- Балалар, «Теңіз әлеміне» саяхат жасағыларың келе ме? Ол үшін алған білімдері- мізді ортаға сала отырып, бірнеше тапсырмалар орындаймыз. «Теңіз әлеміне» саяхат жасау үшін неге мінуіміз керек?
- Кемеге міну үшін, үй тапсырмасын қалай меңгеріп, орындап келгендеріңді кеме капитаны тексеріп алғысы келеді. Себебі, теңіздегі жағдайларға дайын болуымыз керек.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
325-жаттығу
Жаттығуды бір оқушы оқып, талдап, түсіндіріп өтеді.
ІІІ. Өткен материалды қайталау.
1. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
2. Сөз табы дегеніміз не?
3. Зат есім дегеніміз не?
4. Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не?
5. Зат есімнің тәуелдік жалғаулары.
6. Жалқы есім дегенді қалай түсінесің?
7. «Кітап» сөзін үш жақта жекеше және көпше түрде тәуелде.
8. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жаса.
Балалар, өткен сабақтарды жақсы меңгергендіктеріңді көрсеттіңдер. Енді саяхатқа шығуға дайынбыз, бізге кемеге мінуге рұқсат етілді. Кәне, бәріміз кемеге отырайық.
Балалар, теңіз капитаны бізге теңізде болатын түрлі жағдайларға дайын болып отыруымыз керек екендігін ескерткен болатын. Қараңдарш балалар, теңіз сендердің алғырлықтарынды тексеріп көрмекші. Ендеше, теңіздің бізге беретін тапсырмалары бар екен.
Ребус шешу.
Е
т
і
с
т
і
к
ІV. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздын тақырыбы «етістік» Ендеше етістік туралы білетіндерімізді ортаға салайық.
Ой қозғау. Етістік туралы өз білетіндерін топтастырып жазу.
Кесте арқылы етістік туралы мағлұмат беру.
Негізгі
Туынды
Болымды
Болымсыз
Дара
Күрделі
Теңізде жарқырап күн шығып, алдымыздан теңізде тіршілік ететін жануарлар кездесіп жатыр.
Шағала не істеді?
-Шағала шаңқылдады.
Дельфин не істеді?
-Дельфин секірді. (дыбыстарын естіту)
Балық не істеді?
-Балық жүзді.
Қимыл, іс-әрекетті білдіріп тұрған сөздерді табайықшы.
Енді алдымыздан кит шықты. Кит-ең ірі жануар. Оның денесінің ұзындығы 33 м, ал салмағы 150 т .
Киттің бізге беретін тапсырмасы көп екен.
V. Оқулықпен жұмыс.
326-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Олардың қай сөз табы екенін айту.
327-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазып, етістікті табу, оларға сұрақ қою.
Сергіту сәтін жасату.
Енді алдымыздан дельфин шығады. Дельфинді теңіз құтқарушысы деп атайды екен.
Балалар, дельфиннің де бізге тапсырмалары бар екен. Орындауға дайынбыз ба?
«Жоғалған етістіктер» ойыны.
Б, е, і, д, р, л, и
Осы дыбыстардан бірнеше етістіктер құрастыру.
328-жаттығу. Суреттерді қимыл, іс-әрекетіне байланысты орналастыр.
Жаңбыр жауды. Оқушы жазды. Құс ұшты. Балалар ойнады.
Балалар, сендер дельфиннің де тапсырмаларын жақсы орындап шықтыңдар. Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз ба?
Алдымыздан құз жартас көрінді. Құз жартасқа соқтықпай өтуіміз үшін бізге не қажет. Бірлік, ұйымшылдық, бірлескен көмек қажет. Ендеше балалар, бірлесіп топпен жұмыс жасайық.
Топпен жұмыс.
1-топ. «Нан» сөзіне бір шумақ өлең құрастыр. Өлеңнен етістікті тап.
2-топ. «Ұқыпты бала» кітапты қалай ұстайды? (етістік сөздер жазу)
3-топ. Сурет бойынша әңгіме құрап, етістіктерді тап.
Келесі тапсырмамызда бірлесе отырып жұмыс жасауымызды сұрайды.
329-жаттығу (Ауызша орындау)
Жаттығудың берілгенін бір оқушы оқып шығады. Мәтінді орындамас бұрын балалар, мәтін неше бөліктен тұрады?
- Мәтіннің әрбір бөлігі қандай жолдан бастап жазылған?
Мәтіннің әрбір бөлігін оқушылар кезектесе отырып оқып шығып, етістіктерді табады.
-«Мейірімді қыз» аталу себебін түсіндіру.
Жарайсыңдар балалар, теңізге саяхат кезінде өз білімдеріңді көрсеттіңдер.
Жағағада келіп жеттік. Саяхат ұнады ма, балалар?
VІ. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Оқушыларды бағалау.