kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бесікке салу дәстүрі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бесік жабдықтары туралы мәлімет беру. Бесік жырының қай кезде орындалуын білу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бесікке салу дәстүрі»

Әдебиеттік оқу 2 сынып.

Сынып жетекшісі: Мухаметжанова Самал Ержановна

Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды қазақтың салт-дәстүрімен,әдет-ғұрпымен таныстыру.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге мүмкіндік беру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: оқушылардың өз ойларын қорытындылай білуіне жағдай жасау, тіл белсенділігін арттыру, есте сақтау қабілеттері мен оқу және жазу мәдениетін дамыту.

Тұлғалық нәтиже:анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, мамандық таңдай білуге жетелеу, үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар, ребус, үнтаспа.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау, көрініс.

Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.

Амансыңдарма, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне, бәріміз шеңберге тұрып амандасып алайық.

Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып өлеңді мұғаліммен бірге айтады.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

-Рахмет, балалар, енді орнымызға отырайық.

Үй тапсырмасын сұрау.

1. Өс, ұлан! Өлеңі бойынша сұрақтар құрастырып келу

І.Қызығушылықты ояту.

Әңгіме: «Бәрінен жақсы».

Бір кішкентай қыз, көшеде анасынан адасып қалыпты. Ол анасын іздеп жылап келе жатады. Сол кезде алдынан бір бала шығып былай дейді:

-Сен жылама, мен сені анаңа алып барамын.

-Сенің анаң қандай еді?

Сонда қыз жылап тұрып: менің анам жақсы адам, ол бәрінен де жақсы! –депті.

- Ал енді сендерге сұрақ: Анамызды не үшін жақсы көреміз?

-Ал сендердің аналарың қандай адам?

-Ана туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Ана туралы мақал-мәтелдер айту.

1.Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

2.Ағайын- алтау, ана-біреу.

3.Ананың сүті-бал,

Баланың тілі бал.

4.Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

5.Ердің анасы-елдің анасы.

6.Анасын сүйгеннің баласын сүй.

7.Анаңды Мекеге үш рет арқалап барсаң да,

Қарызынан құтыла алмайсың.

8.Ағайынның алтын сарайынан,

Ананың жыртық лашығы артық.

ІІ.Мағынаны тану.

1.Ең алғаш сәби дүниеге келгенде анасы сәбиін қайда жатқызады?

-Бесікке.

2.Бесікке бөлеу қазақтың салт-дәстүріне жатады. Балаға байланысты басқа тағы қандай салт-дәстүрді білесіңдер?

3.Ребус шешкізу: Бес, ішік, жылқы, тары. «Бесік жыры».

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы «Бесік жыры».

Бесік тербеткен ананың суретін слайдтан көрсету.

1.Автор туралы айту.

Бұл бесік жырының авторы-халық.«Туған да дүние есігін ашады өлең» деп Абай атамыз айтқандай, балаға ақ сүтімен бірге сіңген ана әлдиі ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тараған. Ауыз әдебиеті-бұрынғы адамдар жазуды білмеген кезден, жыр, күйді балалары естіп, ұғып алған, оны өз балаларына үйреткен, сөйтіп осы дәуірге жеткен.

Сендер сәбиді өлең мен әндетіп, тербетіп ұйықтататынын білесің. Мұндай жырды «Бесік жыры» деп атаған.

2.Өлеңді мәнерлеп оқу.

3.Сөздік жұмысы.

Күрмеу-баланың аяғына байланған ала жіп.

Тақым-тізенің астыңғы,ішкі жағы.

3.Оқушыларға тізбектеп оқыту.

Бесік жыры баланы тыныштандырып, жұбатады екен. Балаға жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз мәні де, сәні де болмайды.

Сұрақ-жауап әдісі:

1Өлең кімге арналған?

2.Бесік жырын айтып отырған кім?

3.Анасы сәбиге қандай жақсы тілектер айтқан?

4.Сергіту сәті:

Бесік туралы бейнебаянға назар салайық

ІІІ.Ой толғау.

Топтық жұмыс

1-топ Бесік тақырыбына постер қорғайды

2-топ Бесік жырын әуенге салып орындайды.

3-топ Мақал-мәтел құрастырады,мағынаны ашады.

Сәйкестендіру тесті

1. “Бесік” жырын айтатын адам? жүргек

2. “Бесік жыры” кімге айтылады? ана

3. Бесік неден жасалады? бесік той

4. “Бесік жырына” байланысты әдет-ғұрып? ағаш

5. Бесік жабдығы? сәби

Сабақты қорытындылау.

-Бесік бабамыздан қалған киелі мүлік. Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша, атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді.

Бағалау.

Үйге тапсырма. Аналарыңның саған айтқан бесік жырын жазып, жаттап келу.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Бесікке салу дәстүрі

Автор: Мухаметжанова Самал Ержановна

Дата: 06.12.2016

Номер свидетельства: 366374

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Та?ырыбы:?аза?ты? бесікке салу д?ст?рі. "
    ["seo_title"] => string(43) "tak-yryby-k-azak-tyn-biesikkie-salu-d-sturi"
    ["file_id"] => string(6) "153259"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420987741"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "«Бесікке  салу» "
    ["seo_title"] => string(14) "biesikkie-salu"
    ["file_id"] => string(6) "177726"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424702089"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "«?аза?ты? салт-д?ст?рі,  Бесікке салу»"
    ["seo_title"] => string(38) "k-azak-tyn-salt-d-sturi-biesikkie-salu"
    ["file_id"] => string(6) "287565"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454503130"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Тақырыбы:Бесікке салу."
    ["seo_title"] => string(21) "takyryby_besikke_salu"
    ["file_id"] => string(6) "571418"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1611635276"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Бесік. ?аза?ты? бесікке салу д?ст?рі. "
    ["seo_title"] => string(40) "biesik-k-azak-tyn-biesikkie-salu-d-sturi"
    ["file_id"] => string(6) "150798"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420557319"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства