"Бунақденелілер, жануарлар, сүтқоректілер. Олардың түрлері, мекендеу ортасы"
"Бунақденелілер, жануарлар, сүтқоректілер. Олардың түрлері, мекендеу ортасы"
Сабақтың мақсаты: Әңгіме мазмұнын түсініп оқиды, мазмұнына талдау жасап, өздігінен оқып үйренеді. Күтілетін нәтиже: Суықторғай тіршілігі туралы білімдері кеңейеді, өздігінен ізденіп мағлұмат жинайды, ортада ой бөліседі. Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру. Әдісі: Дамыта оқыту әдісі, Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. АКТ Көрнекіліктер: автордың суреті, құстар суреті, интербелсенді тақта
Сабақ барысы: І. Психологиялық дайындық: Топқа бөлу «А тобы» А – дан басталатын қасиетті сөздер айту Аяулы, ардақты, айбатты, айбынды, асыл, ажарлы «Б тобы» Б - дан басталатын қасиетті сөздер айту. - Байсалды, байыпты, белсенді, беріктей, батыл., білімді. «С тобы»: С - дан басталатын қасиетті сөздер айту: - Салмақты, сабырлы, сергек, сезімтал, серіктес, сергек, сенімді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Бунақденелілер, жануарлар, сүтқоректілер. Олардың түрлері, мекендеу ортасы"»
Бекітемін: Қозыбағарова Ж.
Күні: 26.01.2018ж
Сабақтың тақырыбы: М. Зверов Суықторғай Сабақтың мақсаты: Әңгіме мазмұнын түсініп оқиды, мазмұнына талдау жасап, өздігінен оқып үйренеді. Күтілетін нәтиже: Суықторғай тіршілігі туралы білімдері кеңейеді, өздігінен ізденіп мағлұмат жинайды, ортада ой бөліседі. Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру. Әдісі: Дамыта оқыту әдісі, Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. АКТ Көрнекіліктер: автордың суреті, құстар суреті, интербелсенді тақта
Сабақ барысы: І. Психологиялық дайындық: Топқа бөлу «А тобы» А – дан басталатын қасиетті сөздер айту Аяулы, ардақты, айбатты, айбынды, асыл, ажарлы «Б тобы» Б - дан басталатын қасиетті сөздер айту. - Байсалды, байыпты, белсенді, беріктей, батыл., білімді. «С тобы»: С - дан басталатын қасиетті сөздер айту: - Салмақты, сабырлы, сергек, сезімтал, серіктес, сергек, сенімді.
ІІ. Мотивациялық кезең: - Қызығушылықты ояту: «Сұрақтар шеңбері» 1) Әңгімедегі қыстың қатал мінезі қалай суреттелген? 2) Адасып қалу қаупі төнгенде Қасым қандай әрекет істеді? 3) Жерге құлағын тосып Қасым не естіді? 4) Автор бұл боранды қандай боран дейді? 5) Қасым қандай бала? 6) Кейіптеу дегеніміз не?
«Сиқырлы сандар» - Суықторғай қандай сөздер тобына жатады? - Біріккен сөздер. - Ережені еске түсіру. - Екі не одан көп түбір сөздің бірігуінен жасалған сөздер тобын біріккен сөздер дейміз.
ІІІ. Операциялық кезең: - Мағынаны тану: 1) Автор туралы мәлімет: Зверев Максим Дмитриевич(29. 11. 1896, Ресей, Алтай өлкесі, Барнаул қ. – 1996, Қазақстан, Алматы) – Қазақстанның халық жазушысы. Томск университетін бітірген (1923). 1923 – 37 жылы Сібір өсімдік қорғау ғылыми - зерттеу институтында ғылыми қызметкер, Новосибирск қалалық зоопаркінің директоры, Томск университетінде доцент болған. 1937 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 1937 – 52 жылы Алматы зоопаркінде ғыл. бөлімнің меңгерушісі, директоры, ҚазМУ - де доцент қызметтерін атқарды. Алғашқы повесі – “Ақ марал” 1920 жылы жарық көрген. Повестер, әңгімелер, ертегілер, очерктер жинақтары: “Індер мен ұяларда” (1937), “Ормандағы кездесулер” (1938), “Алатау қорықтары” (1946), “Ертіс тоғайлары мен далаларында” (1950), “Орман алауы жанында” (1952; Қазақстанның Мемл. сыйл., 1953), “Алтын киік” (1957), “Көкпектінің аңшысы” (1963), “Дала қасқыры” (1975; Германияның “Бестлитсе” сыйл., 1976), “Орманда ауа райын болжау” (1987), “Орман күзетінде” (1987), т. б. атпен жарық көрді. Жазушы шығармашылығы Сібір мен Қазақстан табиғатына тікелей байланысты, оқырмандарды құстар мен аңдардың тіршілігімен таныстырып, туған табиғатты қорғап аялаушы ғалымдар, орманшылар, т. б. тұрмысы, мақсат - мүддесі туралы мол мағлұмат береді. Кітаптары бірнеше шет елдердің тілдеріне аударылған. Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы”, 2 рет “Құрмет Белгісі” ордендерімен,, бірнеше медальдермен марапатталған. 2) Мәтінмен жұмыс: Үнтаспадан мәтінді тыңдау. 3) Сөздік жұмыс: Бедері - ізі, белгісі 4)« Айтылым, жазылым, тыңдалым» әдісі: А - тобы: Мәтін мазмұнын баяндайды. Б - тобы: Жоспар құрады. 1. Қысқы серуен 2. Жұмбақ із 3. Ашыққан суықторғай 4. Жайлы қоныс 5. Көктемді қарсы алу С - тобы: «Суықторғай» интернеттен мәлімет алу: Кәдімгі суықторғай, бозшымшық (лат. Pyrrhula pyrrhula) – құнақтар тұқымдасына жататын құс. Дене тұрқы 16 см, салмағы 32 – 34 г; төбесі, қанаты, құйрығы қара, мойнының үсті мен арқасы сұрғылт, бауыры(аталығында) қызғылт, ал аналығында қоңыр, сұр түсті. Бозшымшық Батыс Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Қыстап шығу үшін Орта Азияға, Қырымға, Қазақстанның оңтүстік аудандарына ұшып кетеді. Ағаш басына ұялап, бір жазда екі рет 4 – 7 жұмыртқа салып, оны мекиені 13 – 15 күн басып балапан шығарады. Олар 15 – 16 күнде ұядан ұшады. Бозшымшық әр түрлі ұсақ жәндіктерді, ағаштұқымын, бүршігін, жас жапырағын жейді. Үні әуезді, сондықтан оны үйде де ұстайды.
Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар 1. Мәтін мазмұны жағынан қай мәтін түріне жатады? 2. Серуендеп келе жатқан адам нені байқады? 3.”Аш өзегіне түсіп кетпесін” деген сөздің мағынасын түсіндір 4. Суықторғайдың аянышты халін Көздері *** Жүрегі*** Денесі *** сөздерімен байланыстырып айт. 5. Торғайдың үйге келіп тойынғаннан кейінгі жағдайын сипатта.
Ү. Рефлексиялық кезең: 1) Шығармашылық тапсырма: А ) «Мюксенберг» әдісі Суықторғай сөзіне сөзжасам жасау. Суықторғай - су, ық, торғай, суық, тоғай, ай, уық, қуыс, ор, тор, сары, торы. Б ): Суықторғай сөзіне сатылай кешенді дыбыстық талдау жасау С ): Синквейн әдісі 1 зат есім Суықторғай 2. сын есім кішкентай, шыдамды 3. Етістік ұшады, қонады, қоректенеді. 4. Суықторғай қыста қыстап қалады. 5. құс
2) Кері байланыс: «Кезбе тілші» - Сәламатсыздар ма құрметті қонақтар және 4 сынып оқушылары. «Мен сіздерге «Атырау» телеарнасынан арнайы келіп тұрған тілші --- - Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің туралы ой бөліскім келеді. - Пән атауы - Сабақта қозғалған өзекті тақырып - Суықторғай қандай құс? - Шығарманың авторы кім? - Қыстап қалған құстарға өзіңіз қандай қамқорлық жасар едіңіз? - Сабақтың сәтті өткен тұсы? «Бағдаршам» Үйге тапсырма: Мәтін мазмұнын түсініп оқу, баяндау.
Бекітемін: Қозыбағарова Ж.
Күні: 23.01.2018ж
Сабақтың тақырыбы: Ақ боран. Ж. Жұмаханов. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жекен Жұмаханов туралы шағын түсінік беру. Жазушының шығармаларымен таныстыру. Әңгіме мазмұнын ашу, негізгі кейіпкерді айқындата отырып, идеялық мазмұнын түсіндіру. Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеу, ой-өрісін дамыту, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Өзіндік талдау, жинақтау жасау, жеке топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.Туған жерін, табиғатын сүйе білуге, табиғат құбылыстарын бақылай білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың өту әдісі: Ой қозғау, бес жолды өлең, әңгіме құрастыру, топпен жұмыс. Тіл дамыту, сұрақ-жауап әдісі. Сабақтың көрнекілігі: Қыс көрінісі, суреттер, инт. тақта. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, оқушыларды 3 топқа бөлу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жұмбақтар шешу. 1. Табаныма байладым, Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы) 2. Таусылмайтын ақ мақта, Қысы-жазы тау жақта. (Қар) 3. Тоңғақты таниды, Беті-қолын қариды. (Аяз) 4. Көрінбейді өзі, Айтатын жоқ сөзі. Ысқырып тұрады, Серуен құрады. (Боран) Боранның ысқырып соққан үнін инт. тақта арқылы оқушыларға тыңдату. Ой қозғау. Ауызша сұрақтар: 1. Қандай дыбыс естідіңдер? 2. Ненің дыбысы деп ойлайсың? 3. Қай мезгіл елестеді? Бұл үскірік соққан боранның дыбысы. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ақ боран». ІV. Жаңа сабақ. 1. Жазушы Жекен Жұмаханов туралы түсінік беру. Мәтінді оқымас бұрын оқушылардың жалпы боран, қыс, туралы ойларын білу. 2. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнын оқушыларға таныстыру.Әңгіме арасында әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?-деп сұрақ қойылады. Оқушылар өз ойларын ортаға салады. 3. Оқушылардың тізбектей оқуы. Іштей оқу. 4. Сұрақ-жауап әдісі. -Әңгімеде жылдың қай мезгілінде болған оқиға айтылады? -Қасым қайда оқиды? -Ол нені есіне алады? -Қасымның боранда адаспауына не себеп болды деп ойлайсыңдар? -Оның табандылығын, ақылдылығын қандай іс-әрекеттер арқылы көруге болады? Сергіту сәті. 5. Сөздік жұмыс. Түртіп алу жүйесі. Боран–қатты желдеп соққан қардың борауы. 6. Топпен жұмыс.Әр топқа жеке-жеке сұрақтар беріледі. І топ. Мәтіннен қысқы боран туралы жазылған бөлімді оқып, түсіндір. Қасымға мінездеме бер. Табанды, қайсар, ақылды, байқағыш, батыл, шыдамды. ІІ топ. 1. Қыс туралы сурет салу. 2. Мәтінді қысқаша әңгімеле. ІІІ топ. Қыс мезгіліне байланысты өлең, шығарма жазу. «Ойландырар сұрақтар» ойыны. а/ Мәтіннен қыстың суретін беретін жолдарды тауып оқы. ә/ Боранға адамның қимылын бере суреттейтін жолдарды тауып оқы. б/ Қасымның орнында болсаң не істер едің? в/ Автор бұл әңгімені неге жазды деп ойлайсыңдар? Жеке жұмыс. Қыс белгілерін атайық. Мәтіннен қыс белгілерінің түрлерін іздеп табу, толтыру
Қыс
Боран
Қар
Жел
Аяз
Күн
қаhарлы
ақ түтек ызғырық
жапалақ берік күртілдек
ызғырық
қызыл шұнақ
ашық шағырмақ бұлыңғыр емес
7. Топтастыру. Жылқы жайында не білесің? 8. Халық болжамдары: Бұлт желге қарсы жөңкісе, қар жауады. Күзде ағаштың жапырақтары ерте түссе, қыс қатты болады. Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына жасырса, аяз болады. Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады. V. Қорыту Ойын: «Әдебиет лотос». Әр оқушы сызбаны толтырады.
Авторы
Шығарманың аты
Кейіпкер
Оқиғаның негізгі түйіні
Шығармада басты шешімді кім жасады?
Оқиға қалай аяқталды?
Өз ойың Үйге тапсырма: 1. Мәтінді оқып,мазмұнын айту. 2. Жылқы туралы өлең жазу,сурет салу