Просмотр содержимого документа
«Астана - көрікті қала»
Сабақ жоспары Пәні:Қазақ тілі Сыныбы:4б Күні, айы, жылы: Тоқсан:ІІІ Пән мұғалімі:Жумырбаева С.М. Сабақтың тақырыбы:Астана-көрікті қала Сабақтың мақсаты:а) білімділік; оқушыларға ертегі мазмұнын меңгерту , ертегіні оқу арқылы сөз құдіреттілігін білуге үйрету, баланы оқыта отырып тәрбиелеу. ә)дамытушылық; жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізу, жүйелі сөйлеу қабілеттерін анықтау.Ертегіні рөлге бөліп оқытуға үйрету. б)тәрбиелік; ертегі желісі бойынша достыққа, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,сөздік Көрнекілігі:оқулық, Астана қаласының суреттері, үлестірме қағаздар,слайд Пәнаралық байланыс:орыс тілі
Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру бөлімі: - оқушылармен амандасу; Қайырлы күн болсын, Қайырлы дос болсын. Алар біздің бағамыз, Кілең бестік болсын. - сынып оқушыларын тексеру; - сабаққа зейіндерін аудару. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 1-тапсырма.Оқы, айт. (пересказ) Ақтау-үлкен қала. Ол Маңғыстау облысында. Қала Каспий теңізінің жағалауында. Ақтауда мұнайшылар тұрады. Қалада университеттер , театрлар, ескерткіштер, мектептер, балабақшалар бар.
ІІІ. Өткен тақырыпты сұрақтармен бекіту. 1.Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан) 2.Еліміздің Президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев) 3.Қазақстан қандай мемлекет? (үлкен ) 4.Президенттің жұмыс орны қайда? (Ақордада) ІҮ.Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық. -Оқушылар , барлығымыз картаға қарайық. -Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс) -Астанасы қай қала? (Астана қаласы) -Астана қандай қала? (жас қала) -Астананың қандай көрнекті жерлерін білесіңдер? («Бәйтерек», «Ақорда», «Ханшатыр») -Жақсы, ендеше Астананың көрікті жерлерін бірге тамашалайық.
Ү. Жаңа тақырыпты меңгерту . (Күннің жады мен сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады) Сөздікпен жұмыс. көру алаңы – смотровая площадка деп аталады – называется ішінде – в, внутри (3 оқушыға сөздікті қайталатамын) Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма.Суретке қара, біліп ал. Бұл-біздің Астана.
Мұғалім: - Оқушылар , тапсырмаларды орындап, Астананың әдемі жерлерімен танысайық, еске түсірейік. 2- тапсырма. Өлеңді мақтанышпен оқы. Астана Талай ақын жыр еткен, Бүгін еңбек қайнаған , Есілдің оң жағасы. Жасау үшін бақ қала. Елге әйгілі Қараөткел, Болады ертең жайнаған, Ескі Ақмола қаласы. Ақ Астана – бас қала. (Е.Өтетілеуұлы) 2-тапсырманы орындап, Астана қаласының «Бәйтерегін» орнатамыз.
«Бәйтерек»
Мұғалім: -Оқушылар, Елбасының жұмыс жасайтын орнын білесіздер ме? Оқушылар: - Иә, Ақордада жұмыс жасайды. Мұғалім: - Келесі тапсырманы орындасақ, Ақорданы орнатамыз. 3-тапсырма. Мәтінді жаз (жазбаша) септік жалғауларын табыңдар. « Бәйтерек » Астана 1998 жылдан «Астана» деп аталады. Астана Есіл өзенінің бойында. Қаланың басты нысаны – «Бәйтерек». Оның биіктігі – 97 метр. Басында алтын шар бар. Ішінде сурет галереясы, аквариум және мейрамхана бар.
6-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен. (бастауыш пен баяндауышты табыңдар ) 1.Астана 2.Астанаға барамын. 3.Мен Астанаға барамын. 4. Мен каникулда Астанаға барамын. ( Кім?- мен, Не істеймін?- барамын )
Септе: Қала сөзін септеңдер. Мұғалім: -Қазақ тілінде неше септік бар? Оқушылар: - Қазақ тілінде 7 септік бар.
Атау септік: қала Ілік септік: қаланың Барыс септік: қалаға Табыс септік: қаланы Жатыс септік: қалада Шығыс септік: қаладан Көмектес септік: қаламен
Қала сөзін тәуелде Жекеше І жақ. Менің қалам ІІ жақ. Сенің қалаң Сіздің қалаңыз ІІІ жақ. Оның қаласы Берілген сөзді септеу және тәуелдеу арқылы Бейбітшілік пен Келісім сарайын орнатамыз.
«Бейбітшілік пен келісім сарайы»
Үйге тапсырма:4,5-тапсырма. 91 бет Қорытынды:Оқушылар бағаланады. Сабақ аяқталады.