kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Астана әсем қала. Сапалық сын есім.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Астананың көрікті жерлерімен таныстыра отырып, сын есімді  практикалық жолмен меңгерту;

Оқушылардың  мағыналы сөз тіркестерін және  сауатты  сөйлем құру дағдыларын дамыту;

 Туған елінің астанасына деген  мақтаныш сезімін ояту, отансүйгіштікке,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Астана әсем қала. Сапалық сын есім.»

Сабақтың тақырыбы: Астана – әсем қала. Сапалық cын есім.
Сабақтың мақсаты:

Астананың көрікті жерлерімен таныстыра отырып, сын есімді практикалық жолмен меңгерту;

Оқушылардың мағыналы сөз тіркестерін және сауатты сөйлем құру дағдыларын дамыту;

Туған елінің астанасына деген мақтаныш сезімін ояту, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, ойын, бақылау, салыстыру, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ой қозғау
Көрнекіліктер: Астана көрінісі, Астананың зәулім ғимараттарының суреттері, мәтін, бейнесюжет
Жаңа сөздер: өте суық, зәулім, ғимараттар, әйгілі, ыстық, үлкен, таза
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.

І.Оқушылардың қызығушылықтарын ояту

Балалар, берілген сөз тіркестерді қандай сөзбен байланыстыруға болады?

Презентация 1-слайд

Кең көшелер қала көп қабатты үйлер

әдемі саябақтар

Бүгін біз Қазақстанның әсем қаласына саяхат жасаймыз. Қандай қалаға баратынымызды анықтайық Балаларға видеокөрініс ұсынылады

ІІ. Видео Астана туралы.

Балалар қалай ойлайсыңдар бұл қай қала? Иә, балалар, бұл мемлекетіміздің бас қаласы – Астана.

- Бүгінгі сабағымыз Елордамыз Астана туралы болмақ.
- Ал қанекей балалар Астана қаласына барғандарын бар ма?
Сендер Астанаға бардыңдар, сол жайлы айтып беріңдерші.

ІII. Видео

Балалар Астана қаласы туралы айтады.

Балалар енді біз Астана қаласына саяхат жасайық.
Астана қаласының өте биік, зәулім ғимараттарын білеміз бе? Астана қаласының симвалы не деп ойлайсыңдар? Бұл әрине Бәйтерек. Бәйтерек сөзін естігенде ойларына не келеді? Балалар өз ассоцияцияларын айтады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «кім тез табады» ойынның өткіземіз. Ойын шағын топта өткізіледі. Бұл ойын арқылы балалардың тапқырлығын, сурет бойынша сөйлем құрастыра білу дағдыларын, бір-бірін тыңдай білу, түсіне білу қабілеттерін дамытамыз.

IV «Кім тез» ойыны. Сынып екі топқа бөлінеді.

Әр топтан бір оқушы шығады да, тақтаға теріс қарайды. Тақтаға бір ғимараттың суреті шығады. Ойынның ережесі: ғимараттың атын атамай оны сипаттап беру, кімнің тобы тез жауап қайтарса, сал топ дұрыс, түсінікті сипаттап берді. Көрсететін ғимараттар: Бәйтерек, көпір, «Хан шатыр», «Думан» ойын сауық орталықтары.

Сынып екі топқа бөлінеді, қай топ дұрыс сипаттама бере алады.

V Сөздік жұмысы Видео

Бұл тапсырма Үш тілдік саясатын жүзеге асыруға бағытталған. Сондықтан сөздік жұмысы үш тілде жүргізіледі. Жұмыс кесте толтыру арқылы өткізіледі. Жұмыс барысында балалар мәтіндегі жаңа сын есімдермен танысады, және мәтінде кездесетін таныс сын есімдерді қайталаймыз

Оқушыларға кесте беріледі, бос орынға керекті сөзді жазады. Егерде білмей жатқан сөзі болса, бір-бірінен сұрап толтырады. Бірақ балалар шарт қойылады тек қана бір сөзді сұрай алады. Толтырып болғаннан кейін дұрыс нұсқауға қарап өз жауаптарын тексереді.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

зәулім

высотный


әйгілі


Popular


холодный

Cold

үлкен

Big

таза

чистый



жаркий

Hot






Дұрыс нұсқасы

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

зәулім

высотный

high

әйгілі

известный

Popular

өте суық

холодный

Cold

үлкен

большой

Big

таза

чистый

Clean

ыстық

жаркий

Hot


VI (Видео) Тыңдалым Астана – әсем қала

Осы жұмыс арқылы оқушылардың тыңдалым дағдыларын қалыптастырамын.. Тыңдалған материал не туралы немесе кім туралы екенін анықтай отырып, мазмұнын түсінеді Оқушының есте сақтауға қабілетін дамытуға мүмкіндік береді

Мәтінді тыңдап болғаннан кейін оқушылар тыңдаған мәліметті қаншалықты түсінгенін, естерінде сақтағанын тексеру үшін келесі тапсырманы орындаймыз.

Сөйлемдер оқиды, сөйлем мәтіннің мазмұнына сәйкес келсе ия деп, сәйкес келмесе жоқ деп жауап береді.


Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Астана Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы өте суық, жазы ыстық болады. Астана болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр.

  1. Астана кішкентай қала.(жоқ)

  2. Астана-бас қала. (ия)

  3. Астана әлемге әйгілі қала. (ия)

  4. Астананың қысы жылы. (жоқ)

  5. Астананың жазы суық. (жоқ)

  6. Астанада зәулім ғимараттар салынып жатыр. (ия)


VII Видео СЕРГІТУ СӘТІ


VIII Оқылым екі мәтін бойынша өткізіледі.

Бірінші мәтінмен жұмыс.

Оқушылар берілген мәтіннің мазмұның түсініп, сөйлемдердің мағынасына қарай керекті сөздерді қаншалықты дұрыс келтіре алатынын, сын есімдердің мағынасын түсінетінін тексеруіне мүмкіндік береді

Тапсырма Көп нүктенің орнына жақшада берілген сөздерді мағынасына қарай қолданып жаз.

Астана .................... Қазақстанның ................. қаласы. Бүгінде Астананың аты әлемге .................. Астана ....................... Қазақстан аймағында орналасқан. Астананың көркін .............. сәулеттік ғимараттар ашып тұр. Астананың көшелері .............. Астана қаласында .................... ойын-сауық орындары бар. «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы Астанадағы ғажайып орындардың бірі болмақ. Менің Астанам - ................... қала.

(қызықты, бас, ең сұлу, тәуелсіз, жаңа, өте кең, әйгілі, Солтүстік)


Екінші мәтінмен жұмыс.

Балалар оқулықта берілген мәтінді оқып шығады. Мәтінді қаншалықты түсінгенін сұрақтар арқылы тексеремін. Осы тапсырма оқушылардың оқу мәнерін, оқу жылдамдығын тексеруге, сұрақтарды түсініп, тез, дұрыс жауап беру дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

IX Видео Ойындар

Бұл ойындар оқушылардың сын есімдерді практикада қалай орынды қолдана алатындығын көрсетеді. Сөз тіркестерін дұрыс құру дағдысын дамытуға болады. Сөздік қорын анықтауға, мағынасын түсінуге, шапшан ойлауға дағдыландырады


1. Берілген сын есімнің мағынасына сәйкес келетін зат есімдерді таңдау.

Бір оқушыға ыстық, бір оқушыға суық сын есімі беріледі. Басқа балалар қолдарына зат есімдер жазылған парақтар ұстап тұрады.

Сын есімдері берілген екі оқушы өздеріне керек сөздерді таңдайды.

Зат есімдер: қыс, ғимарат, мұз, жаз, жел, күн, су, ауа.

2. Берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіру керек.

Балалрға әр түрлі сын есімдер мен зат есімдер беріледі, оқушылар аралап жүріп керекті сөзін анықтап, сөз тіркестерін құрастырады.


ӘДЕМІ КӨПІР
Ұ З Ы Н ТАУ

К Е Ң ЖАПЫРАҚ

Б И І К КӨШЕ

Ж А С Ы Л ҒИМАРАТ


X Деңгейлік тапсырмалар

Балалардың деңгейіне қарай беріледі

  1. Төмен деңгейлі оқушылар суреттерді салыстырып, сын есімдерді жазады.

Бұл тапсырма арқылы балалардың сөздік қоры тексеремін

Үй: жаңа, ескі; жол: кең, тар; ..







Деңгейі жоғары оқушылар заттарды салыстырып, сөйлем құрастырады

Сын есімдерді қолданып, сөйлем құру дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызады

Үлкен үлкенірек




Биік биігірек


Суық суығырақ

Балалар тапсырманы қалай орныдағанын көру үшін бір оқушышың жұмысын ұсынамын.

XI Үй тапсырмасы сабақта меңгерген сын есімдерді қолданып, Талдықорған қаласы туралы әңгіме құру
XII Рефлексия

сұрақ – жауап

Бүгінгі сабақта қай қалаға сапар жасадық?

Астананың қандай көрікті жерлерімен таныстық?

Астана қандай қала?

(әсем, жаңа, әйгілі, үлкен, бас қала)

Ғимарат сөзіне сын есімдер келтіріндерші.

(Зәулім, өте биік, әдемі, ғажайып)

Балалар сабақтың ұнаған, ұнамағанын «Басбармақ» әдісі арқылы білдірді.

Балалар, осымен сабағымыз аяқталды сау болыңыздар!


Бүгінгі сабақта Астана қаласына сапар жасадық, қаланың көрікті жерлерімен таныстық. Сын есімдерді практикалық жолмен меңгердік. Балалар практикады сын есімдерді қаншалықты дұрыс пайдалана алатынын тексердік.
Берілген тапсырмалар оқушылардың сөйлеу, оқу, тыңдау дағдыларын дамытуға, және де
туған жерімізге, бас қаламызға сүйіспеншілік сезімін туғызу бағытталған. Орындалған тапсырмалар арқылы қойған мақсаттарыма жеттім деп ойлаймын.




Назарларыңызға рахмет. Сау болыңыздар.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Астана әсем қала. Сапалық сын есім.

Автор: Самбулатова Гульшат Шукуровна

Дата: 25.11.2016

Номер свидетельства: 362545

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Интеллектуалды? ойын  «XXI ?асыр  к?шбасшысы» "
    ["seo_title"] => string(46) "intielliektualdyk-oiyn-xxi-g-asyr-koshbasshysy"
    ["file_id"] => string(6) "168778"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423301243"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства