а) білімділік :оқушыларға Ф ф дыбысы мен әрпін таныту,оның сөз ішіндегі ерекшелігі мeңгерту; ә)дамытушылық: сөйлеу мәнерін,оқушылардың байланыстырып, сөйлеу дағдыларын,сөзді кқорларын,топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту; б)тәрбиелік : Отанын ,елін ,жерін сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа ,сауатты жазуға ,оқуға дағдыландыру.Спортпен шұғылданып ,денелерін шынықтыруға үйрету. Сабақтыңтүрі: жаңа білім беру
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ
Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойын ойнату, мадақтау, СТО стратегиялары Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, дыбыстық белгілер, кеспе әріптер,буындар үлестірмелер, интерактивті тақта, слайдтар Пәнаралық байланыс: тіл дамыту,дүниетану Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын әзірлеу,тексеру; ә) психологиялық дайындық жұмыс Ой ашар Қайырлы таң,достым, Қайырлы күн болсын Сәрсенбінің сәті Сәттілікке толсын Біздің алар бағамыз Кіл бестіктер болсын Сабақта бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Жұмбақ шешу. .Жасыл желек көгалда, Бірде артқа, Бірде алға, Желаяқ көп бала,
Сендерге футбол ойыны ұнай ма? -Оны қалай ойнаймыз?
-Қандай футбол командаларын білесіңдер?Қандай әлемге әйгілі футбол жұлдыздарын білесіндер? (Пеле, Зидан, Роналдо, Дель Пьеро, Шевченко, Буффон, Пуйоль, Жумаскалиев) Қостанайлық-Тобол,Астаналық-Астана,Алматылық-Қайрат,Қарағандылық-Шахтер.командалары бар.Бізде төрт топ бар.Тобол,Астана,Қайрат,Шахтер. -Сонымен,сиқырлы әріптер әлемі бүгін бізді қандай дыбыспен таныстырды? -Қәне,айтып көрейікші?-Ф-ф -Қандай дыбыс?Неге дауыссыз дыбыс? Үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта.Орыс тілінен енген дыбыс. -Ф дыбысын қай үйге орналастырамыз? Ф әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. Видио фильм көрсету.
Ф әрпіне байланысты суретпен жұмыс. 1 топ Қайрат (Футбол сөзіне дыбыстық талдау)
2топ Астана (Футбол сөзін буынға бөлу)
3топ Шахтер (Футбол сөзімен сөйлем құру)
4 топ Тобол (Ф дыбысынан басталатын адам аттарын айту)
V.Оқулықпен жұмыс. Ф дыбысы бар сөздерді оқып,сурет бойынша әңгімелеу. Сөздерді буындап,тұтас оқуға үйрету,түсініксіз сөздерге талдау жасау, Бағандағы сөздердің мағынасын түсіндіру.
Ферма- шаруашылық орталығы
Фирма – мекеме
Фото – сурет
Факс-телефон арқылы жіберілетін хат
Телефон – сөйлесу құралы
Телеграф-телефон соғу орталығы.
Ежелгі Отырар қаласында тұрған қазақтың математик ғалымы Әл-Фараби туралы айтып өту: Әлемге аты тараған Отырарда тұрағы Әл-Фараби дана адам Ілімнің сөнбес шырағы
Интерактивті тақтадан телефон түрлерін көрсету, өту.
«Фабрикада» суретімен жұмыс жүргізу. -Біздің Қостанай қаласында қандай фабрика бар?
Баян-сұлу кондитерлік фабрикасы неше түрлі тәттілерді шығарады.
Сергіту сәті: 1,2,3 Бойға жинап күш Қолға қалам аламыз Әсем етіп жазамыз
VI.Жазу дәптерімен жұмыс. а)Ф ф әрпінің жазба түрімен таныстыру. Қос бүйірін таянып,тұратұғын қай әріп? ә)Ф әрпінің баспа,жазба түрімен таныстыру. б)Тақтада жазылуын көрсету, түсіндіру. в) ф әрпін ауада жазып көріп,дәптерге жазу. г)Отыру ережесі. ғ)Бір жол кіші әріп,бір жол бас әріп.
VII.Шығармашылық тапсырмалар. а)Сөздерді сызықшамен буынға бөліп көрсет.. Футбол,ферма,телефон,фабрика ә)Сөздердегі дауысты дыбыстардың астарын сызып көрсет. Туфли,фирма,факс,физика,марафон б)Қай буынды жоғалттым? Ойыны: те-ле-,,, , фут-,,, ,фо-,,, , фар-,,, . в) «Қай әріпті жоғалттым» Ф,,,рма,ф,,,кс,теле,,,он,ф,,,брик .Сабақты қорытындылау. -Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?
-ф дыбысы қандай дыбыс?
-ф дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
-футбол ойынының қандай пайдасы бар? Спортпен шұғылдану неге пайдалы? Денсаулық- зор байлық.Ал біз деніміз сау ұрпақ болуымыз керек екенін ұмытпайық.
X.Марапаттау. XI.Үйге тапсырма:Ф дыбысы берілген бетті оқу.