kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балалар елін бағындыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев.

   Сабақтың мақсаты:

   Білімдік: ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.

   Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.

   Тәрбиелік: адам өміріндегі жан-жақты үйлесімділік деген ұғымды түсінуге мүмкіндік жасау.

   Сабақтың әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.

   Сабақтың барысы:

   1. Қызығушылығын ояту.

   Оқушыларға қойылатын сұрақ:

   - Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?    

   Оқушылар көптеген жауаптар айтады. Осы жауаптарының ішінен төмендегі алты сөз алынып, олар осы сөздер бойынша топтарға бөлініп отырады.

   а) Алты топ та өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

   2. Мағынаны тану.

   Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады.

   Өз топтарының аттары болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазады.

   Мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді түртіп алып отырады.

   Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді. Тақтадағы плакат не интерактивті тақтаға жұмыс нәтижесі түсіріледі. Оқушылардың сөйлеуі кезінде оларға сұрақтар қойылады: Мысалы:

   - «Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме?

   - «Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?

   - «Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?

   - «Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?

   - «Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де - өнер).

   - «Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды?

   Оқушылармен пікірлесуді өте ұзақ созудың қажеті шамалы.

   3. Ойтолғау.

   Бұл кезеңнің әртүрлі нұсқаларын ұсынамыз:

  1. Әр топ өздеріне берілген атпен (сөзбен) байланысты бір-бір сөйлемнен

айтады (6 адам сөйлейді). Бұл «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады. Мысалы: Бала ойынмен өседі. Адамды адам еткен - еңбек. Спорт - денсаулық кепілі, т.с.с.

  1. Әр топқа өз аттарына байланысты мақал-мәтелдер жазу ұсынылады.

   Оқулықтың 11-бетіндегі соңғы сұрақтар бойынша ертегіні ойша жалғастыру немесе жазу. Бұл жерде балаларға зиянды әдеттердің дәлелі көрнекі, анық болу керек.

   Түсінбеген сөздермен жұмыс кезінде оқулықтағы сөздікті пайдалануға болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балалар елін бағындыру.»

3сынып

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қоңырау. Н. Әлімқұлов.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі бала сезімдерін байқай білуге, өздік жұмыстар арқылы өлең шумақтарын талдауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: шығармашылық ішкі мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туғызу.

Тәрбиелік: әдемілік пен өмір заңдылығының қарым-қатынасын түсінуге бейімдеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: топтау сызбасы, интерактивті немесе кәдімгі тақта, бор, маркер, әдемі қоңыраулар.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

а) Балалардан қоңырау сөзін естігенде қандай ой (ассоциация) келетінін сұрау.

Немесе:

ә) Қоңырау сөзімен бірнеше сын есімді сөз тіркестерін жазу.

Мысалы:

а) Оқушылардың жазғандарын оқытып, талдап болған соң, олардың қоңырауға деген сезімдері туралы жылы лебізді сөз айта келіп, жаңа сабақ тақырыбы хабарланады.

2. Мағынаны тану.

Оқушылар оқулықты ашып, Н. Әлімқұловтың «Қоңырау» өлеңін іштей оқиды.

Өлеңді оқып, мазмұнын түсіну және әр шумаққа ат қою тапсырылады.

Сонымен өлең мазмұны бойынша жоспар шығады. Жоспардың қалай шыққандырын байқатып, оны құрастырудағы оқушылардың жұмыстары талданады.

Сұрақтар:

- Өлеңде мерекелік қуаныш, сағыныш, құрмет сезімдері қай шумақтардан байқалады?

Оқушылар өлеңге қайта қарап, талдауға дайындалады.

- Алғашқы қоңырау мерекесі тіркесіне синоним сөз тап (Білім күні ...).

- Қоңыраудың мектепке қалай келгендігі туралы не білесің? Өз ойыңды айтып көр (болжау).

- Қоңырау тағы қандай жағдайда қолданылады? (Күймелі ат арбада, жануарлардың мойнында, шіркеулерде...)

- Қоңырау даусы тілінің қозғалуынан шыға ма әлде қоңыраудың өзінің қозғалуынан шыға ма? (Ойлануға).

Қосымша мәлімет.

Қоңырау металдан жасалған, дыбыс шығаратын аспап. Ол көбінесе қоладан құйылатын болған. Қоңыраудың ішінде тілі бар. Қоңырау қозғалған кезде дыбыс шығарады. Ресей жерінде қоңырау құятын көптеген зауыттар бар. Ерте заманнан осы күнге дейін шіркеуге шақыру үшін қоңырау даусы пайдаланылып келеді.

Көне Қытайда қоңырау құю дәстүрі болған. Ал жапон, кәріс шеберлері бұл өнерді қытайлардан үйренген. Қытайлықтар қоңырау соғу арқылы күннің шығуы мен батуын білдірген және оқыс оқиғаларға белгі беретін болған.

- Алғашқы қоңырау мерекесі мен алтын күз мерекесінің қандай байланысы бар?

3. Ойтолғау.

а) Бүгінгі мерекелік сәтті қысқаша сипаттап, тақтада өздері жазған тіркестерді пайдаланып, өлеңмен байлапыстыра отырып эссе жазу. Немесе:

ә) Оқулықтың 5-бетіндегі сұрақтар мен тапсырмалардағы шығармашылық жұмысты орындату. Егер уақыт жетпесе, мысалды үйде аяқтауға да мүмкіншілік бар. Бұл жерде жез қоңырау мен электр қоңырауды салыстырып, мерекеде неліктен жез қоңырау құрметпен соғылатынын, оның дауысы өте жағымды екенін балалар байқамай қалуы мүмкін емес болатындай жағдай жасау.

Немесе: «... Жез қоңырау зейнеткерлікке шығып, мектеппен қоштасып, соңғы рет бізбен бірге болып еді.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Міне, бүгін ол алғашқы қоңырау мерекесіне тағы келді. Оның сүйкімді даусын барлық бала тыңдады» - деп, ертегіні толықтырып жазу тапсырылады. Ертегіге ат қояды.











Сабақтың тақырыбы: Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік: адам өміріндегі жан-жақты үйлесімділік деген ұғымды түсінуге мүмкіндік жасау.

Сабақтың әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Оқушыларға қойылатын сұрақ:

- Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?

Оқушылар көптеген жауаптар айтады. Осы жауаптарының ішінен төмендегі алты сөз алынып, олар осы сөздер бойынша топтарға бөлініп отырады.



а) Алты топ та өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

2. Мағынаны тану.

Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады.

Өз топтарының аттары болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазады.

Мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді түртіп алып отырады.

Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді. Тақтадағы плакат не интерактивті тақтаға жұмыс нәтижесі түсіріледі. Оқушылардың сөйлеуі кезінде оларға сұрақтар қойылады: Мысалы:

- «Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме?

- «Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?

- «Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?

- «Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?

- «Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де - өнер).

- «Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды?

Оқушылармен пікірлесуді өте ұзақ созудың қажеті шамалы.

3. Ойтолғау.

Бұл кезеңнің әртүрлі нұсқаларын ұсынамыз:

  1. Әр топ өздеріне берілген атпен (сөзбен) байланысты бір-бір сөйлемнен

айтады (6 адам сөйлейді). Бұл «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады. Мысалы: Бала ойынмен өседі. Адамды адам еткен - еңбек. Спорт - денсаулық кепілі, т.с.с.

  1. Әр топқа өз аттарына байланысты мақал-мәтелдер жазу ұсынылады.

Оқулықтың 11-бетіндегі соңғы сұрақтар бойынша ертегіні ойша жалғастыру немесе жазу. Бұл жерде балаларға зиянды әдеттердің дәлелі көрнекі, анық болу керек.

Түсінбеген сөздермен жұмыс кезінде оқулықтағы сөздікті пайдалануға болады.


























Сабақтың тақырыбы: Алғашқы ұстаз. Ғ. Жұмабаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтін мазмұны арқылы қазақ халқының ертерек замандардағы өмірін білуге мүмкіндік беру.

Дамытушылық: мәтінді өз бетімен талдау жасату арқылы оқушы біліктілігін арттыруға, ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай туғызу.

Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбек етуге, басқаның пікіріне де құрметпен қарауға, өзіне-өзі сын көзбен қарау керектігін байқауға икемдеу.

Сабақтың әдісі: «Дұрыс - бұрыс тұжырымдар» кестесін толтыру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: «Дұрыс - бұрыс тұжырымдар» кестесі, интерактивті немесе кәдімгі тақта, бор, маркер, Ы. Алтынсарин, С. Көбеев портреттері.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Өтілетін тақырыптан оқушылардың өздері білмейтін жағдайлары бойынша сабақтағы жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?

«Алғашқы ұстаз» мәтініне мынандай тұжырымдар алынады:

1. Өте ертеректе мектептерді:

- бай адамдар салып берген;

- халық өздері салған.

2. Мектепте оқығысы келгендердің бәрі оқыған.

3. Ата-аналар балаларын мектепке жібергісі келмеген. Осы тұжырымдармен

№1 «Дұрыс - бұрыс тұжырымдар» кестесі арқылы жұмыс жасалады.

№1 кесте.



Тұжырымдар



Дейін

Кейін

Мәтінді оқу

Өте ертеректе мектепті бай адамдар салдырған.

Өте ертеректе мектепті халық салдырған.



Мектептерде оқығысы келгендердің барлығы оқыған.



Ата-аналар балаларын мектепке жібергісі келмеген.



Осы тұжырымдардың дұрыстығын сұрау. Егер оқушы тұжырымды дұрыс деп тапса, «Дейін» бөліміне «+» таңбасын, ал егер келіспесе, «-» таңбасын қояды (оқушының алдында және тақтада дайын сызылған кесте болу керек).

2. Мағынаны тану.

Оқушылар іштей оқып, мәтінмен танысуды бастар алдында мұғалім кестедегі тұжырымдарға мәтін мазмұны бойынша баға беруді (бұл жерде пікірін айту) және кестенің «Кейін» деген бөлігін толтыруды сұрайды. Қалай ойлайсыз, осы жұмыстан мұғалім не ұтты? Оқушы не ұтты?

Бұл тапсырманың орындалуы оқушылардың үзінділер оқып не мазмұнын айтып беруі арқылы дәлелдейді. Бала өз пікірінің дұрыс-бұрыстығын дәлелдейді.

3. Ойтолғау.

Оқушылардан мұғалім рөлінде болып, олардан тағы да кестені тұжырымдармен толықтыру сұралады. Осы тапсырманы бере отырып, біз оқушыны мәтінмен жұмыс істеуге қайта әкелеміз де, өз бетімен ынталана оқуға жағдай туғызамыз.

Мысалы:

- балалар үлкендердің жұмысын жасаған;

- бала құқығы қорғалмаған;

- ұлы ұстаздарды халық сыйлаған, құрметтеген, т.б. сияқты тұжырымдар жазылуы мүмкін.

Сіз оқушыға: «Сен «Бала құқығы неге қорғалмаған?» деген тұжырымды не себептен айттың?» деген сұрақ қоясыз.

Сыныпта оқушылар бір-бірінің тұжырымдарын талдап шығады. Сіз өзіңіз де соншама көп тұжырым байқаған, жазған балаларға риза боласыз. Мәтіндегі сөздіктер мен оған арналған мақал-мәтелдер бойынша және сергіту сәті мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Бұл сабақта мұғалім бір ғана кестені тірек ретінде алып, сол кестені сабақтың үш кезеңіне де пайдалана отырып, балалардың мәтін мазмұнын толық игеруіне қол жеткізді және соңынан оқушылар Ыбырай Алтынсарин заманындағы қазақ даласындағы алғашқы мектептердің ашылуы, оқуға қабылдау туралы мағлұматтар алады. Сабақты бүгінгі өмірмен байланыстыруға да мүмкіндік бар.






















Сабақтың тақырыбы: Кітаптар мұңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтіндегі негізгі ойды түсінуге көмектесу.

Дамытушылық: ой-өрісінің, тілінің, мәнерлеп, түсініп оқу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп, жақсы көңіл күй қалыптастыру үшін мадақтаулар айту.

Ұқыпты бала кітапты түптеп тастады,

Ұқыпсыз бала кітапты бүктеп тастады,

Жұмысын басқаға жүктеп тастады.

II. Жаңа сабақты түсіндіру.

Кіріспе әңгіме.

  1. Кітап неге мұңаяды деп ойлайсың?

  2. Мәтінді оқушылардың таныс емес сөздерді белгілей отырып өз бетінше

оқуы. Сөздік жұмыс.

3. Мәтін бойынша тапсырмалар орындау.

а) Мәтіннен кітаптардың арманын тауып оқы.

ә) Ұқыпты оқушының кітабын қалай ұстайтынын тауып оқы.

б) Оқушыға кітаптың тигізер пайдасын тауып оқы.

в) Кітапты шығару үшін жұмыс істеген адамдардың еңбегін айт.

г) Кітаптың ұқыпсыз оқушыға ренішін тауып оқы.
Мәтінді рөлге бөліп оқу, мазмұнын жалғастыра сөйлеу.

III. Сабақты бекіту.

  1. Әңгіме неге «Кітаптар мұңы» деп аталған?

  2. Кітап туралы мақал-мәтелдер айт.

IV. Сабақты қорыту.

  1. Мен кітапты қалай ұстаймын?

2. Кітап атынан оқушыға хат жазып көр.

V. Үйге тапсырма беру.












Сабақтың тақырыбы: Автобиографиялық әңгіме. Ғ. Мүсірепов.

Сабақтың мақсаты: жазушының автобиографиясы арқылы әңгіменің мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру; халық өмірінің шынайы бейнесі осы әңгімеде жатқанын байқату.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылығын ояту.

а) Плакаттағы мына өлең жолдарын аяқтауға тапсырма беру (оқи салып, бірден сөздер табу).

Мектебім, менің ... ! Байқамаппыз, шынымен,

Өзіңмен өтті .... Үш жылдың ... ... .

ә) Балалар, сендер төртінші жыл мектеп табалдырығын аттап отырсыңдар. Мектептен сендер білім алдыңдар, ал сендер не үйрендіңдер? (Мысалы, бір нәрсе жасауды, құрастыруды, т.б.).

Оқушылардың пікірлері (№1 кестедегі шеңбер ішіне) жазылады (әзірге шаршылар сызылмайды).

II. Мағынаны тану.

- Ал бүгін Ғ. Мүсіреновтің «Автобиографиялық әңгімесі» арқылы сонау өткен ғасырда сендер сияқты балалардың мектептен не үйренгенін білгілерің келе ме?

- Мәтінді іштей оқу. Мазмұнын түсіну.

- Ғ. Мүсіреповтің балалық шағындағы мектеп бейнесін әңгіме бойынша зерттеп, қорғап шығу (сызба, сурет, жазбаша сипаттау, топтау, т.т.).

3-сыныпта оқыған мәтіндердегі бұрынғы заман мектептерін еске түсіру.

Шәкірт бала Ғабиттің мектептен не үйренгенін сызбаға қосымша түсіру (№1 сызбаға шаршының ішіне).

Оқушылар осы жұмыс арқылы қорытынды ой түйіндеу үшін қандай сұрақ қояр едіңіз? (Салыстыру, дәлелдеу, т.б. Мысалы, қай мектеп көп үйреткен екен?). Жұмысты қорытындылау кезінде алда үйренетін нәрсенің көп екенін ұғынуы керек..

- Балалар, сендерді Ғабит заманындағы мектептен не таңдандырды? (Мәтіннен тауып, оқып береді).

- Ғабиттің мектебінен саған ұнағаны не?

- Баланың мұғалімі айтқан сөздер соншама жылдардан кейін де ұмытылмағаны қалай?

III. Ойтолғау.

- Балалар, сендер осы әңгімеден заман өзгерген сайын білім беру орындары да, адамның әмірі де өзгере беретінін байқадыңдар. Себебі сендер әңгімедегі Ғабиттің заманын таңдана оқып шықтыңдар. Олай болса, келешек замандағы мектеп бейнесі қиялмен қандай болғанын қалар едіңдер. Ендеше, «Болашақтың мектебі» атты жоба жасап шығыңдар. Шығармашылық жұмыс сынып оқушыларының мүмкіндігіне қарай тапсырылатынын есте ұстау керек. Бұл сабақтың мақсаты біз үшін тек мәтін мазмұнын қуалау емес, мектеп,
білім беру, балаға үлгі болар мұғалім бейнесі басты мәселе болғандықтан, сабақ мазмұны осылай қарай бұрылды. Егер сіз басты мәселе әңгіменің басқа жағы маңызды десеңіз, ол сіздің қалауыңызда...


Сабақтың тақырыбы: Арман мен ақыл.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: өлеңнің негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.

Дамытушылық: танымдық қабілетінің, ой-қиялының дамуына ықпал ету; сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: еңбекті сүюге, білімге, өнерге құштар болуға тәрбиелеу.

Сабақтың кернекілігі: мамандыққа байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

1. Ойын «Кімге не керек?»

күйші қару

актер ән

ұшқыш домбыра

әнші сахна

батыр ұшақ

2. «Осы аталған және басқа мамандың иелеріне ортақ не керек?» деген сұраққа әр топ өз жауаптарын береді.

II. Мағынаны тану.

  1. Сенің арманың қандай?

  2. «Арман мен ақыл» өлеңін іштей, түсініп оқып шығады.

  3. Әр топқа тапсырма:

- Күйшіге сипаттама бер, атақты күйшілерді ата (қазіргі күйшілерді еске салу).

- Әнші туралы айт, әншілерді ата.

- Биші туралы айт, бишілерді ата.

- Батырлар туралы айт, батырларды ата.

- Ғалымдар туралы айт, білетін ғалымдарыңды ата.

- Өлеңде білім-ғылым туралы не айтылған?

- Өлеңнің «Арман мен ақыл» деп аталуы неліктен?

- Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айт.

- Өз туысқаның, ата-анаң қандай мамандың иелері?

- Өлеңді мәнерлеп оқы
Ш. Ойтолғаныс.

«Кім болам?» тақырыбына шығарма жазу

IV. Үйге тапсырма.

Өлеңді өз ойынан жалғастырып көру.








Сабақтың тақырыбы: Ақкөл жағасында.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтіннің мағынасын түсінуге көмектесе отырып,

А. Байтұрсынұлы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: танымдық, есте сақтау, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: білімді сүю, елжандылыққа, адамгершілікке баулу.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

1. «Не өзгерді?» ойыны. Тақтаға киіз үй, бала, арба, балық, кітап суреттерін ретімен орналастыру. Балалар суреттің орналасу ретін естеріне сақтап алады. Содан соң көздерін жұмады. Балалар көзін ашып, орны ауыстырылған суретті табады.

2. Осы сөздер бойынша топқа бөлінеді.
II. Мағынаны тану.

1. Осы тірек суреттер арқылы мәтін мазмұнына болжау жүргізу.

2. 5 бөлікке бөлінген мәтінді оқушылар жұмыс топтарында жан-жақты талқылайды.

3. Түсініксіз сөздерді анықтап, пікір алмасады.

4. Отбасы топтарына келіп, мәтінді 1-2-3-4-5-ретпен әңгімелеп түсіндіреді.

5. Төмендегі тапсырмаларды мұғалім әр топқа бөліп береді.
Мәтіндегі жұмбақты көшіріп жазып, жатқа айтады.
Мәтін ішіндегі жаңылтпашты тауып жазады, жатқа айтады.
Ахмет Байтұрсынұлы мен балалардың сөздерін рөлге бөліп оқиды.

Мәтіндегі кісі аттарын теріп жаз, олар туралы не айтасың?

Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер айт.

Әр топ өздері оқыған бөлімдерін реті бойынша әңгімелейді.

Ахмет Байтұрсынұлы кім?

Ахмет Байтұрсынұлы - (1873-1937) көрнекті ғалым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, үлкен ағартушы және бірқатар оқу құралдарының авторы. Қазіргі Торғай облысының Сарытүбек деген жерінде туылған.

III. Ой толғаныс.

Мәтінге сүйеніп, Ахмет Байтұрсынұлына мінездеме беріп көр.

IV. Үйге тапсырма.

А. Байтұрсынұлы туралы қосымша материалдар жинақтау.

III. Ой толғаныс.

Мәтінге сүйеніп, Ахмет Байтұрсынұлына мінездеме беріп көр.

IV. Үйге тапсырма.

А. Байтұрсынұлы туралы қосымша материалдар жинақтау.






Сабақтың тақырыбы: Күз. М. Дулатұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту; сипаттай білуге үйрету; теңеу сөздерді дұрыс қолдана білу.

Дамытушылық: сөйлеу тілдерін жетілдіру, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: еңбек сүйгіштікке, табиғатты сүюге, өзіндік пікірін білдіруге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: күз көріністері, альбомдар, суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

1. Бұлттар төніп, Бой жаза алмай,

Жерге шөгіп. Ойнай алмай,

Дымқыл тұман басады. Денең мұздап тоңады.

Шөп сарғайып, Айтыңдаршы, бөбектерім,

Өзі тойып, Бұл қай кезде болады?

Дала сұры қашады. Ш. Ахметов.

Сұраққа жауап бере отырып, оқушылар күз мезгілін суреттейді.

  1. Топтастыру.

II. Мағынаны тану.

1. Күзгі суреттерді көру.

2. М. Дулатұлының «Күз» шығармасын өздері оқиды.

3. Сөздік жұмыс жүргізіледі.

4. Сұрақтарға жауап бер:

  • Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Адам өмірінде ше?

  • Жануарлар әлемінде ше?

5.А. Құнанбайұлының «Күз» өлеңін оқу.

6. Шумақпен бөліп оқу.

7. Өлең жолдарын қара сөзбен айтып көр.

8. Тапсырма.

  • Күз мезгілінің ерекшеліктерін жаз.

  • Жыл құстарын жаз, олар туралы білетініңді айт.

  • Күзде жапырақтың түсу себебін түсіндір.

  • Жұмбақты шеш, өзің тақырыпқа сәйкес қандай жұмбақ білесің?

III. Ой толғаныс.

5 жолды өлең жаз. Мысалы:

Зат есім (1 сөз) күз.

Сын есім (2 сөз) алтын, күрең.

Етістік (3 сөз) сарғайды, дайындалды, жиналды .

Сезімді білдіретін сөйлем (4 сөз).

Алтын күз қандай көрікті!

Синоним (1 сөз) мезгіл.

Жаңа алған мәліметтерін пайдалана отырып, топтастыруды толықтырады.

IV. Үйге тапсырма.

  1. Күз тақырыбына сурет сал.

  2. Күз көріністерінен шағын кітапша жаса.



































Сабақтың тақырыбы: Алғыс. М. Төрежанов.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтіндегі негізгі ойды түсінуге жағдай жасау.

Дамытушылық: танымдық, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: мейірімділікке, еңбекқорлыққа, шыншылдыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: жеміс-жидек суреттері.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

1. Тақтаға жеміс-жидектер суреттері ілінген. Оқушылар М. Әлімбаевтың «Бау-бақшада» өлеңін айта отырып, аты аталған жемістер мен көкөністердің атауын теріп жазады. Мысалы:

1. Күзде пісті алма,

Алқызылын таңда.

2.Аулада бар бүлдірген,

Жалықпай тер бір-бірден.

  1. Қарт ұнатып, жас қалап,

Жейтіндері - асқабақ.

  1. Кәдуілгі помидор,

Витаминді нәрі мол.

II. Мағынаны тану.

1. Топтастыру.


2.Топырақ
Күн
Адам сөздері бойынша топқа бөліну.

Су
Жер

  1. «Алғыс» мәтінін әр топ өздеріне берілген бөлім бойынша түсіпіп оқып,

талқылайды. Сөздік жұмысы жүргізіледі.

Мәтін жан-жақты талқыланғаннан кейін мынадай тапсырмалар беріледі:

а) Мәтінге сүйене отырып, дүниетану пәнінен алған білімдері бойынша әр топ өздерінің тобының атауы болған сөздің тіршілік үшін қаншалықты қажеттігін дәлелдейді.

1. Өз аттарына сәйкес мақал-мәтел айту.

2. Мәтінді рөлге бөліп оқу.

3. Мәтін неліктен «Алғыс» деп аталған?

III. Ой толғаныс.

«Алғыс» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.

IV. Үйге тапсырма.

Алғыс алған сәттерін әңгімелеуге дайындалу. «Алғыс» мәтінін оқып, мазмұнын айту.

Сабақтың тақырыбы: Анна апайдың бақшасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын түсінуге, негізгі идеясын, ойын ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық:оқушылардың ойын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: ұрлық жасамауға, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой-қозғау, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.
Үш топқа тапсырмалар беру.

- Мағынасын қалай түсінесіңдер?

1-топ. «Өлімнен ұят күшті».

2-топ. «Жақсы жүрген жеріне кент салады. Жаман жүрген жеріне өрт салады».

3-топ. «Сенің әрбір қылығың басқаларға әсер етеді, қасыңда адамдар барын ұмытпа».

В.А. Сухомлинский

2. Мағынаны тану.

а) Мәтінді оқу. Талдау. Жаңа сөздермен жұмыс. Сұрақтарға жауап беру.

ә) Балалардың іс-әрекеттері жайлы оқушылардың ойларын тыңдау.

б) Жеміс-жидекті жуып жеу және оны өзінен кішілерге түсіндіру керек екендігін айту.

в) Мәтінді рөлге бөліп оқыту.

3. Ой толғаныс.

Енді әр топ сабақтың басында берілген мақалдар мен нақыл сөздің мағынасы бойынша айтқан ойларын ары қарай толықтырады. Осы әңгімеден кейін қандай ой түйіндей аласың?

III. Үйге тапсырма беру.

Әңгімені түсініп оқу, мазмұнын ашу.















Сабақтың тақырыбы: Ақбидай. Ө. Қанахин.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтіндегі негізгі ойды түсінуге жағдай жасау.

Дамытушылық: есте сақтау, ойлау, танымдың, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: еңбекті сүю, бағалауға, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: бидайдың суреті, егін жинауға байланысты сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

«Құмырсқаның қанағаты» әңгімесін оқып беру.

II. Жаңа сабақ.

Топтастыру.


2. Оқушылар мәтінді таныс емес сөздерді белгілей отырып оқиды.

3. Мәтінге сүйеніп, мына сұрақтарға жауап тап:
а) Ақбидай қандай жағдайға душар болды?

ә) Мәтін бойынша Адамды суретте. Мысалы: Садақ асынған, қолында найзасы бар аңшы. Ойлы, еңбекқор. Достыққа берік. Мейірімді, кеңпейіл, т.б.

б) Табиғатта қандай өзгеріс болды?

в) Жақсылыққа жақсылық жасау туралы қай бөлімде айтылған?

4. Мәтінді жалғыстыра оқыту.

5. Негізгі ой қай жолдарда айтылады?

6. Мәтінге басқа қандай тақырып қояр едің?

7. Өлең оқып беру:

Жерден асқан жоқ жомарт, тақсыр ұлы,

Жақсылықтың жүз есе жақсылығы.

Түйір дәнге береді тұтас масақ,

Оралады орман боп оқ шыбығы.

III. Сабақты бекіту.

«Ас атасы - нан» тақырыбына әңгіме жаз.

IV. Сабақты қорытындылау.

Нанға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

Өз отбасыңда нанды қалай құрметтейді?

V. Үйге тапсырма:

«Нанның пайдасы» туралы қосымша материалдар жина.

Сабақтың тақырыбы. Туған жер. Ө. Қанахин.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтін мазмұны мен идеясын ашуға, мәтіндегі көркемдегіш құралдарға көңіл бөле отырып, талдауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту; тез, өнімді жұмыс арқылы уақытты үнемді пайдалана білу мүмкіндігіне дағдыландыру.

Тәрбиелік: өзгенің де пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жағдай туғызу; туған жерге деген сүйісненшілік сезімдерін тек қана туған тіл арқылы ғана жеткізуге болатынын сезіндіру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: Қазақстан картасы, табиғат суреттері немесе үнтаспа, бейнетаспалар, интерактивті, болмаса, жай тақталар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Топ болып зерттеу» стратегиясы, «Топтау» сызбасы, туған жер туралы әндер.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Туған жер

Дала

Байлық

Қорғау топтарына бөлініп отыру.

  1. Осы төрт сөзді пайдаланып, 5-6 минутта қысқаша мәтін құрастырып

жазып шығу.

2. Жазылған мәтінді оқушылар өз топтарында оқып талдайды да, әр топтан бір оқушының жазғанын сыныпта оқу ұсынылады.

2. Мағынаны тану.

«Туған жер» мәтінінің бірінші, екінші абзацын оқу. Оқығанын өзінің жазған мәтінімен салыстыру.

Бұл салыстыру кезінде баланың туған жер туралы, оның даласы, байлығы туралы жазғаны және оны қалай қорғау керектігі туралы ойы, идеясы автормен қалай ұштасқаны талданады. Әр оқушының жазған мәтіндерінің біреуінде бір ерекшелігі болмауы мүмкін емес, сондықтан салыстыру кезінде «Иә, Асан автор сияқты туған жердің кеңдігіне көбірек көңіл бөлсе, Айнаш туған жердің өсімдіктері мен байлығы туралы жазған екен. Ал автор ары қарай туған жер туралы тағы не жазғанын оқығымыз келе ме?» деп, мәтінді ары қарай оқуға мүмкіндік беру.

Оқушыларға оқып отырғанда пейзаж, яғни табиғат суреттеуін тауып оқу тапсырылады.

- Балалар, туған жерге қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер? Осы сұраққа мәтіндегі қай сөйлеммен жауап беруге болады. (Іздеу, оқып беру).

Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар топтамасы бойынша да қызықты жұмыстар жүргізуге болады.

Мысалы, туған жер сөзіне синонимдік қатар құрастыру немесе сол сөздерді мәтіннен іздеу.

3. Ойтолғау.

а) Туған жерге 5 жолды өлең құрастырылса, өте мағыналы (жұмыс болар еді.

ә) - Балалар, жазушы өзінің туған жеріне қандай сезімдерін білдірген?

- Иә, ақындар өлең арнап, композиторлар ән шығарып, туған жерін әркім еске алын отырған. Ендеше, барлығымыз бірігіп туған жер туралы ән орындайық деп, сабақты көңілді әнмен де аяқтауға болады.

Үйге тапсырма беру кезінде балаға қара сөздерден де шамасы келетін үзінділерді жаттауға беруге болады.


Сабақтың тақырыбы: Көкшенің кеудесінде.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, Көкше табиғаты туралы түсінік алуларына жағдай жасау.

Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, байланыстырып жазу, сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: табиғатты сүюге, көркейтуге, демалысты дұрыс ұйымдастыра білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Көкше көріністері, Жұмбақтас, Оқ-жетпес суреттері.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Жұмбақтас, Оқжетпес суреттері, олар туралы аңызды айтып беру.

II. Мағынаны тану.

1. Мәтінді түсініп, зерттеп оқу.

2. Тапсырмалар орындау.

- Көкше табиғатын суреттеп айт.

- Көкше табиғатын асқақтатып тұрған көркемдеуші теңеу сөздерді жаз.

- Көкше табиғаты авторға не дегендей болды?
- Мәтінді әңгімелеп айт.

III. Ой толғаныс.
Әр топқа тапсырма.

«Кербез Көкше», т.б. мұғалімнің қалаған тақырыбы бойынша шығарма жаз.

Көкше табиғатына өлең жазып көр.

IV.Үй тапсырмасы.

  1. «Көкше көрінісінің» суретін сал.

  2. Көкшенің біз білмейтін құпияларын оқып, біліп кел.

















Сабақтың тақырыбы: Алтай.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Алтай тауы туралы толық түсінік алуларына жағдай жасау.

Дамытушылық: танымдық есте сақтау, байланыстырын сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: елін, жерін, тарихын білу, оларды құрметтеу. Мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерінің оянуына әсер ету.

Сабақтың кернекілігі: карта, суреттер.

Сабақты өткізу әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру.


Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.

Қазақстандағы тау аттарына байланысты топ құру. Мысалы: Алатау, Алтай, Мұғалжар, Ұлытау, т б.

II. Мағынаны тану.

1. Әр топ өлеңді оқып шығады.

2. Әр топқа тапсырмалар беріледі:

а) Алтайдың табиғаты туралы жаз.

ә) Жануарларын жаз.

б) Кен аттарын жаз, соңғы шумақты түсіндір.

в) Мәнерлеп оқы. Картадан Алтай тауын көрсет.

3. Әр топқа мына мәтін таратылын беріледі:


Алтай


Алтай тауы жүйесі - Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 шақырымға созылып жатыр. Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы -Ақтау (Мұзтау), оның биіктігі 4056 м. Алтай тауларының Қазақстандағы бөлігі геологиялық тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кеңді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалбажотасы. Алтайда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б металдың кентастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Алтайдың қысы суық әрі ұзақ, жазы салқын. Таудың басты өзендері - Ертіс, Обь, Енисей салалары. Монғолиядағы Қобда өзені де Алтайдан басталады. Алтай тауларының өзендерінде 70-тен астам сарқырама, 3500-дей көл бар. 1000-нан астам мұздақтар бар. Орман Алтайдың 70%-ын алып жатыр. Жануарларынан қасқыр, көртышқан, сарышұнақ, қоңыр аю, марал, бұғы, елік, күдір, сілеусін, барыс, бұлғын, құндыз, тиін, қоян, түлкі, суыр, таутеке; құстардан ұлар, құр, шауқарға, тоқылдақ, шіл, кекілік, үкі, тырна, үйрек, т.б. құстар бар.

4.Жоғарыда берілген тапсырмалар осы мәтін оқылғаннан кейін толықтырылын жазылады.

5. Әр топ жұмбақты, мақал-мәтелді, жаңылтпашты түсіндіреді.

III. Ой толғаныс. 5 жолды өлең жазу.

IV. Үйге тапсырма.

  1. Өлеңге әуен таңдап оқы.

  2. Өлең бойынша сурет салып көр.


Сабақтың тақырыбы: Туған жердің тасы да танымал.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтіннің мазмұнын түсінуге, Қ.И. Сәтбаев туралы білімдерінің кеңеюіне жағдай жасау.

Дамытушылық: ой-қиялының, танымдың қабілеттерінің, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: елін, жерін сүюге, еліне еңбек етуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: карта.

Сабақты өткізу әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, репродуктивті.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе әңгіме жүргізу. Суретпен жұмыс. Қ.И. Сәтбаев кім? Кестенің бірінші бөлігін толтыр.


Білемін

Білдім



2.Мәтіндегі түсініксіз сөздермен жұмыс істей отырып оқу.

3. Мәтін бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды орындау:

а) Британ музейін қалай суреттеген?
Қосымша мәлімет:

Музей - Лондонда орналасқан әлемдегі ірі музейлердің бірі. 1753 жылы негізі қаланған. Ежелгі Мысыр, Месопотамия, Ежелгі Грекия мен Көне Рим, Еуропа, Азия, Африка елдері мен халықтарының өнер және мәдениет ескерткіштері, гравюра, сурет, металл ақша, медальдардың бай қоры бар. 7 млн-нан астам кітап, 105 мыңдай қолжазба және ежелгі Мысыр папирустары сақтаулы.

ә) Гидпен пікірталасын тауып оқы, пікірталастың себебін түсіндір.

б) Сәтбаевқа келген хатта не туралы жазылды?

в) Қ.И. Сәтбаевтың туған жердің сұр тасы туралы ойын жазып ал.

4. Картадан аталған жерлерді, яғни Лондон мен Жезқазғанды көрсету.

Қосымша мәлімет:

Жезқазған - Қазақстандағы түсті металлургия орталығы. Жезқазғанның тарихы ұлы ғалым, академик Қ.И. Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қалада Сәтбаевқа (1999 ж.) ескерткіш орнатылған. Іргесі дүние жүзіндегі аса ірі Жезқазған мыс кенін игеруге байланысты 1907 жылы қаланған.

III. Сабақты бекіту.

1. Мақал-мәтелдерді жазып, мазмұнын мәтінге сәйкес түсіндір.

2. «Білдім» деген жоғарыдағы кестенің екінші бөлігін толтыру.

IV. Сабақты қорыту.

  1. Мәтіннің бұлай аталуы неліктен?

2. Алматыда Қ. Сәтбаев есімімен байланысты қандай көше, жоғары оқу орны, геологиялық ғылыми орындар бар?

V. Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып, мазмұнын айту.

Сабақтың тақырыбы: Қарағанды.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтінді түсіне отырып, Қарағанды туралы түсінік алуларына көмектесу.

Дамытушылық: танымдық, есте сақтау қабілетінің, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: елін, жерін сүю, тарихын білу.

Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, топтамалар.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Топтастыру жаса:

II. Мағынаны ашу.

  1. Мәтіннің бірінші бөлімі оқылады, бөлімде не туралы айтылғандығы

туралы талқыланады, жоғарыдағы топтастыруға толықтырулар енгізіледі.

  1. Мәтіннің екінші бөлімі оқылып, талқыланылады, топтастыру

толықтыралады.

  1. Мәтіннің үшінші бөлімі оқылып, талқыланылады, топтастыру

толықтыралады.

4. Мәтін бойынша келесі тапсырмалар орындалады.

а) Әр бөлімге ат қой.
ә) Көмір туралы айт.

б) Шахта туралы айт.

в) Қазақстанның кен байлықтары туралы жаз.

г) «Қарағанды» мәтінін оқы.
Қосымша мәлімет:

Қарағанды 1932 жылы құрылған. Ақмола, Павлодар, Семей, Жезқазған облыстарымен көршілес жатыр. Жер көлемі 117,9 мың шаршы шақырым. Қарағанды мен Алматының арасы - 1096 шақырым. Облыс минералды шикізат қорына аса бай. Бірінші орында - тас көмір. Қарағандыда республика бассейнінің тас көмірінің 30%-ы, ал кокс көмірінің 100%-ы орналасқан. Облыстың шығысында темір рудасының кен орындары бар. Облыс 9 ауданға, 6 қалаға, 15 қалалық ыңғайдағы поселкелерге бөлінген. Қысы суық, жазы ыстық. Үлкен өзені -Нұра өзені. Облыс экономикасы үшін Ертіс - Қарағанды каналының рөлі зор. Облыс қалалары Абай, Қарқаралы, Теміртау, Шахтипск. Облыс жеріп Павлодар - Қарағанды -Шымкент мұнай құбыры басып өтеді.

III. Ой толғаныс.

IV. Үйге тапсырма.

  1. Қазақстанның өндіріс орындары туралы сұрастырып немесе оқып біл.

  2. Мақалды жаз, жұмбақты шеш

Сабақтың тақырыбы: Тоқсан жолдың торабы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Қазақстан жеріндегі жолдар туралы түсінік алуларына көмектесу.

Дамытушылық: танымдық, есте сақтау, өздік және топпен жұмыс істеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: елін, жерін, мәдениетін сүю, ол туралы білу.

Сабақтың көрнекілігі: карта, үшаң, пойыз, жеңіл машина суреттері.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Жұмбақтарды шешу.

Құстан аумайды,

Көкте заулайды.

(Ұшақ)

Қатар жатқан қос білек,

Үстінен келер күш үдеп.

(Теміржол)

  1. Мағынаны тану.

  1. Өлеңді оқып, түсіну, талдау.

  2. Өлеңде аталған өзендер туралы қосымша мәлімет.

Есіл - Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Ұзындығы - 2450 км. Петропавл қаласынан жоғары 270 шақырымға дейін созылып жатыр және Викулово сағасына дейін кеме жүзеді.

Жем, Ембі - Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып етеді. Ұзындығы 712 км.

Тобыл — Қостанай облысындағы басты өзен.

Нұра - Қарағанды облысындағы басты өзен.

  1. Тоқсан жолдың торабы деген сөзді түсіндір.

  2. Қазақстан теміржолы туралы айт.

  3. Әуе жолы туралы мәлімет. Әуемен жолаушылар, пошта, жүк тасиды. «Эйр

Қазақстан» әуе компаниясының ұшақтары 37 әуе жолы бағыттарында ұшады. Қазақстандағы ішкі және халықаралық әуе жолдарының жалпы ұзындығы 76320 км шамасында (1999 ж)

III. Ой толғаныс.

1.

  1. Жеке-жеке сипаттап айт.

IV. Үйге тапсырма.

  1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.

  2. Жолдар, өзен-көлдер туралы жұмбақ жина.


Сабақтың тақырыбы: Ырыс — Сыр (аңыз).

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: аңызды оқып, мазмұнын түсінуге, оның идеясын ашуға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: мәтін бойынша туған жер мен адам арасындағы байланысты ашу арқылы оқушының шығармашылық дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: жерді, елді сүю арқылы оның бағасын түсіну, азаттық пен еркіндік адамзат баласының арманы екенін сезінуге жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі және қолданылатын құралдар: Қазақстан картасы, тақта, плакат, бор, маркер.

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылығын ояту.

- Ырыс деген не?

- Құт, береке, байлық.

- Осы ырыс қайда деп ойлайсыңдар?

II. Мағынаны тану.

Сұраққа жауап тыңдалғаннан кейін:

- Ырыстың қайда екенін білгілерің келсе, «Ырыс-Сыр» атты аңызды оқыңдар деген тапсырма беріледі. Мәтін бойынша тапсырмаларды таңдаңыз.

1. Мәтіндегі өз басының еркіндігі жоқ адамдар кімдер?

2. Жас ұрпаққа ақылшы бейнесіндегі кейіпкер кім?

3. Ақылшы қарияның олар үшін ең маңызды сөзін (сөйлем) тауып оқу.

4. Ағайынды жігіттер өмір сүрген жерлермен карта бойынша жүріп өту. Масштаб арқылы жеріміздің кең-байтақ екенін анықтап (3-сынып оқушыларының шамасы жетеді), ойша саяхат жасау, олардың жолдарын сызу... (Осы арқылы мәтіндегі жер-су аттарымен жұмыс жүргізіледі).

5. Сөздік жұмысы.

III. Ойтолғау.

- Аңыздағы жағымсыз кейіпкерлер қайсысы? Олардың әділетсіздігінен қалай құтылу керек деп ойлайсың?

«Ағыбай мен Арнабайды қинаған айдаһардан басқаларды құтқару жолын ойлап тап» деген тапсырма беру арқылы ертегіні жалғастыруды тапсыруға болады.

Мысалы: «Ел қатарлы өмір сүріп, Ағыбай меп Арнабай да есейді. Бірақ оларды «Қатыгез айдаһардан халықты қалай құтқару керек?» деген ой мазалай берді» деп бастап, «Айдаһармен айқас» немесе басқаша тақырыппен аңызды әрі қарай жалғастырып, аяқтау. Балалардың шешімінен әртүрлі ойларды байқауға болады. Дегенмен міндетті түрде айдаһарды өлтіру керек емес екенін есіңізге ұстаңыз да, баланың кез келген шешімімен келісіп, ойына құрметпен қараңыз.

- Балалар, біз неліктен айдаһарды бағындырдық?

Бұл сұрақ арқылы адамның еркіндікке ұмтылуы - өмірдегі басты мұраты екенін аңғарту. Осы сұрақ арқылы сабақ қорытындыланады. Себебі жері бар болса да, ағайынды жігіттер еркін өмір сүре алмады. Ал бүгінгі егемен еліміздің тіршілігі мен бақыты еркіндікте екенін меңзеу.

II. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе әңгіме.

- Батырлар жыры туралы естігенің бар ма?

Ауыз әдебиетінің халыққа ең көп тараған түрі батырлар жыры. Бұл жырды ерте кезде ақындар шығарса, жазу болмағандықтан айтқан адамның аты ұмытылып, ауызша тараған. Сондықтан да ол ауыз әдебиетінің мұрасы саналады.

Жырдағы басты тақырып - ерлік, батырлық, тарихи оқиға. Батырлар жырында бейнелі сөз кестелері мол. Жырдағы көркем тәсіл - әсірелеу.

Мысалы «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың шабысын былай суреттейді. Жырды оқыту.

  1. Сөздік жұмыс.

  2. Сұрақтарға жауап беріледі.

  3. Жырды мәнерлеп, интонациямен оқыту.

  4. Тайбурылды сипаттап айт.

  5. «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқы.

  6. Алпамыстың батырлығын жырға сүйеніп сипаттап айт.

  7. Ертедегі батырлардың қандай қаруы болғандығын айт, қазіргі қарумен

салыстыр.

IV. Сабақтың бекіту.

  1. Ертедегі батырларды ата.

  2. Батырлар жырындағы ерлік, батырлық, ел қорғау тақырыптары

неліктен басты тақырып болды?

  1. Батырлар жырында тұлпарлар бейнесі қалай суреттелген?

IV. Сабақты қорыту.

Жырға сәйкес мақал - мәтелдер айт.


















Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырлау. Бөгенбай. Қабанбай. Наурызбай.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларды жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге түскен қазақ батырларымен таныстыра отырып, олардың ерліктерін насихаттау.

Дамытушылық: оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: қазақ батырларының, қару-жарақтардың суреттері.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақ.

  1. Батырлар туралы әңгіме жүргізу.

Батыр болып киелі,

Батыр болып бір кезде.

Батырлары баспапты,

Қарсыласқан дұшпанды

Қайратымен жасқапты.

Батырлар ғой, батырлар!

Жауға қарсы шапқанда

Халқын оңға бастапты.

- Бұл өлеңде кімдер туралы айтылған?

- Қандай батырларды білесіңдер?

- Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлармен, олардың ерлік істерімен таныстыру.

  1. Мақалды толықтыру.

Ер қаруы ... қару.

Қарудың аттарын атату (қылыш, найза, садақ, шоқпар, қалқан, мылтық).

Жұмбақтар шешкізу.

Қуыс қурайдың басынан,

Құтырған торғай ұшты.

(Мылтықтың оғы)

Қос құбыр,

Аузына іліккен

Тез құрыр.

(Мылтық)

  1. Өлең мазмұнымен жұмыс.

- Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

- Мазмұнын талдау.

- Оқушыларға тізбектей оқыту.

- Сөздік жұмысын жүргізу.

4. Сұрақтарға жауап беру.

- Батырдың бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Сендер батыр болуға дайынсыңдар ма?

III. Сабақты бекіту.

Мақал-мәтелдер

Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас.

Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.


Ер жігіт елі үшін туады,

Елі үшін өледі.


Батырдың қаһары - еліне қорған.

IV. Үйге тапсырма

Өлеңдерді мәнерлеп оқып келу.























Сабақтың тақырыбы: Батырдың ұрпағы. А. Жақсыбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: туған жеріміздің өткенінің де, жер-су аттарының аталуының да өзіндік тарихы болғанын, яғни ата-баба өмірімен байланысты екенін түсінуге мүмкіндік жасау.

Дамытушылық: өз бетімен және топта жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: елді, жерді тану арқылы патриоттық сезімдерге тәрбиелену мүмкіндігін іске асыру.

Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер жазылған плакат, Қазақстан картасы, қазіргі Павлодар облысының керікті жерлері жайлы альбом-кітап.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

«Ойды жинақтау» тапсырмасы.

Тақтада немесе интерактивті тақтада әр жолдары ауыстырылып қойылған мақал-мәтелдер жазылған. Оқи отырып, сол мақалдарды мағынасы ашылатындай жинақтап жазып шығу керек. Ескерту. Мұғалім міндетті түрде осы мақалдармен шектеліп қалмай, сынып оқушыларының мүмкіндігіне сай басқа мақал-мәтелдер де іздеп жазуға болады. Үлгі үшін бірер мақал-мәтелдер берейік.

Мысалы:

Өз елімнің басы болмасам да,

Ел даусыз болмас,

Сайының тасы болайын.

Ел үмітін ел ақтар,

Жер жаусыз болмас.

Батырлардың бары игі.

Ер атағын ел сақтар.

Ел шетіне жау келсе.

Балалар бұл мақалдардың ортақ тақырыбын ашқаннан кейін, осы тақырыппен байланыстыра отырып, мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырады. Оқушылар топтарға бөлініп отырғандықтан, әр топқа тапсырмалар беріледі:

1-топ. «...Осы ауылда...» деген жерге дейін мазмұнын түсініп оқу.

2-топ. «...Осы ауылда...» деген жерден бастап, «Содан былай халық бұл жерді «Қалмақ қырған» ден атап кеткен» деген сөйлемге дейін оқу.

3-топ. «Біздің ауыл жайлауға Шідерті өзеніне...» деген сөйлемнен бастап, «Сол жеңістен кейін бұл жер «Шүршіт қырған» аталып кеткен» деген сөйлемге дейін оқу.

4-топ. «Әлкейдің Олжабай батыр туралы әңгімені ести бергісі келеді» деген сөйлемнен бастап, «...Кейін Омбы музейіне бердік» деген сөйлемге дейін оқу.

5-топ. Қалғанын аяғына дейін түсініп оқу.

Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін бір-біріне сұрақ қояды. Егер сұрақ қоя алмаса, мұғалім сұрақ қоюды үйрету мақсатында өзі сұрақ қояды. Мысалы,

1-топқа:

Әлкей деген бала туралы бұрын не оқып едіңдер?

Егер сен де белгілі батырдың ұрпағы болсаң, қандай сезімде болар едің?

2-топқа:

Егер сен «Қалмақ қырған» жеріне зерттеуші (археолог) болып бара қалсаң, сол жерден не іздер едің? (Қиялдау).

3-топқа:

Батыр Олжабай халыққа қандай ұран тастады?

4-топқа:

Сары ала ту, жылтыр қара тас, қайқы қылыш, жалпақ белдік туралы бір сөйлеммен не айтуға болар еді?

5-топқа:

Олжабай батырдың Шойынкөлдің атын өзгертуіне қалай қарайсыңдар?

3. Ойтолғау.

Берілетін тапсырмалар:

- оқыған мәтін бөліктеріне ат қою;

- түснбеген сөздерді түртіп алу.

- Сонымен, бүгін біз қандай батырлармен таныстық?

- Олжабай батырдың бойындағы өздеріңе ұнаған жақсы қасиеттерін атап жазыңдар.

Бұл тапсырманы орындау үшін топтау сызбасын пайдалануға болады.

жауына мейірімсіз

халқын сыйлайды

ақылды

Отанын сүйеді

ержүрек

Мәтіндегі соңғы екі сөйлемді оқытып, мағынасын ашуға әрекет жасау, сол арқылы сабақ басындағы мақалдармен байланыстыра мәтін мазмұнындағы идеяны шығару.

- Балалар, батырлардың атымен аталатын қандай жер-су аттарын білесіңдер?

Немесе:

- Өздерің тұрған жерде қандай батырларға ескерткіштер қойылған?

Берілген тапсырмаларды мұғалім оқушылардың мүмкіндігіне, уақытты пайдалана алу дәрежесіне қарай таңдап, екшеп алуы тиіс.

Сабақ мазмұны оқылып жатқан тарау тақырыбын ашатынын үнемі ұмытпау керек.

Сабаққа қолданылуға арналған суретті альбом, портреттер баланың жерді тануына, бейнесі (визуальды) көз алдында қалуына көмегі тиеді. Ал картаны пайдалану аты аталған жерлер Қазақстанның қай аймағында екенін анықтауға, елді, жерді танып білуге қызмет етеді.




Сабақтың тақырыбы: Менің өмірім. Ж. Жабаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт-дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу.

Дамытушылық: оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.

Тәрбиелік: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Араласып кеткен оқиғалар», «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл ақын және Сүйінбай портреті.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Оқушылардан бүгін естіген жағымды сөздерін еске түсіріп, жазу сұралады.

Мысалы:

Қайырлы таң!

Сәлеметсіз бе!

Отырыңыз.

Кешіріңіз!

Дауысың жақсы.

Көмек керек пе?

Ештеңе етпес.

Иә, балалар, бүгін қайырлы күн, сәтті сабақ болсын! - деп, сабақтың басталатындығын хабарлап, үстел үстіндегі хатқалтаны әр топқа беру. Ескерту: Оқулықтың беті жабық болады.

2. Мағынаны тану.

Хатқалтада жаңа мәтін абзац бойынша төрт бөлікке бөлініп берілген (алдын ала мұғалім мәтінді бөліктерге бөлін, дайындап қояды). Оқушылар мәтінді оқып, мазмұны жүйелі болатындай етіп, әңгімені ретімен қойып орналастырып шығады. Топтағы жұмыс тез, өнімді, сапалы болу үшін балалар бір-біріне көмектеседі, ақылдасады.

Мәтін бөліктері:

Шу өзенінің бойымен жүгіре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларды көшіп-қонып жүрген.

Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып қойылыпты.

Бұл 1846 жылдың ақпан айы екен.

Менің әкем Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.


Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды.

Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді...

Менің ағам, әкемнің інісі, белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, ...бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді.

Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда, даусым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім.


Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым.

Үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сияпат көрсете бастады.

Он беске толғанда мен атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келдім де, әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:

- Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім, деді.




Қарт ақынның тілегі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, оны аспан әлеміне, нұрға бөлеп, таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, қолдауын сұрадым. Ол уәде берді.

Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді.


Бұл жұмыста оқушы не істеді?

  1. Мәтін мазмұнын түсінді. Егер түсінбесе, оны жүйелі орналастыра алмас

еді.

  1. Ақылдасып, жанындағыларды тыңдады, пікірлесті, дауласты, күдігін

айтты.

  1. Барлық бала өз бетінше жұмыс жасады.

Мәтіннің қалай құрастырылғаны жайында сұрастыруға болады. Мысалы:

- Қолдарыңдағы мәтін бөліктерін реттеу кезінде, неге бөліктерді осылай орналастырдың? Дәлелдеу.

- Осылай қоюға қай сөз немесе мәтіндегі белгі көмектесті?

Оқушыларға сұрақтар қойылады: :

- Сонымен, Жамбыл ақынның аты туралы не білдік?

«Батырдың ұрпағы» әңгімесіндегі жерге ат қоюға байланысты оқиғаны еске түсіру, салыстыру.

  • Жамбылды балалық шағында жаңсы сөзімен адамгершілікке

тәрбиелеген кімдер болды?

Бұл жерде Сүйінбай ақын туралы айтып кету керек. Ақынның

«Менің пірім - Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай»

деген өлең жолдарынан оның өмір жолында нағыз ұстаз болғанын атап өту.

3. Ойтолғау.

Жазылған ойларын әр топтан бір оқушы шығып оқиды. Осы оқылған пікір туралы не айтатындарын сұрау.

а) Мәтінде байқалған жақсы сөздерді теріп жазу, түртіп алу үшін қайта оқып шығу.

Жұмыс нәтижесі «Қызығушылығын ояту» кезеңінде оқушылар жазған сөздер қатарының жанына тізіліп жазылады.

ә) - Бала Жамбылдың кіршіксіз таза ойы, шын сыры қандай жақсы сөздерінен байқалады?

«Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді».

- Осы айтылған жақсы сөзге өз көзқарасыңды жаз.

Бұл пікірлерден бала Жамбылдың азамат болып қалыптасуына жақсы адамдар мен жақсы сөздердің, халқымыздың ежелден келе жатқан баланы жақсы әдет-ғұрыпқа тәрбиелеуінің үлкен мәні болғанын айта келіп, сабақ басындағы тақтада жазылған жақсы сөздерге қайта оралып, біз де өмірімізде жақсы сөз естіп, жақсы сөз айтып өмір сүрейік деген оймен қорытындылану керек.

Әртүрлі пікірлерден кейін өз пікірін оқыған бала қайтадан өзінің соңғы сөйлемін оқиды. «Сен өз пікіріңді өзгертпейсің бе?» - деген сұрақ қойылады.

Осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін оқушылар оқулық бетін ашып, мәтін ретін қалай қойып шыққандарын тексереді және кездескен түсініксіз сөздермен жұмыс жасалады, мәтін мазмұны бойынша жоспар жазылады, үй тапсырмасы беріледі.



















Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: автор жайлы мағлұмат бере отырып, өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

Дамытушылық: сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: табиғатты аялауға, мейірімді болуға баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, проблемалық.

Сабақтың көрнекілігі: С. Сейфуллиннің портреті, жыл мезгіліне байланысты суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды таңдап алған сөздеріне қарай 4 топқа бөлу:

1. Көктем. 2. Жаз. 3. Күз. 4. Қыс.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Алдымен жыл мезгілдерін еске түсіреміз.

1-сайыс. Әр топ плакаттағы суретке қарап, өз мезгілдері жөнінде пікір айтады.

Көктем тобы: Көктемде қар еріп, өзендерде сең жүреді. Әсем қызғалдақтар құлпыра жайнап, түрлене бастайды. Жеміс ағаштары гүл атады. Қайың мен терек жасыл жапырақтарын жаяды.

- Сендер көктемнің көрінісін осылайша суреттейді екенсіңдер, ал Абай атамыз былай суреттейді.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаз тобы: Маусым, шілде айларында төңірекке көз салып көріңізші. Ешбір көркем кілемнің бетінен табылмайтын, ғажап бояуларды көресіз. Далада жайқалып өскен гүлдердің хош иісі мұрын жарады. Абайдың «Жаздыгүні шілде болғанда» атты өлең шумағы айтылады.

Қыс тобы: Қыста айналаның бәрі ақ көрпе жамылғандай болады. Ағаштар аппақ гүл шоқтары тәрізді. Төңірек мүлгіген тыныштық. Ауа райы жиі өзгеріп, қатты аяз, боран болады. Өлең шумағы айтылады:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...

Күз тобы: Бұл мезгілде ешбір жыл мезгілінде қайталанбас байлық, молшылық болады. Топ-топ болып ұшқан құстар жылы жаққа кетеді.

II. Жаңа сабақ.

Автор жайлы мағлұмат беру. С. Сейфуллин Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында 1894 жылы дүниеге келген. Шығармашылықпен белсене араласқан. 1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімені жазды. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жасауға қатысты.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

  2. Сөздік жұмысын жүргізу.

Қызыл шұнақ - бет қаратпайтын аяз, үскірік.

2-сайыс. Әр топ С. Сейфуллиннің өлеңдерінен үзінді оқиды.

3-сайыс. Сұрақтарға жауап беру.

- С. Сейфуллин қай жылдары өмір сүрді?

- Қай қыстақта дүниеге келген?

III. Сабақты бекіту.

4-сайыс. Әр топ жыл мезгілдері туралы 3 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

IV. Үйге тапсырма беру.

  1. Өлеңді жаттау.

  2. Қыс мезгіліне байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.




































Сабақ тақырыбы: Төрт тілек. К. Ушинский.

Сабақтың мақсаты:

Бідімдік: Митяның тілегі мен көңілі барлық балаларға тән екендігін, табиғаттың кез келген мезгілінің әдемілігін көре білу керек екендігін түсінуге жағдай туғызу.

Дамытушылық: оқушыларды Табиғат-ананы сүю жай ғана сөз болмау керектігін ойландыру, проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беру.

Тәрбиелік: айналаға көз жіберу арқылы жанашырлық сезімдерінің оянуына себепші болу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: «ҚАҚ», «ҚА - ?» кестесі, түрлі түсті қағаздар, плакат, көктем бейнесі салынған сурет, кесте, Қ. Аманжолдың «Дауыл» өлеңінен үзінді.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

а) Ақ, сары, жасыл, қызыл түсті жолақшалар тақтаға ілінеді.

- Балалар, осы түстердің қайсысы қай жыл мезгілін бейнелей алады деп ойлайсыңдар?

Тақтада қыстың тұсына - ақ, көктемнің тұсына... түстер қойылып, содан кейін неліктен ол түстер таңдалып алынғанын оқушылар дәлелдейді. Мұғалім бұл жұмыстың орындалуына байланысты қорытынды ой айтады. Немесе:

ә) Оқушыларды қыс, көктем, жаз, күз топтарына төрт мезгіл бойынша бөледі.

2. Мағынаны тану.

- Балалар, бүгін біз сендермен «Төрт тілек» деген мәтін оқимыз. Оқушылар дауыстап немесе іштей оқып шығады. Мәтін көлемі шағын болғандықтан, бұл оқу уақытты көп алмайды. Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қою:

- Митя қыс кезінде не деді?

- Көктем келгендегі әңгімені жалғастыр?

- Жаз да шықты. Жаз қандай екен?

- Күз қандай? Митя әкесіне не деді?

- Әңгімені естігенде сенде қандай сезімдер пайда болды?

3. Ойтолғау.

Пікірталас үшін берілетін сұрақ:

- Балалар, Митя қандай бала? (Митяға мінездеме беруге әрекет).

Сабақтың қызығушылығын ояту, мағынаны тану кезеңдерінде де «ҚАҚ» - «Қосу - азайту - қызық» немесе (осы кестенің өзгертілген түрі) «ҚА-?» - «Қосу - азайту - сұрақ» (кесте авторы Э.де Боно) кестелерін қолдануға болады.


+

-

Қ










+

-

?









Жұмысты осылай ұйымдастыру даулы мәселе жөнінде пікірталас өткізу мақсатында жүргізіледі. Мәтінді оқу кезеңінде жаңа деректер мен ақпараттар кестеге түсіріледі:

  • құбылыстың жағымды жақтары - «+»;

  • құбылыстың жарымсыз жақтары «-»;

  • сонымен қатар баланы қызықтырған жайттар - «Қ» немесе оқу кезінде

туындаған сұрақтар - «?».

- Сонымен, Митя үшін жыл мезгілдерінің барлығы жақсы екен. Ал сендердің де осы Митя сияқты айтқан кездерің болды ма? Сенің тілегің қандай? Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Өздерің ұнатқан маусымды сипаттап жазып көріңдер.

Оқушылардың жазғандары оқылып, тыңдалады. Жазған эсселеріңде сипаттау бар ма екен? Өте аз болса да, сипаттайтын сөздерді іздеу. Себебі, біз балаларға сипаттау жаз дедік. Мысалы, ауасы таза, жылы, қоңыр салқын, аңқыған гүл мен шөп иісі... Егер оқушы жазбасында сипаттаулар жоқ болса, оның жұмысындағы сөйлемдердің қай жеріне өзгерту кіргізуге болады. Сонымен бірге бала өзінің ұнату себептерін дәлелдеп жаза алды ма? 3-сынып оқушысы үшін өте қарапайым талап қоя отырып, жазуға үйрету жұмысы біртіндеп жүргізіледі. Біріншіден, бала тапсырманың талабын нақты түсіну керек. Бұл - практикалық пайдалы жұмыс, баланы жазуға үйрету үлгісі. Екіншіден, жазба жұмысының талаптары мен стилін ажырата алмағандықтан, мақсатын білмегендіктен, оқушы шығарма, мазмұндама, сипаттау, мінездеме, тағы басқаларды жазуда сауатсыздық танытады.

Жазылған жұмыстың мазмұны бойынша да сұрақтар қойылады. Мысалы:

- Асан, сен жазды ұнатады екенсің, ал басқа маусым ұнамай ма?

- Балалар, табиғаттың бораны, қақаған аязы, дауылы сендерге ұнай ма? (Оқушылар пікірін тыңдау керек.)

- Қалай ойлайсыңдар, Митя табиғаттың тосын мінезін ұнатар ма еді? Ал мен сендерге Қасым Аманжоловтың «Дауыл» деген өлеңінен үзінді оқиын. Осы дауылға ақынның көзқарасы қандай екенін анықтап көріңдер. (Мұғалім үзіндіні жатқа айтса, өте әсерлі болар еді).

...«Дауыл! Дауыл!» дегенге,
Шықтық үйден дүркіреп.

Аспан түрды төбемде

Аласұрып күркіреп..

Мен дауылдың ұлымын,

Тұра алмаймын дауылсыз.
Қарсы алуға дайынмын,

Соқса да дауыл дамылсыз.

Ендеше, осы дауылды ақын өте жақсы көреді. Ол дауылсыз тұра алмайтынын жырлап, өзін осы дауылдың ұлымын дейді. Сондықтан табиғатты қандай күйінде болса да, Митя сияқты, ақындар сияқты сүйе білу керек.

- Айналаға қарасаңдар, адамның қателігінен табиғатқа көптеген жаманшылық жасалады. Сендер өз тұрған жерлеріңде осындай кемшіліктерді байқадыңдар ма? (Ауладан, көшеден, өзен жағасынан, құстар мен аңдар өмірінен,...) Үйге осы мәселені қосымша тапсырма түрінде беруге болады.

Жыл мезгілдері, табиғат құбылыстары туралы мақал-мәтелдер, қазақ халқының ауа райын болжаулары туралы мәліметтер жинастыруға немесе жұмбақтар жазып келуге тапсырма беруге болады. Бұл - мұғалімнің таңдауындағы жұмыс.


Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан тағылымы. М. Шаханов.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: өлеңді мәнерлеп оқу; өлеңдегі ақынның айтайын деген ойын ашатындай, оны Отанымыз тарихының үлкен беттеріне алтын әріппен жазылған көтерілісті оқушы түсінетіндей жағдайға әкелу.

Дамытушылық: ойын, қиялын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: отан сүйгіштікке, өз елін, жерін қорғай білуге, қаһармандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өткізудің әдіс-тәсілдері: ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау.

- Желтоқсан көтерілісі дегенде ойларыңа не түседі? (Әңгімелеу).

2. Мағынаны тану.

а) Мұхтар Шаханов жайлы әңгімелеу, суретін көрсету.
ә) Өлеңді мәнерлеп оқу. Талдау.

б) Жаңа сөздермен жұмыс.

в) «Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның», «Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы» деген жолдардың мағынасын түсіндіру.

г) Тәуелсіздік үшін өз өмірін қиған аға, әпкелер жайлы әңгімелеу. Суреттерін көрсету.

д) Оқушыларға мәнерлеп оқыту.

3. Сабақты қорытындылап, бекіту.

- Біз бүгінгі сабақтан не білдік?
4. Үйге тапсырма беру.

Өлеңнің өзіне ұнаған шумағын жаттап келу.

















Сабақтың тақырыбы: Мейірім. М. Құлибайұлы

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтінді оқи отырып, оның идеясы мен мазмұнын ашу.

Дамытушылық: байланыстырып сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: әдептілікке, мейірімділікке, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге баулу.

Сабақтың өткізудің әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақ.

Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
(шаңғы)

- Қыс мезгілі бәрімізге де ұнайды. Қыста Алматы қаласының көшелері тым ерекше өзгереді.

- Қыс айындары ең ерекше қай жерді білесіңдер? (Медеу мұзайдыны).

- Медеу мұзайдыны туралы мағлұмат беру.
Мәтінмен жұмыс.

1. «Мейірім» мәтінін түсініп оқу.
Мазмұнын түсіндіру.
«Мейірім» сөзінің мазмұнын ашу.


Мейірім


Кішіпейіл Ақкөңіл Қамқоршы Әдепті

  1. Оқушылар рөлге бөліп, тізбектей оқиды.

  2. Сөздік жұмысын жүргізу.

4. Мәтінді табиғат

ә) Балалар ойыны

б) Нұржанның қылығы

бөліктерге бөліп, ат қою:

а) Қысқы

в) Саматтың қамқорлығы

III. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Әңгімеде қыстың қандай күні суреттелген?

  2. Балалар ойыны қайда өтіп жатыр?

  3. Жол бойында ойнауға бола ма?

  4. Нұржан Саматты неге ойынға қоспады?

IV. Сабақты қорыту.
Самат пен Нұржанды салыстыра отырып, мінездеме беру.

- Сендерге қай кейіпкер ұнады, несімен ұнады?
V. Үйге тапсырма беру.

«Мейірім» мәтінін түсініп оқып, мазмұнын айту.


Сабақтың тақырыбы: Аязата. Б. Үсенбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушылардың қыс мезгілі, жаңа жыл мерекесі туралы түсінігін кеңейту.

Дамытушылық: сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту, мәнерлеп оқуға машықтандыру.

Тәрбиелік: адамгершілікке, табиғатты аялай білуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: қыс бейнесінің суреті, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық тренинг.

  1. Жаңа сабақ.

- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

- Жаңа жыл мерекесі бар.

- Жаңа жыл мерекесіне балалар кімдерді шақырады?

- Аяз ата мен Ақшақарды шақырады.

- Аяз ата қайдан келеді?

- Аяз ата суық жақтан бізге базарлығын алып келеді.

Оқулықпен жұмыс.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқыту.

  2. Мазмұнын ашу.

  3. Сөздік жұмысын жүргізу.

  4. Жаңылтпашты жатқа айтқызу.

Қар тайғанақтатар,

Тайғанақтамау үшін

Ат тағалатар.


Ақ мақта ақ қардан аппақ па?

Ақ қар ақ мақтадан аппақ па?

III. Сабақты бекіту.

- Аязата жайлы не айтар едің?

- Мерекенің қызықты өтуіне Аязата қалай қызмет етеді?

- Жаңа жылда қандай әндер орындалады?

«Жасыл шырша жанында» әні орындалады.

Жаңа жыл туралы сурет салдыру.

IV. Үйге тапсырма беру.
Өлеңді мәнерлеп оқу.

Аязата туралы өлеңдер жаттап келу.





Сабақтың тақырыбы: Не үшін? Қадыр Мырза Әли

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ақын өлеңіндегі тақырып пен идеяны ашуға мүмкіндік жасау; қазақ тілі пәнімен байланыстыру.

Дамытушылық: оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пікірлерін қолдау ниетін байқату, тақырыпты өмірмен байланыстыруға жағдай туғызу.

Тәрбиелік: жақсы сөздерге мән бере отырып, баланы ұлттық дәстүрде тәрбиелеуге, әсемдікті түсінуге жетелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, «Күміс қоңырау» және тағы басқа шығармалары.

Сабақтың барысы:

Тақтада қажетті деген құралдар ілулі, тарау тақырыбы жазулы.

Жақсы - Ай мен Күндей, әлемге бірдей.

1. Қызығушылығын ояту.

Мүмкіндігіне қарай оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады.

- Балалар, бүгінгі сабақта халқымыздың «Жақсы - Ай мен Күндей, өлемге бірдей» деген аталы сөзіне көңіл бөлеміз. Жақсы адам, жақсылық туралы тамаша сөздер сендердің алдарыңда жазулы жатыр.

(Әр топқа мақалдар берілген.)

«Жақсының жақсылығын айт».

«Жақсы - ісімен жақсы».

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен».

«Жақсыдан - шарапат, жаманнан - кесапат» (4 топқа).

Әр топ алдарындағы мақалды оқып, түсінгендерін талқылап, бір оқушы сынып алдында қорғауға шығады (ауызша). Әр топтың жұмысы қорғалғаннан кейін, тақтаға ілінеді. Мұғалім қазақ халқы жақсы адамды құрметтегендіктен, жақсыны үлгі тұтқандығын атап өтеді.

2. Мағынаны тану.

- Ал, балалар, ақын ағаларың Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін?» деген өлеңінің жақсы мен жақсылыққа қандай қатысы бар екендігін оқып, танысып көрейік. Оқушыларға өлеңді іштей оқу тапсырылады.

Оқып болған соң, әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ. 1-шумақ бойынша жақсы адам сипатын жазу.

2-топ. 2-шумақ бойынша жақсы адам сипатын жазу.

3-топ. 3-шумақ бойынша жақсы адам бейнесін жазу.

4-топ. Өлеңдегі «Не үшін керек?» деген сұраққа жауап болатын тіркестерді көшіру.

3. Ойтолғау.

Бұл кезеңді былай үйымдастыруға болады:

- Сонымен, балалар, жақсы адамның бейнесін сомдап шығарамыз. Оның бойынан қандай қасиеттерді көргілерің келеді? (Балалардың сөздері тізбеленіп, сурет бойына жазыла береді).

Мұғалім тақтаға плакат іледі. Онда адам бейнесі салынуы мүмкін (суретке қараңыз). Қызыл түсті маркермен балалардың сөздері жазыла бастайды:

- Осы жақсы қасиеттер сендердің араларыңдағы балаларда бар ма? Немесе жұмыс түрін былай да беруге болады:

- Өзің жақсылық деп ойлаған бір оқиғаны байқап қалған кезің болды ма? Сол жақсы қылықты 3-4-сөйлеммен жазып жеткізуге тырысып көрелік.

Оқушылардың жұмыстарын мұғалім аралап оқып көреді де, бірнешеуін оқытады. Әр жұмыстың жетістігі аталып өтеді.

- Бүгінгі сабақтағы ойлар «Не үшін?» өлеңін оқығандықтан туып жатыр. Мен сендерге өте қуанып тұрғаным, адамның бойындағы жақсы қасиеттерді, мінездерді көре алады екенсіңдер. Бұл - керемет қасиет! Ендеше сендер өздерің үшін қандай қорытынды ой шығарар екенсіңдер? Ол үшін мына сөздер көмектесер деп ойлаймын:


Не істеу керек?

Оқушылар осы сөздерге мағыналас тіркес сөздер іздеп табады.

Жақсыдан ...

Жақсымен...

Жақсының ...

Жақсыны ...

Жақсыда...

Бұл келешек өлең жазуға да сұранып тұрған тіркестер екенін байқатуға да болады.

Мұғалім сабақта бағалау жұмысын өзінің қалауымен жүргізеді.

Үй тапсырмасы:

- Балалар, сендерге өлең неліктен ұнады? Иә, егер өлең оқуға жеңіл болса, жаттап келіңдер. Мүмкін, біреулерің жаттап та алған боларсыңдар?

Мұғалім үшін әрбір сабақ - шығармашылық жұмыс. Сондықтан әдістемедегі көрсетілген сабақтың үлгі-жоспары ғана. Басты мәселе:

- Мұғалім сабақ мақсатын дұрыс қоя білді ме?

- Мақсатты түрде баланы ойлау деңгейінің қандай сатысына дейін жетелеп шығара алды?

- Сабақ кезінде не таңғалдырғанын, не мазалағанын сезінді ме?

- Кешегі сабаққа қарағанда, бүгінгі сабақ қандай дәрежеде өткенін салмақтай алды ма?

- Ал сабаққа қысқаша талдау жасап көрейік:

- Балалар өздері оқыды.

- Ақылдаса отырып, өздері мақалдың мағынасын ашуға әрекет етті.

- Өмірмен байланыстырып, жазу жұмысын орындады.
Ескерту. Сынып оқушыларының мүмкіндік дәрежесіне қарай тапсырмалардың деңгейін күрделендіріп немесе жеңілдетуге қалай қарар едіңіз?



Сабақ тақырыбы: Аманат. С. Тұрдалиев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: әңгімені оқытып, мәтін мазмұнын түсіну арқылы оның идеясын ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық: оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы өз бетімен оқу, жұмыс жасау дағдысының дамуына мүмкіндік беру.

Тәрбиелік: «аманат» ұғымының мәнін түсіндіре отырып, оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын дамытуға жетелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: тақта, бор, маркер, плакат, дәптер.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Тақтаға сабақтың тақырыбы, авторы жазылады.

- Балалар, сендер бұрын АМАНАТ деген сезді естіп көрдіңдер ме?

Сөздік үшін: Біреуге немесе сенімді қолға ең қымбат, аяулы затын, қасиет тұтқан нәрсесін тапсыруды аманат дейді (тақтада).

- Мысалы, әнші шәкіртіне нені аманат етуі мүмкін?

- Ата баласына нені аманат етуі мүмкін? Оқушылардың пікірлерін тыңдап, қорытындылау.

- Ал мына әңгіме не туралы болуы мүмкін?

Алдын ала мәтіннің мазмұны туралы болжауларын айтады.

- Мәтінде не туралы айтылатынын білгілерің келе ме?
Оқушылар топтарға немесе қатарларына қарай бөлініп, мәтінді іштей оқуға кіріседі.

1-қатар. Басынан бастап, «Әне! - деді томпақ Қуаныш...» деген жерге дейін оқиды.

2-қатар. «- Ал енді, - деген Сабырға...» дегеннен «Әкем мен шешем түскі шайды алдарына алғалы жатыр екен» деген сөйлемге дейін оқиды да, мазмұнын әңгімелеуге дайындалады. Оқушылар түсініксіз сөздерді теріп, түртіп алып, жазып отырады.

Ескерту. Мәтінді бөлу, үзіп оқыту қалай болса, солай емес, ондағы ой мен оқиға желісінің басы, аяғына мән беру арқылы алдын ала дайындалады, жоспарланады. Себебі бала әңгімені басынан емес, ортасынан оқуына да тура келеді. Ол әңгіменің басында не айтылатынын басқа топтағы осы белімді оқыған оқушылардың айтуы бойынша, оларды тыңдау арқылы ғана біледі де, езі ары қарай жалғастырады. Сондықтан әңгіме үзіндісі бала үшін түсінікті болуы шарт. Бұлай оқып, мәтінді түсіну оқушыға өз бетімен оқу, өзгені тыңдау сияқты жауапкершілікті жүктейді. Сонымен бірге бала өзі оқыған бөлігінен кейін де әлі талай жұмыс жасау керектігін сезінеді. Бұл пікірге көзқарасыңыз оңды болар деп сенеміз.

Әр топтан өздері оқыған бөлімнің мазмұнын әңгімелеушілер шығады, оларға сұрақтар қойылуы мүмкін.

1-қатарға:

- Бұл қандай мезгіл еді? Кеме қандай суларда жүзе алады? Ендеше бұл қандай су болуы мүмкін?

2-қатарға:

- Баржа деген не? Жазушы кеменің жүрісін қалай суреттеген? Сендер кемеге отырып көргендерің бар ма? Кеме ненің қуатымен жүреді? Кеменің қандай түрлерін білесіңдер?

3-қатарға:

- Балалар не істеді?

Балалардың тез, өнімді жұмысы қысқаша атап етіледі.

- Дегенмен, әңгіме аяқтала қойған жоқ. Сендер сияқты олар да рақат демалыста жүр екен. Балалар үйге келгеннен кейін, үлкен меселе туындайды. Бұл не болуы мүмкін? Кәне, болжап айтып көрейікші. (Оқушылардың болжамдары тыңдалады. Мұндай кездерде оқулық беті жабық тұру керек екенін ұмытпау керек).

- Балалар, енді ары қарай не болғанын білу үшін не істейміз? (Оқимыз).

Оқушылар мәтінді аяғына дейін оқып бітіреді де, түсінгендерін білдірсе, «Мен сендердің кездеріңнен көріп тұрмын, өте тамаша түсіндіңдер» деп сеніміңізді білдіресіз.

- Ауылда қандай той болған екен?

- Мұндай да той болатынын бұрын естіп пе едіңдер?

- Бұл бәріміз үшін жақсы жаңалық емес пе?

- Той иесі кім?

- Сонымен әңгіменің «Аманат» аталу себебін кім түсіндіріп берер екен?

- Дәлмырза қарттың өсиет-аманатын кім оқып береді?
3. Ойтолғау.

- Жақсы адамның жақсылығын көрген, оны есіне түсіріп әңгімелеп отырған бала қандай бала?

Ескерту. Осы сұрақты әңгіме, пікірталас ретінде алуға болады. Оқулық сұрақтары мен мақал-мәтелдері бойынша да тиімді жұмыстар жүргізу мұғалімнің жоспарлауына, уақытты тиімді және үнемді пайдалануына байланысты. Әңгіме мазмұны бойынша кеменің, Дәлмырзаның талдарының суретін салу, әңгімеге жоспар жазу сияқты жұмыстар да уақыт пен мүмкін-дік үлесінде.


Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя. Бауыржан Момышұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: батырдың балалық шағы немесе жалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып, мәтінді өз бетімен оқып, талдап шыруға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: оқушыға өздік жұмыс жасату арқылы оның оқулықпен жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, проблемалық мәселелерді шешудегі іскерлігін арттыруға жағдай туғызу.

Тәрбиелік: отбасындағы қағидалар туралы ой қозғау арқылы мейірімділікке, қамқорлыққа, ұлттық дәстүрімізге бала көзқарасын қалыптастыруға, сана-сезімді биіктетуге ұмтылу әрекеттері.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: батырдың портреті, альбом, тақта, бор, маркер, плакат, жазушы туралы және батырдың өзінің кітаптарынан ұйымдастырылған көрме, топтау сызбасы.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру мұғалімнің өз шешімі бойынша жоспарланбақ. Дегенмен ол жұмысты жаңа сабақпен қиыстырып, шебер байланыстырса, ұтымды болған болар еді.

1. Қызығушылығын ояту.

а) ...Иә, балалар, жақсы адамдар жанымызда жүргенде оның жақсылығы айтылмай, ол мүлде байқалмай да қалуы мүмкін. Мысалы, батырларды мақтан етеміз. Сендер қандай батырларды білесіңдер? (Балалардың сөздері ықыласпен тыңдалады. Тақтаға тізбеленіп жазылады.)

ә) Ал біз бүгін Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді оқимыз. Плакатқа немесе интерактивті тақтаға кесте сызылып жазылады.

Білемін

Білгім келеді

Не үйрендім?











Сыныпқа жалпы сұрақ қойылады.

  • Батыр туралы не білеміз?

Кестенің бірінші бөлігі оқушылардың айтуы бойынша толтырылады.

- Бауыржан ата туралы тағы не білгілерің келеді? Осы сұрақ кезінде оқушылар балалық кезін білгіміз келеді деуі әбден мүмкін.

2. Мағынаны тану.

- Ендеше, біз бүгін батырдың балалық шағы туралы өзі жазған естелігін оқимыз.

Ескерту: Батыр туралы тағы білгісі келгендерін өздері тауып оқу керектігін айту қажет. Бұл жерде мұғалімге кітап көрмесі қызмет етеді.

Топқа бөлініп оқу өте тиімді, себебі кейбір бала мәтіннің аз бөлігін меңгеру оңай екенін сезініп отырады. Себебі оқушылар өздік жұмыс жасау қабілетіне қарай топталып бөлінбейді де, кейбір баланың үлгеріміндегі ерекшелігін ескеріп, оларға салмақ түсірмеу жағы да қарастырылу керек. Оқушылар бір-бірін тыңдауға дағдыланады да, ойша өзінің оқығанымен байланыстырады, түсінгенін жеткізіп әңгімелеуге тырысады. Кейбір сабақта мәтіннің белгілі бір бөлігі талданбай қалуы да мүмкін. Ол оқиғаның шарықтау шегі немесе ары қарай не болатыны баланы қызықтыратын, оқымай қою мүмкін емес жағдайға дейін әкелу керек те, егер уақыт жетпесе, үйге тапсырма ретінде ұсыныңыз. Ендеше, сіз осы мәтінді балаларға қалай бөліп, оқуға ұсынар едіңіз?

Әр топ өздері оқыған әңгіме бөліміне ат қояды. Мұғалім тақтаға жазып тұрады. Әңгіме бойынша жоспар пайда болады.

- Сонымен, бала Бауыржан кішкентай кезінде қандай болды? Дәптерге оқушылар оқығандары бойынша топтау сызбасын жүргізеді.

Тақтада плакат ортасына Бауыржан сөзі жазылады да, оқушылардың жұмысы жинақталады. Әңгімедегі бала Бауыржанның бейнесі шығады. Әңгімені талдау кезінде жеті атаны білу, үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу, жыл қайыру сияқты ғұрыптарға мән беру қажет.

3. Ойтолғау.

Оқушылардың өздері де іштерінен «Мен жеті атамды білемін бе?» деген сауалға тап болады. Ал Отанын сүйген адам Қ. Мырза Әли жазғандай қандай болушы еді? Ендеше, ата-баба өсиеттері мен мақал-мәтелдеріне кезек беріп, оқулық бойынша жұмыс жасау ары қарай жалғасады.

Сабақтары барлық жұмыстар аяқталысымен, кестенің соңғы бөлігі - «Не үйрендім?» бөлігі толтырылады. Ол оқушылардың өздерінің айтуымен жазылады. Яғни балалар бүгінгі сабақта өздері үшін не жаңалық ашылғанын анықтайды. Батырдың өз Отанын жақсы көру сезімдерінен шыққан мақал-мәтелдері де бар екені айтылса, батырдың бойындағы қасиеттері ашыла түсер еді..

Сіз не байқадыңыз? Сабақтың 1-кезеңінде пайдаланған сызба, кестелерге сабақ соңында қайта айналып келу сабақ мазмұнын, идеясын ашуға, жүйелі жұмыс нәтижесін шығаруға мүмкіндік береді.

Сабақтың тақырыбы: Оқымысты бала. А. Жақсыбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: шығарма мазмұнымен танысуға, оқу-білімнің қажеттігін түсінуге, пікірталас тудыруға, бала бейнесін сомдауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: мәтін мазмұны арқылы идеясын ашуға және белгісіз жағдайларды (проблемаларды) шешуге жағдай жасау.

Тәрбиелік: рухани байлықтың маңызын, қажеттілігін сезінуге түрткі болу; оқуға, байқағыштыққа, білуге, құштарлыққа тәрбиелеу; кітапқұмарлық қасиеттер жайлы балаларды ойландыру.

Сабақтың көрнекіліктері және қажетті құралдар: оқулық, батырлар жырының бір нұсқасы, плакат, Қазақстан картасы және тез оқу деректері.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

а) Сабақта баланың қызырушылығын арттыру үшін мұғалім тақтаға қалам, кітап, майшам суреттері салынған плакатты іледі де, осы суреттегі заттарды пайдаланып, қысқа ғана (3 минуттық) оқиға құрастыру керектігін тапсырады. Жазу жұмысы бітісімен, оқушылардың бірнешеуі өздері құрастырған оқиғаларын оқиды.

ә) Қызығушылығын ояту мақсатында ең жақсы, тез оқитын екі оқушының оқу техникасына сынақ жүргізіп, оларды мақтан етіп, тез оқудың сырын білу үшін, сұхбат алуға да болар еді.

2. Мағынаны тану,

Енді оқушыларға «Оқымысты бала» мәтінін «Кешке жақын үй сыртында...» деген жерге дейін оқып, мазмұнын түсіну және мәтінде кездескен жер-су аттарын түртіп жазып отыру тапсырылады. Оқу аяқталғанда:

- Балалар, сендер жазған оқиға мен мәтіндегі оқира арасында ұқсастық бар ма? (Салыстыру). Оқушылардың мәтінді түсінгенін сұрақтар арқылы анықтау.

Ескерту. Мәтін бойынша сұрақтар қою - ойлануды, алдын ала дайындықты қажет ететін мақсатты жұмыс. Төмендегі сұрақтар қандай мақсатпен қойылғанын ойланарсыз.

- Әлкейдің кітаптары неге өте аз?

- Адам 4-5 жасынан да кітап оқып кететініне сенесіңдер ме? Сендер неше жастарыңда әріп тани бастадыңдар?

- Батырлық дастанның көлеміне қарап, не айтар едіңдер? (Көрмедегі дастандарды пайдалану).

- Әлкей мен балалардың қуаныштары неге әртүрлі?

- Әңгімені оқығанда сен неге таңдандың? (Бұл сұраңтардың барлығы бала Әлкейдің бейнесін шығаруға қызмет ету керек).

Әңгімені ары қарай оқу. Оқушыларға түсініксіз сөздер мен жер-су аттарын теріп жазып отыру тапсырылады. Мәтін оқылып болған соң, мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.

Мысалы:

- Әлкей сияқты сен тез жаттай аласың ба?

- Сен Абай ақынның неше өлеңін жатқа айта аласың?..

- Балалар, Әлкейдің бойындағы өздерің байқаған жақсы қасиеттерді жазып көріңдер.

- Әңгімеде қандай жер-су аттары кездесті? Бұл - Қазақстанның қай облысы деп ойлайсыңдар? Картамен жұмыс. Нәтижесінде, балалар өздеріне белгісіз болған бір мәселе - Әлкейдің туған жерін іздеп табады.

3. Ойтолғау.

Оқулықтағы мақал-мәтелдермен тақырыпты байланыстыру жұмыстарын жүргізу.

Оқулықта берілген соңғы тапсырмамен таныстырып, үйде орындауды ескерту.

Бұл сабақ бойынша мынандай эсселер жазуға болады:
«Мен кітапты қалай оқимын?»

«Менің кітапханам»

«Біздің сынынтағы кітапқұмар бала»

«Менің отбасымдары кітап оқу ерекшелігі»
«Әлкей сияқты кітапқұмар бала»

Таңдап алып, тақырып ретінде ұсыныңыз.


Сабақтың тақырыбы: Екі дос. М. Қуанышбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: аңыздың мәнін түсіндіру, идеясын ашуға деген талпынысқа жетектеу.

Дамытушылық: адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ашып көрсету арқылы қарама-қарсы ұғымдар туралы шындықты түсінуге мүмкіндік беру.

Тәрбиелік: балаларды адамгершілік пен қаталдықты ажыратуға, достық деген ұғымды қастерлеуге тәрбиелеу; тақырыпты өмірмен байланыстыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: «Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: оқулық, бор, маркер, плакат.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылығын ояту.

Ескерту. Оқушылар мүмкіндік болса, топпен отырса.

Балалар орындарынан тұрады, әр оқушыдан жанындағы сыныптасына бұрылып, бір-біріне ұйқасқа құрылған марапат сөз айту сұралады. Мысалы: Ақылды Айжан, тыңғылыұты Төлеген,...

- Балалар, сендердің бір-бірлеріңе жасаған құрметтеріңе қарап, мен өте риза болып тұрмын. Нағыз достар мен жолдастар осындай-ақ болар! Сендер өз достарыңды қандай тапқырлықпен дәріптедіңдер!

2. Мағынаны тану.

Ендеше біз бүгін «Екі дос» деген аңыз әңгімені оқимыз.

Егер мүмкіндік болса, мәтін компьютерге теріліп, мынандай бөліктермен бөлініп жазылады да, балалардың алдына қойылады.

1-бөлік. Басынан бастап, «Қолға түскен қазақ азаматтарын айдап әкетіпті» деген сөйлем қоса алынады.

2-бөлік. «Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі» деген сөйлемнен бастап, «...Досымды босатсаңдар, ең қымбат өмірімді қияр едім, - дейді» деген сөйлемге дейін.

3-бөлік. «Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады...» деген сөйлемнен бастап, соңына дейін.

Оқушылар осы бөліктерді оқып, өздері әңгіменің бас-аяғын ретімен орналастырып, оқуға дайындайды. Неге бұлай орналастырғандарын түсіндіреді, дәлелдейді. Ескерту. Бұл стратегияны пайдалану әдісін Жамбыл Жабаевтың «Менің өмірім» тақырыбын оқуда пайдаланғаныңызды есіңізге түсіріңіз.

- Ал, балалар, қалай ойлайсыңдар, қолбасы досы үшін өзін өлімге қиған батырға қандай жаза қолданады? Әлде басқаша болар ма екен?

Оқушылардың болжамдары тыңдалады. Тіпті, бұл жерде аңызды бұрын оқып алған бала болса да, ол қолбасының қандай болғанын қалайтынын, досты өлімге қиғысы келмейтінін бала жауабынан байқайсыз.

- Оқиғаның осылай аяқталуы саған ұнады ма? Оның осылай аяқталуына қарап, сендер жаудың қолбасшысын қандай адам деп ойлайсыңдар? Сендер қолбасшыға қандай хат жазар едіңдер?

Қысқаша хат жаздыру. Бұл жұмыс қорытындыланғанда, қатыгездік әшкереленіп, бала жүрегінің мейіріміне, әділдігіне сүйсінетін болармыз.

- Енді біз оқиға қалай аяқталғанын білу үшін аңызды не істейміз?

Тұтқындағы достың аман-есен құтылуын тілеп, оқуға кірісеміз. Әңгіме мазмұны ары қарай талданады.

- Балалар, тұтқын адамды құтқару үшін, ешқандай қиындықтан қорықпастан, досы жаудың қолына өзі келді.

Күнделікті өмірде сендердің бастарыңда қиындық болып қалса, не істеу керегін алдымен ойлану керек пе, жоқ ешқандай ойланбай әрекет ету керек пе? Бұл - өте қиын сұрақ.

Мәтін тұтас шыққан соң, балалар мәтінде кездескен қиын сөздер болса, тиісті жұмыс жасалады.

Ескерту. Қол, қолға түсу, қолбасы, иығына қолът артып деген сөздердің мағынасымен жұмыс жасау. Қызық тапсырма болайын деп сұранып тұрғаны анық.

- Балалар, аңызды жазған адамның аты-жөні көрсетілген бе?

Сұрақ бойынша аңыз туралы түсінік жұмысы жүргізіледі.

3. Ойтолғау.

Оқулықтағы «Қиын сәтте досын тастап кеткен жаман адам туралы қандай әңгіме білесің?» деген сұрақ-тапсырма бұрынғы сыныптарда оқыған әңгімелерін еске түсіру үшін берілген («Жаман жолдас»). Дос және достың туралы мақал-мәтелдермен танысу. Сыпып оқушыларының мүмкіндігіне қарай эссе, бес жолды өлең жазу, тағы басқа шығармашылық тапсырма беріледі. Оқушы білімін бағалау мұғалімнің жеке тәжірибесі мен іскерлігіне байланысты жүргізілмек. Үй тапсырмасы да ойлануды қажет етеді. Егер мәтін мазмұны толық талданса, үй тапсырмасы үшін тақырып төңірегінде шығармашылық
жұмыс жасау тиімді болар.


Сабақтың тақырыбы: Бұғышақ пен оның серігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ертегіні оқып, мазмұнын түсінуге, өмірмен байланыстыра отырып, идеясын ашуға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: сөздің мән-мағынасын ажыратуға жаттықтыру.

Тәрбиелік: шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға жағдай туғызу, мәселені шешудегі батылдың, ізденушілік қасиеттері мен дағдыларының дамуына мүмкіндік жасау, ерік беру.

Сабақтың көрнекілігі: топтау сызбасы, бұғы суреті.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Оқушылар топпен отырады.

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында, әр топқа тапсырма беру.

Балалар, мысалы, сендер үйден шығарда, бір жаққа кетерде ата-аналарың қандай ескертулер айтады? (Оқушылардың жазған сөздерін тыңдау. Сіз күтпеген сөздер болатынына дайын болуыңыз керек екендігі анық).

Бұл сөздер күнде айтыла ма?

- Ал күнде айтқан сайын, сендер қандай жауап қайтарасыңдар? (Оқушылардың ауызша жауаптарын тыңдау). Сендер көшеге, бір жерге жолдас, серіктеріңмен шығасыңдар. Ата-анаң да, сен де жолдасыңның жақсы болғанын қалайсыңдар.

3. Мағынаны тану.

- Бүгін біз осы жағдай сияқты «Бұғышақ пен оның серігі» атты ертегіні оқимыз. Қазақ халқы жанына ерген адамды серік, жолдас, сапарлас деп атайды. Ол адам дос болмауы да мүмкін. Себебі адамдар қызмет, оқу, жұмыс бабымен бірге жүруге тура келеді. Сендердің де жолдастарың өте көп, ал досың біреу ғана болуы мүмкін.

Ертегіні оқыту. Оқып болған соң, оқулықтың тапсырмалар бөлігінен екінші, үшінші сұрақпен жұмыс жасау. Бұл жерде оқушылардың өз өмірлерімен де байланыстырып, ата-ана қамқорлығын сезіндіру.

- Бұғышақтың қандай сөздері әкенің қамқорлығын білдіреді? (Мәтіннен іздеп табу).

Ата-ана баласының жолдастары жақсы болғанын қалайды.

- Ертегіде Бұғышақтың әкесі оның жанындағы серігін төрт рет сипаттайды. Осы сипаттаулардап Бұғышақтың жолдасының ең жақсы қасиеттерін іздеп, түртіп алып, жазып отыру керек. Оны топтау сызбасына дәптерлеріңе түсіресіңдер. Әр топтан бір оқушы шығып сипаттау бойынша түсіндіреді. Тақтадағы плакатқа: 1. мықты; 2. айлакер, ержүрек; 3. ақылды, сақ, 4. мейірімді деген сөздер жазылады.

- Балалар, кестедегі Бұғышақтың жолдасының қасиеттеріне қараңдаршы.

Сендерге қайсысы ұнайды? (Оқушылардың пікірлерін тыңдау).

1. мықты 2. айлакер, ержүрек



3. ақылды, сақ 4. мейірімді

Енді сызба бойынша жұмыс жүргізіледі.

- Бірақ, балалар, Бұрышақ серігін қанша мақтаса да, әкесі оның жолдасының бір қасиетін естігенде ғана «...Енді, балам, сені алаңдамай күтетін боламын», - деді. Бұл қандай қасиет? Мәтіннен тауып оқыңдар.

3. Ойтолғау.

- Мейірімділік - әкесі таныған жақсы мінез екен. Өйткені мейірімді адам үнемі адамға жанашырлық жасауға дайын тұрады. Барлық қасиеттер жақсы екенін әкесі де түсінеді, бірақ соның ішінде бәрінен мейірімділік жақсы екенін айтады. Ал сендер ең мейірімді адам кім екенін өте жақсы білесіңдер...
Сонымен балаларға «Анашым, алаңдама!» атты эссе жазу тапсырылады. Сабақты осы жұмыс арқылы қорытындылау.

Оқулықтағы сұрақтар мен мақалдар және қиын сөздер бойынша жұмыс жасау. Үй тапсырмасы мұғалімнің қалауы бойынша беріліп, оқушылар білімі бағаланады.

Сабақтың тақырыбы: Ақ қыс. Т. Айбергенов.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ақынның қыс бейнесін суреттеуіне қарап, өлеңдегі кейіпкердің көңіл күйін іздеуге, лириканы түсінуге, сезінуге мүмкіндік беру.

Дамытушылық: бейнелі сөйлей білу дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік: әр маусымның ерекшелігін байқата отырып, табиғаттың сұлулығын тануға, айнала қоршаған дүние және табиғат құбылыстары арқылы шындыққа қарым-қатынасының қалыптасуына жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, плакат.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Оқушының сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында тақтаға плакат ілінеді.

1. Не?

.... сықыр- сықыр етеді.

ұлыған ...

жапалақ-жапалақ ...

2. Көп нүктенің орнына керекті сездерді есіңе түсіріп жаз. Бұл қай өлеңнен алынған үзінді?

«Үсті-басы - ақ ... , түсі ... ,

Басқан жері... келіп қалды.»

- Екі тапсырмадағы жазылған сөздер мағынасы нені білдіреді?

- Иә, қыс табиғатының құбылыстарын білдіреді. Абайдың қысын оқығанда қандай сезімдер білінгендей болады? (Суық, аяғының басқан ізі сықыр-сықыр еткен денелі қыстың жүрісі қорқынышты).

2. Мағынаны тану.

- Енді бүгін біз ақын Т. Айбергеновтің «Ақ қыс» өлеңін оқып, өлеңде қандай сезімдер бар екенін анықтап көрейік.

Бір рет іштей оқып, дауыстап, мәнеріне келтіріп оқуға дайындалу.

Оқушылар кезекпен мәнерлеп оқи бастайды. Оқылған жолдар мен шумақтардағы ақынның сезімдерін іздеп, талдау жасау үшін өлеңге үңіле қарау керек. Егер балалар сіз күткендей жауап бере алмаса, оқасы жоқ, келесі жолы мұндай талдауға үйрене бастайды.

Ескерту. Өлеңді өздері бұрынырақта оқып кеткен басқа ақындардың өлеңдерін еске түсіре отырып талдаса, тіпті тамаша! Салыстыру арқылы айырмашылығы мен ұқсастықтарын табуға болады да, оқушылар бір тақырыпты әр ақын әртүрлі жырлайтынын сезеді. Мысалы, бір ақынның күзі қуанышты, екінші ақынның күзі ренішті, көңілсіз, тіпті аянышты. Балаларға бұл жерде бірнеше өлеңдерді топқа бөліп беріп, тек қана өлеңдегі ақынның көңіл күйі қандай екенін анықтап зерттеу жүргізуге болар еді. Бұл жұмыс балалар үшін өте қызық болатыны сөзсіз. Ал енді егер сабақты көрнекілендіргіңіз келсе, қыс немесе күз мезгілінің бірнеше көрінісін дайындап әкеліп, суретшінің шығарманы жазып жатқан кезде қандай көңіл күйде болғанын бағамдау үшін үшін әңгімелетуге болады.

Әйтпесе сіз П.И. Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» музыкалық шығармасын балаларға тыңдатыңыз. Мысалы, қыс әуенінен суық сезіле ме, көңілді шақ па? (Қуанышты адамдар, атқа жегілген шана мен ат және қоңырау дауысы, т.б.)

  1. Алғашқы төрт жолда жер беті түгел аппақ екендігі айтылады. Көзімізге

таптаза табиғат және қуанышты қыс құшағындағы адам елестейді. Ал қыс сақ-сақ етіп түр. Әлде ол күледі, әлде ашулы, аязды.

2. Келесі үш жолды талдау. Қардағы іздерге артыңа мойныңды бұрып қарап көрдің бе? Қандай қызық! Ақын қар үстіндегі іздерді неге теңейді?

3. «Ақ қыс - сұлу ақ өлең,
Табанымның астында
Таңғажайып аң әлем».

Аңын неге тамсанып, таңданады?

4. Келесі төрт жолды талдау. Бір қызығы, қайда барсаң да, қыс сенен бір елі де қалмайды.

«Жанарынан жаз бүркіп,

Тұр қыс күні сүйкімді...»

  • Балалар қыс қанша суық болса да, оның көзінен не көрініп қалғандай?

Оны кім көріп қойыпты? Әрине, ақын.

- Сонымен ақын қысқы қалың қарды омбылап келе жатқанда, нені ойлап, нені іздеп келе жатыр?

- Балалар, қардың қандай түрлерін білуші едіңдер? Дәптермен жұмыс.

- Аяздың ше?

- Боранның ше?

Оқулықтағы сұрақ-тапсырмалар бойынша жұмыс жасау. Тапсырма бойынша ақын көзіне көрінген ақ заттарды өлеңнен теріп жазу.

Олар: ақ қолғап, ақ қыс, аппақ сәукеле, аппақ тау, төбе, рояльдің ақ тілі, ақ әлем, аппақ әуен.

- Көрдіңдер ме, адам қуанғанда, жақсы нәрсені көргенде, дүниенің барлығы әдемі, таза, тіпті, құлаққа естілген дыбыстар мен ән де аппақ деп жырланған екен.

3. Ойтолғау.

Сабақтың бұл кезеңінде «Бес жолды өлең (синквейн)» стратегиясын қолдануға болады. Бұл арқылы пәнаралық байланысты да іске асыруға мүмкіндік бар. Бұл өлеңнің жазылу ережесі бойынша әр жолдағы сөз санының сақталуы керек және әр жолдың өз қызметі бар.

1-жолда - өлең тақырыбы, (негізінен зат есім);

2-жолда - тақырыпқа сипаттама (екі сын есім);

3-жолда - әрекет ( тақырыпқа қатысы бар үш етістік);

4-жолда - сезім (тақырыпқа автордың қарым-қатынасын білдіретін төрт сөз);

5-жолда - бірінші жолдың синонимі (көбінесе зат есімнің).

Енді осы стратегияны өлеңге қолданып көрейік:

1-жол. Қыс.

2-жол. Аппақ, таңғажайып.

3-жол. Құшақтайды, сақылдайды, омбылайды.

4-жол. Айнала әдемі, қызықты екен (немесе «Көз тоймайтын ғажап әлем»).

5-жол. Табиғат.

Бұл жұмыс түрі бірнеше рет жүргізілгеннен кейін оқушылар оны құлшыныспен орындайтыны сөзсіз. Жұмыс кезінде балалар мәтінге тағы да үңіле түседі, қазақ тілінен алған білімдерін де пайдалану керектігі туындайды. Мұндай өлеңдерді алғашқы кезде бір-бірлеріне көмектесу мақсатында ережелерін еске түсіре отырып, екі бала бірігіп орындаса, бес жолды өлең кейіннен әр балаға жеке орындауға тапсырылады. Бұл әдісті қайталау кезеңінде де сәтті пайдалануға болады.

Ойтолғау кезеңі үшін, мұғалімнің қалауы бойынша, қыс бейнесін бейнелеу, сөздікпен жұмыс, шығарма жаздыру да жүргізуге болады. Ал үйге тапсырма мұғалімнің алдын ала жоспары бойынша берілмек.

Сабақта тақырыптың мазмұны мен идеясы талданып шыққан соң, лирикалық кейіпкердің көңіл күйі балаларға жақсы жағынан қалай әсер еткені өзіңізге сезілді ме?

Оқушылар өлеңдерді де мәтіндер сияқты талдап, түсіну керектігін байқауға мүмкіндік алды ма?

Қыс бейнесі басқа қырынан көрінді ме, яғни оқушы үшін қуанышты сәттер болды ма?

Т. Айбергеновпен таныстыру оның портреті мен кітаптары арқылы немесе мектеп кітапханасына бір күн бұрын саяхат жасау арқылы да жүргізілуі мүмкін.


Сабақтың тақырыбы: Аюдың әулеті (ертегі-мысал).

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ертегіні оқытып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларды ізденіп, өз беттерімен шешуге жағдай туғызу.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымы есту, оқу, көру арқылы кеңейе түсетінін байқату.

Тәрбиелік: табиғатты тану, оған жанашырлық таныту - әдептіліктің бір көрінісі екеніне көз жеткізу.

Сабақтың көрнекілігі: жануарлар туралы энциклопедиялар, әдемі суреттер, плакат, оқушы дәптерлері, оқулық.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

а) Оқушылар топтарға бөлініп отырады. Әр топ алдарындағы плакатқа (ортасында АЮ деп жазылған) аюға байланысты берілген тапсырманы орындауды бастайды.

Тапсырмалар:

1-топ. Аюлардың тіршілігі туралы не білесіңдер?

2-топ. Аюлардың қандай пайдасы бар?

3-топ. Аюлардың қандай зияны бар?

4-топ. Аюлар туралы қандай кино, мультфильм, ертегі білесіңдер? (Аттарын жазу).

Әр топтан бір оқушы шығып, плакат бойынша сөйлейді. Плакат көрнекі жерге ілінеді.

Ескерту. Әр жауап зейінмен тыңдалып, оқушылардың еңбегі қолдау тауып тұрғаны сезілу үшін, мұғалім «Иә, солай екен-ау, бұл қызық екен» деген сияқты сөздермен, бас изеумен мақұлдау білдіреді.

2. Мағынаны тану.

- Балалар, енді біз «Аюдың әулеті» деген ертегі-мысалды оқимыз. Сендер мәтінді оқығанда Қоянмен, Аюмен бірге орманға саяхатқа шығасыңдар. Көптеген жаңалыққа тап боларсыңдар. Барған жерлеріңде өздерің көрген аң, құстардың атын түртіп ала отырыңдар және олар туралы бұрын білмеген
жаңалықтарды есте сақтап қалуға тырысыңдар. «Қорбаңбайдың бұл әңгімесі Қоянға қатты ұнады» деген жерге дейін оқимыз.

Мәтін оқылып біткен кезде:

- Ал, балалар, орманды аралауға кімдермен бірге шықтыңдар? Сендер не көрдіңдер? Қоңыр аю өз туысын қалай мақтады?

Бірінші көргендері: Балықшы құс және Ақ аю.

- Ақ аю немен қоректенеді екен? (Тіршілік туралы айтылғандар плакатқа басқа түсті маркермен жазылады).

- Ол қайда өмір сүреді?

- Ары қарай қайда барып, не көрдіңдер?

Балалар сусар мен тоқылдақ туралы естігендерін, көргендерін айтады және Қара аю туралы әңгіме басталады. Ол туралы деректер жиналғаны көрінеді (плакатпен жұмыс үнемі жалғасады).

- Балалар, сендердің саяхаттарың мағаң өте ұнады, сондықтан ары қарай саяхаттауды жалғастырғыларың келе ме? - деп, мәтінді іштей оқу жалғасады. Оқушылар оқуды аяқтаған кезде, Құр, сүйір ерінді аю, Ақтиін, Бамбук аюы туралы деректер жинақталады.

- «Қоян Қорбаңбайдың мұндай туыс-жұрағаттары бар екенін білмеген екен» дейді. Ал сендер осындай аюлардың бар екенін білдіңдер ме? Осы Қоянның жанында жүрген аю қандай аю екенін байқадыңдар ма? Қоян орманды аралап жүріп неге таңданды? Ол көрді, естіді, жүрді, аралады. Олай болса, адам
не арқылы көп біледі екен? Біз аюлар туралы көбірек білуге не арқылы жеттік? Әрине, оқу арқылы. Бұл тұста тақтаға немесе плакатқа сабақтан өздері үшін ненің жаңалық болғанын (екінші бағанға) тізбелеп жазу.

3. Ойтолғау.

а) Аю түрлерін энциклопедиялық кітаптардан көрсету.

Энциклопедиядан тағы бір қызық жайттар білген болса; «Мен тағы не білдім?» деген бағанды толтырып, оқулықтағы мақалдармен жұмыс арқылы сабақты қорытындылау.

ә) Білгенім - бір тоғыз,

Білмегенім - тоқсан тоғыз немесе

«Мен білгім келеді» деген тақырыпта әссе жаздыру.

Ескерту. Оқушылардың аюларды зерттеу жұмысын жүргізуі кезінде, дәлелдеуі кезінде олар өздері оқыған мәтіннен үзінділер де оқып отыруларына болады. Сабақ кезінде өз өлкемізде қандай аюлар мекен ететінін және олар қай жерлерде мекендейтіні туралы да сөзқозғау өте қызық болар еді немесе үй тапсырмасы үшін шығармашылық мақсатта да пайдалануға болады.


Сабақ тақырыбы: Құмдағы құпия.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтінді оқып, оның мазмұны арқылы қоршаған табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен жұмбақтарды білуге деген қызығушылырын арттыру.

Дамытушылық: өз бетімен ізденуге, ойлануға мумкіндік беру; дүниетану пәнімен байланыстыру.

Тәрбиелік: өсемдікті көре білуге, есту арқылы дыбысты ажыратуға жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: сабақ тақырыбына орай салынған плакат, құстар әлемі жайлы әңгіме, фото-альбом, т.б.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін үнтаспаларға жергілікті жердегі аң-құстардың дауысын жазып алып, есту арқылы ажырату үшін, жұмбақтап сұрауға болады. Кейбір бала күнде естіп, көріп жүрсе де, осы дауыстарға мән бермеген (өте әдемі, өте қатты, қырылдаған) шығар. Немесе қолда бар құс (тауың, қаз, бөдене, т.б.) жұмыртқаларын ажыратуды сұрау, жұмбақтап сұрау.

- Балалар, айналамыздағы табиғатта өзіміз күнде көріп жүрсек те, кейде әдемілігін байқамай, ерекшелігіне мән бермейтін құбылыстар болады екен. Бізді қоршаған табиғат қандай ғажайып! Сендер дүниетану сабағынан жер беті бедерінің қандай болатынын оқыған шығарсыңдар? (Тасты жер, құмды жер, таулы жер, орманды жер). Бүгін біз құмды жердегі табиғат құпияларын оқимыз.

- Құмды жер тіршілігі қандай болады деп ойлайсыңдар? Тақтаға кесте ілінеді. Оқушы дәптерлеріне де кесте сызылып, жұмыс жасалынады. Болған кезде олардың айтуы бойынша тақтадағы кестені мұғалім толтырады.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




«Білемін» бөлімі бойынша жұмыс. Мысалы, ештеңе өспейді, түйелер жүреді, су жоқ,... Оқушының қандай жауаптары болса да, шын ниетпен, құрметпен қабылдану керек.

- Ал құмды жер туралы не білгілерің келеді?

Сондай ретпен жауаптар екінші бағанға толтырылады.

2. Мағынаны тану.

Мәтінді «Тіпті тасбақаның да шөпке жайылатынын осы жерде көрді» деген сөйлемге дейін оқып, мазмұнын түсіну.

Оқушылар болған кезде мазмұны бойынша сұрақтар қойылып, кестенің үшінші бөлігін толтырамыз.

  • Осы шығарманы оқығанда бұрын естімеген қандай жаңа ақпаратты

алдыңдар?

- Бүл жерде қыста адамдар тұра ма? (Дәлелдеу).

- Адамдар неге құдық қазады?

- Геологтар, ботаниктер деген кімдер? Олардың анықтамасын мәтіннен іздеп тап (Сөздік жасауға да болады).

- Құмда қандай жәндіктер бар екен?

- Темір шешесіне қандай сұрақ қойды?

- Мүмкін тасбақа туралы сендер көп білетін шығарсыңдар?

- Құмды жерде ботаниктер қандай мәселені (проблеманы) шешкісі келеді? (Мәтіннен іздеу).

Оқушылар кестенің үшінші бөлігін толтырады. Болған кезде мұғалім тақтадағы кестені балалардың айтуы бойынша толтырады.

- Балалар, Темір мен шешесі құмды далаға қашан барған еді? (Былтыр).

- Темір мен шешесі биыл тағы осы жерге келген екен. Олар құмды далаға неге жылда келеді?

- Балалар, мәтінді ары қарай оқып шығамыз.
Болған соң, мәтін бойынша талдау жұмысы жүргізіледі.

- Оқыған кезде өздерің үшін қандай қызық жайттарды байқадыңдар?

- Бозторғай: ұясын қайда салады екен? (Биікке, жерге,...)

Мәтіннен іздеу.

Кестенің «Үйрендім» бөлігін толтыру. Мысалы, бозторғай ұясының селеуден жасалуы, оның жұмыртқасының теңбіл-теңбіл болуы,...

Оқулықтағы төртінші және алтыншы сұрақтарды оқытып, жауап іздеу.

- Бозторғай жұмыртқалары мен ұясын қалай, қайда алып кетуі мүмкін?

- Оның осы әрекетін қалай түсінуге болады? Шынында да, бұл сендер үшін құпия ма?

- Бұл құпияны қалай анықтауға болар еді деп ойлайсыңдар? Әлде біреуден көмек сұрау керек пе? Кімнен сұрауға болар еді?

3. Ойтолғау.

- Балалар, бозторғайға ұясын көшіру, жұмыртқаларын тасу оңай шаруа ма? Ал сендер Темірдің шешесі мен оған қандай мазмұнда хат жазар едіңдер? (Хат жаздырту.)

Бұл жерде «Ұяға тиісуге, жұмыртқаларды қозғауға болмайды» деген ой айтылады. Себебі, құс ұясын тастап та кетеді. Ендеше, топ мүшелеріне плакатқа «Тиісуге болмайды!» деген ойды білдіретін сурет салуды тапсыруға болады. Тапсырмалардың сан түрлі болуы өз алдына, бірақ барлығы «Құстарға қиянат жасауға болмайды» деген идеяны алып шығу керек. Міне, мәтін идеясының тәрбиелік құны осында жатыр. Темір де, шешесі де білмегендіктен, бозторғайдың тыныштығын бұзғанын өздері де сезбей қалды. Егер олар кейін ойланса, бұл қателіктерін түзейтіні сөзсіз.

- Құмды жерге ботаниктердің қызметі көбірек керек пе, әлде геологтардың қызметі көбірек керек пе?

а) Геологтардың қызметі көбірек керек.

ә) Ботаниктердің қызметі көбірек керек.

б) Геологтардың да, ботаниктердің де қызметі керек.
Оқушыларды ойландыру үшін, жоғарыдағы сұрақты қою арқылы пікірталас та ұйымдастыруға болады.

Ескерту. Балалар осы сабақта біз бозторғай туралы көп білдік деген оймен кетуі әбден мүмкін. Осы тұсты «Үйрендім» бөлімі бойынша қорытындылайсыз.

Ал келесі сабақ та бозторғай құрметіне арналатынын естігенде (Бозторғай - дала сәні), балалардың біреулері «біз оны білеміз ғой» деп қалуы мүмкін.

- Балалар, сендер мына мәтінді оқып көріңдерші, - деп, жаңа сабақты жалғастырып кетесіз. Бұл балалар үшін күтпеген сыйлық сияқты болар деп ойлаймыз.

Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. «Көшер кезде».

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға романнан үзіндіні өз бетімен оқып, мазмұнын талдауға, тақырыбы мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.

Дамытушылық: шығармашылық жұмыстарды өмірмен байланыстыра отырып, білімдерін бекітуге жағдай туғызу.

Тәрбиелік: әңгімедегі кейіпкер сезімдері арқылы табиғатты, жаратылыстың барлық иелерін аялау, жанашырлықпен қарау сияқты мінез-құлықтарға тәрбиеленуге негіз дайындау.

Сабақтың көрнекілігі: жазушы туралы деректер, портрет және жазушы шығармалары, плакат, «Топтау» сызбасы.

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықтарын ояту.

- Балалар, сендер үй жануарларын асырайсыңдар ма? (Балаларды тыңдау). Осылардың ішінде қайсысы адамға өте үйір?

- Ит. Ендеше, ит туралы не білеміз?

Тақта немесе плакатқа оқушылардың сөздері тізбеленіп жазылып тұрады. Мысалы:

Ит: дос, көмекші, құтқарушы, кузетші, қызметші, иісшіл, сақ, ақылды, иесін жақсы көреді, т. б.

2. Мағынаны тану.

- Балалар, ит туралы өте қызық әңгімелер, кинолар бар, тіпті оларға ескерткіштер де қойылған. Ендеше, ит туралы оқығыларың келе ме? - деп, тақырыппен таныстырып өту.

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

1-топ. Басынан бастап, «Біраз күннен бері...» деген абзацқа дейін.

2-топ. «Біраз күннен бері» деген жерден бастап, «Тап бүгін бір сұмдықтың болатынын Майлыаяқ енді сезді» деген жерге дейін.

3-топ. «Тап бүгін...» дегеннен бастап, «Итімді мен де қимаймын» деген жерге дейін.

4-топ. «Итімді мен де...» деген жерден бастап, «Майлыаяқты маған беріп кет, - деп сұраған болатын» деген жерге дейін оқып, мазмұнын білу. Оқушылар оқып, топта бір – біріне сыбырлай әңгімелеп, іштерінен біреуі әңгімелеп айтуға дайындалады.

Әр топтың әңгімешілеріне сұрақтар қойылады:

1-топқа. Майлыаяқ иттердің қандай түріне жатады екен? Сендер қандай ит түрлерін, тұқымдарын білесіңдер?

2-топ. Иесінің итті байлап қойғаны дұрыс болды ма? Ит осыдан кейін нені сезді?

3-топ. Бұл оқиғаны әңгімелеп отырған адам, сендердің ойларыңша, қандай адам? Ол бала ма, үлкен адам ба? (Дәлелдеу).

4-топ. Аманат сөзін тағы қандай әңгімеден естіп едіңдер? (Еске түсіру, қайталау). Үй иесі Майлыаяқтың мәселесін қалай шешпек болды?

- Балалар, өздерің жаңа ғана оқыған үзіндіде Майлыаяққа деген қандай сезімдер байқалады? (Дәптерлеріне жазу.) Тапсырма орындалып болғанда, мұғалім оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе плакатқа тізбелеп жазады.

- Балалар, осындай сезімдерге толы әңгіме сендерді де бей-жай қалдырмайтынын біліп тұрмын. Не істеу керек? Итке де, оның иесіне де жақсылық жасау үшін жағдайды қалай шешер едік? (Дәптермен жұмыс).

Қысқаша «Майлыаяқты құтқару» деген эссе жазу. Эссе жазылып болған соң, әр топтан бір-бір бала оқиды. Құтқару жоспарлары алуан түрлі болуы заңды және ең қызықты, ең пайдалысы ортаға салынады...

Ескерту. Осы тұста мұғалім өз уақытын шамалап, мәтінге ары қарай талдау жүргізеді немесе үйден аяқтап оқып келу тапсырылады да, оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар, ит туралы қазақ халқының сөздері туралы әңгімелер айтылады. Немесе оқушылар өздерінің иттерін рақаттана әңгімелеуге әрқашанда дайын екені сөзсіз.

Егер уақыт жеткілікті болса, мына жұмыс түрін орындатуға болады:

- Ал, балалар, Майлыаяқтың тағдыры не болғанын білгілерің келетін шығар. Ендеше әңгімені ары қарай оқып шығайық, - деп, мәтін барлың оқушының өз бетімен оқуына тапсырылады. Балалар оқып болған кезде мәтінді түсінбей қалған ешкім жоқ екеніне көзіңіз жетсе: «Сүйікті итімізді аманат етіп
тапсырып жатырмыз», - деген сөйлемді айтыңыз. Аманат сөзі бір тамаша сөз екеніне көзіміз екінші рет жетіп отыр.

- Балалар, сендер Әбекеңе итті қалай аманат етіп тапсырар едіңдер? Бір ғана сөйлеммен итті Әбекеңе тапсырыңдар. Ал кім қандай аманат айтар екен?

Балалардың аманаттары әртүрлі, өте әсерлі, қамқорлыққа толы болатынына сенімдіміз. Үйге тапсырма берген кезде тек мәтін мазмұнын сұрай беру мақсат емес деп ойлаймыз. Әлде бала үшін осындай қызық әңгіме мазмұны алынбайтын қамал болып қалды деп ойлайсыз ба?

3. Ойтолғау.

Олай болса, тақтаға «Бір жыл өтті. Майлыаяқты сағынған иесі бір күні оны іздеп келді» деген сөйлемді жазып қоясыз. «Сол кезде ...» деп әңгімені оқушы өзінше қиялдан жалғастырып жазып келеді.

Оқушылардың білімі бағаланады. Ең бастысы, бұл сабақта барлық сынып оқушылары өте белсенді жұмыс жасағанына, кітап оқуды өте жақсы көретіндеріне таңғалғанын мұғалім жасырып қалуға болмас.


Сабақтың тақырыбы: «Жазғытұры». Абай Құнанбайұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: өлеңді оқып, ақынның табиғатты, ауыл өмірін бейнелеудегі ерекшелігін сезінуге және лирика туралы алғашқы қарапайым түсініктер алуға мүмкіндік жасау.

Дамытушылық: қайталау арқылы еске түсіру, білетіндерін санада жаңғырту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: өмірмен байланыстыру арқылы әсемдікті көре және ести білуге, көргені мен естігенін көркемдеп айта білуге жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі: көктем табиғаты бейнеленген түрлі түсті сурет, ақын портреті.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Абайдың бұрын өтілген, балалар білетін өлеңдерінен бір-бір жолдан үзінді оқылады.

Тапсырма.

  1. Оқылған өлеңді ары қарай жалғастырып айтып беру.

  2. Ол үзінді қандай өлеңнен алынғанын атау.

Мысалы:

1.«0й, балалар, балалар!...»

2.«...Басқан жері сықырлап келіп қалды.»

3.«...Аппақ қардан омбылап,»

- Иә, балалар, сендердің есте сақтау қабілеттеріңе мен әрі қызығып, әрі қуанып тұрмын. Қыс кезінде сендер Төлеген Айбергеновтің «Қыс» өлеңін оқығанда:

«Аппақ қардан омбылап,

Көктем іздеп келем мен» - деп, іздеген көктеміне де жеттік. Бүгін біз Абайдың атамыздың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.

2. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді түсініп, іштей оқу.

Тақтада «Өлеңді оқыған кезде көктем табиғатынан құлағыңа қандай дауыстар естіледі?» деген сөйлем жазылып тұрады.

Кітаптан іздеп, түртіп алып жазу, оқып беру (мысалы, боздаған түйе, қорадағы мал дауысының шуы, дуылдаған құстар мен көбелектер, сыбдыр қаққан су, балалардың шуы, өлең, жыр, қаз бен аққулардың қиқуы).

Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Осы дауыстар қалаға тән бе, әлде ауылға тән бе? Ақын қай жердің көктемін суреттеген? (Дәлелдеу).

- Өлеңде күн көзін ақын неге ұқсатады? (Үзінді оқу, яғни күнді ата-ана мейірімімен теңестіреді).

- Ал, балалар, өлеңде көктемді көріп тұрған ақынның көңіл күйі қандай? (Дәлелдеу, үзінділер оқу).

Енді барлығымыз далаға көз жіберіп, ақын жырлаған көктемнің өз жерімізбен ұқсастығын, айырмашылығын жазамыз. Бұл - оқушының зерттеу жұмысы болып табылады.

Мысалы:

Абай көктемі Біздің ауыл (қала) көктемі

Қыстың сызы жоқ. Түн салқын...

Жер беті құлпырған Көк шығып, айнала жап-жасыл.

…………………….. …………………………………..

Осылай жазба жұмысы жүргізіле береді. Оқушылардың жұмыстары тексеріледі, оқытылады. Жұмыс қорытындыланады.

- Балалар, мына жаңылтпашты оқып, жатқа тез айтамыз. Шөп сөзінің орнында қай сөз тұр? Қандай шөптің аты аталған? (Жаңылтпаш тақтаға, плакатқа жазылған)

Жаңылтпаш

Көк шықты,

Көктеп шықты.

Көктем шықты,

Көкпек шықты.

З. Муфтибекова

- Өз жерлеріңде өсетін қандай шөптердің атын білесіңдер? (Дәптерге жазу).

- Келесі жаңылтпашты оқы, жатқа тез айтып көр. Қай заттың түсі ауыстырылып айтылып тұр деп ойлайсың? Оқушыларға қазақ тілінде кейбір заттардың түсі ауыстырылып айтылатынын (мысалы, көк бие, көк ат деп ақ жылқыны айтатынын) ескерту, сөйлеу кезінде ескеру керектігін түсіндіру.

Көкпеңбек көктем шықты.

Көк көктеп шықты.

Көкпеңбек көкпек шықты.

Көк те көк, Көктем де көк.

З. Муфтибекова

Келесі тапсырма:

- Берілген сөйлемді оқыңдар. Бұл көктем күнінің қай мезгілі? (Таңғы, кешкі, күндізгі). Дәлелдеңдер.

Көктегі көктем күнінің күлімдеген көзінің кірпіктері көкжиектеп көрінді.

3. Ойтолғау.

Ақынның бұл өлеңі қысқартылын берілгендігін атап өте отырып:

Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,

Сүйіп, жанып тұрады жан лебізін.

Қызыл арай, сары алтын шатырына

Күннің кешке кіргенін көрді көзім, - деп, ақын осы өлеңді толық нұсқасында осылай аяқтайтынын айтуға болады.

- Қандай тамаша сурет! Балалар, Абай аталарың көктемді сөзбен суреттеген, ал сендер көктемді сан алуан бояу тілімен суреттей алар ма едіңдер? Әрине, сендер өте тамаша суреттер салатындарыңа сенемін. Оқушыларға уақыттың мүмкіндігіне қарай сурет салу тапсырылады. Егер уақыт жетпесе, үйге қосымша тапсырма ретінде берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда мұғалім өзі дайындаған көктем суретін, яғни пейзажды тақтаға іледі де, жетекші сұрақтар қояды.

Ол сұрақтар оқушының сурет мазмұнын ашуына ғана емес, баланың көре білуін, байқағыштығын, басқа біреу байқамағанды байқау мүмкіндігін, өзінше ойлап, пікірін айта алу, ел алдында сөйлеу, басқаны тыңдау, басқаның пікірімен келісу немесе келіспеу, өз ойын пікірталас кезінде дәлелдеуге де мүмкіндік береді.

Ал мұғалім оқушының қандай ақылға сыймайтын пікірі болса да, бас изеу, «А, а... сен солай деп ойлайды екенсің ғой» деген сияқты мақұлдау арқылы оқушының ой-пікірінің ары қарай дамуына жол салады. Егер оқушының пікірі мүлде ақылға сыйымсыз болса, басқа балалардың ойларын тыңдай келе өзі-ақ алдындағы ойынан қайтады немесе біраз уақыт таласуға тура келеді.

Сурет тақтаға ілінген соң, оқушыларға:

- Балалар, суретке жақсылап қарап аламыз, - дейміз (бір минуттай).

Сілтеме арқылы 1-сұрақ қойылады.

1.Бұл суретте не болып жатыр?

Оқушылар бір-бірлерін зейін қойып тыңдап, әңгімелейді. Оқушы жауабына қарай:

2. Олай деп айтатындай не көріп тұрсың?

3. Тағы не көрдіңдер? деген сұрақтарға жауап беру арқылы әңгімелеушілердің ойлары ары қарай дами береді. Мысалы, бірнеше оқушы пікірі әртүрлі ойда айтылса, «Сонымен біреулеріңіз ушін бұл ерте көктем болса, біреулеріңіз үшін жаздың басы сияқты екен ғой. Мүмкін, ешкім байқамағанды, біреулеріңіз байқаған шығарсыздар» дегенде, оқушылар суретке мән бере қарау керектігін сезінеді де, әңгімелеу ары қарай жалғасады. Бұл сұрақтар - сурет пен суретші шындығын ашуға талпыныс. Сурет талдау кезінде бірер оқушының сөзін бөлін, «Ой, сен керемет айттың...» деп мадақ сөз айту артық болады, оларға: «Балалар, сендердің белсенді әңгімелеріңе мен өте риза болып тұрмын!» немесе «Мені бүгін сендердің қызық ойларың таңдандырды», - деп қорытындылау керек. Бұл - «Көре білу стратегиясы» элементтері. Сондықтан біз қысқаша ғана суретпен жұмыс жасау әдісінің сізге пайдалы сәттерінен үзінді беріп отырмыз. Сурет пейзаж, натюрморт, сюжетті картина болса да болады, тіпті, портретті де осылай талдауға болады. Портретке: «Бұл адам туралы не айтуға болады?» деп бастайсыз...

Сабақтағы сергіту сәті мұғалімнің жоспары мен таңдауы бойынша ұйымдастырылады. Үй тапсырмасы да сабақтың негізгі бөлігі ретінде сіздің қалауыңызша жоспарланады.


Сабақтың тақырыбы: Көл. Т. Молдағалиев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: өлеңді оқып, талдау арқылы туған жер табиғатын тануға, оның әдемілігін сезінуге жағдай туғызу.

Дамытушылық: көлдің ерекшелігін, адамдардың оған әсемдік ретінде қарау себептерінің ашылуына мүмкіндік беру.

Тәрбиелік: оқушылардың табиғатты сүю, оны аялау сезімдерін ояту және қазіргі заманның нарықтық экономикалық қатынастарының табиғатқа байланысын сездіру.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, «Балдырған» журналдары (журналдың бас редакторы ретінде), плакат, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

- Балалар, сендер Қазақстанның көлдері туралы өте көп білесіңдер деп ойлаймын.

Оқушылар жыл басында оқығандарын еске түсіреді. Олар таба алса, Қазақстан көлдерін картадан да көрсетуіне болады .

  • Өте көп айтылатын көл аттарын атап жіберіңдерші.

Тақтаға Алакөл, Балқаш, Зайсан, Марқакөл сияқты көлдердің аттары жазылады.

Балалар осы төрт көлдің атауы бойынша бөлініп отырады. Яғни алакөлдіктер, балқаштықтар, т.б.

Тапсырма. Әр топ алдарындары плакатқа жазғы маусым кезінде демалушыларды өз көлдеріне шақыратын жарнама дайындайды. «Болмайды!» дегеннен басқаның барлығына рұқсат етілетіндіктен, оқушылар өлең шығарама, би билеп шыға ма, топпен «автобусқа отырып» бағыттарын (маршруттарын) көрсете ме, жол картасын сызып, оның тиімді, арзан, пайдалы, жайлы жағын жарнамалай ма, шығармашылық еркіндік беріледі. Бұл жұмыс кезінде балалардың білетіндері топта айтылып жинақталады. Ал білмейтін деректер энциклопедиялық сөздіктер, тағы басқа ақпарат көздері арқылы берілу керек немесе оқушылар өздері ізденіп, оқып келеді.

Әр топ жарнама жасап болғанда, қошемет білдіріліп, оқушылар орындарынан тұруы, қол шапалақтау болуы да мүмкін. Тапсырма тосын болғандықтан, оқушылар сіздің не талап етіп тұрғаныңызды түсіне алмай, тосылып, қиналуы да мүмкін. Сондықтан ситуациялық тапсырмаларға осылай үйрету арқылы оқушыларды дәстүрден тыс сабақтарға, жағдайларды тез, сапалы, қызықты шешуге дайын болуға үйретеміз.

Дегенмен мұғалім әр топ шыққан сайын: «Бұл топқа осы көл туралы білгілерің келетін сұрақтарың жоқ па?» - деп ескертіп отырады. Егер оқушылар сұрақ қоя алмаса, мұғалім сұрақтар қоюы қажет. Ол сұрақтар көлдің ерекшелігін ашатындай болу керек. Бұл бала танымын кеңейтуге қызмет етеді. Мысалы:

- Сендердің көлдеріңнің суы ащы ма, тұщы ма?

- Онда қандай балықтар бар?

- Осы көл қыста қата ма, жоқ па?

- Сендердің көлдеріңнің мінезі қандай?

- Осы көлге жақын қандай қалалар бар? (Қажетіне қарай картаны іліп, пайдалану).

Сұрақтар төңірегінде көптеген деректер мен білмеген жағдайлар ашылады. Тіпті кейбірін үйде іздеп келу керектігі ескертіледі. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары қорытындыланады. «Мені таңқалдырған... Мені қызықтырған... Бүгін мен жауаптарыңнан мынандай жағдайды байқадым...» деген ерекшеліктер аталып өтілгені дұрыс.

2. Мағынаны тану.

- Балалар, сендердің көлдерің тамаша екені сөзсіз. Ал бүгін біз ақын Т. Молдағалиевтың «Көлі» қандай екенін көреміз. Мүмкін, сендердің көлдеріңе ұқсайтын шығар. Ол үшін көлге зерттеу жүргізу керек.

Төрт топ төрт шумақты бөліп алады. Әр топ сол шумақ мазмұнына байланысты көл сипатын плакатқа түсіріп, тақтаға әр топтан бір оқушы шығады. Топ жұмысы тақтаға ілінді. Нәтижесінде күндізгі көл, кешкі көл, таңғы көл бейнесі шығады. Оқушылардың талдауларына қарай әртүрлі сұрақтармен өлең мазмұны ашыла түседі. Мысалы, Көл тіршілігі сумен ғана өлшене ме? Ол немен әдемі? Тал-құрақтар көлге қалай еркелей қарайды? Кешкі көл бетінде қандай жел соғады? Ақын көлді неге «айна көл» деп атайды? Ақын сипаттаған әдемі көл қай топтың көліне ұқсайды? Оқушылардың жауаптары тыңдалып, пікірлері ортаға салынады.

Сабақ соңынан оқушыларға жинақтау сұрақтарын қоюға болады.

- Балалар, бүгінгі сабақтан өздерің үшін қандай әсер алдыңдар?

3. Ойтолғау.

- Осындай тамаша көлдің табиғатын бұзбау үшін, адамдарға қандай кеңес берер едіңдер? Немесе көлдің әдемілігін қалай сақтап қалуға болар еді? Эссе, бес жолды өлең жазу. Егер уақыт жетпесе, үйде аяқтауға болады. Ескерту. Автормен таныстыруды «Балдырған» журналымен байланыстыру қажеттігі
сөзсіз (Т. Молдағалиев - көп жылдардан бері «Балдырған» журналының бас редакторы).

Сабақ соңынан оқушыларға жинақтау сұрақтарын қоюға болады:

- Балалар, бүгінгі сабақтан өздеріңе қандай әсер алдыңдар?

- Сен өз тобыңда жұмыс жасау кезіңде қандай қиындыққа тап болдың?

- Топпен жұмыс кезінде бір-бірлеріңе деген көмекті қалай сезіндіңдер?

Әрине, бүл сұрақтар мұғалімнің ары қарай жылжуы үшін керек. Себебі кейбір бала топпен жұмыс кезінде үнемі шеттеп, белсенділер ғана сөйлеп, қалған балалар тысқары қалуы мүмкін.


Сабақ тақырыбы: Әнет баба. Әнуар Мамашәріптегі.
Сабақтың мақсаты:

Білімдік: қазақ халқының өміріндегі билердің рөлі мен тарихтағы орнын олардың ұлағатты сөздері арқылы түсінуге мүмкіндік беру.

Дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауға, проблемалық мәселені шешуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: мәтін идеясындағы халқымыздың, ата-бабамыздың ұлттық ұстанымдары мен мінез-құлықтарындағы жақсы қасиеттерді балалардың өз бойына сіңіруіне жетелеу, негіз қалау.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: Төле би портреті, бар болса, Әнет бабаның ескерткіш жобасындағы бейнесі ұсынылады, тақта, бор, плакат, маркер.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылығын ояту.

Жалпы сынып оқушыларына қойылатын сұрақ тақтаға жазылады:

- Қиналғанда кім кімнен ақыл сұрайды?

Осы сұраққа жауап қысқаша жазылады. Жазу, сызба, т.б. (шығармашылық еркіндік) түрінде берілуі мүмкін. Мысалы, бала анасынан, одан үлкеннен, одан да үлкендерден... деген ойлар айтылса, сіз мынандай сұрақ қоясыз:










- Егер үлкендер жауап бере алмаса ше?

- Мұғалімнен, білімді адамнан сұралады деген жауап болуы мүмкін. (Бізге керегі - білімді, дана адамдар деген сөздер. Балалардың біреуі болмаса, біреуі жазбауы мүмкін емес).

2. Мағынаны тану.

- Ендеше, осы пікірлеріңді есте ұстай отырып, «Әнет баба» мәтінінің мазмұнын іштей түсініп оқыңдар және өздерің айтқан ой-пікірлеріңмен салыстырыңдар.

Мәтін оқылып біткенде:

- Балалар, мәтінді оқығанда неге таңдандыңдар?

- Әнет баба Төле биге қандай бата берді?

- Мәтіндегі жебе нені бейнелейді?

- Тақтадағы қай жауап Төле бидің сөзіне ұқсайды?
Балалар өздерінің пікірлерін мәтіндегі оймен салыстырады.

- Әнет бабаның жұмбақтап айтайын деген ойы не еді? (Халықтың бірлігі, тұтастығы).

3. Ойтолғау.

- Сендер де бірлік туралы мақал жазыңдар.

- Әнет бабаның Төле биді қабылдауына, сөздеріне қарап, ол қандай адам деп ойлайсыңдар? (Оқушылар мәтінді қайта оқуға кіріседі. Ойларын дәлелдеу үшін дауыстап оқиды).

- Әнет бабаның жұмбақтап айтқан сөздерін бірден түсінген Төле би қандай адам?

- Сен осындай дана адамның алдына бара алар ма едің? Ойыңды жеткізіп, эссе жаз.

Оқушыларға мәтін мазмұны арқылы даналық, ақыл, парасаттылық ой қазақ халқының тілінен көрінетінін байқату. Қажетті көрнекіліктерді пайдалану мұғалімнің таңдау, талғамына байланысты.


Сабақтың тақырыбы: Енші үлесу. Тоқымқағар. Қ.Мырза Әли.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтін және өлеңнің тақырыбы мен идеяларын ұлттық салт-дәстүр ұғымдарымен байланыстыра талдауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: ой-қиялының, ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу қабілетінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: баланың бойында ұлттық салт-дәстүр ұғымдарын сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы сіңіруге ықпал ету, халық даналырын сезінуге, еңбекті сүюге, ата-анасына қамқорлық жасауға, қазақ халқының салт – дәстүрін білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құрал-жабдықтар: плакат, бор, маркер, тақта, т.б.

1. Қызығушылықты ояту,

а) - Балалар, ертеде жекелеген немесе топталған адамдар өз өмірлеріне қауіптенгеніне қарамастан, бір нәрсені іздеп, орман, теңіз, тау, тас, тіпті батпақтардан өтіп, сапар шеккен. Олар кімдер және не іздеді екен? (Әрине, қазына іздегендер). Ендеше, біз де бүгін осы жасырылған жұмбақ затты іздеп табуымыз керек. Ал оны табу үшін сендерге мына карта-жоба көмектесер деп ойлаймын. Оқушыларға карта-жоба ұсынылады. Әртүрлі белгілерді ұқсастыру арқылы балалар бұл сынып жобасы екенін аңғарады. Осы жобадағы қандай да бір бала мән берер-ау деген шартты белгі (қызыл нүкте, жұлдызша, өз қалауыңыз бойынша салынған белгі) арқылы жасырылған зат орнын атап айту керек. Оны тапқан бала затты алып келеді. Ол сандықша ма әлде цилиндр пішінді орам бола ма, оқушылардың көзінше ашылып, ішіндегі плакатқа жазылған жазу оқылады да, тақтаға ілінеді. Мұнда «Енші» деген сөз жазылған екен (мұндай ойын әлементін тарау тақырыбының «қазына» сөзі мағынасын ашу кезеңінде де қолдануға болады).

2. Мағынаны тану.

Енші сөзіне мән бере отырып, оқушылар мәтінді мағынасын түсіне отырып іштей оқиды.

Тақтаға немесе плакатқа екі жоспар жазылады.

- Балалар, осы екі жоспардың қайсысы сендерге ұнайды?

Неліктен?

1 №2

  1. Әке өсиеті. 1. Әкесінің балаларына өсиеті.

  2. Әке өсиетінің орындалуы. 2. Шешімі қиын дау.

3. Кісі ақылына сену.

4. Өкініш.

- Сонымен, еншіні кім береді және ол кімге беріледі екен?

- Еншіні бөлуде ағайындылар арасында дау шыққанына сенің көзқарасың қалай? Әлде, әке өсиеті дау болатындай дұрыс емес пе?

- Балалар неге түксіз қалды?

- Енші берілмесе, өкпелеуге бола ма?

- Сен оларға қандай ақыл айтар едің? Бір сөйлеммен дауды шешу жолын жазып көр. Бұл жерде оқушылардың сан түрлі ойларын тыңдай отырып, адамгершілік жолымен үлкенді кіші сыйлау, дүниеден гөрі туыстың қымбат екенін білдіретін ойға әкелу, жақындату керектігі қорытындылануы абзал.

Мәтінде кездескен түсініксіз сөздерді түртіп алып, қайта оқып шығу.

Мысалы: мирас, қоңсы, мал-мүлік.

- Халқымызда сан түрлі салт-дәстүрлер өте көп. Біз енді ақын Қадыр Мырза Әли аталарыңның «Тоқымқағар» өлеңімен танысып көреміз деп, тақырыпты тақтаға жазу.

- Тоқымқағар деген сөзді естіп көргендерің бар ма?

- Енші бөліп беру туралы әңгіме өз отбастарыңда болды ма? Тоқымқағар түсініктемесін оқулықтан бір оқушыға оқыту.

- Тоқымқағар қандай ниетпен жасалады? (Қуаныш, жақсылық, аманшылық тілеу).

Өлеңді оқыту.

Өлең мазмұны бойынша баланың алғаш рет атқа отырғандағы қуанышы, күдігі, қорқынышы, мақтанышы, өзін-өзі ұстауы - барлық сезімдері қалай берілгенін талдай отырып, өмірмен байланыстыру. Оқулықтың тапсырмалар мен сұрақтарын пайдаланып, жұмыс жүргізу.

3. Ойтолғау.

Яғни балаға өмірінде алғаш рет атқа, пойызға, ұшаққа, есекке, қайыққа отырғандағы сезімдері туралы және ата-анасының қуанышын сипаттату.

- Сонымен, қазақ халқы баласының өміріндегі әр жетістігіне қуанып, әртүрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар ұстанады екен.

Лездеме. Бұл ауызша сұрақтар баланың салт-дәстүр мен әдет-ғұрын туралы түсінігін кеңейту үшін жүргізіледі.

  1. Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қандай салт - дәстүр жасалады?

  2. Кішкене баланың неге тұсауы кесіледі?

  3. Жиені үшін нағашысы төлдің, құлағына неліктен ен салып береді?

  4. Төрге кім отырада?

  5. Ас ішіліп болған соң, не айтылады?

Сіз өз мүмкіндігіңізге қарай басқа сұрақтар дайындап келуіңізге болады,

Үйге тапсырма беру кезінде қазіргі ата-аналар балаларына қандай енші беретіні туралы үлкендерден сұрап білу тапсырылады.


Сабақтың тақырыбы: Сары ләйлек.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ертегі мазмұнын түсініп оқуға, идеясын ашуға және өткен сабақтармен байланыстыра отырып, ертегі ерекшелігін байқауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: салыстыруға, дәлелдеуге, ойын нақты, көркем тілмен жеткізуге үйрету жаттығулары арқылы оқушының сөздік қорын дамыту; көркемдік пен әдемілікті ауыз әдебиетінен көре білу керектігін түсінуге жағдай туғызу; халық даналығы адамзат баласына тән қасиет екенін байқату.

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтағы сурет, интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Әңгімелер кестесі» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

Үзінділер қандай ертегілерден алынғанын табу (тақтада жазулы түру керек).

  1. - Бәрібір сен үйге аман-есен келгенше уайымдап, санадан сарғаятын

боламын, - деп күрсінді әке-Бұғы.

2. ...Күндердің күнінде қобдиын қолтықтап, таныс емес бір ауылға аттанады (2-сынып, «Етікші»).

3. - Жоқ, балығым, сол есеппен мен сені жібере алмаймын (2-сынып, «Балықшы мен Балық» ертегісі).

Сұраққа жауап іздеу:

- Ертегілерді оқу арқылы не білеміз?

Тақтаға жауаптар жинақталып жазылады.

Мысалы: халықтың тұрмыс-салтын;

әдет-ғұрпын;

адамгершілік қасиеттерін;

шешендігін;

даналығын;

батырлығын;

тапқырлығын білеміз.
2. Мағынаны тану.

Ендеше, осы қасиеттер «Сары ләйлек» ертегісінде қалай көрінгенін оқып, білейік. Ертегіні басынан бастап, «...Ал қош болыңыз,» деген жерге дейін оқып, мазмұнын түсіну.

- Ертегінің осы үзіндісінен не түсіндіңдер?

- Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.

- Қытай халқының ертегісі екенін қалай ажыратуға болады? (Адам атынан, оқулықтағы суреттен).

- Оқиға ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар? (Болжау).

- Сендерді қызықтырса, ары қарай оқиық, - деп, аяғына дейін іштей оқу тапсырылады.

Ары қарай мәтін бойынша талдау жұмысы жүргізіледі.
Ертегідегі Ми мен шайхана қожайынын салыстыру.
Ми Қожайын

ақылды ақшақұмар

өнерлі мейірімді

адал ақылы аздау

көп сөйлемейтін

жұмбақ адам

- Шайхана қожайыны Ләйлектен айырылған соң, қандай күй кешті деп ойлайсыңдар?

- Мидің өзіне сонша жақсылық жасаған қожайынға ештеңе айтпай өкпелеп, үнсіз кетуі дұрыс па?

Ертегінің соңғы екі сөйлемін оқып, ертегінің идеясын ашуға мүмкіндік жасау.

Тақтадағы «Ертегілерді оқу арқылы не білеміз?» сұрағының жауаптарына қайта оралып, осы ертегіден жазылғандардың қайсысы байқалғанын іздеу, дәлелдеу.

Немесе келесі жұмыс: үй тапсырмасы болған «Құмырсқаның қанағаты» ертегісімен салыстыру үшін «Әңгімелер кестесі» стратегиясы қолданылады.

Құмырсқаның қанағаты Сары ләйлек

Авторы

Ауыз әдебиетінің түрі Ауыз әдебиетінің түрі

Оқиға орны

Қазақ жері, бақ іші Қытай жері, шайхана

Қамау

Құмырсқаны қамау Ләйлекті шайханада ұстау

Оларды неге еріксіз қамауда ұстады?

Құмырсқаның қанағатын анықтау Ләйлек арқылы адамдарға адал
үшін қызмет етуді көрсету үшін

Тапқырлар қайсысы?

Қүмырсқа Ми

Соңында не болды?

Құмырсқа өзінің қанағатымен Ләйлек барлық адамға

адамды таңдандырды бірдей қызмет етуді білмеген

әділетсіздігі үшін қожайыннан

кетіп қалды

Бұл жұмыс арқылы оқушының үй тапсырмасын меңгергені анықталады. Немесе «Мен сары ләйлек болсам» деген тақырыпта эссе, мысал, шағын ертегі жаздыру.

Бұл - ертегілерді салыстыру, идеясын ашу, ертегінің ауыз әдебиеті үлгісінің бір түрі екенін түсіну мүмкіндігін ажыратуға арналған жұмыс үлгісі.

Сабақ жоспарынан қажеттісін таңдап алу - мұғалімнің құзырындағы жұмыс.


Сабақтың тақырыбы: Қоңыр қозы. Т. Жұртбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға Мұхтардың балалық шағынан мәлімет бере отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсініктерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге жардай жасау.

Дамытушылық: сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету.

Тәрбиелік: адамгершілдікке, үлкенді құрметтеуге баулу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Жаңа сабақ.

  1. Жазушы суретін көрсете отырып, заңғар қаламгер Мұхтар Әуезов туралы

қысқаша мағлұмат беру.

2. Мәтінді оқушыларға абзацтан бастап кезектестіріп оқыту.

3. Мына сұрақтар арқылы оқушылардың мәтін мазмұнын түсінгенін байқау:

а) Бала Мұхтар неліктен қысылды?

ә) Жас Мұхтар Абай атасының өсиетін қалай орындады?

б) Әңгімені неліктен «Қоңыр қозы» деп атаған?

4. Тапсырмаларды орындау:

а) Бай ауылының көрінісі суреттелген тұсты әңгімеле.
ә) Мәтіннен Мұхтар ауылы суреттелген тұсты тауып айт.

б) Көркем, бейнелі сөздер мен сөз тіркестерін тапқызу, оларды дәптерге жазғызу.

в) Мына жолдарды жазу: «Қиқулаған қаздар көгілдір толқынды көлге қонып, қанаттарын сабалай, жүзе жөнелді» (дәптерге жазып, жаттау немесе осы сөйлемнен үш жай сөйлем құрату керек).

III. Сабақты бекіту.

IV. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу.


Сабақтың тақырыбы: Жаз келер. III. Құдайбердіұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, әрі ойын жүйелі жинақтап сөйлеуді үйрету.

Дамытушылық: жазғы еңбек түрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.

Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге және еңбек етуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, альбомдар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушы назарын сабаққа аудару.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Төрт мезгіл.

- Аттарын атату: қыс, жаз, күз, көктем.

Қойның толы жеміске,

Көк майсалыеңісте.

Көбелек ңуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Жаз)

Ендеше бүгінгі сабағымызда Ш. Қүдайберіүлының «Жаз ке-лер» өлеңімен таныс боламыз.

Ата-әжемізге барамыз. Жемістер піседі.

Демалысқа шығамыз.

Лагерьге барамыз.

Балық аулаймыз.

Суға шомыламыз.

1. Жаз мезгілі туралы сюжетті суреттер, альбомдар көрсету.

2. Ш. Құдайберді ұлының өмірбаянымен таныстыру.

Ш. Құдайбердіұлы - қазақтың аса көрнекті ақыны. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауданында туған. Ұлы Абайдан үлкен тәрбие алған. Өз бетінше білім қуып, білімдар болған кісі. Сонымен бірге қажылыққа барған.

3. Ш. Құдайберді ұлының «Жаз келер» өлеңін жатқа оқу.

4. Мазмұнын ашып түсіндіру.

5. Сөздік жұмысын жүргізу.

6. Оқушыларға тізбектей оқыту.

Сұрақтар:

Жазда ауа райы қандай болады?

Жазда жер беті қандай?

Балалар жазда не істейді?

Жан-жануарлар, құстар, тіршілігінде не өзгереді?

Жаздың шілде айы қандай болады?

Өзендер қалай ағады?

III. Сабақты бекіту.

Жаз мезгілінің ерекшеліктерін дәптеріңе жаз.

Жазда

Балақай – ау, балақай,

Жаз келеді – ау, алақай.

Жалаңаяқ жүреміз.

Балақты да түреміз.

Көлдең балық сүземіз.

Жалтылдатып тіземіз.

Тау мен тасты кеземіз.

Сан қызықты көреміз.

Сайдан жидек тереміз.

Тайға мініп желеміз.

Алтыбақан тебеміз.

Мақал-мәтелдер

1. Жаздың бір күні - қыстың мың күнін асырайды.

2. Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

3. Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқан келмей боз болмас.

4. Жаз сайға қонба,

Қыс қырға қонба.

IV. Үй тапсырмасы.

«Жаз келер» өлеңін оқып келу.

Жаз тақырыбына шағын өлең құрастыру.


Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ. Ы. Алтынсарин.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға «Таза бұлақ» мәтінін түсіндіру; Ы. Алтынсарин туралы білетіндерін тиянақтай түсу.

Дамытушылық: мәнерлеп оқу шеберліктерін қалыптастыру, шығарма - шылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: бұлақтай таза болуға, жақсыдан үйренуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, «Таза ұлақ» жинағы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақ.

Бірде былдыр-былдыр,

Сәбилердің тіліндей.

Бірде сыңғыр-сыңғыр,

Қоңыраудың үніндей.

Ән сап жатқан ерінбей.

Бұл не?

(бұлақ)

Бұлақ дегеніміз не? (Білетіндерін сұрау).

Бүгін Ыбырай атамыздың «Таза бұлақ» әңгімесімен таныс боламыз.

  1. Мұғалімнің оқуы.

2. Сұрақтар:

- Үш жолаушы бұлақ басынан қандай жазу оқыды?

- Үш жолаушы қандай пікірлер айтты?

- Сен қандай ой айтар едің?

- Ы.Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесің?

3. Сөздік жұмысын жүргізу.

4. Нақыл сөздерді дәптерлеріне теріп жаздырту.

5. Оқушыларға тізбектей оқыту.

6. Рөлге бөліп оқыту.

7. Ы. Алтынсариннің екі мәтінін салыстырту.

Баланың айласы

1. Жылан, ғалым.

2. Жануарлар сөйлейді.

3. Баланың айласы

Ұқсастықтары

1. Ы. Алтынсарин шығармасы

2. Ақыл сөз

3. Тас

4. Жақсыдан үйрену


Таза бұлақ

1. Үш жолаушы

2. Адам сөйлейді

3. Бұлақ, табиғат


III. Сабақты бекіту.

1-қатар. «Су - тіршілік көзі» тақырыбына шығарма жаз,

2-қатар. «Сусыз өмір жоқ» тақырыбына суреттер сал.

IV. Үйге тапсырма.

1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айту.

2. «Бұлақ», «Су», «Тазалық», «Адалдық», «Шынайылық» тақырыбында мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар жинақтау.


Сабақтың тақырыбы: Көл басында.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; көл айна - ласындағы табиғат көрінісімен, құстар тіршілігімен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға баулу; экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: көлдің суреттері, ақ-құстардың суреті.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг.

II. Жаңа сабақ.
Жұмбақтар

1. Ауыл сыртында сайда,

Жатыр үлкен айна.

(көл)

2. Бұйра жасап сан қилы,
Сұйық жазық шалқиды.

(теңіз)

3. Қия шыңнан құлайды,
Тасты бұзып арыны.

Ақжалданып тулайды,

Құлақ жарар сарыны.

(сарқырама)

4. Сынаптай жылтырап,
Биіктен сырғиды,

Ән салып былдырап,

Іздейді ылдиды.

(бұлақ)

5. Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты,

Керемет-ау кернеуі,

Тасты тесіп, жарыпты.

(өзен)

Қазақстанда өзен-көлдер, теңіздер өте көп. Көлдің түрлері: ағынды көл, тұйық көл, жерасты көлі, қалдық көл, т.б. Сендер қандай өзен-көл, теңіздерді білесіңдер?

Мәтінмен жұмыс.

- Мәтінді түсініп оңу.

- Мазмұнын ашу.

- Сөздік жұмысын жүргізу.

- Оқушыларға тізбектей оқыту.

Сұрақтарға жауап беру.

  • Әңгіме саған несімен ұнады?

  • Саматқа мінездеме бер.

  • Әңгімені бөліктерге бөліп, ат қой.

  • Аң-құсқа қамқорлық жасауды ұмытпа.

III. Сабақты бекіту.

Өз басыңнан өткен осындай оқиға жайлы шығарма жаз.

IV. Үйге тапсырма.
Мәтінді түсініп оңып келу.
Үйректің түрлері туралы жазып келу.


Сабақтың тақырыбы: Қаңбақ пен Жантақ.

Сабақтың мақсаты:

Бідімдік: Қаңбақ пен Жантақ мысалын түсіндіре отырып, оның негізгі идеясын ашу.

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз бетінше жұмыс орындауға баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа, адалдыққа, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

1. Қызығушылықты ояту.

Ой шақыру.

Табиғат деген не?

Топпен жцмыс.

Әр топңа сурет таратылып беріледі. Оңушылар олардағы табиғатңа ңатысы бар заттарды, ңүбылыстарды аныңтайды. Әр топтан бір оңушы шығып, сыныпңа өз шешімдерін айтып береді.

2. Мағынаны тану.

а) Оқулыңтан Қаңбаң пен Жантаң мысалын оңу.
ә) Сөздік жүмысын жүргізу (кестеге түсіру).

б) Топтарда толтырылған кестелер бойынша пікір алысу.

в) Ұжым үшін түсініксіз үғымдарды, аңпараттарды бірлесе анықтау, талдау.

г) Жақсы әдет пен жаман әдетті немесе Қаңбақ пен Жантақ мысалындағы кейіпкерлерді Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

Қаңбақ Жантақ

3. Ой толғаныс.

Топпен жұмыс.

1 топ. Мысалға байланысты сурет салу.

2 топ. Мысал кейіпкерлеріне өлең шығару.

3 топ. Жалқаулық, еріншектік туралы мақал-мәтелдер айтқызу.

«Әңгімелер кестесі» стратегиясы.

«Бидай мен Қаңбақ» және «Жантақ пен Қаңбақ» мысалдарына байланысты әңгімелер кестесін толтыру.

  1. Мысалдың аты


Бидай мен Қаңбақ Жантақ пен Қаңбақ


  1. Мысал кейіпкерлері


Бидай, қаңбақ Жантақ, қаңбақ



  1. Оқиғаның болған жері


Егістікте Жазық далада


  1. Тапқыр, ақылды кейіпкер


Бидай Жантақ



  1. Пайдасыз кейіпкер


Қаңбақ Қаңбақ


- Мысал бізге не үйретті

- Мысал арқылы қандай қорытынды жасар едің?

Үйге тапсырма

«Қаңбақ пен Жантақ» мысалын рөлге бөліп оқып келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Балалар елін бағындыру.

Автор: Бабажанова Сангина Шавкаткизи

Дата: 13.04.2017

Номер свидетельства: 409048

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Балалар елін ба?ындыру "
    ["seo_title"] => string(24) "balalar-ielin-bag-yndyru"
    ["file_id"] => string(6) "233761"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443203291"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Н. А?ышев «Балалар  елін ба?ындыру» "
    ["seo_title"] => string(36) "n-ak-yshiev-balalar-ielin-bag-yndyru"
    ["file_id"] => string(6) "160246"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422018057"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Балалар елін бағындыру.."
    ["seo_title"] => string(26) "balalar_ielin_bag_yndyru_1"
    ["file_id"] => string(6) "409238"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492170763"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев."
    ["seo_title"] => string(36) "balalar_ielin_bag_yndyru_n_ak_yshiev"
    ["file_id"] => string(6) "387861"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486278247"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Балалар елін ба?ындыру" 3 сынып"
    ["seo_title"] => string(27) "balalarielinbagyndyru3synyp"
    ["file_id"] => string(6) "258586"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448530855"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства