Ана тілі
Уақыты:26.04.2016 ж
Сабақтың тақырыбы:
Бас әріппен жазылатын сөздер. Өзендер.
Мақсаты:
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқуға үйренеді, оқығандарын түсінеді; Каллиграфилық талапқа сай жазуға дағдыланады;
Бас әріппен жазылатын сөздер туралы алған білімдерін пайдаланады;
Өзендер жайлы дүниетанымын кеңейтеді.
Оқушыларда өзеннің бас әріппен жазылатындығы туралы түсінік қалыптасып, өзендер жайлы толғырақ мағлұмат алады.
Сабақтың әдісі:
Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Стратегиялар:
Болжау стратегиясы,
Пәнаралық байланыс:
ана тілі, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі:
оқулық, слайд, интерактивті тақта, магнитофон, карта, өзендердің суреттері.
Қызығушылықты ояту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық ахуал орнату.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Балалар сендер білесіңдер ме, жүрек қайда орналасқан?
-Жүректің түрін көргілерің келе ме?
-Иә.
-Ендеше, балалар осы жүректеріңнен шыққан жылы лебіздеріңді бір-бірлеріңе айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілеңдер.(жүрекшелер тарату)
-Көңіл күйіміз қандай болып кетті?
-Жарқырап кеттті!
-Тамаша! Осы жақсы көңіл – күймен сабағымызды бастайық. Оқушылар орындарына отырады.
Топқа бөлемін. 4 топ.
1 топ-Сырдария.
2 топ-Жайық
3 топ-Ертіс
4 топ-Нұра
Үй тапсырмасын тексеру.
- Бәсіре дегеніміз не?
Бәсіре – балаларға меншіктеген, арнайы ен салынған мал.
- Бәсіре мәтінін айту. Нұржан, Жаннұр, Санжар, Адилет.
-Балалар біздің еліміз қалай аталады?
-Қазақстан.
-Қазақстандағы қандай қалалар мен өзендердің аттарын білесіңдер?
-Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Сырдария, Іле, Ертіс, Есіл, Нұра, Келес, Бадам, Жайық, Елек т.б.
-Жарайсыңдар, балалар!
-Олар қандай әріптен басталып жазылады?
-Бас әріптен.
Неге олар бас әріптен басталып жазылады?
-Жер – су аттары бас әріптен басталып жазылады: Алатау, Тараз, Өскемен.
-Ақылдым, дұрыс айтасыңдар!
Болжау стратегиясы.
-Енді барлығымыз кітабымызды жабайық. Көзімізді жұмайық.
Судың аққан дыбысы (музыка қойылады)
-Балалар бұл ненің дыбысы?
-Ия, дұрыс айтасыңдар. Сылдырап аққан судың дыбысы.
-Олай болса бүгінгі тақырып не туралы болады деп ойлайсыңдар?
-Су, өзен, көл
-Жарайсыңдар! Яғни бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз:Өзендер.
-Өзендер туралы не білесіңдер?
-Өзендер туралы қысқаша, қызықты мәліметтер айтамын. Барлығымыз мұқият тыңдайық.
Кітаппен жұмыс.
234 – жаттығу.
1.Өлеңді тыңдату.
Өзендер.
Ақсу, Көксу,Сарысу,
Бұл – сумен түстеп танысу.
Ырғыз, Торғай, Аягөз,
Сай – саланың бәрі су.
Есіліп Есіл ағады,
Жайылып Жайық барады.
Сылаң қақса Сыр сұлу,
Шу шулап атой салады.
Бұқтырма нұр боп шұлғиды,
Каналға Ертіс су құйды.
Қос теңізге қол артып,
Иірілеп Іле жылжиды.
Салатын еске еркені,
Судың да бар Тентегі.
Ойыл, Тобыл, Жем, Сағыз,
Өрнектеп жатыр өлкені.
Оразақын Асқар.
2. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
3. Өлең мазмұнына қарай сұрақтар:
-Қандай өзендерді білесің?
-Өлеңнен жер – су аттарын тауып,оның бас әріппен жазылу себебін түсіндір.
-Өлеңде жер, су аттары неліктен бас әріптен жазылған?
Сергіту сәті.
Көркем жазу.
-Сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.
4 топқа 4 жолдан өлең беріледі.Оқушылар осы өлең жолдарынан жер, су аттарын қиып алады.
Дәптермен жұмыс.
Қиып алған жер, су аттарын оқушылар оқып даптерлеріне жазады.
235 жаттығу.
4 топқа 4 ақ қағаз беріледі. Берілген әріптерден басталатын жер, су аттарын жазады.
1 топ Қ
2 топ С
3 топ Т
4 топ А
Cабақты қорыту:
-Балалар,осымен сабағымызды қорытындылайтын кез келді.
-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
-Өзеріңе бүгінгі сабақтан қандай мағлұмат алдыңдар?
Бағалау парақтарына толтырады,оқиды.Өзін өзі бағалайды.
Жүректен – жүрекке.
Жүректерін апарып жабыстырады.
Үйге тапсырма.
234 жаттығу.