Этот открытый урок про мир животных, о том как надо их беречь и о пользе и вреде домашних животных. урок на казахском языке. В данном уроке есть полная биография Смакова Жакана, автора рассказа "белый теленок" "Ак бузау" переводится как "Белый теленок" в рассказе он своим поступком показывает пример храбрости.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Белый теленок" открытый урок »
Күні: 26.01.2015 ж Сыныбы: 1 «Е» Пәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы: «Ақ бұзау». Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұСабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдіру. Жуан дауысты дыбыстарды ажырату, әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру. Дамытушылық: Сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту. Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін дамыту. Тәрбиелік мәні: Үй жануарларының пайдасын білуге, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Деңгейлеп саралап оқыту. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өз бетімен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар. Сабақтың көрнекілігі: Төрт түліктің суреті, тірек сызба, ашық журнал, плакаттар. Пән аралық байланыс: Дүние тану, бейнелеу. Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
-Балалар, бүгін сендердің өте мейірімді жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әсемсіңдер. Балалар, көңіл-күйлерің қандай? Балалар бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің не білетінімізді көрсетейік. Ешкімнен ұялмай, ештеңеден қорықпай өз ойларымызды ортаға салып, сұрақтарға толық жауап берейік.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
-Балалар өткен сабақта қандай тақырыппен таныс болып едік? ( сурет арқылы еске түсіру). Жылқы мәтінін оқып, мазмұндау, қазақ алфавиттерін жаттау. Жылқы қазақтың қасиетті малдарының бірі. Ат-ер қанатты, жылқы-жүйрік әрі өте төзімді мал. Оны көлік ретінде пайдаланған. Жазық далада ұшқан құспен жарысып, халық үшін атқа мініп жауға шапқан. Батырларымызда аз емес, қымызды пайдаланған.Жылқының жалынынан, құйрығынан арқан жіп жасалады, етінен қазы қарта жал-жая жасайды.
1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? 42 әріп
2. Дауысты дыбыс әріптеріне нелер жатады? а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, (у), ю, я, ё, э. 3. Дауыссыз дыбыс әріптеріне нелер жатады? б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у). 4. Әріп деген не?
5.Дыбыстар немен таңбаланып жазылады? (әріппен)
-Балалар тақтаға қарайықшы тақтада нелердің суретін көріп тұрмыз. Я жануарлардың суреті.Осы жануарлардың суретінен өткен сабақта танысқан төрт түлікке нелер жатады? –Төрт түліктің пірлерін ата? Жылқы атасы - Қамбар ата,Сиыр атасы - Зеңгі баба,Түйе атасы - Ойсыл қара,Қой атасы - Шопан ата,Ешкі атасы - Сексек ата
- Төрт түліктің төлдерін қалай атайды? Жылқы төлі- құлын,Сиыр төлі – бұзау,Түйе төлі – бота,Қой төлі – қозы,Ешкі төлі – лақ.
-Оларды қалай шақырамыз? Қой-пұшайт,пұшайт! Ешкі-шөре,шөре! Жылқы-құрау,құрау! Сиыр-аухау,аухау! Түйені-көс-көс! -Олар қалай дыбыстайды?
ІІ.Жаңа сабақ. Ой қозғау.Жұмбақ шешу. Екі айнасы бар, Екі найзасы бар, Сыртылдаған тұяғы бар, Бір желпуіш сияғы бар. (Сиыр) -Сиыр сөзіне дыбыстық талдау жасайық. Сиыр сөзінде неше 2 буын, неше 4 әріп, неше 4 дыбыс бар. Қандай дыбыстар тапқызу. -Сиыр төлін қалай атаймыз? - бұзау - Ендеше, балалар біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы жуан дауысты дыбыстар, Жақан Смақовтың «Ақ бұзау» өлеңімен танысамыз.
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып екі топқа бөлінеді. (Тірек сызба бойынша түсіндіру).Жуан дауыстыларды (а, о, ы, ұ) айтқанда тілдің ұшы кейін қарай тартылады да, үсті сәл көтеріліп айтылады.Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: қозы, лақ, құлын, бұзау.
СМАҚОВ Жақан (1932-1974). Жаңаарқа ауданы Ынталы колхозында туған. Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ақтауық», «Бақ-бақ», «Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ», «Қарақат», «Тамшы» деген өлең жинақтары басылады. Бұлардан басқа «Біздің апай Түсекең», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деген суретті кітаптарын шығарады.Өлеңді жазған балалар ақыны Жақан Смақов. Ақынның өлеңдері өте көп. Алдағы уақытта оқулықтан, газет-журналдардан оқып танысасыздар.
-Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма? Я онда мен сендерге ертегі айтып берейін. «Дыбыстар достығы» ертегісін айту. Ерте заманда дыбыстар барлығы бірге тату-тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты жел, боран болып дыбыстарды жан-жаққа ұшырып әкетіпті.Бірнеше дыбыстар күнге қонып, күйіп қып-қызыл болыпты. Бұлар қандай дыбыстар? (дауысты). Ал енді кейбір дыбыстар дыбыстар бұлттарға қонып көк түске боялыпты. Бұлар қандай дыбыстар?(дауыссыз). Олар қатта қайғырып, не істерін білмепті. Барлық дыбыстар ортақ шешімге келіпті. Дауысты дыбыстар дауыссыз дыбыстармен бірігіп өмір сүрсе, қиындықтың бәрін жеңе алатындарын түсінді. Сөйтіп дыбыстар сендерге хат жіберіпті. Егер балалар сендер мына оқулықтағы тапсырманы орындай отырып, сандықшаға жуан дауысты дыбыстарды салсаңдар , онда барлық дыбыстар достасып өмір сүреді. Қане, балалар біз дыбыстарға көмектесеміз бе? Я . Сиыр жайлы не білеміз? Сиыр малын көбіне қазақтар тамаққа пайдаланған. Сиырды кейде көшкеде, егіске де пайдаланып отырған. Сиырда үйдің берекесі , айран-сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Терісінен кезінде торсықтар жасаған. Сиырдың тезегінен отын, егіншілікке пайдаланған, ал мүйізінен тарақ жасаған екен. Онда оқулықтағы Ақ бұзау өлеңін мен мәнерлеп оқып берем мұқият тыңдаймыз. Өлең не туралы? –бұзау Оқулықтағы суретпен жұмыс - Суретте кімді көріп тұрсыңдар? - Баланы - Баланың жанында не бар? - Бұзау - Бұзау ненің төлі? - Сиырдың төлі. Бұзау. -Сиырдың пірін ата? Зеңгібаба. -Сиырды қалай шақырамыз? Аухау-аухау! -Ол қалай дыбыстайды? Мө-Мө Оқушыларға тізбектеп оқыту. Сандықшаға а әрпін салу. III. Деңгейлік тапсырмалар:28-жаттығу. 1.Өлеңді мәнерлеп оқып, өлеңде кездесетін дауысты дыбысты қайталамай жазу.а,ы,ұ. Сандықшаға о әрпін салу.
2.Тақтада ілініп тұрған плакатқа қолымыздағы жабыстырма қағазға жуан дауысты дыбыстары бар бірнеше сөз ойлап жазып жабыстыру керек. Мысалы: Алмұрт, ыдыс, отын, бота, қозы, құлын, лақ. Сандықшаға ұ әрпін салу. Сергіту сәті. Мынау менің жүрегім,
Балалар дыбыстардың тапсырмаларын сандықшаға салдық. Қандай дыбыстарды? Жуан дауысты дыбыстарды. Олар барлығы достасып,дыбыстардан буындар, буындардан сөздер құралыпты. Ал сөзден не құраған екен. Сөйлем.