kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Интеллектуальная игра "Лидер ХХІ века" среди учащихся 4 классов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеклассная работа "лидер ХХІ века среди 4 классов. А также можно провести и в классе

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Интеллектуальная игра "Лидер ХХІ века" среди учащихся 4 классов»

«XIX ғасыр көшбасшысы» (Интеллектуалдық ойын)

Мақсаты :

Қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтарының негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Тақырыптың  көкейкестілігі:

Оқушының жеке тұлға ретінде дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуы,ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі «Оқу процесінде пән сабақтарында педагогикалық және логикалық ойлай алу,шығару тәсілдерін пайдалану арқылы  оқушылардың  логикалық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін арттыру.Қазақстан Республикасының Президенті –Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру жүйесін жаңарту барысында маңызы зор. Біріншіден ,оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» деп бізді,мұғалімдерді,ізденімпаздыққа,шығармашылыққа жетелейді.

Ұсынылып отырған «XIX ғасыр көшбасшысы» атты сыныптан тыс іс-шарабастауыш сынып оқушыларына арналған ана тілі,математика,дүниетану ,қазақ тіліні оқыту бағдарламаларына сәйкес құрылған. Құралдағы тапсырмаларда оқулықтағы тақырыптар және оқулыққа қосымша дидактикалық материалдар қамтылған.Жаңа заман талабына сай білім беру- бүгінгі таңда өзекті мәселе,шығармашылық қабілеті мол,жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология қажет.

Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау тиімді құралдардың бірі. «Өзіңді білу-адамгершілікке жетелейді» деген неміс психологі Н.Энкльманн осыған байланысты өз басым оқытудың инновациялық технологиялары бойынша сыныптан тыс сабақтар өткізіп жүрмін.Осы талаптарды орындауында басты мәселе келешекте шығармашыл ,сауатты ұрпақты тәрбиелеу. «Білім көзі-бастауышта» демекші,осы құрал бастауыш сыныптардан бастап,оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға бағытталған. Сонымен бірге осы бағдарлама арқылы оқушылар негізгі пәндерден алған білімдерін жетілдіре түседі. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіруге бағытталады.



Міндеттері:

1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,шығармашылық ізденісін байқау.

2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

3.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, ,белсенділігін арттыру,оқушының танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;

4.Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

5.Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

Жабаның жаңашылдығы:

Қазіргі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау. Ендеше талантты да қабілетті, ерекше дарынды жасқа айрықша назар аудару қажет –ақ. Заман талабына сай қазіргі таңда білім беру жүйесінде интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, азаматтық, патриоттық, ұлттық рухани қабілетті жетілдіруде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Оқушыны ғылыми –зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Баланың зерттеуге деген ынтасын туғызу оларды қызықтырып, ізденушілікке баулитын танымдық –ағарту жұмыстарын ұйымдастыру керек. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекет ұйымдастырудың түрлері өте көп: біріншіден, репродуктивті іс -әрекетті, білімді үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі; екіншіден, “шығармашылық” сөзінің мағынасын “шығару, ойлап табу”. Бұл –жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық тұлғаның ерекшелігі неде? Шығармашылық тұлға жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарамастан, өзгелерден дарындылығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, табандылығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді. Оқушы ізденіс арқылы жетістіктерге жетеді. Нәтижесінде білім – ғылымға өте қабілетті жеке тұлғалар қалыптасады.


Күтілетін нәтиже:


*Оқушының ой-өрісі дамиды.
*Ойлау іскерлігі қалыптасады.
*Ақыл- ойы жетіледі.
*Есте сақтау қабілеті артады.
*Қызығушылық қабілеті оянады.
*Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.
*Шығармашылықпен жұмыстанады.
*Даму мониторингі айқын көрінеді,оқу үрдісінің сапасы артады.


Көрнекіліктер: сыйлықтар,слайд,интербелсенді тақта.



Қорытынды

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры– ұстаздың қолында» деп ел басы Н.Ә. Назарбаев

айтқандай ,жоғарыда ұсынған сыныптан тыс шара арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,шығармашылығын,ізденімпаздығын дамыту үшін, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
















XXI ғасыр көшбасшысы

Зияткерлік ойын

\Сайыстың төменгі лигасы\

\Фанфары\

Жүргізуші:

Алға ұмтылып арманмен асқаралы

Ақ ниетпен жазылар дастан әлі

Елімізде ғылымның туын тіккен

Болашақты дарындар басқарады- демекші, бүгінгі XXI ғасыр көшбасшысы атты зияткерлік ойынымызға қош келіпсіздер!

Бугінгі дода Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады

Ән:Қазақстан


Сайысымыздың мақсаты :

Қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтарының негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.


-Ендеше осы абілеттерді бойына дарытып, білімдерін сынауға келген қатысушыларды ортаға шақырмаыз! \фанфары\Кеуделеріне номерлер тағылады

-

-

-

-

-

-

-


Әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын айтып өтеді.


Жүлгізуші:

Мен жастарға сенемін!

Жарайсыздар! Қазақ елінің болашағы жарқын екенін тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер.


Ойын арнайы сарапшылардың бақылауында болады.

-Бүгінгі зияткерлік ойынымыздың сарапшыларымен таныс болыңыздар:

-АББ әдіскерлік кабинетінің меңгерушісі: Қайрақбаева Гульмайра

-

-

-


-Атақты Виктор Гюго темір қаламдар заманында өмір сүрсе де қауырсын қаламын тастай алмапты. Ал, Геберт Уэльс болса қалам ұстамай ауызша айтып отырып хатшысына жаздырыпты. Біздің мақтанышымыз МҰХТАР Әуезов «Абай жолының» соңғы үш томын жатқа айтып хатшысына мәшеңкене бастырған. Ендеше бүгін де еңбекқор әрі білімді жастарымыз көп болсын деген ниетпен ойынымызды бастаймыз!


-Ойын 3 кезеңнен тұрады:

-БӘЙГЕ

-ЖОРҒА

-ДОДА


Ендеше І кезең: «БӘЙГЕ»

Шарты: Сіздерге 10 сұрақ қойылады , әр сұрақтың үш жауап- нұсқасы болады.

Дұрыс жауабын тапқан қатысушы текшені көтереді Бірінші болып көтерген қатысушы жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаған жағдайда менің «Қарсыластар» деген сөзімнен кейін бірінші болып көтерген бір қатысушы жауап беруге мүмкіндік алады. Дұрыс жауап 10 баллмен бағаланады.


1 сұрақ:

Екі мәрте Кеңес үкіметінің Батыры атағын алған қазақ ұшқышы кім?

А) Т.Әубәкіров

Ә) Т.Бигельдинов

Б) Т.Мұсабаев


2 сұрақ:

Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған мемлекет

А) Ресей

Ә) Франция

Б) Түркия


3 сұрақ:

Еліміздің соңғы әнұраны қашан жаңартылды?

А) 2006 жылы 10 қаңтарда

Ә) 2010 жылы 6 қаңтарда

Б) 2006 жылы 6 шілдеде


4 сұрақ:

Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың неше жылдық мерейтойы?

А) 170

Ә) 180

Б) 190


5 сұрақ:

Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы қашан берілді?

А) 1986 жылы 9 желтоқсанда

Ә) 1996 жылы 16 желтоқсанда

Б) 1996 жылы 9 желтоқсанда


6 сұрақ: Қазақстандағы ең үлкен облыс

А) Алматы облысы

Ә) ШҚО

Б) Қарағанды облысы


7 сұрақ:

Қазақстан Республикасымен шекараласпайтын мемлекет

А) Өзбекстан

Ә) Қырғызстан

Б) Тәжікстан


8 сұрақ:

Мемлекетіміздің төл мейрамын ата

А) Канституция күні

Ә) Тәуелсіздік күні

Б) Ұлыстың Ұлы күні


9 сұрақ:

Теңге айналымындағы ең ірі банкнота

А) 10000

Ә) 20000

Б)5000


10 сұрақ:

Қазақ тілі қай тіл тобына жатады?

А) Түрік

Ә) Парсы

Б)Араб


Осымен бірінші айналымның сұрақтары аяқталды.Сарапшылар ойын қатысушыларының жинаған баллдарын хабарлап өтсе.


ІІ кезең "Жорға"

Бұл кезеңде алғашқы айналымда жинаған ұпайларыңыз сақталады.

Шарты: Бүгінгі ойын қатысушыларына әрқайсысына ұяшықтар ұсынылады . Әр ұяшықта 5 сұрақтан әзірленген.

Әр сұрақты ойлануға 7 секунд уақыт беріледі. Егер ойыншы өзіне тиесілі сұраққа жауап бере алмаған жағдайда менің "Қарсыластар" деген сөзімнен кейін текшені бірінші болып көтерген екі ойыншы жауап беруге толық мүмкіндік алады. Ол ойыншы дұрыс жауап берсе 1 ұпай қосылады. Ал егер дұрыс жауап бере алмаса 1 ұпайдан айырылады.


Ойынды ең көп ұпай жинаған ойыншыдан бастаймыз.

1 Ойыншымен сұхбат:

-Бүгінгі ойыннан не күтесің? Көшбасшы адамның бойында қандай қасиет болу керек деп ойлайсың?

Ендеше сөзден іске көшейік.


1 сұрақ:

Етістіктің шақтарын атаңыз (осы шақ, келер шақ, өткен шақ)

2 сұрақ:

Қазақ хандығын құрған хандар (Керей хан, Жәнібек хан)

3 сұрақ:

Өзеннің ағып шығатын жері не деп аталады? (бастау)

4 сұрақ:

Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақ (қорық)

5 сұрақ:

Ерлікпен көзге түскен, ержүрек адамға берілген атақ (Батыр)


Сарапшылар ойыншының жиған балын есептеп айтады.


2 Ойыншымен сұхбат:

алай ойлайсың ақылдылық адамда туа пайда бола ма, жүре пайда бола ма?

зіңді ақылдымын деп есептейсің бе?

Бұл ойыннан кейін ақылдылығың арта түсер деп ойлаймын.

Ендеше іске сәт!


1 сұрақ:

Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болған қимылды білдіретін шақты атаңыз(өткен шақ)

2 сұрақ:

Үш жүзді біріктірген хан (Абылай хан)

3 сұрақ:

Дүние жүзіндегі ең терең көл (Байкал)

4 сұрақ:

Өзендегі су деңгейінің күрт көтерілуі (Тасқын)

5 сұрақ:

Әділдігімен, тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам(би)


Сарапшылар ойыншының жиған балын есептеп айтады.


3 Ойыншымен сұхбат:-Сүйікті ісің қандай?-Болашақта кім болғың келеді?

-Осы маман иесі туралы не білесің?

Сенен мықты маман шығады деп ойлаймын.


1 сұрақ:

Нақ осы шақты жасайтын етістіктерды атаңыз (отыр ,жатыр ,жүр ,тұр)

2 сұрақ:

«Жеті жарғы»-деп аталатын заңдар жүйесін енгізген хан (Тәуке хан)

3 сұрақ:

Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен (Ертіс)

4 сұрақ:

Жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу әсерінен түзілетін жерасты қозғалысы (Жер сілкіну)

5 сұрақ:

Ханның кеңесшісі (уәзір)


Сарапшылар ойыншының жиған балын есептеп айтады.


4 Ойыншымен сұхбат:-Қалай ойлайсың казіргі таңда білімді жетілдіру үшін ғаламтор желілерін пайдаланған дұрыс па, жоқ әлде кітапханаға барған дұрыс па? Өзің біліміңді қалай шыңдайсың?


Өз білімін жетілдіріп отыратын адам міндетті түрде жетістіктерге жетеді деп ойлаймын.


1 сұрақ:

Бірнеше жай сөйлемнен құралып,күрделі ойды білдіретін сөйлем (Құрмалас сөйлем)

2 сұрақ:

Қазақ хандығының соңға ханы (Кенесары хан)

3сұрақ:

Бір жартысы тұщы, бір жартысы тұзды көл (Балқаш)

4 сұрақ:

Орасан зор күшті соқпа жел легі (Қарақұйын, Торнадо)

5 сұрақ:

Қазақтың тұңғыш академигі кім? (Қ. Сәтпаев)


Сарапшылар ойыншының жиған балын есептеп айтады.


5 Ойыншымен сұхбат:-Өзің үшін үлгі тұтар идеал кім? –Неге ол кісіге ұқсағың келеді?

Өз идеалыңнан да озарыңа сенемін!


1 сұрақ:

Іс әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін шақ түрі (осы шақ)

2 сұрақ: Оңтүстік Түркі халықтарын басқарған әйел патша(Томирис)

3 сұрақ:

Құрлыққа ұмтылған мұхиттың бір бөлігі (Теңіз)

4 сұрақ:

Қар мен көшпе мұздың төменге қарай ылдилауы не деп аталады? (Қар көшкіні)

5 сұрақ:

Халық Қаhарманы, партизан жазушыны атаңыз (Қ.Қайсенов)


Сарапшылар ойыншының жиған балын есептеп айтады.


6 Ойыншымен сұхбат:-Болашаққа қандай мақсат қоясың?Арманың бар ма?Арманың орындалу үшін қандай да бір әрекет жасап жатырсың ба?

Адам мақсатсыз өмір сүрмейді, Армандамайтын адам болмайды.Тек осы мақсат пен арман бізді алға жетелейді.

Мақсатыңа жетіп, арманың орындаларына сенемін.


1 сұрақ:

Хабарлы сөйлем қандай мақсатта айтылады? (Баяндау, суреттеу)

2 сұрақ:

Оны 1771 жылы Түркістанда ақ киізге көтеріп,қазақтардың үш жүзінің ханы етіп тағайындады (Абылай хан)

3 сұрақ:

Су өткізбейтін екі қабаттың ортасында жатқан су (Артезиан)

4 сұрақ:

Желдің әсерінен қозғалысқа ұшырайтын құмнан не пайда болады? (Шағыл, құм көшкіні)

5 сұрақ:

Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалып отырады. Қазақ иемлекетінің билеушісі ,хандықтың басшысы кім. \Хан\


Сарапшылар ойыншының жиған балын есептеп айтады.


7 Ойыншымен сұхбат:-Өмірде бірінші орынға кімді қояр едің? Өзіңді ме, досыңды ма , жоқ әлде ата-анаңды ма? Неліктен?


1 сұрақ:

Сұраулы сөйлем қандай мақсатта айылады? (Жауап алу мақсатында)

2 сұрақ:


3 сұрақ:

Таза және тұщы су жер бетіндегі барлық судың неше пайызын құрайды? (2%)

4 сұрақ:

Жер асты сілкінуінен пайда болған орасан зор толқындарды не деп атайды? (Цунами)

5 сұрақ:

«Өзін өзі тану»- бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)


Сарапшылар ойыншының жиған балын есептеп айтады.

Осы жерде ең төмен бал жинаған 4 бала ойыннан шығады .


ІІ кезеңнің жеңімпаздары арнайы орынға жайғасады.

-------------------орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.


Ойынды жалғастыратын 3 баламен сұхбат жүргізіледі.


-Ойын қалай өтіп жатыр деп ойлайсың?--Бұл ойыннан не күтесің?-Ойыннан өзіңе не түйдің? Қарсыластарың жөнінде сенде қан.дай пікір қалыптасты?Олар қандай оқушылар деп ойлайсың? Қарсыластарыңа тілегің бар ма? т.б Білімді адам кез келген басқа адамның бойынан ең алдымен жақсы қасиеттерді байқайды. Осы жерде ойыншыларымыздың білімділігі мен парасаттылығына көз жеткіздік десек артық емес деп ойлаймын.

ІІІ Кезең ДОДА

Бұл кезеңде алдынғы жинаған ұпайларыңыз сақталмайд. Бұл кезеңде МӘДЕНИЕТ, ӘДЕБИЕТ, МҰРАЖАЙ, СПОРТ тақырыптары бойынша 10,20,30,40 ұпаймен берілген сұрақтар ұсынылады. Әр ұяшықта арнайы сұрақ, бейне сұрақ, көмбе ұяшығы жасырылған. Көмбе ұяшығы түскен сайыскер берілген тапсырмаға сәйкес көмбеге жасырылған затты табуы тиіс. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшықтағы тиесілі ұпайды иеленеді. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі. Әр сұраққа ойлануға 8 секунд уақыт беріледі.


Олай болса келесі айналым «ДОДА» фанфар ойнайды


МӘДЕНИЕТ

10 Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ.\Ұлытау\

20 Арнайы сұрақ: Бұл сұрақты осы мектептің даярлық тобының бүлдіршіні ұсынады.

30 Көмбе ұяшығы: Жылқының алдыңғы екі тұяғынан жасалатын музыкалық аспап. \Тай тұяқ\

40 Бейне сұрақ: Бұл сұрақты Қазақстар Республикасының мәдениет саласының үздігі, Зайсан халық театрының режиссері Сүлейменова Алма ұсынады.

Тұңғыш КСРО халық әртісі атағын алған қазақ қызы \Күләш Байсейтова\


ӘДЕБИЕТ

10 Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен өзі сөйлескен сөзі.\Монолог\

20 Арнайы сұрақ: Бұл сұрақты осы мектептің Алтын белгіге үміткері Ахметай Әділ Серікұлы ұсынады.

30 Көмбе ұяшығы: Қазақ жазушысының әлемдік деңгейдегі эпопеялық көлемді ғасырлық туындысын атаңыз \Абай жолы романы\

40Бейне сұрақ: Бұл сұрақты аудандық Достық газетінің тілшісі Ғалымбек Алия апайларың ұсынады.


МҰРАЖАЙ

10 Зайсан аудандық мұражайы қай жылы құрылған? \

20 Арнайы сұрақ: Бұл сұрақты осы мектептің ағылшын тілі мұғалімі, жоғары санатты ұстаз Сегізбаева Айгүл Қыдырбекқызы ұсынады.

30 Көмбе ұяшығы: Бұл марапат соғысқа қатысқан жауынгерлерге, Тылда еңбектенген, Отан алдында тер төгіп жүрген қарапайым халыққа да беріледі. \Қызыл жұлдыз ордені\

40 Бейне сұрақ: Бұл сұрақты Зайсан аудандық мұражайының директоры ұсынады.

Семей қаласынан 180 км қашықтықта орналасқан Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме қалай аталады?\Абай Құнанбаевтың Жидебайдағы мұражай үйі\


СПОРТ

10 Лондон олимпиадасында Қазақстан спортшылары неше алтын медальға ие болды?\7алтын\

20 Арнайы сұрақ:

30 Көмбе ұяшығы:

40 Бейне сұрақ: Бұл сұрақты


Міне бүгінгі біздің ойынымыз да өз мәресіне жетті.

Сарапшылар қорытындысын шығарғанша

------------------орындауында -----------------әнін қабыл алыңыздар.


Сарапшылардың қорытындысы Марапат.



Жүргізуші:

Тәрбие-адам етет

Тәрбиесіздік надан етет-дейді. Жақсы тәрбие балаға өмір бойғы азық. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар. Мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ! Көріскенше Хош, сау болыңыздар!


Ән «Көшбасшы»











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Интеллектуальная игра "Лидер ХХІ века" среди учащихся 4 классов

Автор: Елеуова Альмира Ризабеккызы

Дата: 07.04.2017

Номер свидетельства: 407498

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Интеллектуально-познавательная  игра "Лидер ХХІ века" "
    ["seo_title"] => string(59) "intielliektual-no-poznavatiel-naia-ighra-lidier-khkhi-vieka"
    ["file_id"] => string(6) "168786"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423301985"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Опыт работы детского общественного объединения "Оорлештер""
    ["seo_title"] => string(69) "opyt_raboty_dietskogho_obshchiestviennogho_obiedinieniia_oorlieshtier"
    ["file_id"] => string(6) "383696"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485349472"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства