kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бесік. ?аза?ты? бесікке салу д?ст?рі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

А?т?бе облысы  Шал?ар ?аласы  № 6 орта мектебіні? 4 класс  о?ушыcы Н?р?ожаев Бекжан

 

Бесікті? пайдасы мен ма?ызы - «Ел болам десе? бесігі?ді т?зе»  (М.?уезов)

Жа?а ту?ан с?биді бесікке б?леу-?аза?ты? ежелгі д?ст?рі. Бізді? ?аза? хал?ы к?шпенді ?мір с?рген, я?ни к?зеуге, ?ыстау?а, жайлау?а к?шкен. Сол кезде жа?а ту?ан с?биді алып ж?ру ?шін де, ?йы?тату ?шін де бесік ?лкен роль ат?ар?ан. Бесікті ?асиетті санап, оны к?зді? ?арашы?ындай са?та?ан. Атадан бала?а м?ра етіп ?алдыр?ан д?ст?рімізді? ішінде бесікке б?леу д?ст?рі жойыл?ан жо?. Бас?а халы?тарда да бесікке б?леу д?ст?рі бар. Мысалы, Орталы? Азия, Кавказ, ?ндістан, ?ытай жерінде мекендейтін халы?тар бесікті ?олданады. ?йткені бесік бала ?мірі ?шін ?те пайдалы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бесік. ?аза?ты? бесікке салу д?ст?рі. »

Тақырыбы: Бесік. Қазақтың бесікке салу дәстүрі.


Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

№ 6 орта мектебі

4«А» сынып оқушысы

Нұрғожаев Бекжан

Жетекшісі: Ажигулова.С


Жоспар

I Кіріспе бөлім

Қазақтың жаңа туған сәбиді бесікке бөлеу дәстүрі.

ІІ Зерттеу бөлімі

  1. Бесік нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек

  2. Бесіктің жасалуы

  3. Бесікке салу дәстүрлері

  4. Бесікке қатысты ырымдар мен тыйымдар

  5. Бесік жырлары

  6. Бесіктің пайдасы

ІІІ Қорытынды

Бесіктің пайдасы мен маңызы - «Ел болам десең бесігіңді түзе» (М.Әуезов)

Жаңа туған сәбиді бесікке бөлеу-қазақтың ежелгі дәстүрі. Біздің қазақ халқы көшпенді өмір сүрген, яғни күзеуге, қыстауға, жайлауға көшкен. Сол кезде жаңа туған сәбиді алып жүру үшін де, ұйықтату үшін де бесік үлкен роль атқарған. Бесікті қасиетті санап, оны көздің қарашығындай сақтаған. Атадан балаға мұра етіп қалдырған дәстүріміздің ішінде бесікке бөлеу дәстүрі жойылған жоқ. Басқа халықтарда да бесікке бөлеу дәстүрі бар. Мысалы, Орталық Азия, Кавказ, Үндістан, Қытай жерінде мекендейтін халықтар бесікті қолданады. Өйткені бесік бала өмірі үшін өте пайдалы.

Бесік нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Ол алып жүруге ыңғайлы. Бесікке жаңа туған нәрестені бес күн өткен соң салады. Тек қана әйел адамдарды шақырып бесікке салады. Қазақта бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік болып есептеледі. Бесіктің жасалуы мен басқа да жабдықтарына тоқталсақ: қазақ бесігі талдан, қайыңнан иілсе, бұрышы имек болып, ал қарағайдан жасалса, тік бұрышты болып келеді. Бесік бөлшектері бір-бірімен желім, ағаш шегелер арқылы берік қиылысатындықтан, тербетіп қозғаған уақытта сықырлаған бөтен дыбыс шықпайды. Бесіктің әр басының аяқтарын дөңес табанмен біріктіру, оның жұмсақ тербетіліп, баланың мазасын алмау жағын қарастырғандық. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені оның төсегінің астына түбек пен шүмек орналасады. Шүмек- қойдың асық жілігінен жасалынады. Баланың қол аяғын, кеудесін байлау үшін қолбау, белдік жасалады. Оны әдемі матадан тігеді. Бесіктің құс төсегі, жастығы, жөргегі, қолбау, тізебау, бесік көрпесі болады.

Бесіктің тал бесіктен басқа «аспалы бесік» деп аталатын түрі де болған. Жалпы ата-бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Мұны бабамыз Төле бидің мына бір әңгімесінен байқауға болады: Жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз-тоз болған ел таулы жаққа қарай босып, үдере көшкенде, екіқабат жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төле бимен қатар келе жатқан кісі: «Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны несі-ай», – дегенде,

Төле би: «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі ғой», – деген екен.

Бесікке салу рәсіміне ауыл-үйдің әйелдері шақырылады, олар өздерінің шашуға деген кәделерін ала келеді. Ал бесікке салу жолы ауылдағы ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Бір-екі келіншек бесікті жақсылап жабдықтаған соң, алдымен, бесікті отпен аластап алады, сосын «тыштырма» жасайды. (бесіктің түбек салынатын тесігінен балаларға тәтті үлестіріп беру осылай аталады). Бұдан соң нәрестені айналып-үйіріліп отырып бесікке бөлеп, оның үстіне, баланы әруақтар қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды. Қайсыбір жерлерде бесіктің үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар жабады. Сонан соң бесікке салған әже оның үстіне мініп алып, қолына қамшы ұстап, атпен шапқандай болады. Отырғандар: «Әже, қайда барасыз?» деп сұрайды да, әже оларға: «Меккеге барамыз», «Байдың аулына барамыз», «Жеті қат аспанға, Күн астындағы Күнікей қыздың аулына қыз айттырып барамыз!» т.с.с. қызықты жауаптар қайтарады. Осылайша бесікке салу рәсімі ойын-күлкі, тамашамен аяқталады. Бесікке жабылған таза маталарды үй иесі отырғандарға, өздерінің орнына қарай үлестіріп, сыйға тартады. Бұдан соң жас аналар қосылып «Бесік жырын» айтады.Түнде шошымасын деп көпшік астына пышақ қояды. Бесіктің бетін жауып қояды.



Бесікке қатысты тыйымдар көп. Атап айтқанда:

  1. Бос бесікті тербетуге болмайды.

  2. Бесікті сатуға болмайды, бесікті саудаламайды.

  3. Аяқ астына тастамайды.

  4. Бесікті ашық тастамайды.

  5. Екеулеп көтермейді.

6. Бесіктің теріс жағына отырмайды.


Қазақта бесік жырлары айтылып бала бесікке бөленеді. Бесік жыры екіге бөлінеді. Халық шығарған және белгілі бір ақындар шығарған. Халық шығарған бесік жырына мысал келтірсек:

Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама, бөпем жылама,

Жілік шағып берейін.

Көкқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін

Жылама, бөпем жылама.

Белгілі бір ақындар шығарған. Мысалы: С.Сейфуллинмен «Бөл- бөл бөпем, бөл бөпем», М.Жұмабаев «Әлди- әлди бөпешім т.б.

С.Сейфуллин өз өлеңінде:

Бөл- бөл бөпем, бөл бөпем,

Бесігіңе бөлейін.

Әдемі әнге бөлейін

Бесігіңе жата ғой

Тәтті ұйқыға бата ғой.


Бесіктің пайдасына тоқталсам:

-Бала төсекте таза жатады,тазалыққа үйренеді.

-Бала төсекте тыныш ұйықтайды, шошымайды.

-Бесік тіл көзден сақтайды.

-Бала ана әлдиімен тербетіліп ұйықтайды.

-Бала жылы төсекте жатып, ауру сырқаудан аман болады.


Бесiктiн ұрпақ үшін пайдасы ұшан-теңіз. Жаман айтпай жақсы жоқ, бала ауыра қалса, дәрі-дәрмек бергеннен гөрі, халық емін, әсіресе мал майымен, балмен сылау пайдалы екені белгілі. Ал осы емдік  шараларды қолдану үшін бала ораулы, жылы  жабулы болуы бесік шарт. Ал жыбырлақ баланы орап қою да оңай шаруа емес. Осындай кезде бірден-бір көмекші болып табылады.Тағы бір артықшылығы – бұл ұйықтап жатқан баланы бір бөлмеден бір бөлмеге көшіру керек бола қалған жағдайда керуеттегі немесе жерде жатқан баладан гөрі, бесікте бөлеулі  жатқан сәбиді көшіру оңайырақ емес пе?!

Кейбір аналар жас нәрестені қасына алып ұйықтайды. Ұйқы өліммен тең деседі  халық. Көзі ұйқыға кеткен ана жанындағы баланы басып кету және оны тіпті байқамай қалу қаупі  бар. Ал бесік одан сақтайды, немесе алаңдаған ананың ұйқысы да тыныш болмайды. Ал бесікте жатқан баласының қауіпсіздікте екенін сезген ана тыныш ұйықтайды.

Қорыта айтқанда:

Бесік деген – сәби үшін де, оның анасы үшін де өте тиімді. Бесіктегі бала біріншіден - таза өседі, екіншіден - асты құрғақ баланың ұйқысы да тыныш болып, анасының мазасын көп алмайды.Ал памперс киіп, емін-еркін жатқан бала ербеңдеген қол-аяғынан шошып, жиі оянады.Ұйқысы тыныш болмаған соң, ол бала мазасыз болады. Дұрыс демалмаған мұндай балалардың зердесі толық жетілмейтіндігі медицинада әлдеқашан дәлелденген. Үшіншіден- бесікте күн ұзақ құндақтаулы жатқан балаға салқын да тимейді, яғни көп ауырмайды. Төртіншіден - көп уақытын бесікте өткізетін бала сырт көзден тыс болады. Ал бұл не болса, сол үйір келетін сәбидің тіл-көзден аулақ болуына септігін тигізеді. Бесіншіден - дүниеге келген сәттен бастап, құндақта жатқан баланың денесі тіп-тік, аяғы түп-түзу болып өсетіні барша жұртқа белгілі. «Нәресте ұйқымен өседі» дейді атам қазақ. Олай болса, сәбидің тыныш ұйықтауына бесіктен артық жайлы орын жоқ. Алтыншыдан - бесік белгілі бір ырғақпен ғана тербетіледі, бұл жағдай баланың жүйкесін қалыпты жағдайға түсіріп, мінезінің сабырлы болуына негіз болады. Сондай-ақ бесіктегі бала ана әлдиін тыңдап өседі, ал мұндай бала қайырымды болып қалыптасады. Бесік жырын тыңдап өскен баланың қанына ұлттық қасиет дариды. Баланың қалыпты өсуі үшін бесіктен артық не бар? Соңғы кезде жас аналарымыз памперске үйреніп алғаны рас. Олар алдымен памперсті баланың құрғақ жүруіне септігін тигізеді деп ойлайды. Содан соң оған кірді жиі жуудан құтқаратын бірден-бір дүние деп қарап, жиі пайдалануға ұмтылады. Памперстің осындай тиімді жақтары бар екені рас, бірақ оны балаға үнемі кигізіп қоюға болмайды. Себебі памперсті үнемі киіп жүретін бала соған сеніп алып, дәретін астына жібере салуға үйреніп кетеді. Ал, бұл әдеттің бала тазалығына нұқсан келтіретіні өз алдына, сәбиді ауру қылатыны тағы бар. Дәрігерлердің айтуынша, памперс жас баланы «ночной энурез» деген науқасқа шалдықтырады екен. Яғни баланың памперске үйреніп кететіні сондай, кейін өсе келе ол дәретін өздігінен игере алмай қалатын көрінеді. Осыдан келіп, баланың жүйке жүйесі нашарлап, неврологиялық ауруға шалдығады. Қазіргі таңда памперсті үнемі киген балалардың дені осындай сырқатпен ауырады екен. Түнде төсекке, күндіз іш киіміне еріксіз жіберіп қоятын баланың өзінен-өзі қорқақтап, жасқаншақ боп өсетіні рас. Ал мұндай жағдайдың баланың мінез-құлқының қалыптасуына теріс әсерін тигізетіні айтпаса да түсінікті. Ойланған адамға бұл әңгіменің жаны бар секілді. Сондықтан жас аналар жоғарыда айтылғандарды қаперіне алып, уақытша жан тыныштығынан гөрі балаларының болашағын ойлағаны дұрыс.

Ғасырлар бойы бесікке жатып келе жатқан халқымыздан  алып батырлар, ақылгөй билер шықпас еді. Бесік баланың денсаулығына, ми қызметінің дұрыс дамуына үлкен септігін тигізеді. Бала бесікте таза әрі жылы жатады. Жаялығы құрғақ болғасын ұйқысы да тыныш болады. Бесік – қазақ қауымы үшін аса қастерлі, қасиетті мүлік. Оны адами өмірдің бастапқы ұясы деп біледі.Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра. Қазақта «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал», «Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді», «Есік арқалағаннан бесік арқалаған артық», «Төрінде бесік тұрса, төре де бас иеді» деген ұлағатты сөздер содан қалған екен.

Бесік- халық қазынасы, ұлттық байлығы. Бесіктің жас нәресте үшін орасан зор пайдасы барын ғалымдар дәлелдеген. Қазір өзі ән салып, өзі тербетілетін электр бесіктер жасалуда.

Сондықтан, барлық жас аналар бесікті қолданса, бесік жырын айтып сәбилерін ұйықтатса, бәрі жақсы болады деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Интернет жүйесін пайдалану


  1. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы


  1. «Балдырған» балалар журналы


  1. «Егемен Қазақстан» газеті 2011 жыл


  1. «Ана тілі» газеті 2014 жыл


  1. Қазақ халқының қолөнері – Алматы, Қазақстан.


  1. «Парасат» журналы «Бесікке бөлеу зиян ба?»


  1. «Ақ сандық, көк сандық» кітабы


  1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Бесік. ?аза?ты? бесікке салу д?ст?рі.

Автор: Н?р?ожаев Бекжан

Дата: 06.01.2015

Номер свидетельства: 150798


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства