kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Армысы? , ?з - Наурызым!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Армысы?, ?з - Наурызым!» Ма?саты: 1. Хал?ымызды? ?асырлар бойы ?алыптасып, д?ст?рлі т?рде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесіні? ?асиеті мен д?ст?рінен сыр шерту. ?рпа?тар санасына ?лтты? та?ылым мен ?лтты? салт-д?ст?рлерден хабар беру. 2. Хал?ымызды? мол м?расын саналарына сі?іре отырып, та?ылым алу?а жетелеу. 3. ?лтты? т?рбие к?зінен н?р алу?а т?рткі жасау. Ту?ан хал?ыны? бай ауыз ?дебиетін ?адірлеуге, салт-д?ст?рін пір т?ту?а, ?лтты? та?ылымдармен сусындап ?сетін хал?ыны? азаматы болу?а баулу. Т?рі, формасы: Мерекелік кеш. ?діс-т?сілі: Сахналы? к?ріністер, ?лтты? ойындар. К?рнекілігі: ?анатты с?здер, шаныра?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Армысы? , ?з - Наурызым!» »


Тақырыбы: «Армысың , әз - Наурызым!»


Мақсаты:
1. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден хабар беру.
2. Халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, тағылым алуға жетелеу.
3. Ұлттық тәрбие көзінен нәр алуға түрткі жасау.
Туған халқының бай ауыз әдебиетін қадірлеуге, салт-дәстүрін пір тұтуға, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу.


Түрі, формасы: Мерекелік кеш.
Әдіс-тәсілі: Сахналық көріністер, ұлттық ойындар.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, шанырақ.


Жүргізуші:

Армысыздар, көрермен барша халық,

Қартқа құрмет,сыйлайық жасқа шабыт

Салты солай Наурыздың.....

Ей,адамдар, бауырларша келіңдер бас қосалық.


Көктем сайын арда емген Ана-Күнді,

Дүбірлесін думаннан дала күллі.

Салты солай Наурыздың...

Ей, адамдар, туыстарша тойлайық Жаңа жылды.


Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,

Сол ізгі елдің Ұрпағы мына біздер.

Салты солай Наурыздың...

Ей, адамдар, аталардан ақ бата тілеңіздер.


Тілейді олар:                                                                                                               

- Болсын-деп, ырыс жылы!

Жер бетінің болсын деп тыныштығы

Салты солай Наурыздың...

Ей,адамдар, тым болмаса

Ұлы бол, Ұлыс күні!


Құрметті қонақтар,балалар,

Көктемнің тамаша мерекесі,

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз құтты болсын

Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін.

Бүгінгі «Армысың,Әз-Наурызым!» атты әдеби-музыкалық ертеңгілігіміз ашық деп жариялаймыз.




Жүргізуші:

Бұл күн –күн мен түннің теңелетін,жан –жануар төлдейтін,адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.

Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жырсышы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!


Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп, жатыр міне маңайды.

Мал біткеннің бал татыған уызы.

Қуат болып даламызға тарады.


Төрт түлік мал халқымыздың сүйері.

Көңілімнің,күмбірлеген күй енді.

Аман ба деп, мал жанын ?

Бірін –бірі құшақтасып сүйеді.


Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз тойын ашу үшін сөз №20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің директоры Жақсылықова Ғалия Хамидинқызына беріледі!

Жүргізуші:

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу – маржан шашайық!

Жиналған жұрт таң қалсын

Өнерден шашу шашайық!

Апалар шашу табақтарын ұсынады, олар көрермендер залына түседі де, көпшілікке шашу шашады. Шашу жыры сахна сыртында ағылады.

Жүргізуші:

Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,

Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа жамағат, жинап ал несібеңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

Шашу! Шашу! Шашу!

Тойларда шашу шашу салты елімнің.

Көңілім дарқан,

Несібем мол болсын деп,

Дәм тат мынау шашылған көп шашудан.


(Ән:Наурыз көктем»)4 «Ә» сынып оқушысы Парахатова Гүлдана


Жүргізуші:

Көргенде қуанасың таза әуені

Құлаққа естімегендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызың құтты болсын – Қазақ елі!

Салтымен ата – бабамның

Жаңғырды қайта заманым.

Жаңа жыл басы – бұл Наурыз

Қайырлы болсын қадамың!

(Ән: «Төрлет Наурызым!» 2 «А» сынып оқушысы Сансызбай Диана)

Жүргізуші:

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жердің тойы – Наурызым!

Елдің тойы – Наурызым!

Төлдің тойы – Наурызым!

Көңіл тойы – Наурызым!

Көктем тойы – Наурызым


(көрініс: 2 «Б» сынып )

Жүргізуші:

Тамаша екен салтымыз,

Тамаша екен халқымыз.

Наурыздан қалар көңілге,

Өшпестей болып жарқын із. –дей келе салт-дәстүрлерге кезек берейік!

(Бесікке салу)4 «В сынып»


Жүргізуші.

Тұсауын кесіп сәбидің бар да жылдам,

Құр қалмасын өмірдің сайранынан

Шапқыласын туған жер төсінде еркін

Қыз қызғалдағын құлпырып елімде жайнап жүрсін.

Ала жіппен тұсау кесу баланы келешекте, ешкімнің ала жібін аттамай, адал болып өссін деген ниетпен туған. Олай болса, қазір тұсау кесу рәсіміне назар аударыңыздар. Баланың тұсауын ала жіппен кесейік.

(тұсау кесу2«Ә»сынып) «Ән Алматы түні»

Жүргізуші:


Наурыз тойға жиналған,халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын таппайтын тепе-теңін.


Келді Наурыз бұла күш тасқынымен,

Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен.

Жер иіп,тамыр толып,бүршік жарып,

Табиғат ықыласына тас жібіген.


(тұсау кесу4«Б»сынып)

Жүргізуші:

Келді Наурыз даладай кеңдігімен,

Көк байрағы желбіреп желді күнмен.

Тәуелсіздік ұранын аспандатқан

Айналамын,Теңдігім,Елдігімнен.


Арайыңдай көрінген таңғы үміттің,

Басын қостың сан халық,сан бір ұлттың.

Жарқырай бер,жер-көкте,жаса Наурыз

Ұлт достық мейрамы мәңгіліктің.


Жүргізуші:

Жарқыра, жайна Наурызым,
Қабағы жаудың түйілсін.
Береке-байлық –дәм-тұзың,
Халқыма мәңгі бұйырсын


(2А сынып «Наурыз көже хор»)



Жүргізуші:

Жыл сайын Наурыз айы келе берсін,

Жаңа жыл есікті ашып кіре берсін.

Ежелден көктем мейрамы Наурыз,

Еліме жаңа бақыт бере берсін!- демекші, ендігі кезекті келесі салтымызға берсек деймін.


( Қыз ұзату 4«А»сынып )ән «Жарайма?» Қойшыбай Ұлан



Жүргізуші:

Халықтың ұғымында Наурыздың 20-22 аралығында «Әз кіреді» деген ұғым бар. Ол әуеде болар – болмас діріл мен гүрілдің пайда болуы арқылы білінеді. Әздің жүруімен көк, ағаш, тал, бұта, сияқты тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңа тіршілік басталғанынан хабар береді. Халық шат – шадыман болып қуанышқа кенеледі. «Әз болмай, мәз болмайды» деген мақал да содан қалса керек.

Жүргізуші:

Армысың ауылымның асылдары

Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.

Сендер үшін, ән мен күй, өлең мен би,

Сендер үшін Наурыз той шашулары.

(4 «А» сынып «би»)

Жүргізуші:

Жедел жүріп алаңға жетіңіздер,

Наурызға адал ниет етіңіздер!

Қарсы алып, жылдың басын, той тойлайық,

Ән шырқап, би билеп қауым болы

( Айтыс «Аяз бен Қыдыр»:4 «Ә» сынып )

Жас қосатын жасына

Жыл басы бұл Наурыз.

Әр кіргізген асыңа.

Бал татыған сары уыз.


Көктем тойы - әніміз.

Көркемөнер сәніміз.

Өлең, әнмен той сәнін

Өрнектейміз бәріміз.


Жүргізуші:

- Ал, балалар, ұлттық ойын түрлерін білесіндер ме?

Ұлыс тойы күні көкпар, күрес, қыз қуу, алтыбақан, асық ойыны секілді ұлттық ойындар ойналады.Ұлттық ойын үлгісін тамашалаңыздар.


( «Арқан тартыс», « Теңге алу», «Орамал тастамақ» т.б.)


Жүргізуші:

Ей, балалар, балалар,

Енді маған қараңдар!

Наурызды тойлайық,

Қызық ойын ойнайық

.

( би: 2 «Ә» сынып өзбек биі

2 «А» сынып сыған биі)

Ал, халайық тұрмайық

Әндетейік, жырлайық

Ортамызды ашайық

Думандатып би – билеп

Інжу маржан шашайық.

(4 «Б» ән «Үш қоңыр»

4 «В»Би «парури»)

Жүргізуші:

Наурыз шаттық тойымыз,

Қуанышты күніміз.

Мейрамда көп ойнымыз,

Атап өтер бүгін біз.

Наурыз тойы- береке,

Наурыз айы – жыр, аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз!

Жырға, күйге жараса,

Жырла, биле жаңаша!


«Жарғым -ай» ән Қойшыбай Ұланның орындауында тамашалаңыздар!

Жүргізуші:

Наурыз тойдың межесі

Әжелердің көжесі

Қане, ішіп қойыңдар...

Ау, аталар, даналар!

Айналайын, балалар

Тоя ішсін деп тамсанып

Тоғыз түрлі дәм салып.

Наурыз көже пісірдік

Оттан көже түсірдік.

Бал көжеден татыңдар.


Барлығыңызды «Наурыз көжеге дәм татуға шақырамыз»


Жүргізуші:

Наурыз тойын тойлайық міне ағайын

Амандықпен туа берсін күн сайын

Бақыт тілеп, бақ тілеп халқымызға

Мерекені бүгінгімен жабайын

Молшылық пен тыныштық боп жерімізде

Бейбітшілік нық болсын елімізде

Достықпенен жайнай берсін отанымыз

Желбіресін қазақ туы көгімізде.


(Ұланның орындауында: «Көк тудың желбірегені» әні)

11



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
«Армысы? , ?з - Наурызым!»

Автор: Калыкулова Маншук Еренсизовна

Дата: 15.04.2015

Номер свидетельства: 201832

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Армысы?, Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(13) "armysynnauryz"
    ["file_id"] => string(6) "310921"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459134584"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Урок на тему "Наурыз-жыл басы, наурыз -ба?ыт жал?асы""
    ["seo_title"] => string(44) "uroknatiemunauryzzhylbasynauryzbakytzhalgasy"
    ["file_id"] => string(6) "311058"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459150602"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жыл басы Наурыз "
    ["seo_title"] => string(18) "zhyl-basy-nauryz-1"
    ["file_id"] => string(6) "194663"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427801252"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Наурыз- начало года"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryznachaloghoda"
    ["file_id"] => string(6) "310927"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459134776"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Наурыз, начало года"
    ["seo_title"] => string(19) "nauryznachaloghoda1"
    ["file_id"] => string(6) "311237"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459174514"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства