Әліппе 1- сынып Қазкеева Ақбота
  
 
  Сабақтың тақырыбы : Е е дыбысы мен әрпі  
  Мақсаты: 1. Ее дыбысы мен әрпімен таныстыра отырып, жазуға үйрету.  
  2. Жаңа сөздерді оқыту арқылы , оқушылардың тілін, ой- өрісін дамыту,  
  буындап оқуға дағдыландыру.  
  3.Оқушыларды сауатты , көркем , таза жазуға үйрету. Елжандылыққа  
  тәрбиелеу.
  Көрнекілігі: Е әрпінің баспа, жазба түрі, ойын, суреттер, жұмбақ,  
  сөздік карточка, ҚР рәміздері,сызба, ребус
  Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, СКТТ, Инсерт әдісі
  Пед. тех: дамыта оқыту  
  Сабақтың түрі : жаңа сабақ
  І. Ұйымдастыру кезеңі
  а/ оқушылардың оқу құралдарын түгендеу
  ә/ психологиялық дайындық
  Үлкенге иман керек,
  Кішіге иба керек.
  Адамдар бірін- бірі ,
  Құрметтеп сыйлау керек.  
  
 
  б/ өткен әріптерді еске түсіру
  1/ ң әрпінің артикуляциясын еске түсіру  
  2/ Сызба бойынша сөздерді оқыту
  
 
   а
   та
  ша ң
  о
  то
  3/ Сөздік карточкалармен жұмыс , дыбыстық талдау жасау.
  
 
  ІҮ. Мақсат қою  
  Жұмбақ жасыру:
    Ти десем тимейді ,
  Тиме десем тиеді. \ Е рін/
  Ү . Жаңа сабақ
  Е е ----------- 1. Дыбыстың таңбалануы  
  1.1 Баспа түрі
  1.2.Жазба түрі
  2. Дыбыстың артикуляциясы  
   / тіл, иектің сәл төмен түсіп , жақтың тар ашылуынан жасалатын
   қысаң дауысты дыбыс/
  3. Дауысты дыбыс / жіңішке/
  4. Буын құрайды / сөздер ойлату/
  2. Оқулықпен жұмыс
  а/ Суреттегі заттардың аттын атату, буынға бөлдіру, сөйлем қрату.
  /ешкі, күрек, шыны. Елтаңба/
  б/ ҚР рәміздеріне тоқталу, өлеңді сұрау.
  ә/ Сөздерді буындап оқыту , сөздік жұмысын жүргізу / сел, емен/
  
 
   Сергіту сәті
  
 
  3. Дәптермен жұмыс
  а/ Е е әрпімен таныстырып, ауада жаздырып үйрету, көркем етіп дәптерге  
  жаздыру.
  
 
  
 
  ҮІ . Жаңа сабақты бекіту
  
 
  1. Сызба бойынша сөйлем құрату
          
 
  
 
  
 
          
 
  
 
  2. Ребус шешу. Кеше . / сөйлем құрату/
  
 
  
 
  ҮІІ. Қорыту
  «Сөз ойла» ойынын ойнату, дыбыстық талдау жасату
   Й Ш Н
  М С 
   Қ А Р
   Т
   Ж Б Л
  
 
  Инсерт әдісі.
  
 
        |   Не үйрендім?   |     Не білгім келеді?     |     Білемін   |  
  |        |         |         |  
  |        |         |         |  
 
   
 
  
 
  
 
  ҮІІІ. Бағалау / мадақтау/