Көрнекілігі: кеспе әріптер, Ё әріпінің баспа, жазба түрлері, мамандықтар суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, бор, тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметсіздерме балалар! Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Солармен амандасып алайық.
Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де, қуанасың сен де,
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.
Өткенді қайталау.
- Өткенде қандай әріппен таныстық?
- В, Ф дыбыстары дауысты ма, дауыссыз ба?
- Сол В, Ф дыбыстарына сөздер ойлап жіберіңдерші
- Дыбыс деген не? ( Дыбысты естиміз, айтамыз )
- Әріп деген не? ( Әріпті жазамыз, көреміз )
Ой қозғау.
Жұмбақ шешуге дайынбыз ба, балалар?
Арқасын тіреп жабысып,
Екі Р қалды жабысып. (ф әрпі)
Жасыл түсті балықтар
Әйнек үйде қалықтар. (аквариум)
Қысы, жазы бір түсте (шырша)
Шахтёрде бар, шахтада жоқ,
Монтёрде бар, тақтада жоқ. ( ё әрпі )
Жарайсыңдар, балалар, дұрыс шештіңдер!
Жаңа сабақ.
Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа тықырыбымыз Ё дыбысы мен әріпі.
Ё – дауысты дыбыс, екі дыбыстан жасалған (и+о), орыс тілден енген сөздерде кездеседі. Мысалы: монтёр, шахтёр т.б
Ё дыбысы айтқанда «ио» естілгенмен, бір ғана Ё әрпін жазамыз. Ё дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.
Сергіту сәті.
Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнап.
Топ-топ, топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн.
Оқулықпен жұмыс.
Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау.
Монтёр - 7 дыбыс, 6 әріп, 2 буын.
Актёр – 6 дыбыс, 5 әріп, 2 буын.
Ё әрпін жазғызып, оқыту.
Жазу кезінде кеудені тік көтеріп, дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз. Ал, балалар, Ё әріпін тақтаға жазып көрсетемін, соны мұқият қараңдар. Енді, дәптерімізге жазайық.
Суретпен жұмыс.
Монтёр – электр желісін, электр бағаналарындағы істен шыққан, бүлінген жерді қалпына келтіріп жөндейді. Жарық өшіп қалса, көмекке келеді.
Шахтадан көмір қазатын адамды шахтёр дейміз. Бұл екеуі де құрметті мамандық.
«Мамандық таңдау» ойыны. Сөйлем құрау.
Шахтёр – көмір қазады.
Дәрігер – адамды емдейді.
Мұғалім – бала оқытады.
Тағы қандай мамандықты білесіңдер? Өздерің қандай мамандық иелері болғыларың келеді?
Жақсы маман иесі болу үшін жақсы оқуларың керек.
Қорытынды.
Бүгін қандай әріппен таныстық?
Ё дыбысы айтылуына қарай қандай дыбыс?
Ё дыбысы бар сөздерге мысал келтіріңдер.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар білімін бағалап, мадақтау.