kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Геометриялық фигуралар, олардың аудандары және периметрлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Геометриялық фигуралар, олардың аудандары және периметрлерін табу, үйрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Геометриялық фигуралар, олардың аудандары және периметрлері»

Сыныбы: 4

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар, олардың аудандары және периметрлері

Мақсаты:

  1. Оқушылардың геометриялық фигуралар туралы білімін, геометриялық фигуралардың периметрін және ауданын есептеу тәсілдерін жетілдіру.

  2. Алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалана білу; математика бойынша білім-білік жүйелерін игеру деңгейлерін тексеру;

  3. Логикалық ойлауларын дамыту.

Көрнекілігі: сызба, геометриялық фигуралар.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу. Сабақтың қожайыны – оқулық, оның көмекшілері – дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш және белгі карточкалары. Баланың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

№9,10. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Мақсат қою: Геометриялық фигуралар, олардың аудандары және периметрлері

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру

1). Ауызша жұмыс. а). Фигураларға қара. Аттарын ата.



ә) Ауызша есептеулер. 1. Сөйлемнің қайсысы дұрыс?

А). Тіктөртбұрыштың ауданы – бұл оның қабырғаларының ұзындығының қосындысы.

Ә). Тіктөртбұрыштың периметрі – бұл оның өзіне сыйғызатын аудандар бірлігінің саны.

Б). Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғасын 4 есе арттыру керек.

Ү. Сабақтың тақырыбымен жұмыс.

1). № 1. Төртбұрыш және үшбұрыш сызу. Оларды әріптермен белгіле және белгілінуі бойынша жаз.

А В

АВГД - төртбұрышы

Мына сұрақтарға жауап беру: Қандай көпбұрышты үшбұрыш деп атайды?

Г Д Қандай төртбұрышты көпбұрыш деп атайды? Әр төбені, әр қабырғаны, әр

бұрышты белгілеу үшін неше әріп пайдаланылды?


2). Геометрияның даму тарихынан үзінді: «Геометрия» сөзі грек тілінен шыққан. «Гео» - жер, «метео» - өлшеймін. «Геометрия» Ежелгі Мысырда біздің дәуірімізге дейін 2000 жылға жуық бұрын, яғни 4000 жыл бұрын туған. Египет перғауыны әрбір мысырлыққа азғантай жер бөліп берген, олар перғауынға жер үшін салық төлеп отырған. Бірақ Ніл өзені ылғи тасып, жер телімдерін басып қала бергеннен кейін, перғауын жер телімін қаншалықты кішірейіп қалғанын, соған сай енді қанша салық салу керектігін білу үшін жер өлшегіштерді жіберіп отырды. «Геометрия» Мысырда осылай туып, одан басқа елдерге тараған.

Ежелгі Грекия мысырлықтардан олардың геометриялық білімдерін үйренді. Нақ Ежелгі Грекияда «Геометрия» логикалық талдау және дәлелдеу жүйесімен ғылым ретінде қалыптасты. Бұл ғылым геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды.

№ 2. Кесінділерді, түзулерді, сәулелерді, үшбұрыштарды, төртбұрыштарды суреттегі белгіленуі бойын ша жаз және ата:

АВ; СА – түзулер. СЕ – сәулесі.СКЕ – үшбұрышы. ЕД – кесіндісі. КМВ – үшбұрышы.

ДАСО - төртбұрышы. МС – сәулесі . ОЕМК - төртбұрышы

№ 3. Өзіндік жұмыс. Дәптеріңе әр түрлі А,В,С,Д,Е,К нүктелерін белгілеу. Оларды кесінділермен тізбектей қосу. Сонда шыққан көпбұрыштың (белгіленуі бойынша) аталуын жазу. Осы көпбұрыштың төбелерін, қабырғаларын және бұрыштарын (белгіленуі бойынша) оқу және жазу. А

В К

С Е

Д





№ 4. Қабырғаларының ұзындығы 2см және 4см тік төртбұрыш сыз. Оны әріптермен белгіле және сол бойынша аталуын жаз. Неліктен ол тік төртбұорыш деп аталады? Оның қандай қасиетін білесің? Осы тік төртбұрыштың ауданын және периметрін тап.

а- 2см АВСД – тік төртбұрышы

в – 4смS=а×в=2см×4см=8

S - ? Р - ? Р= 2×2+4×2=4+8=12см

№5.Кесте бойынша тік төртбұрыштың ауданын табуға есептер құрастыру және оларды шығару.

Ені

Ұзындығы

Ауданы

2см

3см

?

2см

6см

?

2см

12см

?

2см

хсм

?

Есіңе сақта!Sт.т.= а×в

Ртт = (а+в) ×2


Сергіту сәті

Қостық біз, көбейттік біз,

Қатты шаршап кеттік біз.

Кәне, тұра қалайық,

Қимылдасын қол-аяқ.

Кірпікті де қағайық,терең демді алайық,

Орнымызға отырып,

Сабаққа назар салайық.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1). № 6. Қабырғаларының ұзындығы 3см шаршы сыз. Оны әріптермен белгіле және сол бойынша аталуын жаз. Неліктен ол шаршы деп аталады?Осы шаршының ауданы мен периметрін тап. S=3см×3см=9

Р=3см×4=12см Р=3см+3см+3см+3см=12см

ҮІІ . Сабақтың қорытындысы: 1)Жұптық жұмыс. № 7. Ауызша. Кесте бойынша шаршының ауданын табуға есептер құрастыру және оларды табу.

Есіңе сақта!Sш=а×а

Рш=а×4

№8. Амалдарды орында:

401×2-(543+177)=802-720=82 903:3-416:4=301-104=197

796+203-330×3 = 999-990=9 715:5-(586-577)=143-9=134

3×240-910:5=720-182=538 621:3+(900-596)=207+304=511

916:4+(176+245)=229+421=650 (747+156):3+346=301+346=647

900:5-(618-518)=180-100=800 783-252×2-279=783-225=558

№9. Ауызша

2) - Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер? - «Геометрия» туралы не білетін болдық?

- Периметрді, ауданды қалай табамыз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма : № 10, 21- бет. Бағалау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Геометриялық фигуралар, олардың аудандары және периметрлері

Автор: Ахметова Айгерим Кайратовна

Дата: 16.03.2019

Номер свидетельства: 503228

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "Конспект урока на тему "Тік т?ртб?рышты? ,шаршыны? периметрі мен ауданын табу""
    ["seo_title"] => string(84) "konspiekt-uroka-na-tiemu-tik-tortbu-ryshtyn-sharshynyn-pierimietri-mien-audanyn-tabu"
    ["file_id"] => string(6) "284049"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453912388"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства