Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Т.Аманов атындағы № 16 жобб мектептің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Сейсекенова Гаухар Хамзина.
Пән: дүниетану 2-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың күйі
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты: Су туралы жалпы түсінік беру.
Міндеті: 1. Судың маңыздылығын ұғындыру.
2.Табиғаттағы судың үш күйімен таныстыру.
3.Табиғатты аялауға,жер байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.
Жұмыстың түрі: тәжірибе жасау.
Қажетті құралдар: оқулық,сызба,глобус,жер шарының жартышар картасы.
Тәжірибеге қажетті құралдар: стақан,колба,су,мұз,лимон
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,математика,қазақ тілі.
Проблемалық сұрақтар: Су деген не?Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
Сабақтың барысы :
I.Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,
Сәлемдестік бәріңізге әдеппенен біз.
Қуансаңыз сіз,қуанамыз біз.
Сізге де,сізге де,сізге де,
Саулық тілейміз бәріміз.
II .Үй тапсырмасын сұрау.
Дұрыс жауаптың тұсына«+» белгісін қой
А Адам ауасыз бірнеше минут қана тіршілік ете алады +
Ауа түссіз +
От жануы үшін су керек -
Ауаның пішіні болады -
Ауа мөлдір +
Ауа иіссіз +
1.Жұмбақ шешу арқылы,жаңа сабақтың тақырыбын ашу
Аяғы жоқ,жорғалайды,жүреді
Аузы да жоқ сыңғырлайды,күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
Айтыңдаршы,осыны кім біледі?
(Су)
2.Оқушылардың су туралы білімдерін,түсініктерін анықтап байқау.
- Су жайында не білеміз? Өсімдік,жануар және адам өмірінде судың қандай маңызы бар?Дәптердің 15-ші бетіндегі 1-ші тапсырманы жазыңдар.
-Су қандай зат?
-Судың түсі қандай?
-Судың пішіні бола ма?
-Суды қандай жерлерде кездестірдің?
ағады ішеді тұрмыста қолданамыз
Су
Сұйық жуынамыз
Өсімдіктерді суғарамыз өзен ,көл, бұлақ,теңіз,мұхит
Карта көрсету.Картаға қарайық.Оның 4/3 бөлігін су алып жатыр екен.
«Айтып бер – ұмытып қалайын, көрсетіп бер – есімде қалсын, өзіме істет – үйренейін». Конфуций.
3.Судың қасиеті.Тәжірибе жасау.
1-тәжірибе: Қажетті заттар: мұз сынығын,стақан,табақша,құмыра.су.
Суды стақанға,табақшаға,құмыраға құй.
Судың пішіні қандай болды?Неліктен?
Мұз сынығын анықтап қара.Оның пішіні қандай?Мұзды табақшаға не алақаныңа салып көр.Не болды?Негізгі сұрақты топқа талқыла
Қорытынды жаса :
Судың пішіні болмайды.Қандай ыдысқа құйсақ сондай пішінде болады.
2- тәжірибе:
Қажетті заттар: стақан,түсті қағаздар жолағы,су.
Стақанға су құй.Стақандағы суға әр түсті қағаз жолақтарын кезекпен салып,оны судың түсімен салыстыр.Судың түсін қызыл,сары,көк,сұр деп айтуға бола ма?
Негізгі сұрақты өз тобыңмен талқыла.Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады?
Қорытынды жаса:
Су түссіз.
3- тәжірибе:
Судың мөлдірлігі қандай?
Қажетті заттар: 2 стақан,2 қасық,су,сүт.
Жұбыңмен бірге «мөлдір» дегеннің не екенін талқыла Бірінші стақанды таза сумен толтыр.Екінші стақанға сүтті құй.Екі стақанға да қасық сал.Не көріп отырсың?
Қандай қорытынды шығаруға болады?
Қорытынды жаса.
Су мөлдір
4- тәжірибе:Судың дәмі қандай?
Қажетті заттар: қант,тұз лимон,пияз,су,табақшалар.
Табақшаларға қант,тұз,лимон тілімі,пияздың әрқайсысын жеке-жеке сал.Үстіне су құй.Судың дәмін тат.Дәмі қандай?Қант,тұз,лимон,пияздың дәмін көр.Олардың дәмін сипатта.
Негізі сұрақты жұбыңмен талқыла.Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады?
Қорытынды жаса.
Су дәмсіз
5- тәжірибе:Судың иісі қандай?
Қажетті заттар: Лимон,пияз,су,табақшалар,орамал.
Лимон тілімін,пиязды жеке-жеке табақшаларға салып,үстіне аздаған су құй.Өз жұбыңның көзін байлап,табақшаларды кезекпен иіскетіп,иісін анықта.
Негізі сұрақты жұбыңмен талқыла.Судың дәмін қалай өзгертуге болады?
Қорытынды жаса. Судың иісі болмайды.Су иіссіз
Қорытынды: Су –түссіз,мөлдір,иісі жоқ,суда тұрақты,пішіні болмайды,сұйық,
буға айналады,мұзға айналады
IV.Сергіту сәті.
Жаңа сабақ бойынша оқушыларды сөйлету.
1-ші қатар.’’Су-тіршілік көзі’’тақырыбына өз ойларыңды жазыңдар.
2-ші қатар.Судың қасиеттері
3-ші қатар.Суды қорғау туралы ереже ойлап шығарыңдар
’’Су’’туралы мақал-мәтел айту.
1.Су анасы бұлақ,
Сөз анасы құлақ.
2.Судың да сұрауы бар
3.Көлдің көркі құрақ
Таудың көркі бұлақ
4.Бұлақ көрсең көзін аш
5.Су ішкен құдығыңа түкірме
V.Қорытынды.’’Алгоритм сұрақтары’’
-Сабақ сендерге ұнады ма?Несімен ұнады?
Слайд ашу
VI.Үйге тапсырма :Су.Судың қасиеті.
VII.Бағалау.
Су-өмір нәрі