Әдебиеттік оқу. 2сынып. 24.09.16
Сабақтың тақырыбы:Ф.Оңғарсынова.«Білім керек бәріне»
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.
Сабақтың міндеті:Оқушылардың ой қиялын дамыту.Сөздік қорын молайту. Білімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреттері, оқулық, сөзжұмбақ, плакаттар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық қалыпқа келтіру.
«Армысың досым,
Кел,маған қосыл.
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды)
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп, күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады)».
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
- Абай Құнанбаев кім? Қайда туылды? қай жылы?
- Әкесінің аты кім?
- Әжесінің аты кім?
- Анасының аты кім?
- Кімнің тәрбиесінде болды?
- Қандай шығармаларын білесіңдер?
Оқушылардан «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін сұрау.
III Өткен сабақты қорыту.
IV Жаңа сабақ:
Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова 5 желтоқсанда 1939 жылы Атырау
облысында дүниеге келді. Ф. Оңғарсынова қазақ ақыны, халық жазушысы,
журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II
шақырылымдарының депутаты. 2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана
қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті. Әдеби шығармалары: «Сандуғаш»,
«Алмас қылыш»,»Маңғыстау монологтары», «Сайраған Жетісудың
бұлбұлымын».
Марапаттары: «Құрмет белгісі», «Парасат ордені», Қазақстанның халық
жазушысы. Қазақстанның халық ақыны. Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты. «Білім керек бәріне» өлеңін оқып беріп, мазмұнын
түсіндіру.
Y. Оқулықпен жұмыс.
1)Мұғалімнің оқуы.
2)Іштей оқу.
3)Тізбектей оқыту.
VI.Сергіту сәті:
Ана тілім ұраным,
Ана тілім - құралым,
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр әнім.
Сөзжұмбақты шешу:
1. Ұлы ақын. (Абай)
2. 2. Ең кіші бір таңбалы сан. (бір)
3. 3. Тігісті немен тігеміз? (қол)
4. 4. Бас киім. (бөрік)
5. 5.«Тоғай» сөзіне мәндес сөз. (орман)
А
б
а
й
б
і
р
қ
о
л
б
ө
р
і
к
о
р
м
а
н
VII.Сабақты қорыту:
Бүгін не үйрендік?
Ф. Оңғарсынова кім?
Қандай өлеңін өттік?
Білім бізге не үшін қажет?
VIII. Бағалау.
IX.Үйге тапсырма: 30 бет өлеңді жаттап келу.