Кіріспе
Топтарға бөліну | Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім, Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер, Қайырлы күн, барша тіршілік иесі.
3 топқа бөлу Ғаламшарлар тобы, Жұлдыздар тобы, Ғарышкерлер тобы | Тренингке белсене қатысады,
Атау арқылы топтарға бөлінеді. |
Негізгі бөлім
| III.Жаңа тақырыпты меңгерту. Оқулықпен жұмыс. 1.Мәтіннің бірінші бөлімі оқылады. - Ғалымдар жұлдызды аспанды не үшін зерттейді? 2.Мәтіннің екінші бөлімі оқылады. Сұрақ-жауап арқылы мазмұны ашылады. 3.Мәтіннің үшінші бөлімі оқылып, мазмұны ашылады. 4.Пікіріңді білдір. - Ғарышты игеруді дұрыс деп ойлайсыңдар ма? - Ғарышкерлер ғарышқа қай жерден ұшады? - Тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? - Қазақ ғарышкерлері туралы не білесіңдер?
Қосымша мәлімет. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров"Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасыңда Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды.Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасыныңиелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады.Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды,Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді. Топтық тапсырмалар 1 топ- Жерге ұқсас ғаламшарлар М,Ш,Ж;М,ЮС,У,Н 2 топ –Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың аттарын сызбаға жазыңдар 3 топ –Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер Галактика жұлдыздар жүйесі Әлем жерді қоршаған бүкіл дүние Ғарыш әлем немесе ғарыш Планета өзінен жарық шығармайтын салқын денелер Күн жүйесі күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері 1.Тест жұмысы. 1.Күн жүйесінің ғаламшарларынан кімдер зерттейді? а) Географтар ә) Астрономдар б) Экологтар 2.Күнді неше ғаламшар айналып жүр? а) 7 ә) 8 б) 11 3.Юпитер – бұл ... а) Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар. ә) Күн жүйесіндегі ең кішкентай ғаламшар. 4.Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қандай ретпен орналасқан? а) Шолпан, Жер, Марс, Меркурий, Нептун, Сатурн, Уран, Нептун. ә) Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Нептун, Сатурн, Юпитер, Уран. б) Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн,Уран, Нептун. 5.Жердің серігі бар ма? а) Бар, біреу. ә) Жоқ. б) Бар, екеу. Жауаптары: 1 – ә, 2 – ә, 3 – а, 4 – б, 5 – а.
|
Балалар өз ойларын ашып айтып, ойларын дәлелдейді.
Әр топ постер қорғайды.
Жеке жұмыс |