Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, жылдам ойлау, шығармашылық қабілеттерін шындау.
Сабақ түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап,түсіндіру,сөзжұмбақ шешу, қабылдау (хат жолдау), әңгімелеу.
Көрнекілігі: хат үлгісі, сызбалар, сөзжұмбақтар,сандар,суретті бнйнелер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Назарларын сабаққа аудару, оқушыларды түгелдеу.
Қызығушыларын ояту.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ.
– Балалар, бізге Астана қаласынан хат келіпті, ол үшін сөзжұмбақты шешуіміз керек.
«Астана» сөзжұмбағын шешу.
А
л
м
а
т
ы
т
і
с
и
т
қ
а
р
л
ы
ғ
а
ш
л
и
м
о
Н
а
й
1.Апорт алманың отаны.
2.Адамның ас шайнау мүшесі.
3.Адамға серік, күзетке берік. Ол не?
4.Құйрығы айыр,киелі құс.
5.Терісі - сары,еті - дәрі.Ол не?
6.Орақ болып туады, тарақ болып бітеді. Ол не?
- Жарайсыңдар, балалар! Енді хатты оқуымызға болады.
Сәлем хат
Сәлеметсіңдер ме балалар! Сабақ оқуларың қалай? Білімді болуға талпыныңдар, оқыңдар, үйреніңдер!Менің жағдайым өте жақсы.Жылдан жылға өсіп келемін.Мен туралы қолдарыңдағы дүниетану оқулығында да жазылған, ынта қойып оқыңдар.
Қоршаған әлемдегі кереметтерге қызыға қарап, ойланып,білуге құштар болып, жылдан-жылға өсе беріңдер.
Хат жолдаушы: Астана қаласы.
Міне, балалар,бізге келген хат осылай жазылыпты. Астананың айтқанын үнемі есте сақтап, орындап жүрейік.
Балалар, Астана қаласына не дейміз?
Рахмет саған, Астана!
2.Ой шақыру.«Шарлар сыры» ойыны, тақтада түсті қағаздан қиылған шарлар ілінеді. Шарларда сұрақтар жазылған.
«А» шарының сұрағы: ҚР астанасы қай қала?
«С» шары кезек күтіп тұр екен, сұрақты оқиық: 1998 жыл,6 мамыр. Осы жылы не болды?
«Т» шарының сұрағы: Астана қандай қала?
«А» шарында не бар екен көрейік: Астана қандай өзеннің жағасына салынған?
«Н» шары кезек күтіп қалған сияқты: Астана қаласының бейнесінде қандай жануардың
бейнесі салынған?
«А» шарына да кезек келді: Астана қаласында қандай әдемі құрылыстар орналасқан?
3.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқыту.Сұрақтарға жауап беру.
4.Ой толғау. «Бұзылған лифт» ойыны.
Бұлбұл астана қаласындағы 10 қабатты әсем үйде тұрады. Ол өз пәтеріне барайын десе, лифт бұзылып қалыпты. Біз Бұлбұлға көмектесіп, пәтеріне дейін жеткізіп тастайық.Ол үшін біз қойылған сұрақтарға жауап беруіміз керек.Ал, ендеше бастадық.
1.Біз қай мемлекетте тұрамыз?
2.Еліміздің рәміздерін ата.
3.Астана қаласындағы мөлдір жол?
4.Өзі биік, жоғарғы жағында алтын түстес шар орналасқан құрылысты ата?
5.Қазақстанның бұрынғы астанасы қай қала?
6.Еліміздің президентін білесің бе?
7.Еліміздің туының түсі қандай, ол нені білдіреді?
8.Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?
9.Әнұранның авторларын ата.
10.Астана туралы ән білесің бе?
Бұлбұлды лифт жоқ болса да өз пәтеріне жеткіздік. Балалар сендерге рахмет.
4.Сабақты бекіту.
«Арман қала - Астана» қала туралы өз ой-пікірлерін ортаға салу.Астана қаласы жайында ән тыңдап,қосылып айту.
5.Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысып, белсенділік көрсетіп отырған балаларға Астана қаласы суреті бар ашық ашықхат сыйлау.
6.Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып, «Астана – әдемі қала» тақырыбында сурет салып, әңгіме жазып келу.