Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: « Ә дыбысы және Ә әрпі»
Өткізген : Абильдина К.С.
2012 – 2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
а)Балаларды Ә дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздерге дыбыстық
талдау жасай білуге уйрету.
ә)Балаларға ойын, жаттығуларды орындау арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
б)Балаларды ұғымдылыққа, ой-толғанысқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сын тұрғысын ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,кеспе әріптер
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жаркырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар!
Балалар енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап,алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.
Бала.Еліме тыныштық тілеймін!
Бала.Күніміз жарық болсын!
Бала.Аспанымыз ашық болсын!
Бала.Деніміз сау болсын!
Бала.Сабақта сәттілік тілеймін!
Бала.Отанымыз тыныш болсын!
Бала.Көк туымыз биік болсын!
Бала.Отбасымыз аман болсын! II .Жаңа сабақ. Сұрақ-жауап арқылы
1.Балалар қазақ тілінде неше әріп бар?
- 42 әріп бар
2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-2-ге
3.қандай дыбыс болып?
-Дауысты және дауыссыз
4.Ә әрпі қандай дыбысқа жатады?
-Ә дауысты дыбыс
1.Енді балалар назарымызды тақтаға аударайық.
-Қандай суреттерді көріп отырмыз?
-Әже,Әке,Әнші,Әтеш,Ән бұл сөздерді хормен айтайық
-Бұл сөздер қандай әріптен басталып тұр ?
-Ә әрпін хормен айтқызу
-Ә дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі?
-Басында, ортасында, соңында кездеседі.
Ә әрпі бар сөздерге кластер жүргізу.
Әліппе,Әтеш,Әже,Ән,Әнші,Әке,Дән,Иә.
2.Кеспе әріптерден сөз жазу.
Дән,иә,сәбіз,ән,сән.
Сергіту сәті:
Ал,қарайық,қарайық,
Мақсат мынау ендігі.
Жұмбақтарды шешейік,
Көпшілікке белгілі.
3.Жұмбақтың шешуін табу.
Бірін-бірі қоштаған. Аппақ далада,қара дән,
Бір үйден көрдім, Дәнін сепкен-түсінуге жараған.
Қырық екі дос жаран.(42) (әріптер)
Әже де бар,
Ана да жоқ.
Әке де бар,
Ата да жоқ.(Ә әріпі)
4.Дәпермен жүмыс.
Ә әрпін алдымен ауа да,содан соң дәптерде орындау.
5.Ойын: «Жүректен-жүрекке»
Ойын шарты жүрегімізді бір-бірімзге ұсына отырып,Ә дыбысы
басталатын немесе кездесетін сөздерді айта отырып жүрек құрап
шығару.
Сөздер: әсем,әділ,әтеш,әже,ән,иә,дән,әнші,әке,сән т.б.
III.Сабақты бекіту:
- Балалар бүгін кандай әріппен таныс болдық ?
- Ә дыбысы
- Ә қандай дыбыс?
- Ә дауысты дыбыс
Ә дыбысынан басталатын сөздерді буынға бөлейік?
Әп-ке, Ә-же, Ә-теш, Әл-іп-пе, Ән-ші.
IV. Қорыту. Мадақтау.