдарды игеруге арналған өткенді қайталау,жүйелеу,жетілдіру. 
Дамытушылық: 
Танымдық қабілеттерін арттыру,логикалық ойлауын,есін,зейінін,өзіндік шығармашылық белсенділігін дамыту 
Тәрбиелік: Белсенділікке, ұйымшылдыққа, 
ізденімпаздылыққа, шапшаңдыққа үйрету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. 
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап 
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Оқушыларға психологиялық даярлық жасау 
Бүгінгі күн сайыста 
Сен ешкімнен қалыспа. 
Біліміңді көрсет те, 
Озып шыққын бәйгеде, деп «Қызықты математика әлемі» қош келдіңіздер. 
Мінеки залда тыныштық, 
Естілмейді дыбыс түк, 
Мұны бізде қоштаймыз, 
Кешіккенді тоспаймыз. 
Ғылымдардың ғылымы 
Математика жайында 
Сайысты біз бастауға, 
Әділ қазы сайлаймыз. 
. Әділқазы алқасымен таныстырайын. 
1 ______________________________________________ 
2. ______________________________________________ 
3. ______________________________________________ 
Сайыс барысы: 
Сайыс бөлімнен тұрады: 
1. Таныстыру 
2. Ұшқыр ой 
3. Ойнайық та,ойлайық 
4. Бәйге 
5. Кім жылдам? 
6. Ойлан, тап! 
Таныстыру 
Топтарды қарсы алайық 
1. Топ «Үшбұрыш» 
2. Топ «Төртбұрыш» 
3. Топ «Шаршы» 
Біздің топ «Үшбұрыш» 
Егеменді қазақтың біз ұланы 
Өз туы бар,елтаңба, әнұраны. 
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың 
Самғайтын биіктерге тау қыраны. 
Біздің топ «Төртбұрыш» 
Өнер қуған математик жастармыз 
Есебіңді лезде шешіп тастармыз 
Тобымыз өңшең тапқыр қырандар 
Ерен туған төртбұрыш тобы боламыз 
Біздің топ «Шаршы» 
Келешектің үмітіміз талапты 
Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр 
Сегіз қырлы,өнер асып туғандар 
Оза шауып бәйге атындай жарап тұр. 
Өз ойыңды жүйелейтін, 
Алған білімді түйіндейтін, 
Әр нәрсенің жауабын тез 
Есте сақтап күлімдейміз.-дей отырып, келесі сайысымызға көшелік. 
Ұшқыр ой / Тез әрі, жылдам жауап беру. 
1. 1 метрде неше сантиметр бар? /100 см/ 
2. Көбейтудің компоненттерін ата / көбейткіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні/ 
3. 8 квадраты нешеге тең? /64/ 
4. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? 
/енін ұзындығына көбейтеміз/ 
5. Шаршы дегеніміз не? /барлық қабырғалары тең төртбұрыш/ 
6. Кез-келген санды 0-ге көбейтсек не шығады? /0-дің өзі шығады/ 
7. 9х7 өрнегі неге тең /63/ 
8. 1 ғасырда неше жыл бар? /100 жыл/ 
9. 5 минутта неше секунд бар? 
10. 9 квадраты нешеге тең? /81/ 
11. 3 кубы нешеге тең? /27/ 
12 Геометриялық фигураларды қандай әріптермен белгілейміз?/ латын әріптері/ 
Кел балалар ойнайық, 
Ойнайық та ойлайық 
Қандай жұмбақ болса да, 
Шешпей оны қоймайық деп, келесі «Ойнайық та ойлайық» сайысымызға көшелік 
1. Бір топ қоян орман кезіп барады, 
Жолда лоар қасқыр ізін санады. 
Қасқырлар да өткен екен топталып, 
Әр табанның қардағы ізі ап-анық. 
Қасқырлардан қалған іздер 120, 
Неше қасқыр жүріп өткен шынында? 120÷4=30 
2.Бұталардың арасынан тышқанды, 
Түлкі үйретті баласына ұстауды. 
Түлкінің бұл зұлым ойын ұғынған, 
Тышқандар да шыршаға кеп тығылған. 
Саны олардың 5-еу еді шамасы, 
Әр ананың 9-дан бар баласы. 
Айтыңдаршы неше тышқан тығылды, 
Қорыққанда шырша болып панасы? 9×5=45, 45+5=50 
3.Құс қорада балалар 
Тамақ берді қаздарға. 
Балапандарымен қосқанда, 
Қаздарда 5 отбасы, 
Әрқайсысында 12балапан. 
Түскі асқа нешеу жиналды, 
Сол қаздарды санасаң? 12×5=60 
4.Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6 кг болды, бір аяғымен тұрса неше кг болады? 
1 кг мақта ауыр ма,1 кг мыс ауыр ма? 
4 жұмыртқа 4 минутта піседі, 1 жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек? 
Біреуінің жүрегінің түгі бар, 
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар. 
Біреуінің шүбірлеген күйі бар, 
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.-дей отырып келесі кезеңіміз 
Бәйге /әр ұяшықты таңдау/ 
10 ұяшық 
Ұзындығы 9 см ,ені 7 см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең? /63 см / 
20 ұяшық 
Бір тәуліктің 1/6 бөлігі нешеге тең? /4/ 
30 ұяшық 
Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар, осындай 10 ыдыста неше кг бал бар? /50/ 
40 ұяшық 
Әр сөреде 9 кітаптан қойылған.Үш сөреде қанша кітап бар? 
50 ұяшық 
Қабырғасы қандай шаршының периметрі 28 см болады? /7см/ 
60 ұяшық 
Автобустың билеті 50 теңге тұрады. Осындай 4 билет неше теңге тұрады? 
Жібермейміз есе біз, 
Ғалым болып өсеміз. 
Көзді ашып, жұмғанша , 
Есепті де шешеміз деп, кезекті 
Кім жылдам? 
1. Суреттен үшбұрыштар тобын анықтау. 
2.Геометриялық фигураларды атау, латын әріптерімен белгілеу,тқбелерін,қабырғаларын атап жазу,периметрін табу 
Шыққанша құмардан 
Талмай есеп шығарған 
Дәл бүгінгі кездесуде 
Білімменен сыналған деп, келесі 
1. Ойлан, тап! /логикалық есептер/ Топ басшыларын шақыру. 
Шығармашылық тапсырмалар 
Жарыс заңы ежелден 
Жеңімпазды анықтау 
Женімпаз болу шарты сол 
Еңбектеніп, жалықпау. 
Сөз әділ-қазылар алқасына беріледі. 
ІІ. Сабақты бекіту: 
ІІІ. Сабақты қорытындылау: 
Әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылау
































№ 5 орта мектеп












Таскөмір, мұнай және газ.

















Өткізген: Отаралиева Б.Е

4 «В» класс







2014-2015 оқу жылы







Сабақтың тақырыбы: Таскөмір, мұнай және газ.

Сабақтың мақсаты: Таскөмір, мұнай,газ туралы түсінік

І Білімділігі: Әрбір оқушылардың жеке даралық қасиеттерін дамыта отырып, пайдалы қазбалар туралы білім бере отырып, жанғыш пайдалы қазбалар мұнай мен газдың қасиеттерімен таныстыру. Сондай-ақ, жанғыш пайдалы қазбалардың қасиеттерімен таныстыру, пайдалы қазбаларды игеретін адамдардың кәсібі туралы мағлұмат беру.

ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу.

ІІІ Тәрбиелігі: Айнала қоршаған ортаны, табиғатты, жер бетіндегі тіршілікті сүюге, қорғауға, қамқор, әрі бауырмал болуға, білімпаз, табиғаттың қорғаушылары болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: пайдалы қазбалардың үлгілері, мұнай, карта.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

. Сәлемдесу.

. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

. Ойға шақыру.

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Таскөмір, мұнай және газ.

Тақырыпқа ассоциация жасау.

  • Пайдалы қазбалар адамға қандай пайда әкеледі?

  • Картадан пайдалы қазбалар игеретін кен орындарын көрсетіңдер?

Пайдалы қазбалар туралы алған білімдерін сызбаға толықтыру.

Пайдалы қазбалар



Кенді

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Құрылыс

Жанғыш

Темір кені

Гранит, әктас, құм, сазбалшық

Таскөмір, мұнай, табиғи газ

«Жерасты байлықтары – бұл адам өмірі» деген сөздің мағынасын ашу.

«Тарихты біл» айдары.

Таскөмір – қара түсті қатты тас. Металл сияқты жылтырап, жақсы жанады, жылуды көп бөледі.

Мұнай- майлы, қоймалжың сұйық зат.

Табиғи газ - жер астынан мұнаймен ілесіп шығатын табиғи қор.

ІV. Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың, Теріп – теріп алайық,

Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық!

V. Проблемалық сұрақтар:

- Пайдалы қазбалардың қандай түрлері болады?

- Кенді пайдалы қазбалар туралы не білесің?

- Түсті металл кендерін ата. Олардан не жасалады?

- Адам осы байлықтардың бәрін игеріп, жойып жібермей ме? Егер пайдалы қазбалар болмаса, онда не болар еді?

Таскөмір

Мұнай

Газ





  1. Таскөмір, мұнай, газдың пайда болуы

  2. Шартты белгілер

  3. Қасиеттері

  4. Игеру жолдары

  5. Өніріс пен шаруашылықта пайдалану.

VII. Үй жұмысы: 32-34 беттегі мәтінді оқып, мәліметтер іздеп, жалпы шолу жасау. Зерттеу жұмысын толықтыру.

VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ызы?ты математика ?лемі!

Автор: Отаралиева Бакытжан Енсепкызы

Дата: 19.04.2015

Номер свидетельства: 203355

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Жылу м?лшері.   Жылу м?лшерін есептеу. Затты? меншікті жылу сыйымдылы?ы. "
    ["seo_title"] => string(80) "zhylu-molshieri-zhylu-molshierin-iesieptieu-zattyn-mienshikti-zhylu-syiymdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "125866"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415084670"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства