Пәні: әдебиеттік оқу
Күні: 24.10.16ж
2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Кабакова З
Сабақтың тақырыбы
Қожанасыр мен ашқарақ
Сабақтың мақсаты
1. Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің үлгісі, жанры-аңызбен таныстыра отырып, қомағайлық, тойымсыздықтың ұятқа қалдырып, азапқа түсіретінін, қанағатшыл, байсалдылық бақытқа жеткізетінін түсіндіру.
2. Аңызды дұрыс түсініп, түсінгенін баяндай білуге баулу.
3. Топтық жұмысқа, шығармашылыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Алға қойған мақсатқа жете алатын оқушы тәрбиелеу. Әр оқушы өз білім деңгейін, іскерлігін дамытады. Оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттері шыңдалады.
Негізгі дерек сөздер құрал-жабдықтар
Оқулық, интербелсенді тақта, смайликтер, А-4 форматтағы парақтар, стикерлер, дәптер, т.б.