kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Алтын сәуле»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: оқушыларды Қадір Мырза Әлидің шығармалары арқылы  ұлттық құндылыққа тәрбиелеу, шығармаларын дәріптеуге үйрету, және жазушының  қадір- қасиетін бойларына дарыту.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Алтын сәуле»»

«Алтын сәуле»

(Қадыр Мырза Али)

Мақсаты: оқушыларды Қадір Мырза Әлидің шығармалары арқылы ұлттық құндылыққа тәрбиелеу, шығармаларын дәріптеуге үйрету, және жазушының қадір- қасиетін бойларына дарыту.


Жүргізуші:

-Құрметті ұстаздар, оқушылар! Әр ғасырдың біртуар адамы болады. Сондай біртуардың бірі- поэзия падишасы Қадыр Мырза Али. Жыл керуені алға жылжыған сайын Қадыр Мырза Әлидің артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде, Қадырдай перзенті бар халық- бақытты халық. Бүгінгі Қадыр Мырза Алиге арналған «Алтын сәуле» атты әдеби- сазды кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Өмір шіркін бір орнында тұрмайды,

Бірде жылап, бірде көзің құрғайды.

Ғұмыр бойы қуамыз біз бақытты,

Бізді қуып жүреді ылғи бір қайғы.

-Иә, қазақтың бағына туған дара ақын Қадір аға бүкіл ел-жұртының мейір, махаббатына бөленген ақын. «Жазмыштан озмыш жоқ». Біздің бүгінгі сазды әдеби- кешіміз Қадыр Мырза Әлиге арналмақ.

Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы. Мағаз Аида.

-Қадір Ғинаятұлы Мырзалиев – ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысы, Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кездегі жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болған, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар Одағының поэзия секциясының кеңесшісі болған.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

Жүргізуші:

-Қадыр Мырза Әли- өткен ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасыр қазақ поэзиясындағы ірі тұлға және оның шығармалары ұлтымыздың мәдениетінің төрінен мәңгіге орын алған классиктеріміздің бірегейі. Қадыр ақынның поэзиясы да Асан қайғы, Қазтуғандардан бастап, Махамбет, Шернияз, Жұбандар салған ұлы жолды жалғастырып, Ұлы даланы ән мен жырға бөлеген, мәңгі өмірдің сарқылмайтын жырлары.

Туған жердің тылсым сырын ұғып көр,

Бұлтын оның, бұлт демей бір түбіт дер.

Көріп тұрып мынау Ұлы даланы,

Қалай кіші боламыз ей, жігіттер,- деп осы жолдар арқылы Қадыр ақын өзінің Ұлы даланың ұлы перзенті екенін дәлелдеді. Қадыр Мырза Әли – ұлылардың сарқыты, солардың ізі қалған қасиетті Ақ Жайық жерінде өсіп, бүгінгі поэзияның алыбына айналған ақын.

Кезекті ақынның жауһар жырларына береміз.

1. Аманғалиева А. «Туған жер» авт: Қ. Мырза Әли

Жүргізуші:

- Қадыр Мырзалиевтың ақын ретіндегі басты тақырыбы- өлең өнері еді. Ақын өлеңінің жақсылығын, құндылығын көрсетеді. Жарты ғасырдан астам уақытта Қадыр ағамыз – балаларға арналған өлеңдерінен бастап эпикалық жырларға дейін поэзияның барлық саласында қалам сермеген қарымды энциклопедист ақын.

Қадыр Мырза Әлидей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың. Кезекті ақынның балаларға арнаған өлеңдеріне кезек береміз.

1. Сабыр Гүлнұр «Ұршық» авт: Қ. Мырза Әли

2. Асылбек Оразай «Түйме» авт: Қ. Мырза Әли

3. Рысқали Айтолқын «Тиын» авт: Қ. Мырза Әли

4. Синельникова А «Қысқа дайындық» авт: Қ. Мырза Әли

5. Еділбай Жарқынай «Бөкебай» авт: Қ. Мырза Әли

Жүргізуші:

Домбыралы, кернейлі,

Өнерпаздар, алға шық.

Мерекеміз, мерейлі,

Кетсін күйге жалғасып!- деп бір әдемі күйге кезек берсек.

Күй: «Мереке» Қылымгереев Р

«Қыз Ақжелең» Сағындықов Алишер

Жүргізуші:

- Екі дүниені қатар ойлап өмір кешкен, екі өлең жазбай бір күнін өткізбеген, өзін-өзі жазу үстеліне қамап жұмыс жасауды бұлжымас тәртіпке айналдырған, лауазымды қызметке қызықпаған Қадір Мырза Әли туралы жақсы білетіндердің әрқайсысы бір кітап жазса да артық етпес. Табиғат туралы жыр жазбаған ақын кем де кем. Қадір аға да табиғат туралы, қызыл кітап туралы өлеңдер жазды. «Қызыл кітап» өлеңінде:

Қам көңілдің көк тұманы, тез айық,

Өмір үшін күресудің өзі айып.

Динозавр құрып кетсе бір кезде,

Енді міне, қалды пілде азайып, - деп ақынның өзі жырлағандай назарларыңызды бейнероликке аударуларыңыз сұралады.

Бейнеролик «Қызыл кітап» көрсетіледі.

Жүргізуші:

- Қадір аға да жақсы көретін қасиеттер көп – ақ. Жазғандарын оқып, сырттай сүйсінген біраз авторлардың өмірдегі шындығы мен ұстанымы тіпті басқа екеніне көз жеткізіп, көңіл суығанда кездер бар. Ал, Қадір аға бірқалыпты, бір сөзді, бір мінезділігімен қаймана қазаққа қадірін арттырып, талантына тамсантып өтті.

Бұл сөзіме сенбе мейлің, сен мейлің,

Сен тұрғанда сембеймін де, сөнбеймін.

Бақытыңды таба алмасаң сүюден,

Басқа тапқан бақытыңа сенбеймін. Қадыр – сыршыл ақын. Бірақ, оның сыры жеке бастың гөйгөйі емес, сезімі ұшқыр, ойы терең, әлеуметтік мүддесі биік, интеллектуалдық қарымы кең кемел азамат. Әр жыры Қадырдың ғана көкірегінен шықпағандай, әрқайсымыздың өз көкірегімізді жарып шыққандай тебірентеді. Өйткені ол жырлар адал еңбек, пәк махаббат, биік адамгершілік, Отанға, дәуірге, елге, жерге деген сүйіспеншіліктен басталып, барлық жақсылық атаулыға сүйсініп, табиғатқа деген немқұрайлыққа дейінгі барлық әлеуметтік келеңсіздіктерге ашынады.

1. Мұстажанов М «Айтатын сыр, жазатын жыр көп менде» авт: Қ. Мырза Әли

2. Мирманова Н «Өзіңсің басыма құт, қосыма құт» авт: Қ. Мырза Әли

3. Тлекжан М «Не қиындық кездессе жолыңда» авт: Қ. Мырза Әли

Жүргізуші:

Кешегім мен бүгін шыққан тер тең бе?

Бақыт бағы жайқалады ертеңде

Арғымақтай көкжиекті көздеген

Өлеңімнің екі көзі ертеңде. Осылайша тереңнен толғаған сыршыл ақын өмірде өз шығармаларының биігін іздеумен өтті. Ол өзінің ұлтын, халқын ерекше құрметтейді. Қадір ағаны оқысаңыз, ол жазбаған тақырып қалды ма екен, ойланыңыз. Өзіңіз үшін ой алыңыз, сонда сіз «Қазақ кім?» деген сұраққа жүрегіңіз қозғалып, қаныңыз тулап, қалада тұрып даланы іздейтін, сол ізге ере алатын ізгі жанға айналасыз. Сонымен қатар, шығармаларының ішінде қазаққа арналған өлеңдері «Қыр қазағы», «Тағы да қазақтар хақында», «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» секілді өлеңдерінің орны ерекше.

Қадыр ағамыздың өмір өткелдері де азамат болуды парыз санайтын жастарға үлкен өнеге.

Ендеше, қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыруын әнмен жалғасақ.

Ән: «Қазақ осы». Ортада Қаһарманова Алиса.

Жүргізуші:

- Қадыр- ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Қадыр – біздің заманымыздың ғажайып ақыны.

Тіршіліктің тыңдап көр қоңыр күйін,

Адам түгіл тозады темір бұйым.

Тұрмыс пенен өмірді шатастырма,

Тұрмыс жеңіл болғанмен, өмір қиын. Осыған бірдеңе қосу қажет пе? Ақылың жетсе, дүние қуып жетіп, қоштасуға да шамаң келмей құлайтыныңды еске салып тұрған жоқ па? Қадір Мырза Әли жазған әр өлеңнің әр сөзі орнында, бар сөзі түгел. Түсінікті әрі тебіреністі. Қарапайым да терең шумақтар ой теңізінен сүзіп алған маржан жырларға айналған соң, ол баланың да, дананың да, санасында сақталып қалады. Қадір ақынның жыр- мұралары осынысымен құнды.

1. Бақтығали Р «Қолқа» авт: Қ. Мырза Әли

2. Сағындық Г «Біз өзіміз жауап емес, сұрақпыз» авт: Қ. Мырза Әли

3. Аманғалиева А «Дюгеннің монологі» авт: Қ. Мырза Әли

Жүргізуші:

-Келесі кезекті әсем әнге берсек.

Ән: «Асыл Әжем» Қалымгереев Р.

Қорытынды:

- Туады, туады әлі нағыз ақын,

Нағыз ақын бал мен у тамызатын.

Жесірдің айырылмас сырласы боп,

Жендеттің көзінен жас ағызатын,

Туады, туады әлі нағыз ақын, - деп Мұқағали ақын жырлағандай әлі де талай ақын дүниеге келер. Алайда, Қадыр сол қалпында асқақ та маңғаз ақын болып қала бермек. Қадыр Мырзалиевсөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы. Жеке бастың дара мұңынан бастап, қым – қиғаш халықаралық қайшылықтарға шейін қысылмай, қымтырылмай еркін жырлай алады.

Ұлы ақынның асыл қазынасынан әлі талай ұрпақ сусындап, оның жырларын жаттап өсетіні даусыз. Яғни, Қадыр ақын сол ұрпағымен мың жасайды.

Хор: «Атамекен»

-Қадыр жырлары жасай берсін деген ниетпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше аман- сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Алтын сәуле»

Автор: Кумаева Светлана Абаевна

Дата: 28.03.2018

Номер свидетельства: 463907

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты"
    ["seo_title"] => string(37) "arailap_tan_atty_altyn_s_ulie_taratty"
    ["file_id"] => string(6) "398834"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489107319"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Ашы? саба? Та?ырыбы: "Алтын іздеген адам" "
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk-sabak-tak-yryby-altyn-izdieghien-adam"
    ["file_id"] => string(6) "179174"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424958500"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Сценарий "Алтын к?з" "
    ["seo_title"] => string(20) "stsienarii-altyn-kuz"
    ["file_id"] => string(6) "216335"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432939824"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "" Алтын Орда" саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(25) "altyn-orda-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "159170"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421855596"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Алтын ?а?та (ойыны)"
    ["seo_title"] => string(15) "altynkaktaoiyny"
    ["file_id"] => string(6) "291886"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455196417"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства