Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,еңбекке баулу.ағылшын тілі
Сөздердің билингвальды қатарын көрсету. қасқыр,волк,wolf.Түлкі,лиса,fox. Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру Амандасу.
-Доброе утро всем нам
Доброе утро госям.
-Good morning,good morning,
Good morning to you
Good morning,good morning,
I am glad to see you
-Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз. Психологиялық дайындық «Менің көңіл-күйім»
«Шаттық шеңберіне» шақыру. Сабаққа қандай мақсатпен келгендіктерін сұрау. Сыныпты ертегінің суреттері арқылы үш топқа бөлемін. II.Кіріспе
Алдарыңда құрастырған суреттерің бойынша не айта аласыңдар?
-Бізде бауырсақ ертегісі.
-Бізде Шалқан ертегісі.
-Ал бізде Жеті лақ ертегісінен үзінді суреті шықты.
-Осы ертегілерің бойынша әр топ бір сұрақ дайындап жіберсінші?
Байқайын қаншалықты бұл ертегілерді білетіндеріңді?
«Досыма сұрақ» әдісі Топтағы оқушылар келесі топтағы бір балаға сұрақ қояды?
-Қалай ойлайсыңдар бұлар қай халықтың ертегісі.
-Орыс халқының.
Ендеше біз бүгін орыс халқының «Үйшік» ертегісімен танысамыз.
-Үйшік деген не?
-Үйшік деген ол кішкене үй.
Жолдаудан үзінді оқу
Жолдаудағы тапсырмалардың ішінде қазақстан халқын баспанамен қамтамасыз ету керек екендігі тапсырылған .. Яғни қол жетімді баспаналы болу.Бүгінгі сабақта біз де үй салайық. Ол үшін үйдің бөліктері берілген, әр бөлікті орнату үшін тапсырмаларды орындап отыру керек.
Ол үшін біз үш топ болып жұмыс істейміз.Онда топ ережесін еске түсіріп,бірлесіп жұмыс істейік.
Топ ережесін сұрау
І топ ағаш үй салады. ІІ топ киіз үй,ал ІІІ топ қабатты үй салады.
Осы үйлерді ағылшына ,орыс тілдерінде қалай атаймыз.
-Олардың айырмашылығы неде?
«Іргетасын қалау»
-Іргетасымыз берік болсын десек .Өткенді қайталап ,есімізге түсіріп кетейік.
Үй жұмысына әрбір балаға бір сұрақ дайындап ,жауабын жазып келуге берілген.Жауаптарымызды дайындап қойайық.
«Шыбын ұрғыш» стратегиясын қолдану
-Өте жақсы , рахмет.
Қатысушыларды қол соғып қойайық.
Біраз дем алу үшін келесі тапсырманы орындайық.
«Сұрақты қағып ал» стратегиясы
-Қандай ертегі білесіңдер?
-Оқушылар тізбектей айтып кетеді
III. Жаңа сабақты меңгерту.
«Қабырғасын қалаймыз»
Мәтінмен жұмыс.Іштей оқу.
Топтық жұмыс. І топ Ертегінің кейіпкерлерін үш тілде атау ,жазу. ІІ топ Ертегіні мазмұнына сай ретімен орналастыр.
ІІІ топ Ертегіні рольге бөліп сахнала.
«Досымның көмегі» әдісін пайдаланып басқа топтан оқушы алу.
Сергіту сәті.Көзге арналған жаттығу.
Look at the door
Look at the window
Look at the lamp
Look at the floor
Look at the wool
ІҮ Жаңа сабақты бекіту.
Енді үйіміздің шатырын жабу керекпіз .Ол үшін. қажетті материалдарды іздеп табу үшін келесі тапсырмаларды орындап жіберейік.
«Ізденіс» стратегиясы.Өзімізге қажетті материалдарды іздеп табу үшін келесі тапсырманы орындап жіберейік.
Біз қазақ тілі сабағында етістікпен танысып жатырмыз,олай болса етістік дегеніміз не?
Етістік дегеніміз зат есімнің іс-әрекетін білдіреді.Не істеді? Не қылды ? Қайтты? Сұрақтарына жауап береді.
«Сәйкестендіру тесті» Экраннан тексеру. Жапсырып алу дәптерге. «Шатырын тұрғызайық»
«Морфологиялық синтез» стратегиясы арқылы мақал шығару.
Y. Қорытындылау. «Есік ,терезесін салайық». «Бейнебаянды» көру
«Ой түю» стратегиясы ."SMS” хабарлама арқылы сұрақ жіберу.
Сұраққа жауап алған кезде, бұл ойы туралы өзгелердің ойларын сұрау жолымен ойлау логикасын ашу. ?”
-Бейнебаянның ертегімен байланысы бар ма?
Осы бейнебаянды көре отырып қандай ойға келдіңдер?
Баланың айтқан сөзі әке-шешесін ойландырды ма?
Рефлексия
Міне балалар біздің де үйлеріміз дайын болып қалды.Ал осы үйде кімдер тұратының өздерің қателеспей шешетіндеріңе сенімдімін. «Көңіл сыйса бәрі сияды» дегендей отбасыларыңда тату болуға тырысыңдар.
Енді осы үйді салған кездегі қандай тапсырма қатты ұнады үйдің сол бөлігіне аттарың жазылған стикерлеріңді жапсырып қойыңдар.