|   - Балалар бәрімізде «Бауырсақ» ертегісін жақсы білеміз ғой. Сол ертегідегі басты кейіпкеріміз, бауырсақ бізге бүгін көмек сұрай келіпті .  Бауырсаққа көмектесейік пе?    - Ендеше әрбір аңның тапсырмаларын орындау арқылы бауырсаққа көмектесейік.  - Атасынан, әжесінен қашып жолға шыққан Бауырсақтың алдынан кенет қоян шығыпты. Қоян аш екен, Бауырсақты жемекші, егер біз қоянның тапсырмасын орындасақ, ол Бауырсақты босатады. 1) Қоянның тапсырмасы: Өткенді қайталау.  -Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?  — Қане дыбыстайық    — Кім айтады қ дыбысы қандай дыбыс?  — қ дыбысына қатысты сөздер айтайықшы  — өте жақсы   Қ дыбысы сөз басында, ортасында, аяғында да кездеседі екен.  - Жақсы, балалар, қоянның тапсырмасын тамаша орындадыңдар, ол Бауырсақты босатты. Бауырсақ әрі қарай жүре бергенде алдынан қасқыр кездесті. Қасқыр бауырсақты босату үшін біз қасқырдың тапсырмасын орындайық.  2.Қасқырдың тапсырмасы:  Жаңа сабақ.(Электронды оқулық арқылы түсіндіру)  Электронды оқулықтан күй тыңдату  Домбыра әуені орындалады.   Балалар бұл қай аспаптың үні?  Домбыра сөзі қай дыбыстан басталады?    Қане бәріміз д дыбысын дыбыстайық ?    Д дыбысы дауысты ма , дауыссыз ба?  Д дыбысы созылмайды, кедергіге ұшырап шығады ол дауыссыз дыбыс. Оны біз көк түспен белгілейміз.    Д дыбысына байланысты сөздер айтылады, д дыбысының орнын анықтау керек.  Жарайсыңдар, балалар, қасқыр бізге риза болып Бауырсақты жемей босатып жіберді.    Сергіту сәті: «Бір оңға, бір солға» музыкамен  Бауырсақ әрі қарай жүре бергенде алдынан аю шықты.    3.Аюдың тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс  Бағандағы сөздерді оқыту:  а)хормен оқу   б) Дыбыстық талдау жасау  Дәптермен жұмыс   - тақтада көрсету  - ауада бірлесе жазу  Д –әрпін жазу, топты аралау, көмек қажет еткен балаларға көмектесу.  -Сызба бойынша сөйлем құрау  - Балалар, аюда бізге риза болып бауырсақтыбосатты. Бауырсаққуаныпәріқарайкетті. Кенетоныңалдынантүлкі шықты.  Балалар біз тапсырмаларды орындау арқылы бауырсаққа түлкіден құтылып кетуіне көмектесейік пе?  Онда түлкінің тапсырмасын орындайық.       |